Дұрыс тамақтана біл

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Дұрыс тамақтана біл

Материал туралы қысқаша түсінік
"Дұрыс тамақтана біл" тақырыбында ашық сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Педагогтің аты-жөні

Тулкибаева Акмарал Бермагамбетовна

Күні:

29.01.2022

Сынып:

2 «А»


Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Дұрыс тамақтана біл

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты

2.1.4.1 Түрлі дереккөздер негізінде пайдалы және зиянды

тағамдардың арасындағы айырмашылықтарды анықтау

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар:

Адам ағзасының өсіп –жетілуін қамтамасыз ететін тағам құрамындағы ақуыз, көмірсу, май, дәрумен түрлерімен танысады .

Оқушылардың басым бөлігі:

Тағам құрамындағы ақуыз, көмірсу, май ,дәрумендердің қандай қызмет атқаратынын, пайдалы және пайдсыз тағам түрлерін ажырата алады

Кейбір оқушылар:

«Тамақтану пирамидасын» құра алады, өз ойларын дәллдеп бере алады


Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу, түсіну, қолдану

Бағалау критериі

· пайдалы және зиянды тағамдардың арасындағы айырмашылықтарды анықтайды; · дұрыс тамақтанудың денсаулыққа пайдасын біледі

Тілдік мақсат

Дұрыс тамақтану және салауатты өмірдің маңызды екендігін талқылай алады.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Дұрыс тамақтануды не құрайды?

  • Дұрыс тамақтану не үшін қажет? ?


Құндылықтарға баулу

Салауатты өмір салтын қалыптастыру негіздерімен танысады

Пәнаралық байланыс

Жаратылыстану, математика, әдебиеттік оқу

Алдыңғы білім

Қауіпсіздікке, тәртіпке, жаттығуларды орындауға, дұрыс тамақтануға қатысты мектепте және үйде күшті әрі дені сау болуы үшін не қажет екендігін біледі.


Сабақтың барысы.


Сабақтың кезең

уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Баға лау

Ресурстар

Сабақтың басы


10 минут





































Сабақтың ортасы


25 минут











































































Сабақтың ортасы

5 минут

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

Оқушылармен амандасу


-Балалар , бүгінгі сабақта мен сіздердің білімдеріңізді «Ақылды жаңғақ» әдісі арқылы бағалаймын Әр сұраққа жауап берген балаға жаңғақ таратамын Сабақтың соңында кімде жаңғақ көп болса ,сол бала сабаққа жақсы қатысқан бала болады ,жоғары балл жинайды

(МК,Ұ) «Досқа көмек» бейнематериалын көруді ұсыну

  • Балалар, достарымызға көмектесе аламыз ба?


  • Денсаулық туралы білетін өлеңімізді еске түсірейікші

Денсаулық ол күлуің,

Көңіл күйің жадырай.

Денсаулық ол жүруің,

Ешбір жерің ауырмай

Денсаулық ол – шыныққан

Барлық денең мүшесі.

Денсаулық ол - тыныққан

Жүйке тамыр жүйесі


-Балалар, деніміз сау болу үшін біз үнемі дене жаттығуын жасап жүруіміз керек Бірге «Қаңқалар биін «билеп көрейік

(МК,Ұ) «Қаңқалар биі»


-Балалар, біз жаратылыстану пәнінен «Қаңқаның құпиясы тақырыбын өткенде қаңқаны күту жолдарымен танысқан болатынбыз Есімізге түсірейік

- Қаңқаны қалай кұту керек?

- Тісті қалай күту керек?

-Тамақты қалай ішу керек?

-Балалар , денің сау болу үшін дұрыс тамақтан білудің де маңызы зор екен Қалай дұрыс тамақтану керек ?Сол сұраққа бүгінгі сабағымызда жауап аламыз


«Кері дизайн»әдісі

(МК,ОТ) «Менің ас мәзірім»


  • Балалар, сіздерге ұсынылған тағам түрлерінен өздеріңнің ас мәзірлеріңізді дайындап көріңіздер


  • Балалар,біз бүгінгі сабақ барысында пайдалы және пайдасыз тағамдармен таныса отырып сіздердің дайыдаған ас мәзірлеріңіздің дұрыс, дұрыс еместігін анықтаймыз




(МК) «Азық- түлік» дүкенінде

  • Балалар біздің азық- түлік дүкеніміз ерекше Егер дүкен сөрелерінде шырындар , сүт өнімдері, макарон өнімдері ,көкөністер, жемістер бөлек орналасқан болса біздің дүкенімізде құрамында ақуыздары , көмірсулары, майлар, дәрумендері бар тағамдар бөлек орналасқан


  • Біздің барлық тағамымыз ақуыз ,май және көмірсудан тұрады .Олар адам ағзасының өсіп-жетілуін қамтамасыз етеді.


  • -Мына суреттерді салыстырайықшы :қандай айырмашылық көріп тұрсың?


-Тағамнық құрамында ақуыз көп болса ,адам тез өседі

(Құрамында ақуызы бар тағам түрлерімен таныстыру)

Ағзада көмірсу қоры көп болса адам шыдамды келеді (Құрамында көмірсуы бар тағам түрлерімен таныстыру)


Май біздің ағзамызға мол күш-қуат береді (Құрамында май бар тағам түрлерімен таныстыру)

-А дәрумені көздің көруін жақсартады

В дәрумені ағзаны нығайтып, күш –қуат береді

Д дәрумені сүйектерді қатайтады

С дәрумені иммунитетті көтеріп ,аураға қарсы тұрады


-Балалар сонымен қатар пайдасыз тағам түрлері де бар Олар фастфуд өнімдері , газдалған тәтті сусындар, кириешкилер, чипсылар сонымен қатар торттар мен тоқаштар Себебі бұлардың құрамында шектен тыс көмірсулар мен дәмдеуіштер көп Сондықтан оларды жеуге болмайды

Оқулықпен жұмыс

(МК, Ұ) «Тамақтану пирамидасы»


-Балалар ,бүгінгі сабағымызда алған білімдерімізді пайдалана отырып «Тамақтану пирамидасын» жинап көрейік .Кітаптағы суретке қарайық Сенің ас мәзіріңде тағамның қай түрі көп, қай түрі аз болу керек

- «Тамақтану пирамидасын жинауға кім көмектесер екен?

(МК, Ж) Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырма

Саралау тапсырмасы

-Балалар, қалыптастырушы бағалау тапсырмасында тапсырмалар үш түсті түспен берілген Егер сіздер тек қызыл түспен берілген тапсырманы орындасаңыздар 4-5 балл, егер сары түспен берілген тапсырманы орындасаңыздар 6-7 балл, жасыл түспен белгіленген тапсырманы орындасаңыздар 8-10 балл жинайсыздар Таңдау мүмкіндігі өздеріңізде

(МК,ОТ) «Менің ас мәзірім»

-Бүгінгі алған білімімізді саралай келіп «Ас мәзірін» қайта жинап көрейік

-Қандай тағамдарды ас мәзірінен алып тастадың.Себебін түсіндіре аласың ба?

«Менің кеңесім»

-Сабақтың басында бейнематериалда көрген екі досқа қандай кеңес берер едіңдер?


Мен сіздердің кеңестеріңізді түсіріп алып, жіберейін

Кері байланыс

  • Балалар ,бүгінгі сабақта сіздерге не ұнады?

Үйге тапсырма: «Досқа хат»

Ауырып қалған досыңа қандай кеңес берер едің Досыңа хат жазып көр

Қортынды


Денің сау болсын десең, дұрыс тамақтан! Адам үшін денінің саулығы өте маңызды. Көптеген аурулар дұрыс тамақтанбау салдарынан пайда болады. Сондықтан адам үшін уақытында дұрыс тамақтану қажет.













«Ғажайып жылулық шынжыры» жылулық шеңбері.Балалар бір-біріне жмиып күлу арқылы ,жылы күлкілерін сыйлайды.Педагог күлкінің маңызына тоқтайды.

Жұмыс ережесін келісу

  • Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!

  • Уақытты үнемдейміз!

  • Нақты,дәл жауап береміз!

  • Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!

  • Сабаққа белсене қатысып, жақсы бағааламыз!

Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда)

«Жедел жауап» әдісі


Оқушылар амандасады



«Досқа көмек» бейнематериалын көреді

Оқушылар мұғалімнің сұрағына жауап берелі






Оқушылар хормен өлең жолын айтады








Оқушылар «Қаңқалар биін» билейді

Оқушылар жауап береді

















Оқушылар мұғалімнің ұсынысын орындайды
























Оқушылар құрамында ақуыз, көмірсу, май бар тағам түрлерімен таныстырады





Оқушылар құрамында дәрумені бар тағам түрлерімен таныстырады














Оқулықтағы «Тамақтану пирамидасымен танысады»


Оқушылар « Тамақтану пирамидасын»жинайды





Оқушылар қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырманы орындайды







Грек жаңғағы


«Досқа көмек» бейнематериал










«Қаңқа лар биі»

бейнематериал

Алдыңғы білімді еске түсіру сұрақтары













Тағам түрлері, жеке қолданысқа арналған тарелка





















Құрамын да ақуыз ,көмірсу, май бар тағам түрлері



Құрамын да дәрумендер бар жеміс-жидек пен көгөніс түрлері











«Тамақтану пирамидасының»макеті

Сабақтың ортасы

Ширату тапсырмасы.


Белсенді оқу тапсырмалары(топта, ұжымда)

«Көршіңе әңгімелеп бер»

Бұл әдіс оқушылар өз ойларын дауыстап айтып беру үшін пайдаланылады. Сұрақ қойыңыз, ойластыруға уақыт беріңіз, одан кейін оқушылардан өз ойларын көршілерімен бөлісуді сұраңыз, оқушыларға жаңа тақырыпты айтыңыз және осы тақырып бойынша өздері білетін барлық жағдайды көршісіне айтуын ұсыныңыз.

(Ұ)(Ж) Мүмкіндігінше, бүкіл сыныпты шеңбер бойымен отырғызыңыз. Оқушыларды жұптарға бөліп, әрбір жұпқа нөмір беріңіз. Оқушылардан олардың үйінде немесе бау-бақшасында қанша өсімдік бар және неліктен бұл өсімдіктер сау болуы және жайқалып тұруы керек екендігін сұраңыз. Олардың өсуіне және сау болуына не көмектесетіндігін сұраңыз.

(Ж) Шеңбердің екі жағынан немесе бөлменің әр тарапынан екі балаға екі түрлі өсімдіктің суретін таратып беріңіз. Оқушылар өсімдік суреттерін жұпта қарап, талқылап шығады. Оқушылардан гүлдерді қарап, талқылауын сұраңыз. Олар қандай айырмашылықты көріп тұр? Өсімдіктердің бірінің сау, ал екіншісінің ауру болуының қандай себептер болуы мүмкін?

(Ұ)(Ж) Әр жұп сұрақтарға жауап береді. Тақтадағы кестеге неліктен бір өсімдік сау, ал екіншісі ауру екендігі туралы оқушылар келтірген себептерді жазыңыз.

(Ө) Оқушылар тақтадағы кестеден ең сенімді себептерді дәптерлеріне көшіріп жазады.

(Ұ)(Ж) Оқушыларға біздің жануарлар мен өсімдіктерге ұқсайтындығымызды, біз немен тамақтанатынымыз, деніміз сау болуына не көмектесетіндігі туралы ой талқы ұйымдастырыңыз.

«Дұрыс тамақтану», «Диета» сөздерінің мағынасын ашыңыздар.

Дескриптор:

  • дені сау болу үшін үйде және мектепте дұрыс тамақтану ережелерін қарастырады.

  • гигиена «Өзім туралы», «Менің мектебім» және «Бізді қоршаған әлем» тарауын толықтырады.

  • дұрыс тамақтану және салауатты өмірдің маңызды екендігін талқылай алады.

ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау.

Жұмыс дәптеріндегі жазылым тапсырмаларын орындау

Берілген сұраққа жауап беріп, тапсырмаларды талапқа сай орындайды.


Белсенді оқу тапсырмалары(ұжымда)


Жұмыс дәптеріндегі жазылым тапсырмаларын орындау






Форматив

ті бағалау.



ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау.






Оқылым, жазылым тапсырмалары.












Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.03.2025
120
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі