Дұрыс тамақтана біл(ашық сабақ)

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Дұрыс тамақтана біл(ашық сабақ)

Материал туралы қысқаша түсінік
Дүниетану пәнінен 2-сыныпқа арналған ашық сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы


Дүниетану пәнінен қысқа мерзімді жоспар


Сабақтың тақырыбы: Дұрыс тамақтана біл

Күні: 16.01.19 СЫНЫП: 2 «В»

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

2.1.4.1 Түрлі дереккөздер негізінде пайдалы және зиянды тағамдардың арасындағы айырмашылықтарды анықтау

Сабақ нәтижесі:


Оқушылар:

  • Қандай азық-түліктердің дұрыс тамақтануға жататынын біледі;

  • Бір-бірімен жұпатаса жұмыс істей отырып, оқулықтағы суреттерді сипаттайды;

  • Оқулықтан оқыған мәтіннің басты мағынасын жеткізе біледі;

  • Дұрыс тамақтанудың қажеттілігін біледі;

  • Салауатты өмір сүрудің мәнін түсінеді;

  • Тағамдық қоспалар туралы біледі;

Оқудың әдістері мен тәсілдері

Жаңа түсініктермен жұмыс, жұптасып және топ ішінде жұмыс, сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, кері байланыс.

Қолданылған модульдер

АКТ, СТО, жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру, оқыту үшін және оқуды бағалау,

Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кәмпиттер, тамақтану пирамидасы, азық-түліктер, слайд,

Пәнаралық байланыс

Орыс тілі, ағылшын.

Сабақтың жоспары

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекеттер

Басталуы


Оқушылармен амандасу.

Психологиялық ахуал қалыптастыру:

Табиғат біздің анамыз

Табиғатқа баламыз

Табиғатты қорғайтын

Біз әдепті баламыз

Жер байлығы көп екен

Меңгеруді қалайды

Осының бәрін меңгертер

Дүниетану сабағы

Топқа бөлу

(түрлі түсті кәмпиттер арқылы)

«Сақина салмақ» ойыны арқылы топ басшысын анықтау

«Адасқан сөздер» ойыны

(тақтаға адасқан сөздер ілінеді. Оқушылар сөздердің орнын тауып тарау атын шығарады)

«Ассоциация» әдісі

күн тәртібі спортпен шұғылдану

Shape3 Shape2

Shape5 Shape4 Денсаулық


дұрыс тамақтану тазалық



Жаңа білім








Білу және түсіну

Күн реті мен тақырыпты жазу.

Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады.

«Көшбасшы және тыңдаушылар» әдісі

(Берілген жаңа тақырыпты түсіндіру үшін сыныптан өз еркімен бір оқушы Көшбасшы ретінде өзін ұсынады. Көшбасшының қалауынша мәтінмен жұмыс жүргізу.)

1-топ: Тағам құрамы туралы айтады.

Біздің барлық тағамымыз ақуыз, май және көмірсудан тұрады. Олар адам ағзасының өсіп-жетілуін қамтамасыз етеді.

  • Тағамның құрамында ақуыз жеткілікті болса, сен тез өсесің.

  • Ағзада көмірсу қорлары көп болған сайын адамды шыдамды, сабырлы келеді.

  • Май біздің ағзамызға мол күш-қуат береді.

  • Біздің ағзамызға минералды тұз бен дәрумендер керек.

Тағамдар шығу тегіне қарай екі үлкен топқа бөлінеді: жануартекті және өсімдіктекті

Ақуыздар жануартекті тағамдарда көп кездеседі. Мысалы: сүт, ет, жұмыртқа т.б

Май жануартекті және өсімдіктекті тағамдармен келеді. Мысалы: малдың майы, өсімдік майлы т.б

Көмірсулар өсімдіктекті тағамдардың құрамында көп болады. Мысалы: жеміс – жидектер мен көкөністердің құрамында.

Видеоролик: «Салауатты тамақтану»

Оқушыларға тағамдардың орамалары таратылады.

Барлық тағамдарда Е қоспасы болады. Е-Еуропа деген сөзді білдіреді. Е қоспасы Е-100-Е-1520 ға дейін барады. Әр қоспа сан аралықтарымен белгіленеді.

Мысалы: Е-100-Е-199 аралығы- тағамдық бояғыштар.


Е-200-Е-299 аралығы- консерванттар, яғни, ұзақ сақтау үшін қосылған қоспалар.

Е-300-Е-399 аралығы- тотықсыздандырғыш. Бұл, ащы және қышқыл дәм бермес үшін қосылады.

2-топ: Дәрумендер туралы айтады.

Жеміс-жидектер мен көкніс дәруменге өте бай. Сондықтан бұл өнімдердің біздің ағзамызға пайдасы көп.

А дәрумені көздің көруін жақсартады. В дәрумені ағзаны нығайтып, күш қуат береді. Д дәрумені сүйектерді қатайтады. С дәрумені иммунитетті көтеріп, ауруға қарсы тұрады.

Жұптық жұмыс: Оқушылар қиынды қағаздарды 1-1-ден таңдап алып, тағам суреттері дұрыс шығатындай етіп құрастырады. Суреттің артында жазылған дәрумен сол тағамның құрамында бар екенін біледі.

3-топ: Тамақтану пирамидасына зерттеу жасайды.

Адам ағзасында тамақтардың қай түрі көп, қай түрі аз болатынын білу үшін тамақтану пирамидасын білуіміз керек. Пирамиданың асты үлкен, жоғарыға қарай кішірейе береді. Адам ағзасында ең көп ұн тағамдары болуы керек. Одан кейін жеміс-жидектер мен көкөністерді көп тұтынуымыз керек. Одан кейін ет, сүт тағамдарын тұтынуымыз керкек. Ал майлы тағамдар мен тәтті тағамдарды аз мөлшерде тұтынуымыз керек.

Ортасы







Қолдану

Тамақтану пирамидасын пайдалана отырып, ас мәзірлерін құру

1-топ: Таңғы ас мәзірі

2-топ: Түскі ас мәзірі

3-топ: Кешкі ас мәзірі

Талдау

«Тапсырмалар ілмегі» әдісі

  • Зиянды тағамдарды сыз;

  • Тағамдарға қатысты мақал-мәтелдер немесе, тыйым сөздер айт;

  • Тамақтану ережесін құр;

  • Қандай тамақтарға химиялық қоспалар болмайды деп ойлайсыңдар?

  • Қандай ұлттық тағам түрлерін білесіңдер?

  • Дастарханға арналған бата - тілек айтып бер.

Сергіту сәті


«Бауырсақ» ойыны

16 ұящықтан құралған кестеге бауырсақ орналастырылады. Бауырсақ сан бойларымен «жоғары», «төмен», «оңға», «солға» жүріп отырады. Оқушылар қолдарымен ұстамай көздерімен жүріп отыру арқылы табады.

Аяқталуы

Сабақты бекіту


Синтез

«Балық аулау» ойыны

( Оқушылар балық артындағы сұрақтарға жауап беру арқылы сабақтан аған білімдерін түйіндейді)

  • Тағамның құрамында ешқандай ақуыз болмайды

  • Газды сусындар - адам денсаулығына пайдалы

  • Сүт-жануартекті тағам

  • Қызанақ-өсімдіктекті тағам

  • Дәрумендердің адам денсаулығына пайдасы көп

  • Тәтті және майлы тағамдарды көп пайдалану керек

Бағалау





Кері байланыс

Тәтті коньфеттер арқылы бағалау

  • Өте жақсы

  • Жарайсың

  • Жақсы

  • Талпынып көр

Жұмыртқаға көңіл күйлерін бейнелейді.


Үйге тапсырма: мазмұндау.



Тексерілді:










Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.01.2019
508
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі