Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Дұрыс тамақтану

Материал туралы қысқаша түсінік
Дұрыс тамақтану туралы тәрбие сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні: 13.10.2023ж

Сыныбы: 4 «Б»

Сабақтың тақырыбы: «Денсаулық және дұрыс тамақтану мәдениеті» Зиянды тамақтар

Тамақтану мәдениетінің ережелері. Дастархан басындағы әдеп

Сабақтың мақсаты:

  • Дұрыс емес тамақтанудың себептерін анықтау.

  • Пайдалы және зиянды тағамдық заттармен таныстыру.

  • Тамақтану ережелерін түсіндіру.

  • Ұзақ өмір сүру үшін басты себеп — дұрыс тамақтана білуге тікелей байланысты    екенін дәлелдеу.

  • Дұрыс тамақтана білу мәдениетіне тәрбиелеу.



Сабақтың түрі:Тәрбиелік жаңа сабақ


Көрнекіліктер: Суреттер, видеоролик, үлестірмелі қағаздар.

Сабықтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу, түгелдеу

Шаттық шеңберін құру. Психологиялық дайындық.

Күн жылуын алақанға саламыз

Жүрегіме басып ұстай аламыз

Ізгі әрі нәзік мейірімді

Болып кетер сонда дереу жан-жағымыз!


Топқа бөлу «Тазалық», «Денсаулық», «Әдемілік»


Топтар атауы туралы өз ойларын айтады.


II.Үй тапсырмасын орындау.

«Тазалық денсаулық кепілі»

  1. Әр топ тазалық ережелері туралы қағазға жазады, бір оқушы шығып қорғайды.

  2. Фонетикалық талдау жасау. Тазалық, денсаулық, әдемілік сөздеріне дыбыстық талдау жасау, буынға бөлу, әріп пен дыбыс сандарын, дауысты дыбыс пен дауыссыз дыбыс сандарын анықтау. Мысалы: Оқушы сөзін талдайық. О-қу-шы: О – дауысты жуан дыбыс, қ – дауыссыз қатаң дыбыс, у – дауысты жуан дыбыс, ш – дауыссыз қатаң дыбыс, ы – дауысты жуан дыбыс. 3 буын, 5 дыбыс, 5 әріп, 3 дауысты, 2 дауыссыз дыбыстан жасалған зат есім.

  3. Математикалық тапсырма. 2-тапсырмадағы тазалық, денсаулық, әдемілік сөздерінің дауысты дыбыс пен дауыссыз дыбыс санының қосындысына буын санын көбейт. Өрнектің мәнін тап. Мысалы: Оқушы (2+3)*3=15

  4. Жұмбақтарды шешу.
    1. Одан кір қорқады,
    Судан бұл қорқады.

  5. Дәмі де жоқ, түсі де жоқ
    Пайдаланбас кісі жоқ.

  6. Жуынып болғанда,
    Жүреді қолында.
    4. Түйістіреді көзіңді көзіңе,
    Жолықтырады өзіңді өзіңе.
    5. Қалтамда жатыр,
    Тістері бар батыр.
    6. Бәтеңкесін, пальтосын
    Өзі кие білмейді
    Бұл баланы кім дейді?
    7. Көзінен жас кетпейді,
    Балалардан шеттейді,
    Бұл баланы кім дейді?
    8. Шықпай жатып көшеге
    Үсті басы кірлейді
    Бұл баланы кім дейді?

III. Жаңа сабақ.

«Дұрыс тамақтану ережелері». Видеоролик көрсетіледі. Оқушылар көргендерін баяндайды. Мұғаліммен бірге ой бөлісіп, түсінгендерін айтады.

Тамақтанудың белгілі тәртіптері:

  • Ас ішер алдында (30мин) 1 стақан таза су іш

  • Мезгілсіз ішкен асты адам дұрыс сіңіре алмайды. Сондықтан күн сайын белгілі бір мезгілде тамақтан.

  • Әр тамақты жегенде асықпай ұсақтап шайнап жұт.

  • Адам ағзасына қажетті минералдар мен дәрумендері бар тағамдармен тамақтан.

Тамақтануға қатысты түрлі тазалық ережелері:

  • Тамақ алдында қолыңды сабындап жу.

  • Жеміс жидекті жуып же.

Адам ағзасына пайдалы тағамдар мен зиянды тағамдар: 3-топқа суретті тапсырма

Дастархан басындағы әдептілік

4.Үйге тапсырма.

Сауалнама толтыру.


V. Бағалау.

Кері байланыс








«№1 мектеп-гимназия»КММ












Тәрбие сағаты тақырыбы:"Ұстаз-ұлы тұлға"

4 «Б» сынып



Өткізген: жетекшісі Бактыбаева А.У.







2023-2024 оқу жылы























































Сауалнама

Сенің бойың

 

Сенің салмағың

 

Күніне неше рет тамақтанасың?

 

Таңғы асыңды күн сайын ішесің бе?

А)  иә     б)  жоқ

Зиянды тамақ жейсің бе?

А)  иә     б)  жоқ

Көкөніс пен жеміс-жидектерді күн сайын пайдаланасың ба?

А)  иә     б)  жоқ

Сен бүгін мектепте тамақ іштің бе?

А)  ия     б)  жоқ

Ішсеңіз, тамақ  қандай болды?

а)  ыстық   б)  салқын

в)  жылы

Қандай ыдысты пайдаландыңыз?

а) пластикалық

б)  шыны

Таңғы, түскі және кешкі астың

арасында қандай тамақ, сусын

түрімен тамақтанасың?

а) жеміс-жидек

б) тәтті тағамдар

в) шай, сүт, су

г)  тамақ ішпеймін

Кешкі асыңды қашан ішесің?

а) ұйықтардын алдында

б) 2 сағат бұрын

в)  әртүрлі

 













Shape1

















































Shape2





















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.11.2023
415
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12