Сабақтың
тақырыбы:
Дұрыс тамақтану – денсаулық
кепілі
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушылардың дұрыс тамақтану туралы білімдерін
жүйелеу, кеңейту. Тазалық гигиенасы туралы ережелерді қайталау.
2. Ойлау қабілеттерін дамыту мақсатында әр түрлі тапсырмаларды
орындату, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
3. Дұрыс тамақтана білу мәдениетін тәрбиелеу. Өз денсаулықтарына
жауапкершілікпен қарауға үйрету.
Сабақ барысы:
І Ұйымдастыру бөлімі
Сәлемдесу.
Оқушыларды сабаққа ынталандыру, сәттілік тілеу (оқушылар шеңбер
құрайды)
– Балалар, мен сендерді бүгінгі сабақта
көргеніме қуаныштымын. Сондықтан сабағымыз сәтті өтсін деп,
қолымыздан ұстап бір – бірімізге жақсы лебіз
білдірейік.
(Жақсы баға алайық, көңіл күйлеріміз жақсы болсын, деңсаулығымыз
мықты болсын, өмірде бақытты болайық,…)
– Бір – бірімізге не
тілейміз?
–
Сәттілік тілейміз.
Әр оқушы ұнаған түсті таңдап алып, орындарына отырады.(қызыл,
сары)
Орындарымызға отырамыз.
- Мен жұмбақ жасырамын, сол жұмбақтың шешуін тапсақ біздің өмірдегі басты байлықтың не екенін түсінесіңдер және бүгінгі сабақ сол жұмбақтың жауабымен тығыз байланысты.
Оны күткен адамдар,
Ұзақ өмір сүреді.
Қадірін білген жарандар,
Байлық осы деседі. (ДЕНСАУЛЫҚ)
– Олай болса балалар,
бүгін денсаулық туралы, дұрыс тамақтану туралы әр түрлі, қызықты
тапсырмаларды орындаймыз.
Алдымен алдымыздағы конверттерді ашып қай топ қандай дәрумендермен аталатынын анықтап алайық:
1-топ А дәрумендер тобы (сәбіз, қауын, қызынақ, балық майы, сиыр бауыры, жұмыртқа, сары май);
2- топ В дәрумендер (В1, В2, В6, В12, бауыр, жұмыртқа, сүт, ірімшік, қара нан, ет, балық, көкөністер);
3-топ С дәрумендер ( қызанақ, пияз, картоп, капуста, жеміс-жидектер)
4-топ Д дәрумендері (сары май, қаймақ, сүт, саңырауқұлақ, балық майы жұмыртқа толы)
Е дәрумендер (өсімдік майы)
Тақтаға шығып дәрумендер туралы айтып шығады
А дәрумені: ЖАНТАС
Менің бойымда сәбіз, қауын, қызанақ, балық майы, сиыр бауыры, жұмыртқа, сары майда болады
В дәрумені. ЖАНАДИ
Мен бірнеше топқа бөлінемін. В1 В 2 В6 В12.
Менің құрамымда бауыр, жұмыртқа, сүт, ірімшік, қара нан, ет, балық, көкөністер кездеседі.
С дәрумені: Т. АЙСҰЛТАН
Менің құрамымда қызанақ, пияз, картоп, капуста жеміс — жидектер толы.
Д дәрумені: Б. НУРАЛИ
Өте пайдалымын. Менің құрамымда сары май, қаймақ, сүт, саңырауқұлақ, балық майы жұмыртқа толы.
Е дәрумені: АЙКЕРІМ
Мен күнделікті пайдаланатын тағамдардың ішіндегі өсімдік майында көп болады.
Дәрігер: Д.РАЯНА
Дәрумендер сендер таласпаңдар. Сендер бәрің де қажетсіңдер. Дәрумендердің арқасында денсаулығымыз мықты болады.
Мұғалім:
-Дәрігер дұрыс айтады,
Халқымыз әрқашанда денсаулықты бірінші орынға қойып, бірінші байлық
– денсаулық деп санаған. Дені сау, еңбекқор, ақылды азамат болып
өсу үшін, дұрыс тамақтана білу қажет.
Ол үшін күнделікті ішетін асымыз құнарлы, пайдалы, дәрумендерге бай
болу қажет. Сонымен қатар, тамақтану ережелерін де сақтауымыз
қажет.
Бүгінгі сабақта осылар туралы толығырақ білетін
боламыз.
Әр бір топқа сұрақтар беріледі. Сол сұраққа жауап бересіздер.
1. Дұрыс тамақтану
дегеніміз не?
2. Тамақтанудың негізгі ережелерін ата?
3. Тамақтану ережесін бұзу қандай зардаптарға әкеп соғады?
4. Қандай тағам түрлерін
білесіңдер?
Мұғалім:
Артық болмас,
білгенің…
Бірнеше жыл бұрын Чехияда, жоғары сынып оқушылары, қаттырған
құлпынайы мен кілегейі бар балмұздақты жеп, эпидемия тіркелген
болатын. Зертханалық сараптаманың нәтижесінде аталған кілегейдің
орнында өзі емес, мұздалған А гепатиті болып шықты. Сондықтан да
балмұздақ, газдалған сусындар, чипсы т/б зиянды тағамдардан
бойымызды аулақ ұстаған жөн! Денсаулық әркімнің өз қолында.
Денсаулықты адам баласына табиғат сыйлаған басты байлық.
Денсаулықты жоғалту оңай, қалпына келтіру қиын. Сондықтан адамның
денсаулығының мықты болуы адамның өзіне байланысты. Жағымды,
жағымсыз заттарды дұрыс таңдау арқылы салауатты өмір сүруге
болады.
Денсаулық туралы, дұрыс тамақтану туралы дайындап келген тақпақтарымызды айтайық:
1- оқушы.
Ас адамның арқауы,
Тамақты ішкін күнде сен.
Деген сөз бар ежелден, Қ Нурали
Белгілі бір мезгілде,
Бойға сіңіп тарқауы.
2- оқушы.
Тойып ішсең қаншама,
Ауырасың соншама. П.РАЯНА
Асқазанды бүлдірсең,
Жазылмас қанша күн жүресің.
3- оқушы.
Дәрумендер тірегің,
А, В, С, Д, Е – деп аласың.
Жетіспесе бірі оның,
Ауырып сен қаласың.
А – қажет көзіңе, ИСАХАН
В — жүйкені тоғайтар,
С – дан микроб безінер.
Д – сүйекті нығайтар.
4- оқушы.
Сонымен бірге денсаулықтың бір дауасы таза ауа.
Денсаулықтың дауасы.
Даланың ауасы, ЖАНЕЛЬ
Көк өзен, күмбез тау.
Ну орман ағашы.
5-оқушы.
Су табиғат байлығы,
Өзен – көлге барғайсың. РАУАН
Кемі екі рет әр күні
Суға түсіп алғайсың
6-оқушы.
Ей болашақ ұланым!
Болашағы қазағымның ХАНТӨРЕ
Сендерсің деп білемін.
Балғын жас болашақ,
Мен сендерге сенемін.
7- оқушы.
Салауатты өмір салтын қолдайық,
Әдеттен жаман, аманда аулақ болайық. Айлин
Өз өмірің өз қолыңда, ей жастар.
Су ішпеген гүлдей болып солмайық.
8-оқушы.
Салауатты өмір салтын сақтаңыздар.
Егеменді ел сенімін ақтаңыздар. Б. РАЙЯНА
Денсаулық — зор байлығы адамның.
Ізгі жандар, текті ұрпақты баптаңыздар
БЕЙНЕРОЛИКТЕР КӨРСЕТУ
9-оқушы Қоршаған ауамен
Шығып кең далаға АМИРА
Шынық сен әрдайым
Керемет ауада
10-оқушы
Өзімді-өзім жақтаймын
Денсаулықты сақтаймын НҰРМҰХАММЕД
Таза болса табиғат
Аман болса адамзат
11-оқушы
Денің сауда күштісің бұл әлемде
Денің сауда сұлусың жер бетінде АЙША
Сол мықты денсаулықтың арқасында
Жеңерсің ауыр заман тәлкегін де
12-оқушы
Денің сауда жетерсің арманыңа
Жоспарлап алға қойған мақсатыңа Н АЙСҰЛТАН
Денің сауда көрерсің бұл дүниенің
Бар қызық, рахатын, жарығын да
13-оқушы
Денсаулық – шексіз бақыт халқым менің
Сондықтан көңіл аудар денсаулыққа ДИМАШ
Қолда барда біл оның қасиетін
Күтіп баптап аяла әр уақытта
14-оқушы
Уа, халқым назар аудар денсаулыққа
Өмірде бақыттысың денің сауда АЙКЕРІМ
Денсаулық – терең бақыт деген сөзді
Құр айтпаған Ұлы Абай данамыз да
СЕРГІТУ СӘТІ
Қорытындылау :
Дана халқымыз басты жеті
байлықтың ең алғашқысы «Бірінші байлық – денсаулық» деп білген.
Денсаулықты сақтау үшін қажетті нәрселер: қоршаған ортаны таза
ұстау, белсенді қозғалыста болу, дұрыс тамақтану, зиянды әдеттерден
аулақ болу, рухын таза сақтау, адам өз денсаулығына ұқыптылықпен
қарау.
Бүгінгі сабағымыздан денсаулық, дұрыс тамақтану жайлы көптеген
ақпараттар алдыңдар деп ойлаймын.
Деніміз сау болсын десеңдер, міне жоғарыда айтылғанның бәрін денсаулық үшін істелетін жұмыстар. Таза ауада демалу, спортпен шұғылдану, денені күтіп ұстау, еңбек ету, дұрыс тамақтану барлығы салауатты өмір салтына жатады. Осы айтқандарды күнделікті тұрмыста пайдалануымыз керек. (мақтау, мадақтау)
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі Тәрбие сағаты

шағым қалдыра аласыз