Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Дұрыс тамақтану бала денсаулығының кепілі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға, мектеп оқушыларына , студенттерге көмегі мол. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне орай тамақ рационымен танысады,Тамақ сапасын гигиеналық жағдайлары мен тамақтану режімін түсінеді , тамақ ішу ережелерімен, зиянды заттармен танысады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Алмалы орта жалпы білім беретін мектеп» Коммуналдық Мемлекеттік Мекеме












Тақырыбы: «Дұрыс тамақтану –бала денсаулығының кепілі »







Орындаған. Жангалиева Актолкын Орынгалиевна











2018- 2019 оқу жылы



Абстракт.


Ғылыми жұмыстың негізгі мақсаты

Оқушылардың жеке тұлға ретінде толыққанды қалыптасуын қамтамасыз ету,

ыстық тамақпен сапалы қамту. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне орай тамақ рационын жасақтау, Тамақ сапасын қатаң түрде қадағалау ,гигиеналық жағдайлары мен тамақтану режімін түсіндіру, тамақ ішу ережелерін қалыптастыру.

























Тақырыбы: : «Дұрыс тамақтану –бала денсаулығының кепілі »



Жоспары:


І. Кіріспе бөлім

1.1 Тиімді тамақтану дегеніміз не?


ІІ. Негізгі бөлім

2.1 Тағамдағы дәрумендердің әсері. Дәрумендер және олардың маңызы.

2.2 Тамақтанудағы 10 қателік

2.3 Мектеп оқушыларының ыстық тамақпен қамтылуы

2.4 Зиянды тағамдар


ІІІ. Қорытынды.



ІҮ. Пайдаланған әдебиеттер








1. Денсаулық әркімнің өз қолында. Денсаулықты адам баласына табиғат сыйлаған басты байлық. Денсаулықты жоғалту оңай, қалпына келтіру қиын. Сондықтан адамның денсаулығының мықты болуы адамның өзіне байланысты. Жағымды, жағымсыз заттарды дұрыс таңдау арқылы салауатты өмір сүруге болады.Дұрыс тамақтану адам денсаулығының құрамдас бір бөлігі болып табылады. Планетарлық масштабта өлімнің 60 % дұрыс тамақтанбаумен тура байланысты. Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымы планета тұрғындары денсаулығының нашарлауының 10 себебінің ең қауіптісі деп маскүнемдік, шылым шегу, холестеринемия, гипертониялық ауру, артық салмақ, аз салмақты атап көрсетеді. 

1.1 Тиімді тамақтану дегеніміз – жақсы дайындалған, құрамында ағзаның дамуы мен қызмет атқаруы үшін қажетті алуан түрлі тамақтық заттардың толық мөлшері бар тамақпен ағзаны дұрыс та уақытылы жабдықтап отыру.

Тиімді тамақтану дегеніміз – тамақтанудың белгілі тәртібін, яғни күн ұзағына тамақтың бөліп – бөліп ішілуін, тамақтың қолайлы температурасының сақталуын қамтамасыз ету.

Тиімді тамақтану ағзаның физиологиялық қажетін уақытылы және толық қамтамсыз етіп, ол өз кезегінде адамның жұмыс қабілетінің мейлінше жоғары болуына, оның ұзақ жылдар бойы белсенді, сергек, жарқын өмір сүруіне көмектеседі.



Сонымен қатар, бұл тізімге микронутриенттік жетіспеушілік кіреді. Микронутриенттік жетіспеушілік – бұл дәрумендер мен микроэлементтердің тапшылығы, әсіресе өзекті болып әр-түрлі ауруларға әкелетін йод, темір, мырыш тапшылығы болып табылады. 



1

Йодтапшылық аурулары және теміртапшылық анемия адам ағзасының дұрыс дамуына бөгет жасап, туберкулез, рак сияқты маңызды және тағы да басқа микронутриенттік жетіспеушілікпен байланысты аурулардың пайда болуына мүмкіндік туғызады. Бұл элементтердің тапшылығы: 

- өлі туғандардың артуы;- баланың ми дамуының ақауларын тудыру;

- жұқпалы ауруларға қарсы қорғау механизмдерді басу;

- ес нашарлауы, балалардың ақыл-ой мен физикалық дамуының бұзылуы және соның салдарынан халықтың интеллектуалдық потенциалының төмендеуіне әкеліп соғуы мүмкін. Сондықтан соңғы кезде йод - теміртапшылығы мәселесіне жоғары назар аударылады. Адам ағзасын йод, темірмен қамтамасыздаудың 3 негізгі әдісін атап кетуге болады.

1. Фармакологиялық. Құрамында түрлі дәрумендер мен микроэлементтері бар дәрілерді тағайындау және пайдалану.
2. Дұрыс тамақтану. Пайдаланатын тағамдарға микроэлементтер мен дәрумендерге бай өнімдерді жүйелі түрде қосу. Йод көптеген теңіз өнімдерінің құрамында бар, темір – бауыр, қоян етінде, күрке тауық етінде, сулы, қара құмықта, қара жидекте, шабдалыда т.б. бар. Тағамдарға аскорбин қышқылын қосу темірді соруын жақсартады. Ол көбінесе итмұрын, лимон, тәтті бұрыш, қарақат, укроп құрамында болады.
3. Негізгі тағам өнімдерін йод, темір қоспаларымен, дәрумендер кешенімен фортификациялау (байыту).
Сондықтан тағам өнімдерін таңдау кезінде, әсіресе, нан, сүт, тұз сияқты әрдайым пайдаланатын өнімдердің таңбалауына назар аударып, фортификацияланған ұн мен йодталған тұз сатып алуды ұсынамыз.




2

Бұл микронутриенттер тапшылығының көптеген түрлерін, жеке айтқанда теміртапшылық анемия және йодтапшылық ауруларының алдын алуға көмектеседі.

2.1 Тағамдағы дәрумендердің әсері. Дәрумендер және олардың маңызы. Дәрумендер — ерекше органикалык, заттар. Адам олардың өте аз мөлшерін ғана пайдаланады. Бірақ дәруменсіз біздің денеміздегі мүшелердің қалыпты жұмыс істеуі мүмкін емес. Дәрумендер ағзаның тіршілік қабілеті үшін қажетті зат, ол адамның дене және ой еңбегін арттырады, оның өсуі мен дамуын, ауруға қарсы тұруын қамтамасыз етеді. Тағам құрамында дәрумендер жеткіліксіз болса, ағзаның жұмысы нашарлап, қатты ауруға шалдықтырады.
Дәрумендер өсімдік пен мал өнімдерінен алынатын азық -түліктерде болады. Адам әр түрлі тағам ішу арқылы өзіне қажетті дәрумендерді алып отырады.Тамақ өнімдерінің құрамына кіретін заттар органикалық және неорганикалық болып екіге жіктеледі. Неорганикалық заттарға су және минералды заттар, ал органикалық заттарға ақуыздар, майлар, көмірсулар, қышқылдар, дәрумендер, ферменттер, фенолдар, бояғыш және хош иістендіргіштер кіреді [1-10, 14, 23].

Тамақ өнімдерінің барлығының құрамында су болады, бірақ олардың мөлшері әр түрлі. Яғни, жеміс-көкөністерде - 72-95%, етте – 58-78%, балықта – 62-84%, сүтте - 88%, нанда -35-50%, крахмалда 14-20%, дән мен ұнда 10-14%, қант құмшекерде- 0,14% мөлшерінде болады.

Өнімнің құрамындағы су бос және байланысқан түрінде кездеседі. Бос су-жасушадағы үрдістерге белсене қатысып оңай буланады. Байланысқан су – тамақ өнімдерінің басқа компонентерімен тығыз араласып, буға айналуы өте қиын. Өсімдік және жануар ұлпаларында бос су кеңінен кездеседі.





3

Жеміс-көкөністер құрамында 95%-ке дейін болады, сондықтан олардың құрамындағы бос су оңай буланатын болғандықтан, қалдық ылғалдылықты 8-20% -ке дейін кептіруге болады.

Тамақ өнімдерінде минералды заттар органикалық және неорганикалық қосылыстар түрінде кездеседі. Минералды заттарды тәуліктік тұтыну мөлшері 20–30г құрайды. Олар минералды тұздар, органикалық қышқылдар және басқа қосылыстар түрінде болады. Адам ағзасында минералды заттар ауыстырылмайтын топтарға жатады, бірақ энергия көзі болып келмейді.

Тамақ өнімдеріндегі минералды элементтер мөлшеріне байланысты макро -және микроэлементтерге бөлінеді.

Макроэлементтер өнімдер құрамында мөлшерде (1мг% артық) болады. Оларға калий, кальций, магний, фосфор, темір, натрий, хлор кіреді.

Микроэлементтер өнімдер құрамында аз мөлшерде (1мг%-нан кем емес) болады. Бұл топтағы элементтер құрамына барий, бром, йод, кобальт, марганец, мыс, молибден, қорғасын, фтор, алюминий және т.б. жатады.

Ақуыздар – тамақ өнімдерінің ең бағалы негізгі құрамдас бөлігі. Олар адам ағзасында ақуыздарды құруда қатысады және энергетикалық материал көзі болып табылады. Ақуыздың адам ағзасына тәуліктік қажеттілігі 100г. Ақуыздар әр түрлі амин қышқылдарынан тұрады. Бірақ белгілі 150 амин қышқылдарының 20-сы ақуыз молекуласының құрамына кіреді. Ақуыздардың молекулалық массасы 6000-нан 100000-ға дейін ауытқиды. Ақуыздар суда ерімейді, олар тек қана ісінеді. Ақуыздың ісіну құбылысы нан, макарон және уыт өндірісінде орын алады.





4

2.2 Тамақтанудағы 10 қателік

Бірінші қателік. Тамақты көп жейміз.
Екінші қателік. Қашанда майлы тамақты жақсы көреміз..
Үшінші қателік. Қандай тағамды ішіп - жегеніміз жөн, оны таңдап – талғай білмейміз. Содан дастарханға не әкелсе, соның бәрін асаймыз.
Төртінші қателік. Әр түрлі сұйық асты көп ішеміз.
Бесінші қателік. Өз уақытында тамақтанбаймыз. Дастархан үстіндегі тамақты тез ішіп, тез жейміз. Тамақтану мерзімімен санаспаймыз. Негізінен, күніне 3 рет тамақтанған абзал.
Алтыншы қателік. Тәттіні көп жейміз. Қант, конфет, торт, т. б. асыра ішіп - жейміз.
Жетінші қателік. Тамақты жақсы әзірлеп, дұрыс сақтай білмейміз. Біз көбінесе қуырған тағамды, тұзы көп асты дайындаймыз.
Сегізінші қателік. Кешкілік теледидар көріп отырып тамақ ішкенді ұнатамыз.
Тоғызыншы қателік.
Міндетті түрде әр тамақтың құрамында қанша белок, май, дәрумендер мөлшері бар екенін білген жөн.
Оныншы қателік. Тамақты жасқа қарай ішіп - жеуге тиістіміз. Біздің бір жаман әдетіміз 6 - 10 жас аралығындағы баланы көп тамақтандыруға тырысамыз. Және де кәрі адамдар әліне қарай аз – аздап тамақтанғаны дұрыс.

2.3 Мектепте ыстық тамақ ішетін оқушылар аз шаршайды және мектеп жүктемесін оңай орындайды. Уақытылы тамақтану, тамақтану мерзімін сақтау – бұл, ас қорыту жүйесі ауруының алдын алу болып табылады. Мектеп оқушыларына таңғы ас міндетті түрде болуы керек. Таңертең алдағы жұмсалатын энергияны қамтамасыз ету үшін жеткіліксіз мөлшерде тамақ өнімдері мен калориясы бар ыстық тағам сүзбе пісірмесі, сүт ботқасы немесе етті тағам ұсынылуы қажет.





5

Мектебімізде барлығы 153 оқушы бір мезгіл тегін ыстық тамақпен қамтылған. Бастауыш та 103 оқушы, орта буын 50 оқушы қамтылып отыр. Мектеп оқушыларының ыстық тамақпен қамтылуы үнемі назарда ұсталып отырады. Тағамның құнарлы болуы, оқушы жасөспірімдер дің сапалы тамақтануы оқушылардың денсаулықтарының артуына көп септігін тигізеді. Түскі ас біріншіден ыстық тағамнан, гарнирмен етті немесе балық өнімдері, ең жақсысы көкөністен болуы керек. Тиімді тамақтану балалар мен жасөспірімдердің жасына қарай организмнің негізгі нәрлі заттарды қажетсінуін және олардың ара қатынасын ескере отырып ұйымдастырылуы қажет. Балалардың (1 жастан 3 жасқа дейін) тамағында белокқа бай сүт және сүт өнімдері, ет, жұмыртқа болуы тиіс. 1 жастан 3 жасқа дейінгі балалардың күн тәуліктік рационында кем дегенде 600—800 мл сүт, ал мектеп жасындағы балалардың рационында 400—500 мл сүт болуы тиіс. 1 жастан 3 жасқа дейінгі балалардың майды қажетсінуін өсімдіктерден алынатын (күнбағыс, жүгері майы) маймен қамтамасыз ету керек, өйткені оларды организм жақсы сіңіре алады. Өсімдік майын көкөніс пюресі мен салатқа қосып беру керек. Балалардың тамағына жидек, жемістердегі және олардың өңделген өнімдеріндегі организмге тез сіңетін углеводтардың болуының мәні зор. Балалар мен жасөспірімдердің тамағындағы белоктар, майлар мен углеводтардың анағұрлым қолайлы ара қатынасы балалар үшін 1:1:3, ересектерге 1:1:4 болуы тиіс. Мұндай ара қатынастан едәуір ауытқу тамаққа жетерліктей мөлшерде нәрлі заттар мен витаминдердің енгізілуіне қарамастан денсаулыққа зиянын тигізуі мүмкін.Мысалы, тамақта әсіресе мал майының көп болуы баланың организміндегі зат алмасудың, ас қорытуының бұзылуына әкеп соғып, салмағын ауырлатады. Углеводтардың артық болуы да зат алмасуын бұзып, семіртеді, ал тәттіні мөлшерден артық пайдалану балалар мен жасөспірімдерде диабет ауруының өрістеуіне әкеліп соғады. Балалар мен жасөспірімдердің тамағы әр түрлі болуы тиіс, ал біркелкі тамақ балалардың тәбетін нашарлатады. Майлы етті тек мектеп жасындағы ересек балаларға (14—17 жастағы) беруге рұқсат етіледі. Шала қуырылған немесе ысталған сүр етті бала организмі нашар сіңіреді және оған уланып қалу не ішек құрты жұғуы мүмкін. Сондықтан оларды балаға бермеген дұрыс. 
Сондай-ақ тұзы көп немесе бұрыш, қыша, сілті көп қосылған ет және балық тағамдары 8—10 жастағы балалардың тамақтану рационынан алынып тасталуы керек.

Алкоголь ішімдіктердің барлық түрі (сыра, үй наливкасы, тұнбасы) балалар мен жасөспірімдердің организміне зиянды әсерін тигізеді. Ащы кофе, какао, шай ішсе, сондай-ақ шоколадты көп жесе, әсіресе, 3 жасқа дейінгі балаллардың жүйкесі қозады.Егер бала яслиге, балалар бақшасына немесе басқадай балалар мекемесіне барып төрт мезгіл тамақ ішетін болса, онда үйде қосымша тамақ берудің қажеті жоқ. Ал бала барып жүретін балалар мекемесі тамақты екі немесе үш рет беретін болса, үйден қосымша тамақтандыру керек. Соңғы тамақ ұйықтардан 1,5-2 сағат бұрын ішілуі тиіс. 
Тамақтану режимі және құрамы төмендегі пайыздық қатынас негізінде жүруі қажет: 
р/с Тамақтану режимі Тамақтану уақыты 3 рет тамақтану, % 4 рет тамақтану, % 
1 Таңертеңгілік ас 7.30-8.00 30 20 
2 Таңертеңгілік ас 11.00-11.30 10 
3 Түскі ас 13-13.30 45 35 
4 Түстен кейінгі ас 16.30-17.00 10 
5 Кешкі ас 19.00 – 20.00 25 25 
Мектепте тамақтануды ұйымдастыру кезінде дұрыс тамақтану қағидасына бейімделу қажет. Таңертең алдағы жұмсалатын энергияны қамтамасыз ету үшін жеткіліксіз мөлшерде тамақ өнімдері мен калориясы бар ыстық тағам сүзбе пісірмесі, сүт ботқасы немесе етті тағам ұсынылуы қажет. Түскі ас біріншіден ыстық тағамнан, гарнирмен етті немесе балық өнімдері, ең жақсысы көкөністен болуы керек. Тамақ калориялығы күш қуатты жұмсау көлеміне байланысты белгіленеді, сондықтан да Колледж оқушылары үшін олардың оқу – өндірістік жұмысының сипатын есептей отырып, осы норманы -10-15 % - ке арттыру қарастырылған. Адам денесінің тканьдары (мысалы, салмағы 70 кг тартатын) 40-45 кг судан, 16-17 кг белоктан, 7-10 кг химиялық элементтерден, 2,5-3 кг минерал тұздарынан және 0,5-0,8 кг көміртегінен тұрады.






7

Қарап отырсақ, тамақтанудың тәуліктік мөлшерінің 70% мектепте жүргенде, сабақ уақытына сәйкес келеді екен, сондықтан мектеп асханасынан тамақтану ережелері мен гигиенасын бақылау және тексеру маңызды болып табылады. Асқазан ішілген тамақтан шамамен 4 сағат шамасында босайды, сол себепті тамақ ішудің арасы 3-3,5 сағаттан кем және 4-4,5 сағаттан аспасын.Тамақты жиірек ішкен сайын асқазан –ішек жолдары жұмысының ырғағы бұзылады. Егер тамақ ішу аралығында үзіліс өте ұзаққа созылып кетсе, онда күшті ашығу сезімі туындайды және оны қанағаттандыру үшін көп тамақ ішу қажет болады, бұл да асқазанның қорытуын киындатады. Белгілі бір сағаттарда ғана тамақ ішу маңызды. Бұл жағдайда ағзада уақытқа шартты рефлекс қалыптасады, яғни тамақ ішу белгіленген уақытта асқазан сөлі көбірек бөлінеді, тәбет ашылады, тамақты жақсы қорытуға жағдай жасалады. Тәуліктік ас мәзірі әртүрлі болуы керек. Тамақ ішудің жекелеген уақыттарды мектептегі сабақтың басталуына, олардың ұзақтығына, мектеп пен үй арасындағы жолға кететін уақытқа байланысты біршама ауысуы мүмкін.Дегенменде бұл айырмашылық 30-40 минуттен аспауы керек. «Сұлулық үшін» ішіп-жеу мөлшерден артық тамақтану емес. Алайда, тамақты аз ішіп, үнемі аш жүруге де болмайды. 
Тамақтану сауаттылығының бес негізі бар: 
1) Тамақ құрамында негізгі қоректік заттардың болуы (нәруыз, май, көмірсу); 
2) Тамақ рационында қосымша заттардың болуы (витаминдер, микроэлемент); 
3) Тамақ нәрлігі адам жасына, денсаулық күйіне, табиғат климатына байланысты; 
4) Тәулік бойынша тамақтану тәртібінің мөлшерін сақтау; 
5) Тамақтанудың санитарлық – гигиеналық нормаға сай болуы. ( Тамақтану режимінің маңызды элементтерінің бірі- тамақтың қайда ішілетіндігі, тазалығы, құнарлығы т.б). 







8

Жасөспірімдердің тамақ нәрлігі мен құрамы, калориясы 
Жасы Ақуыздар, 
г Майлар, 
г Көмірсулар, г Калориялар 
1-3 жас 53 53 212 1540 
4-6 жас 68 68 272 1970 
7-10 жас 79 79 315 2300 
11-13 жас (балалар) 93 93 370 2700 
11-13 жас (қыздар) 85 85 340 2450 
14-17 жас (балалар) 100 100 400 2900 
14-17 жас (қыздар) 90 90 360 2600 
Адам ағзасы тек қана ақуыздан құралады. Ақуызды ауыстыруға да болмайды. Ал май, көмірсулар бірін-бірі алмастыра, ауыстыра алады. Ақуыздың тамақ құрамында болмауы, не аз мөлшерде болуы жүректің, мидың жұмысына кері әсер етіп, ағзаның жүйке тамырларының ауруына әкеп соғады, асқазанға түсіп, одан ішектерге барған соң әр түрлі химиялық процестер әсерінен аминқышқылына айналады. Содан кейін қанға араласу арқылы ағзада пайда болатын ақуыздарды құрайды. Құрамында аминқышқылы көп тамақтарға ет, балық, құс, сыр, бұршақ және басқалар жатады. Ақуыздар ұлпалардың тіршілік әрекеті процесінде жойылған жасушаларды қалпына келтіруге және жаңа жасушалардың түзілуіне қатысады. Ақуыздар тәуліктік рацион каллориялылығын 10-15% қамтуы керек. Ақуызды сүттен, дәнді – дақылдардан, еттен алады. 
Көмірсулар — адам қуатының көзі болып табылады. Тамақпен бірге ол ағзаға полисахарид, крахмал, қант түрінде барады, ауызға түскен соң бөлініп асқазанға, ішектерде қорытылып, глюкоза қанға қосылады. Көмірсуларға бай -дән, картофель, жеміс-жидектер, т.б. жатады. 100 г көмірсу 275 килокалория қуат берсе, май 866 кк береді. 
Майдың құрамында А, Д, Е, К дәрумендері бар.Өсімдік майлары құрамында май қышқылы көп болады.


9

Бұл қышқыл адамның ет талшықтарында, жүйке тамырларында, мида, бауырда, жүректе, ішектің қабырғаларында кездеседі. Осы мүшелердің жақсы жұмыс істеуіне әсер етіп, әсіресе, жүйке жүйесінің жұмысын реттеп, артерия қан тамырларының қабырғаларын жақсартып, ағзадағы артық холестеринді тазалайды. 
Жемістерде адам өміріне қажетті С, Р, Е дәрумендері бар. В, С топты дәрумендерімен бірге жеміс-жидек арқылы ағзаға минералды заттар калий, мыс, марганец, цинк, йод сияқты заттар барады. Күнделікті ас мәзірде жеміс - жидектер (алма, жүзім, өрік, банан, шабдалы, құлпынай, алмұрт т.б.), шырындар және көкөністер болуы қажет. Олардың құрамына энергетикалық қызмет атқаратын, иммунитеттің жоғарылататын көмірсулар кіреді және организмдегі мүшелердің қалыпты жұмыс істеуі, тіршілік қабілеті үшін қажетті, ақыл –ойдың дамуы, дененің өсуі мен дамуын, ауыруға қарсы тұру қабілетін қамтамасыз ететін дәрумендер тобы болады. Мысалы, С дәрумені организмнің түрлі жұқпалы ауруларға қарсы тұруын арттырады, сүйек пен тістің мықтылығын жақсартады. Жеткілікті болу үшін – көкөніс пен жеміс-жидектерді, ашыған қырыққабатты тағамға көбірек пайдаланған жөн. Жаңа піскен жеміс - жидектер ғана емес, сонымен қатар мұздатылған немесе кептірілген жемістерді де қолануға болады. 
Жас организмнің өсуіне, дамуына әсерін тигізіп құрылыс материалы ретінде жасуша мембранасының құрамына кіретін, энергетикалық, қорғаныс қызмет атқаратын жануар және өсімдік майлары. Яғни, жануар майлары: сары май, сиыр, қой майы; өсімдік майлары: пісте, мақта, зығыр майлары қалыпты мөлшерде күнделікті ас мәзірінде болу керек. 
Сүт өнімдері ағзаның қалыпты өсуіне, сүйек пен тіс құрамына кіретін, зат алмасуға қажетті минералды заттектердің (кальций, фосфор т.б.) көзі болып табылады. Содықтан сүт өнімдері (сүт, айран, қатықтар, сүзбелер және табиғи йогурттар, сонымен бірге, жемісті йогурттар т.б.) түрлерін дастархан мәзірінен қалдыруға болмайды.





10

Сүт әдетте майсыздандырылған күйде ұсынылады, ал балалар үшін майлылығы 3,2 %-ды құрауы керек. Балаларды ақ ірімшік жеуге дағдыландыру қажет, олардың құрамында майлар мен сода аз. Бұл дұрыс тамақтану дағдыларын қалыптастырудың маңызды элементі болып табылады. 
Ас мәзірінің негізігі элементі - дән өнімдері болып табылады, олардың ең пайдалысы құрамында ірілей тартылған дәндері бар өнімдер. Осындай өнімдер - В тобы дәрумендерінің және басқа да ақыл-ойдың дамуына, ағзадағы қан түзілуге қатысатын микроэлементтердің (темір, цинк т.б.) көзі боып табылады. Олар - ақуыздар, олардың ішіндегі ең пайдалысы - бидайдан, арпадан және қара бидайдан жасалған өнімдер. Олар жемістерді қосуға болатын, таңғы ас құрамына кіретін таптырмайтын элементі болады. 
Балалар тәттілерді сүйіп жейді, оларды балаға қосымша ретінде берген жөн. Сонымен қатар, конфеттің орнына - шоколад, кремі бар пирожныйдың орнына - қандай да бір пісірілген нан немесе басқа өнімдер берген жөн. 
Тамақтану процесінің принциптері: 
1. Тамақтану барысында тәуліктік кесте әзірлеу. 
2. Тәулігіне 1-2 рет қана тамақтану дұрыс емес, белгілі мөлшерде 3- 4 рет тамақтану керек. 
3. Тамақ құнарлы болуы тиіс. 
Себебі, адам ағзасы дұрыс қабылдайтын, оны асқазан еш қиындықсыз қорытатын тағам түрлері, яғни белок, майлар, витаминдер, минералды заттарға бай болғанын адам өзі таңдай алуы шарт. Тәуліктік ас мәзірі әртүрлі болуы керек. Тамақтану кезінде адам өзінің ас қабылдау қабілеті, көңіл - күйіне баса назар аударғаны жөн. Кей ретте тамақ жеңіл жүрсе, кей ретте ол керісінше бұл процесті бәсеңдетеді. Мұны мамандар физиологиялық процесс деп те атайды. 
Әрбір негізгі тамақтану кезінде (таңертеңгі, түскі ас, кешкі ас) жануартекті тағамдардың (балық, сүт, жұмыртқа, ет өнімдері) тым болмаса біреуін қабылдау керек.





11

Олардың құрамында балалар немесе жасөспірімдер денесінің қалыпты дамуы мен өсуін қамтамасыз ететін, организмнің негізгі құрылыс материалы болып табылатын нәруыздар бар. Денсаулық қалыпты болсын десеңіз, күніне үш-төрт рет дәмді дайындалған тамақ ішу қажет. Мектептегі,басқа да оқу мекемелеріндегі дұрыс ұйымдастырылған тамақтану оқушының үлгерімі мен жұмыс қабілеттілігінің артуына жәрдемдеседі. Қазіргі мектептерде оқушыларды ыстық тамақпен қамтитын асханалар бар. Сондай мекемелерідің біріне жататындықтан білім бөлімінің екі апталық ас мәзірін пайдаланаып, ыстық тамақпен оқушылар қамтылып отыр.

Таңертеңгілік ас қою, тығыз болсын; түскі аста негізгі тамақ қабылданады; кешкі ас калориялығы жөнінен таңертеңгілік аспен бірдей болып, ұйқыға кемі 1,5-2 сағат қалғанда ішілуі керек. Тамақты өте жәй, ұйықтар алдында қабылдау зиянды, ол ұйқыны қашырады, ас қорытуды қиындатады, май жиналуына себепші болады.Кейде ұйықтаралдында бір стакан айран ішкен пайдалы . Бұл ретте кешкі ас жеңілдеу болғаны жөн. 
















12


Сарапшылардың айтуынша, энергетикалық сусындардың ингредиенттері ежелден жүйке жүйесін ынталандыру үшін пайдаланылады. Қанттың қауіпті көзі газдалған сусындар болып табылады. Көбінесе балалар жақсы көретін газдалған сусындар, энергетикалық сусындардың құрамында да ағзаға зиянды қоспалар өте көп. Мысалы, газдалған сусындарда газдың құрамында фосфат өте көп. Фосфат адамды жүрек-қан тамырлары ауруына, бүйрек ауруына шалдықтыруы мүмкін. Ал, газдалған сусынды күніге ішетіндердің бара-бара терісі тырысып, бұлшық еттері семуі мүмкін. Мұндай ішімдіктің бір стаканын ішкен соң тағы да ішкіміз келіп тұрады. Оның құрамындағы натрий глутаматы қоспасы жасушалардағы сутегі бөлшектеріне әсер етіп, оларды жойып отырады екен және ағзаның өзгеріске ұшырауына апарып соғатын көрінеді. Сондықтан балаларға сумен шөл қандыруды үйреткен жөн. Әрқашан, спорттық жарыстар болсын, су ұстап жүргені абзал. 
Энергетикалық сусындардың ингредиенттері: 
•Көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын қасиеттерімен белгілі кофеин, гуарана мен женьшень;
•Жүйке жасушасынан екіншісіне импульстарды жедел жіберуге әсерін тигізетін амин-қышқылдары; 
•Жүрек жұмысын ынталандыратын таурин. 
Осындай компоненттердің жинағы жүрек пен жүйке жүйесінің жұмысына өте күшті әсер етеді. Сонымен қатар қосалқы әсерлер болуы мүмкін: тахикардия, психомоторлық қозу, жоғары дәрежедегі невроз, депрессия. Ал мөлшерден көп ішу артериялық қан қысымын немесе қандағы қант деңгейін арттырады. 
Мектеп оқушылары да көбінесе тез тағам дайындайтын орындардан тамақтанады. Қазіргі кезде қалаларда фаст фуд өнімдерін сататын сауда нүктелері өте көп. Мұндағы фаст фуд деп отырғанымыз – жүре жеуге өте қолайлы, өте тойымды және тез дайындалатын тағам. 
Мамандардың айтуынша, фаст-фудпен тамақтануға мүлдем болмайды. Осындай тағамдардың құрамында майлар мен консерванттар көп, дәрумендер мүлдем жоқ.



13

Фаст-фуд тағамын көп мөлшерде қабылдауы шынымен химиялық тәуелділікке әкеп соқтырады. фаст-фудқа дәмін күшейтетін арнайы қоспаларды қосады.

Осы қоспалар арқылы тамақты дәмді етіп, көп мөлшерде тамақтануға әсерін тигізеді. Дайындау барысында маргарин көп мөлшерде қолданылады. Маргариннің құрамында жасанды өнім, яғни транс майлар көп. Мұндай тамақтарда ағзаға тікелей әсер ететін улы заттар болмаса да, олардың құрамындағы зиянды химиялық қоспалар ағзаға біртіндеп әсер етіп, дене мүшелерін істен шығара бастайды. Созылмалы тұмау, сіркесі су көтермейтін ашушаңдық, аллергиялық аурулар, инфаркт, инсульт, қатерлі ісік тағы басқа түрлі сырқаттардың бәріне тамақ құрамындағы зиянды химиялық қоспалар себепші.

ІІІ. Қорытынды.

Мектеп оқушыларының тамақтану тәртібі ағзаның қарқынды өсуі мен балалардың тіршілік қарекетіне байланысты энергетикалық қажеттілігін қамтамасыз ету керек.

Май мен қанттың мөлшері жоғары өнімдерді көп мөлшер тұтыну болашақта семіздіктің, тіс жегісінің, гиповитаминоздың, сондай ақ микронутринттердің жетіспеушілігінің дамуына әкеледі. Сондықтан жалпы тәжірибесінде дәрігердің басты мақсатының бірі - балалар арасында салауатты өмір салты мен дұрыс тамақтануды насихаттау болып табылады. Қазіргі жағдайда мектеп оқушыларының денсаулық жағдайында созылмалы патологиялы меншікті салмақтың өсуі мен дені сау балалар санының азаюы басым. 233 оқушының 18 Д есепте тұрады, қалған оқушылар денсаулықтары жақсы. Үздіксіз тексерістен өтіп отырады, 15жастан жоғары оқушылар флюрографияға уақтылы түсіп тұрады. Есепте тұрған оқушылар мектеп медбикесінің қарауында, бақыланып отырады. Барлық оқушылар мектептен бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылып отыр. Оқушыларға үнемі гигиена, тамақтану ережелерімен таныстырылып отырады.

ТАМАҚТАНУ  ГИГИЕНАСЫНЫҢ  ЕРЕЖЕЛЕРІ

  • Тамақтану режимін сақта! 

  • Тамақ  құрамы туралы ойланыңдар! 

  • Тамақты дұрыс шайна! 

  • Тамақты артық жеме! Тамақ  уақытында асықпа!

14



ІҮ. Пайдаланған әдебиеттер

1.Ә. Өмешұлы. Салауатты өмір – денсаулық
2.Ж.Ж. Жатқанбаев. Валеология Алматы
3. Н.М. Амосов. Денсаулық жөнінде толғаныстар. 

4. Биология әдістемесілік нұсқау 8 класс,Е.Очкур, Р.Жұмабаева

Алмата “Мектеп” 2008 ж.

5. З.Ж.Асқарова, Биология 8 класс оқулығы, Алматы “Мектеп”

2004 ж

6. Биология және салауаттылық журналдары











Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
24.01.2019
1375
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12