Дұрыс тамақтану балалар денсаулығының негізі

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Дұрыс тамақтану балалар денсаулығының негізі

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп оқушыларының арасында артық салмақтық сияқты ауытқушылықтар мәселесі күннен күнге өзекті болуда, себебі артық салмақты оқушылардың санының жылдан жылға көбеюі байқалады. Ұсынылған курс оқушылардың биология пәнінен білімін кеңейте отырып, денсаулық сақтау дағдыларын қалыптастырады. Бағдарламада теориялық материалдар,лабораториялық жұмыстар ,оқушылардың курс бойынша алған білімдерін қолдануға байланысты фукционалды сауаттылықтарын дамыту шаралары толық қамтылған. Бұл бағдарлама қазіргі заман талабына сай ,сұраныс пен қажеттілікке сәйкес туындап отыр. Ұсынылып отырған курс жалпы білім беру мектебінде 7-8 сынып оқушыларында биология пәніне деген қызығушылығын көтеруге , дұрыс тамақтану туралы өмірлік дағдыларды қалыптастыруға себеп болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алматы облоысы

Жамбыл ауданы

Қарғалы №2 мамандандырылған лицей

Педагог-шебер, химия- биология пәнінің мұғалімі Ихсанова Е О

Дұрыс тамақтану балалар денсаулығының негізі



Халқымыз әрқашанда денсаулықты бірінші орынға қойып, бірінші байлық — денсаулық деп санаған. Дені сау, еңбекқор, ақылды азамат болып өсу үшін, дұрыс тамақтана білу қажет.Тамақтану адамның өмірлік қажеттігі және денсаулық кепілі. Ас-адамның арқауы, ағза дене жүктемесінде ғана емес, тыныштық жағдайында да шығындайтын қуат көзі. Дұрыс тамақтану жүрек-қантамыр, асқазан-ішек жолдары, қант диабеті, остеопороз, онкологиялық аурулардың алдын алу үшін, сыртқы орта әсеріне қарсы тұру үшін, ағзаның жұмысқа қабілеттілігін арттыру үшін, белсенді ұзақ өмір сүру үшін қажет.Халқымыздың тіршілігі мен бірлігі жарқын болашағы көп ретте денсаулық мәдениетінің қаншалықты қалыптасуына байланысты. Дені сау адам өз үшін де, өмір сүріп жатқан қоғам үшін де керек. Себебі қоғамдағы кез келген жұмысты сол денсаулық иесі ғана тиісті деңгейде атқара алады7 Осы орайда Шопенгауердің «Дені сау кедей –ауру корольден бақытты» деген қанатты сөзі өте орынды айтылған.Денсаулық ел дамуының басты арқауы. Сол себепті осынау байлығымызға балаған денсаулығымыздың қамын ерте жастан бастап ойлауымыз қажет. Статистикалық мәліметтерге сүйенер болсақ,планетарлық масштабта адам өлімінің 60 % дұрыс тамақтанбаумен тура байланысты. Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымы планета тұрғындарының денсаулығының нашарлауының 10 себебінің ең қауіптісі деп маскүнемдік ,темекі шегу, холестеринемия,гипертониялық аурулар,артық салмақ, аз салмақты т б атап көрсетті. Аталған мәліметтерден көрініп отырғандай ең қауіпті аурулар қатарында адамның дұрыс тамақтанбаудан болатын аурулардың үлесі қомақты .Мектеп көлемінде жүргізілген зерттеу жұмыстары мен алынған сауалнамалар оқушыларының арасында да артық салмақтық сияқты ауытқушылықтар бар екені белгілі болды және бұл мәселе күннен күнге өзекті болуда, себебі артық салмақты оқушылардың санының жылдан жылға көбеюі байқалады. «Мектеп тағамдары» деген қарапайым сөздердің астарында балалардың денсаулығы жатыр. Оқушылардың дұрыс тамақтануы – олардың физикалық, психологиялық, және ақыл-ой дамуының маңызды негіздерінің бірі. Мектеп жасындағы балалардың ағзасы өсу мен даму кезеңінде болғандықтан, олардың күнделікті рационы теңгерімді әрі қоректік заттарға бай болуы қажет.Сондықтан оқушылардың денсаулығын сақтаудың маңызды факторларының бірі үйде ғана емес, сонымен қатар балалар көп уақытын өткізетін мектепте де дұрыс тамақтануды ұйымдастыруға байланысты. Осыған орай мектеп бағдарламасына дұрыс тамақтанудың бастапқы және оқушылар үшін өмірлік маңызы бар фкуционалдық білімнің қажеттілігі туындап отыр . Ұсынылған курс оқушылардың биология пәнінен білімін кеңейте отырып, денсаулық сақтау дағдыларын қалыптастырады. Бағдарламада теориялық материалдар,зертханалық,сарамандық жұмыстар ,оқушылардың курс бойынша алған білімдерін тексеру ,бағалау шаралары мен олардың алған териялық білімдерін өмірде қолдануға байланысты фукционалды сауаттылықтарын дамытуға бағытталған. Бұл бағдарлама қазіргі заман талабына сай сұраныс пен қажеттілікке сәйкес туындап отыр. Ұсынылып отырған курс жалпы білім беру мектебінде 7-8 сынып оқушыларында дұрыс тамақтану туралы өмірлік дағдыларды қалыптастыруға себеп болады. Себебі, оқушылардың дұрыс тамақтануы – олардың денсаулығы мен болашағына салынған инвестиция. Бұл мектеп пен ата-ананың бірлескен күш-жігерін талап етеді. Пайдалы тамақтану әдеттерін ерте жастан қалыптастыру арқылы біз дені сау, білімді және белсенді ұрпақ тәрбиелей аламыз.



ТҮСІНІК ХАТ

Дұрыс тамақтану – оқушының денсаулығы мен білім алу қабілетінің негізі. Баланың өсіп-дамуы, мектептегі жетістіктері және жалпы физикалық жағдайы күнделікті тамақтану рационына тікелей байланысты. Дұрыс ұйымдастырылған ас мәзірі баланың интеллектуалдық және физикалық белсенділігін арттыруға, созылмалы аурулардың алдын алуға көмектеседі.

Бағдарламаның мақсаты:
Оқушылардың дұрыс тамақтану дағдыларын қалыптастыру, денсаулықты сақтау және нығайту, сондай-ақ теңдестірілген тамақтанудың маңыздылығын түсіндіру. Курстың мазмұны оқушыларды пайдалы тағамдар, тамақтану тәртібі және зиянды әдеттердің алдын алу жолдарымен таныстырады.

Актуалдылығы:
Қазіргі қоғамда дұрыс тамақтану мәселесі өзекті болып отыр. Балалар мен жасөспірімдер арасында семіздік, ас қорыту жүйесінің бұзылуы, созылмалы аурулардың көбеюі тамақтану мәдениетінің төмен деңгейімен байланысты. Осы курс оқушыларға салауатты өмір салтын ұстануға және дұрыс тамақтануды күнделікті өмірде қолдануға көмектеседі.

Міндеттері:

    • Оқушыларды теңдестірілген тамақтанудың негізгі қағидаларымен таныстыру.

    • Тағамның құрамы, дәрумендер мен минералдардың маңыздылығын түсіндіру.

    • Ас қорыту жүйесінің жұмысын түсіндіріп, тамақтану тәртібін сақтаудың

қажеттілігін көрсету.

Күтілетін нәтиже:
Курс аяқталғаннан кейін оқушылар:

  • дұрыс тамақтану қағидаларын біледі;

  • пайдалы тағамды таңдай алады;

  • күнделікті тағам мәзірін теңдестіре алады;

  • зиянды тағамдардың денсаулыққа кері әсерін түсінеді;

  • салауатты өмір салтының маңыздылығын сезінеді.

  • Биология пәніне деген қызығушылықтары артады

  • Зертеушілік дағдылары дамиды

Жоспардың құрылымы

  • Бағдарлама 3 бөлімнен тұрады

  • Кіріспе / 3сағат/

  • Негізгі бөлім / 26сағат/

  • Қорытынды бөлім/5 сағат/



I. Кіріспе

Диетология –дұрыс тамақтану туралы ғылым Диетология ғылымының қалыптасу тарихы ,тамақтану гигиенасы, диета оның түрлері ,ағзаға байланысты диета ұстау Жеткіншек ағза даму ерекшеліктері оның жетілуіне дұрыс тамақтанудың қажеттілігі. Жеткіншектердің жұмсайтын тәуліктік энергия мөлшері

II . Негізгі бөлім

1 тарау.Тамақтанудың анатомо-физиологиялық негіздері 5 сағат

Адамның ас қорыту жүйесі,тағам құрамын өзгерістерінде ферменттер ролі ауыз қуысындағы тағам,ас қорыту, асқорыту бездері ,тоқ ішек ішектің микрофлорасы,шылым,ішімдік,есірткі олардың ағзаға асқорытуға зиянды әсері



2 тарау.Асқорыту мүшелерінің аурулары оның алдын алу 4 сағат

Асқазан және ішек аурулары ,ішек құрт аурулары, ішек таяқшасы , сальмоноллез, ботулизм,тағамнан улану,уланатын заттар,саңырауқұлақтар,жидектер т. б

3 тарау.Қоректік заттар және оның құрамы 11 сағат

Қоректік заттар нәруыз,май,көмірсу,дәрумендер мен олардың құрамы,тәуліктік мөлшері,тамақтану ережесі,тәулік ішінде қажетті тағамның орташа мөлшері ,дұрыс тамақтану гигиенасының маңызы

Дәрумендер ашылу тарихы,дәрумендер топтары мен түрлері адамға тәулігіне қажетті мөлшері, дәрумен жетіспеушілігінен туындайтын аурулар,тағам өнімдерінде дәрумендерді сақтау жолдары ,жоба қорғау

4 тарау.Тамақтанудың ұлттық рәсімі 6 сағат

Ұлттық тағамдардың негізгі қасиеттері,оның қуатының адам организміне әсері. Ұлттық ет тағамдары ,жылқы,қой етінің биологиялық құндылығы, түйе және бие сүтінің негізгі тағамдық заттары және энергетикалдық құндылығы ,шұбат пен қымыздың,ешкі сүтінің емдік қасиеттері



III . Қорытындылау бөлімі 5 сағат

Чипсы,фастфуд,кофе энергетикалық сусындар ,кола т б жасөспірім ағзасына зиян тигізетін тағам түрлері,тез дайындалатын тағамдар,ГМО өнімдері мен олардың зияны ,жоба қорғау



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
24.02.2025
185
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі