жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Дұрыс тамақтану. Дәрумендер. (Азық-түліктер)
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің картасы
№
Оқытушы: Ахаева Т.Е.
Топ: Мектепалды даярлық «Б» тобы
Мезгіл:
Өтпелі тақырып: Дені саудың – жаны сау.
Тақырыбы: Дұрыс тамақтану. Дәрумендер. (Азық-түліктер)
Білім беру саласы: Коммуникация
Бөлімдері: Қазақ тілі
Мақсаты: Тағамдармен таныстыра отырып, сөздік қорларын байыту, сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.
Міндеттері: Заттың сынын білдіретін сөздердің мағынасын түсіну және ауызекі тілде қолдануды дағдыландыру.
Білімділік: Пайдалы азық - түліктер мен дәрумендер және салауатты тамақтанудың маңызы туралы білімдерін бекіту.
Дамытушылық: Есте сақтау, ойлау қабілеттерін арттыру, зейіндерін дамыту.
Тәрбиелік: «Денсаулық- зор байлық», «Дені саудың- жаны сау» деген қағиданы балалар бойына сіңіруге үйрету.
Билингвалды компонент: дәрумендер – витамины, денсаулық – здоровье, азық-түлік – продукты, жемістер – фрукты, көкөністер – овощи.
Іс-әрекет кезеңдері |
Педагогтың іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық қозғаушы |
Амандасу. Шаттық шеңбер. Танысу. Допты бір-біріне беріп сұрайды:
Мен бес жастамын. |
Шеңберге тұрып амандасады.
|
Ұйымдастырушылық ізденушілік
|
Есікті біреу қағады, қуыршақ Катя адасып қалды, келіп балаларға жалынып көмек сұрайды:
Презентация бойынша сөздерді қайталаймыз.
Жаңа сөздермен таныстыру. Суретпен жұмыс.
Енді Катямен дүкенге барайық. Жолда кішкене бойымызды сергітіп алайық.
Сергіту сәті. Би билегім келеді, Бірақ қалай бастайын, Бір анда, бір мұнда, Өзіңді– өзің айнала. Шапалақта хоп, хоп. Бас аяқты топ, топ. Бір анда, бір мұнда, Өзіңді – өзің айнала.
Балалар Катямен «Азық – түлік» дүкенге барады: Сұхбат . Д/о «Дүкен»
Катя балаларға алғысын айтып әжеге қонаққа шақырады. Сөйлем құрастыру. Д/О «Не артық?» Әже қандай тағамдар дастарқанда бар екенін сұрайды.
Әжемен бірге дыбыстық жаттығу қайталау.
Қоштасып әжемен балабақшаға бару. |
Қуыршақ отырып балалармен бірге сөздерді қайталайды
Балалар 4 – 5 рет хормен қазақша қайталап отырады, 3 – 4 бала жеке айтады. Шұжық, май, қаймақ, ет, ірімшік, бауырсақ, су.
Сергіту сәтін қайталап, кимыл жасайды. Би билегім келеді, Бірақ қалай бастайын, Бір анда, бір мұнда, Өзіңді– өзің айнала. Шапалақта хоп, хоп. Бас аяқты топ, топ. Бір анда, бір мұнда, Өзіңді – өзің айнала.
Балалар кезекпен дүкенге келіп азықты сатып алады.
Әжемен амандасады. Әже дастарқанға шақырады. Балалар жауап береді:
Балалар бірге хормен қайталайды.
|
Рефлексивті-түзеуші |
|
Балалар сөздерді айтып сандыққа салады. Сау болыңыз. |
Күтілетін нәтиже.
Білуі: Ет, ботқа, айран, шай, сөздерін;
Игеруі: сұраққа ойланып жауап беру дағдысын;
Меңгеруі: тағамдарды қадірлеу қажет екенін
Есеп: ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген