400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Дұрыс тамақтану денсаулық кепілі

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларға дұрыс итиімді теңгерімді тамақану тураы ақпарат беріледі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі»
Мақсаты:Оқушыларға дұрыс және теңгерімді тамақтану туралы түсінік қалыптастыру;

Тиімді тамақтану дағдыларын үйрету;

Фастфуд, газды сусындардың зияны туралы ақпарат беру;

Оқушылардың денсаулыққа жауапкершілігін арттыру.


Қатысушылар: 1-4 сынып оқушылары (әр сыныпқа жеке)
Ұзақтығы: 30 минут
Өткізу форматы: интерактивті кеңес, сұрақ-жауап

Көрнекілік:
Тағам пирамидасының суреті (слайд).


Әлеуметтік педагог

Оқушылармен амандасып, «Біз не үшін тамақтанамыз?» деген сұрақ қою арқылы ой қозғайды.

Тамақтану тек қарын тойдыру емес, ағзаны қажетті дәрумендер мен энергиямен қамтамасыз ету екенін түсіндіру.


Медбике

Дұрыс тамақтану – денсаулық, оқу үлгерімі және көңіл күйге тікелей әсер ететінін түсіндіреді.

«Теңгерімді тамақтану дегеніміз не?»

Ақуыз, май, көмірсу туралы қысқаша түсінік беру; (слайд)

Көкөніс пен жемістің пайдасы;

Судың маңызы (күніне кемінде 1–1,5 литр);

Таңғы астың маңызы;

Фастфуд, чипсы, газды, тәтті сусындардың зияны.


Әлеуметтік педагог «Менің бір күндік мәзірім» жаттығуы

Оқушылар өздерінің бір күндік ас мәзірін айтады.

Бірге талдау жасалады:

Қай жерде дәрумен жетіспейді?

Қай жерде артық тәтті тағам бар?

Дұрыс нұсқасын ұсыну.


Қорытынды ой: Тиімді тамақтану – қымбат тағам емес, дұрыс таңдау


Практикалық бөлім

«Пайдалы ма, зиянды ма?» ойыны
Медбике тағам атауларын айтады, оқушылар екі топқа бөледі:

Пайдалы

Шектеулі қолдану керек


Қорытынды бөлім (5 минут)


Әлеуметтік педагог:

Дұрыс тамақтану – өзін-өзі құрметтеу.

Денсаулық – әр адамның жеке жауапкершілігі.

Медбике:

Күніне 3–4 рет уақытылы тамақтану;

Таңғы асты өткізіп алмау;

Суды жеткілікті ішу туралы ұсыныс.


Соңында оқушыларға шағын жадынама таратылады.






























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
27.04.2026
3
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12