Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Дұрыс тамақтану негіздері, 5-сынып
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Адам ағзасына пайдалы және зиянды тағамдар.
«Басты байлық - денсаулық» екені баршамызға мәлім. Дегенмен, қазіргі таңда заман ағымына сай тез өзгеріп жатқан қоғамда пайдалы тағамдардың орнын зиянды тағамдар алмастырып, адам денсаулығына біршама зиян келтіруде. Мысалы, қазір жартылай дайын өнімдерді тағам ретінде пайдалану, тез дайындалатын тағамдарды шамадан тыс жеу, майлы тағамдарды пайдалану, ұзақ сақталатын сүт өнімдерін қолдану және т.б. Аталған тағам түрлері ағзамызға біраз зиян келітреді – оларды көп жеудің салдарынан адамдар семіруге бейім болады, қант диабеті, атеросклероз, қатерлі ісік секілді ауруларға әкеліп соқтырады, осы зиянды тағамдарды жеуге дағдылану секілді кері әсер етеді. Мен осындай зиянды тағам орнына өзіміздің ұлттық тағам түрлерін қолдануға кеңес берер едім, себебі қазағымның қай ұлттық тағамы болмасын, дәрумендерге бай, емдік қасиеттерге ие. Мысалы, сүт өнімдерін қазақ халқы бір сөзбен “ақ” деп атап, қастеpлейді. Сүттен дайындалатын әр түрлі өнімдердің өзінің ерекшеліктері мен тіпті емдік қасиеттері де бар. Сиыр сүтінен сұйық, қою, қоймалжың, ащы, тұщы, жұмсақ, қатты, ұнтақ түріндегі ұлттық тағамдар жасаса, ешкі сүтін емге қолданған. Бие сүтін ашытып қымыз, түйе сүтінен шұбат жасап, оларды әр түрлі ауруларға ем ретінде де пайдаланған. Сүт тағамдарының құрамы ақуыз, май және көмірсуларға өте бай, олар адам организмінде оңай қорытылады әрі сіңімді болады. Кейбір Сүт тағамдарында түзілетін сүт қышқылы адамның ас қорыту жүйесіндегі шіру процестерінің дамуын тежеп отырады. Ол денсаулыққа пайдалы және қоректік қасиеті мол.
1. Сүт
Адамзат баласы дүниеге келген кезде әуелі ана сүтін қорек етеді. Ана сүті өмірге келген жас сәбидің дамып, өсуіне ықпал етеді. Себебі, оның құрамында балаға қажетті элементтер бар.
Жас сәбиге сүт қаншалықты қажет болса, үлкен адамдарға да соншалықты қажет. Сүт құрамындағы ақуыз тырнақ, шаш өсімін жақсартып, сүйектердің қатайып, мықты болуына әсер етеді. Дәрігерлердің айтуы бойынша, күнделікті майлылығы төмен сүт өнімдерін пайдалану ас қорыту жүйесін жақсартады.
2. Айран
Сүт те бар элементтер айранда да бар. Сондай-ақ, айранда ағзадағы зат алмасу жүйесін жылдамдатады. Артық салмақтан арылуды көздейтін жандар күніне 1 стакан айран ішсе, діттеген мақсатына жете алады. Диетолог-мамандардың айтуынша, айранды кешкі уақытта ішкен пайдалы.
3. Тауық еті
Тауық етінің құрамында В тобындағы дәрумендер, ақуыз бен аминқышқылдары бар. Ас қорыту жүйесін, ағзадағы қан айналымын, жүрек пен бұлшық ет жұмысын жақсартады. Қуырылған тауық етінен қарағанда қайнатылған тауық еті пайдалырақ.
4. Балық
Балық құрамында ағзаға қажетті барлық элементтер бар. Оның құрамындағы антиоксиданттар қимыл-қозғалыс координациясын жақсартып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды.
5. Көкөністер
Сәбіз, орамжапырақ, қызылша құрамында көз көруін жақсартып, теріні қалыпқа келтіретін бета-каротин бар. Бета-каротин кәрілікті тежеп, асқазан жұмысын жақсартады. Көкөністер анемия, авитаминоз, бүйрек пен бауыр ауруларының алдын алып, оларға қарсы тұра алады.
6. Киви, ананас және цитрус жемістері
Бұл жемістердің құрамында С дәрумені бар. Ағзадағы зат алмасу жүйесін жақсартып, стресс пен депрессиядан сақтайды. Көңіл-күйді көтеріп, иммунитетті күшейтеді. Сондай-ақ, жемістер артық салмақтан арылуға жол ашады.
7. Манго
Аминқышқылдары мен А, В, С тобындағы дәрумендерге және пайдалы әрі ағзаға қажетті элементтерге толы жеміс. Манго артық салмақ тастауға, стресстен арылуға жол береді. Тұмау, ринит сияқты аурулардың алдын алып, көз көруін жақсартады.
8. Шие
Ағзаға пайдалы тәтті жидек құрамында иммунитетті күшейтетін каротин мен С дәрумені бар. Каротин ағзадағы зиянды қалдықтардың сыртқа шығуына ықпал етеді. Ал С дәрумені өкпе, бүйрек, анемия ауруларының алдын алады.
9. Қара бүлдірген
Бұл қара жидектің құрамында В дәрумені, глюкоза және аминқышқылдар бар. Ағзадағы зат алмасу мен көз көруін жақсартып, терінің таза әрі балғын болуына жол береді.
10. Асқабақ
Құрамындағы калий, кальций, магний, темір, мырыш, С дәрумені, ақуыз, бета-каротин сияқты элементтердің арқасында асқабақ онкологиялық аурулардың алдын алады. Шаш, тырнақ өсімін жақсартып, теріні тазартып, қатайтады. Ағзадағы зиянды қалдықтарды шығарып, артық салмақтан арылуға ықпал етеді.
11. Теңіз орамжапырағы
Мырыш, темір, калий, кальций, селен, мыс сияқты минералдарға бай көкөніс жүрек, асқазан, зат алмасу жүйесін жақсартып, семіздік, қант диабеті, йод жетіспеушілігі сияқты аурулардың алдын алады.
12. Жаңғақтар
Жаңғақтардың құрамында адам ағзасына қажетті бар элементтер мен минералдар бар. Ол кез келген аурудың алдын алып, оған қарсы төтеп бере алады. Диетолог-мамандар күнделікті бір уыс жаңғақ жеуге кеңес береді.
Жуырда АҚШ ғалымдары болашақ ұрпақ үшін ең зиянды тағамды анықтау мақсатында арнайы зерттеу жүргізді. Зерттеу барысында белгілі болғандай, балаларға жедел даярланатын тағамдар, соның ішінде қуырылған тауық, картофель фри, чизбургер, чипстер және басқа да осы тектес тағамдар өте зиянды екені анықталды. Мамандар оған қоса құрамында тәттілігі жоғары кәмпит, шоколадтарды да балаларға мөлшермен беру керек екенін айтады.
Ендеше бүгін сіздерге арзан әрі ағзаға зиянды азық-түліктердің тізімін ұсынамыз:
Дайын картоп езбесі, смузи және т.б.
Әрине, дайын картоп езбесі, «смузилерде» және одан да басқа сұйық
тағамдарда бір қарағанда ешқандай зиян нәрсе байқай алмайсыз.
Алайда, бұл тағамдарды да жиі пайдалану асқазанды түрлі ауруларға
шалдықтырады.
Ет
консервлері мен шұжықтар
Ең зиянды тағамдардың тізімін жасап жатқанда кез-келген
консервленген тағамдар мен шұжықты атап өтпеу мүмкін емес. Бұл
тағамдар да сырт көзге аса зиянды болып көрінбейді… Алайда, сіз
супермаркеттен сатып алған шұжығыңыз неден жасалғандығын нақты
білесіз бе? Құрамында не бар? Көбіне консервлер мен шұжықтарда
түрлі консерванттар мен дәмдеуіштер, бояуыштар сынды өзге де түрлі
заттар мөлшерінен тыс көп болады.
Маргарин, тәтті тоқаштар
Ең зиянды майлардың барлығы маргариннің құрамынан табылады.
Сондықтан, маргарин қосылған тағамдардың барлығы зиянды. Көшеден
сатып алынған торт пен тәтті тоқаштарды көп жеген жағдайда
семіздіктен құтылу мүмкін емес.
Кофе мен энергетикалық сусындар
Ересек азаматқа күніне екі шынаяқ кофеден артық ішуге болмайды.
Әсіресе, адам ағзасына ерігіш кофе аса зиянды. Ол асқазан қыжылына
жиі алып келеді. Ал, энергетикалық сусындардың құрамында кофеиннен
бөлек қант, бояуыш, химия және газдар бар.
Жылдам дайын болатын сорпалар
Жылдам дайын болатын сорпалар (дайын сорпалар) да адамның ағзасына
өте зиян. Өйткені, олардың құрамында тұз бен дәмдеуіштер шамадан
тыс көп болады. Оларды айына бір рет пайдаланғаннан ешқандай зияны
бола қоймайды, алайда, жиі жеуге тыйым салынады, әсіресе, балаларға
өте зиянды.
Йогурт пен балмұздақ
Біздің ойымызша, йогурт сүттен жасалғандықтан адам ағзасына пайдасы
үлкен деп есептейміз. Бірақ олай емес. Йогурттың құрамы реттеуіш,
қоюландырғыш, иістеуіш сынды қоспаларға өте бай. Балалар сүйіп
жейтін балмұздақтың да зияны көп. Балмұздақ ағзадағы зат алмасуды
баяулататын күшке ие.