400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Дұрыс тамақтанудын тиімді жолдары» аты ғылыми жұмыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мақалада дұрыс тамақтанудың ережелері көрсетіледі. Оқушы дұрыс тамақтану және тиімді тамақтану жолдарын ашып, дәлелдейді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мазмұны



Абстракт


Кіріспе.................................................................................................................3


І. Негізгі бөлім

    1. Тамақтану және деңсаулық....................................................................4

    2. Тамақтың түрлері.....................................................................................5


ІІ. Зерттеу бөлімі

2.1. Дұрыс тамақтанудың ережелері..............................................................8

2.2. Тиімді тамақтау жолдары ........................................................................9

2.3. Емдік және қоғамды тамақтануды қолдану жолдары .....................10


Қорытынды.......................................................................................................12


Пайдаланған әдебиеттер тізімі.................................................................13























Алматы облысы, Іле ауданы,

Н. Тілендиев ауылы

№ 26 орта мектептің 6-сынып

оқушысы Төрегелді Жансаяның

«Дұрыс тамақтанудын тиімді жолдары»

аты ғылыми жұмысына



Пікір


Ғылыми техникалық жетістіктердің дамып, өркендеуіне медицина ғылымдары мен биологиялық құбылыстардың байлансын ашу мақсатында оқушының белсенділігі өте жоғары. Оқушының белсенділігін бақылай отырып, шығармашылық ізденістерге баулу әрбір ұстаздың алдында тұрған міндеттік борышы.


Осы орайда, ізденісі өзін қызықтырған сұрақтан туындады. Жансаяның

ғылымға құштарлығы өне бойынан табылып, ізденісін бастап кетті. Ғылыми танымы мен ізденісі, қызығушылығы көп. Тамақ жасау жолдары, оны тұтыну ережелеріне медицинаға қызыққандықтан оны тереңірек зерттеп, ол құбылыстар туралы мәліметтер жинау, қасиеттерін ұғыну айналада болған оқиғаларға ғылыми көзқарас негізінен қарау, адамзатқа пайдасы мен зиянын ашу оның алға қойған мақсаты еді.


Алған білімін практикада ұштастыру қандай маңызды болса, «Дұрыс тамақтанудың тиімді жолдары» атты жобасы сондай өзекті. Оқушы мейлінше көп ізденіп қызықты да, қажетті мәліметтер көп жинаған.


Зерттеуші көптеген әдебиеттерімен, интернет желілерімен танысып, тынбай еңбектенді. Тақырып мазмұны толық ашылған. Ғылыми ізденіс пен талпыныс жасөспірімдердің жеке тұлға ретінде дамып, қалптасуында аса маңызыды рөл атқарады.




Пікір білідіруші:



Abstraction

  

  Purpose of the work: To study healthy eating habits because eating healthy is one of the most important human needs.

Prediction: Learning the nutritional requirements of the human body and the ways of using them. Awakening of a healthy lifestyle.

Research Stages:

Stage 1. Collecting articles and publications about healthy nutrition.

Stage 2. Investigating and finding the information found in the study on the topic. Benefits and benefits of proper nutrition.

Stage 3. Creating healthy diet.

Result of the study: To demonstrate proper nutrition rules. To prove and prove the correct nutrition and effective nutrition.

  Conclusion: Healthy nutrition is a key source of healthy eating habits to increase the body's resistance to various environmental agents and reduce the number of non-infectious chronic illnesses among the population.


















Абстракт

Цель работы: рассмотреть пути более эффективного правильного питания правильное питание как одна из потребностей необходимых для жизни человека.

Прогноз: в организм человека через исследование их путь правильного питания и приемам применения необходимых блюд. Пробуждение интереса к ведению здорового образа жизни.

Этапы исследования:

1 этап. Нокапить материалы о правильном питании.

2 этап. Сведения, обнаруженные в ходе исследования выделить и систематизировать темы. Определить польза и вред правильного питания

3 этап. Создать правильного рациона питания.

Результаты Исследования: Правильного питания, правил оказания. Раскрыть пути рационального питания и правильного питания, мотивация.

Подведение итогов. Соблюдение рекомендаций по здоровому питанию является основным источником повышения устойчивости организма к различным агентам окружающей среды и снижения ряда неинфекционных хронических заболеваний среди населения.




















Абстракт

.

Жұмыстың мақсаты: дұрыс тамақтана білу адам өміріне керекті аса қажеттіліктердің бірі болғандықтан дұрыс тамақтанудың тиімді жолдарын қарастыру.

Болжам: Дұрыс тамақтану жолын зерттеу арқылы адам ағзасына қажетті тағамдарды және оларды қолдану тәсілдерін үйрету. Салауатты өмір салтын ұстануға қызығушылықты ояту.

Зерттеу кезеңдері:

  1. кезең. Дұрыс тамақтану туралы жазылған мақалаларды және еңбектерді жинақтау.

  2. кезең. Зерттеу барысында табылған мәліметтерді тақырыптарға бөліп қарастыру және бір жүйеге келтіру. Дұрыс тамақтанудың пайдасы мен зиянын ашып-айқындау.

  3. кезең. Дұрыс тамақтану рационын құру.

Зерттеу нәтижесі: Дұрыс тамақтану ережелерін көрсету. Дұрыс тамақтану және тиімді тамақтану жолдарын ашып, дәлелдеу.

Қорытындылау: Салауатты тамақтану дұрыс тамақтану бойынша ұстанымдарды сақтау организмнің әр түрлі қоршаған орта агенттеріне төзімділігін жоғарылатудың және халықтың ішінде бір қатар жұқпалы емес созылмалы ауруларды азайтудың негіздгі көзі болып табылады.


















Алматы облысы, Іле ауданы, Н.Тілендиев ауылы № 26 орта мектептің 6-сынып оқушысы Төрегелді Жансаяның «Дұрыс тамақтанудын тиімді жолдары» аты ғылыми жұмысына пікір


Ғылыми техникалық жетістіктердің дамып, өркендеуіне медицина ғылымдары мен биологиялық құбылыстардың байлансын ашу мақсатында оқушының белсенділігі өте жоғары. Оқушының белсенділігін бақылай отырып, шығармашылық ізденістерге баулу әрбір ұстаздың алдында тұрған міндеттік борышы.

Осы орайда, ізденісі өзін қызықтырған сұрақтан туындады. Жансаяның ғылымға құштарлығы өне бойынан табылып, ізденісін бастап кетті. Ғылыми танымы мен ізденісі, қызығушылығы көп. Тамақ жасау жолдары, оны тұтыну ережелеріне медицинаға қызықтандықтан оны тереңірек зерттеп, ол құбылыстар туралы мәліметтер жинау, қасиеттерін ұғыну айналымда болған оқиғаларға ғылыми көзқарас негізінен қарау, оның адамзатқа пайдасы мен зиянын ашу оның алға қойған мақсаты еді.

Алған білімін практикада ұштастыру қандай маңызды болса, «Дұрыс тамақтанудың тиімді жолдары» атты жобасы сондай өзекті. Оқушы мейлінше көп ізденіп қызықты да, қажетті мәліметтер көп жинаған.

Зерттеуші көптеген әдебиеттерімен, интернет желілерімен танысып, тыңбай еңбектенді. Тақырып мазмұны толық ашылған. Ғылыми ізденіс пен талпыныс жасөспірімдердің жеке тұлға ретінде дамып, қалптасуында аса маңызыды роль атқарады.







Пікір білідіруші


Биология пәнің мұғалімі: Беккулова Клара








Кіріспе

Қоректену – барлық тірі ағзаларға тән қасиеттердің бірі. Қоректену арқылы тірі ағзалар өседі, дамиды және қалыпты тіршілік әрекетін жалғастырады. «Ас адамның арқауы», «асты көрсең қадыр тұт» деген сөздер тағамның қасиетін айқындап тұр. Ағзаға қажетті тағамдық заттар күнделікті пайдаланатын тағамнан алынады. Ағза қабылдаған тағам алдымен түрлі өзгерістерге ұшырап, денеге сіңіріледі. Онда тағамдық заттар көп және лимфа арқылы жасушаларға, ұлпаларға таралып, қалдық заттар сыртқа шығарылады. Тағамның құрамындағы ағзалық заттар ыдыраған кезде энергия бөлінеді. Бұл энергия жеке мүшелердің және жалпы ағзаның қызметі үшін жұмсалады.Тағам ағза үшін энергия көзі және құрылыс материалы.

Қазіргі жағдайларда тамақтану мәселесі бірқатар себептерге байланысты бірінші орынға шықты, атап айтсақ: экологиялық ортаның бұзылуы, организмге қажет компоненттердің жеткіліксіз түсуі, дұрыс тамақтанбау, сапасы төмен азықтар және т.б. Экология нашарлайды, ал соның нәтижесінде біздің денсаулығымыз бен күшіміз толық жойылады. Организмнің көбінесе, ондағы пайда болатын және оған тамақпен, сумен, ауамен және дәрі-дәрмек заттар мен баратын зиянды заттарды шығаруды қамтамасыз етуге күші жеткіліксіз. Сау адам жейтін асына зейінсіз қарайды. Ал ауырып, күнделікті жарнама беттерінен түспейтін ең жаңа препараттарды іздей бастайды, сонымен, тамақ сияқты сенімді және тұрақты емдеу құралы туралы ұмытады. Ал Гиппократтың өзі былай деген «Біздің барлық емдеу құралдарымыз азық-түлік заттары болуы керек, ал азық-түлік заттары емдік заттар болуы керек».

Адамзат денсаулығын сақтаудың басты шарты - дұрыс тамақтану. Сондықтан тамақтануға ерекше көңіл бөлген жөн. Тамақ құрамының құндылығы басты назарда болғаны дұрыс. Тиімді, дұрыс тамақтану денсаулықты сақтауға, организмнің қалыпты өсуі мен дамуына, жұмыс қабілетінің жоғарлауына және организмнің қоршаған ортаның әртүрлі жағымсыз нәрселеріне қарсылығын күшейтуге ықпалын тигізеді. Зат алмасуының бұзылуының (семіру, қант диабеті және т.б.) салдарынан пайда болатын аурулар жиі кездеседі. Осыған байланысты қазіргі таңда дұрыс тамақтану энергетикалық шығындарға және организмнің физиологиялық қажеттіліктеріне сәйкес келу үшін тамақтану мәдениетін жоғарылату мәселесі өзекті бола бастады.





І. НЕГІЗГІ БӨЛІМ


1. Тамақтану және деңсаулық

Тамақтану – ағзаның қуат шығынының орнын толтыруға, тіндер құрылуына және жаңартылуына және қызметтерін реттеп отыруға қажетті, ағзаға түсетін заттардың қорытылу, сіңу және сіңірілу үрдістері, ағзаның өмір сүруге, деңсаулықты және жұмысқа қабілеттілікті сақтауға қажет нәрлі заттарды (ақуыз, май, көміртегі, дәрумендер, минералды тұздар) бойға сіңіру процесі [1].

Әрбір адамның азық-түлік заттарын дұрыс пайдалануы, артық жеуі және жалықтыруы деңсаулықты көп нығайтуға көмектеседі. Дұрыс тамақтану деңсаулықтың және ұзақ өмір сүрудің бастысы болып табылады.

Адамның физикалық жағдайы, оның қалай және қандай көлемде тамақ жейтініне байланысты [2].

2. Тамақ түрлері.

Өсіп келе жатқан организмнің тамақтануында, ең алдымен, бала денесінің қалыптасып келе жатқан құрылымдарын құру үшін құнды белоктар оптимумы қажет. Белок жетіспеген кезде балалардың өсуіне кедергі пайда болады. Балалардың витминдермен қамтамасыз етілуі қаншылықты маңызды екені белгілі. Жасы өскен сайын баланың энергия мен тамақ заттарының қажеттілігі де өседі. Жасөспірімдік жас бала өмірінің қиын кезеңіне жатады, онда оның тез өседі, организмі өзгере бастайды. Бұл кезеңде баланың тамақтануы жоғары болады [3].

Адам өсімдіктекті және жануартекті тағамды пайдаланады. Адамның күнделікті пайдаланатын тағамының құрамында күрделі ағзалық заттар (нәруыздар, майлар және көмірсулар) бар. Бұл заттар сол қалпында жасуша жарғакшасы арқылы өте алмайды.

Тамақтану пирамидасы

Тамақтың жұғымдылығы оның құрамындағы ақуыз, май, көмірсулардың саны мен спасына байланысты.

Дені сау адамның тамақтану рационында ақуыз, май және көмірсулардың ара қатынасы 1:1:4-ке жуық болуы керек. 1 грамм ақуыздың, майдың және көмірсулардың қуаттылық құндылығы олардың сіңімділігін ескергенде тиісінше 4, 9 және 4 ккал болады.




Тамақтың бойға сіңетін құнары орагнизмнің өмірлік маңызы бар функцияларын, оның ішінде зат алмасу мен депо қызметін дұрыс атқаруына жұмсалады.

Тамақты сіңіру кезінде организмнің бөлген қуатының мөлшерін тағамның калориясы деп атайды.

Жасуша жарғақшасы арқылы өту үшін қарапайым заттарға ыдырау керек. Тағамдық заттар алдымен ерітінді күйге айналып, содан кейін қанға сіңіріледі. Қан арқылы ұлпалар мен жасушаларға жеткізіледі.

Тағам құрамындағы минералдық заттар (тұзда), витаминдер және су ағзаға тікелей сіңіріледі.

Адамның күнделікті қалыпты тіршілігі үшін тәулігіне орта есеппен 100-120 грамм нәруыз қажет. Нәруыз, әсіресе еттің, балықтың, жұмыртқаның, асбұршақтың, жаңғақтың және т.б. тағамдардың құрамында мол болады. Май да – адам ағзасы үшін қажетті ағзалық заттың бірі. Ол сүт өнімдерінің, жұмыртқаның және т.б. тағамдардың құрамында молынан кездеседі. Әсіресе, жануарлардың іш майында және майлы өсімдіктердің құрамында май өте көп болады.

Көмірсулар көбіне өсімдіктекті тағамдардың құрамында мол болады. Адам күнделікті пайдаланатын көмірсулар негізінен крахмал және қант. Крахмал түрлі жармалардың, ұнның, картоптың құрамында көбірек кездеседі. Қант көбіне қант қызылшасында, сәбізде мол болады. Ағза үшін, негізінен, жемістердің құрамындағы қант өте пайдалы, өйткені ол тез сіңеді.

Витминдер (лат. «vita» - тіршілік, «amin» – химиялық заттар) – тағамның құрамында болатын ағза үшін қажетті зат. Ағзаның өсуі, дамуы, тіршілігі үшін витиминдер (дәрумендер) аз мөлшерде болса да өте қажет. Оларды адам тағамның құрамынан алады, яғни тапшылығы сан алуан ауларға шалдықтарады.

Минералды тұздарды адам жеген тағам мен ішкен суы арқылы қабылдайды. Адам пайдаланатын барлық табиғи тағамдардың құрамында тұздар кездеседі.

Күнделікті тұрмыста ас тұзын табиғи қалпында пайдаланады. «Тұз – астың иманы» деген сөзде терең мағына бар. Тұзсыз астың дөмі татымайды. Адам тәулігіне 5-6 грамдай ас тұзын пайдаланса, жеткілікті.

Су адам ағзасы үшін өте қажет. Сусыз тіршілік ету мүмкін емес. Адам денесінде күрделі физиологиялық үдерістердің бәрі де судың қатысуымен жүреді. Сонымен бірге суда көптеген минералдық тұздар ерітіне түрінде кездеседі. Адамның тіршілігі үшін тәулігіне 1,5-2,5 литр су қажет. Суды адам кейде сусын ретінде ішеді. Сонымен бірге күнделіктікті пайдаланған тағамның құрамында да болады. Судың аздаған мөлшері ағзаның өзінде ағзалық заттардың ыдырауынан бөлінеді. Суды дұрыс пайдалана білу керек. Ағза үшін су тапшылығы да, суды артық пайдалану да зиян. Мысалы, суды шектен тыс көп пайдалану бүйрек қызметіне күш түсіріп, зиянды әсер етеді.



































ІІ. ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ

2.1. Дұрыс тамақтану ережелері: Тамақты үстелдің басында отырып қабылдау керек. Егер тамаққа зейін салмаған жағдайда, адам тойғанын білмей қалып, артығымен тамақтанады. Тамақты асықпай, мұқият шайнап, тамақтану режимін сақтап жеу керек. Тамақты жиі және аз мөлшерде, күніне бес рет қабылдаған жөн.

Таңертеңгі асты мұқият қабылдау. Егер организм 10-12 сағат тамақ қабылдамаса, онда организмдегі қант азайып кетеді.

Дұрыс тамақ таңдай білесіз бе?!

Тамақтану мезгілдері

Адамдар күніне 3-5 рет тамақтанады.

Негізгі тамақтану мезгілі үшке бөлінеді:

  • таңертеңгі ас (сағат 7.00-9.00 аралығы) – ас үлесі (рацион) қант қосылған ботқа, сүт, тоқаш, сары май т.б. – организмде қант құрамын тұрақтандырады, тәбетті ретке келтіреді, сонымен қатар күні бойы тамақты шамадан тыс көп жеуден және семіруден сақтайды;

  • түскі ас (сағат 13.00-14.00 аралығы) – ас үлесі (рацион) құнды – әр түрлі тағамдар жиынтығы организмді керекті құнарлы заттармен қанықтырады;

  • кешкі ас (сағат 18.00-19.00) – ас үлесі (рацион) жеңіл тағамдар – ұйқы кезінде адам организмін жайландырып, қорытылуына көп қуат кетпейтін тағамдар;

Аралық тамақтану:

  • таңертеңгі ас пен түскі ас ортасында – екінші таңертеңгі ас (ланч) – жеміс-жидек немесе тоқаш, сусын немесе шырын;

  • түскі ас пен кешкі астың ортасында – түстік – көмеш немесе ашыма, сусын немесе шырын, айран.

Тамақтанудың белгілі бір ережелері бар:

1) ұстамды жеу керек;

2) тамақ құнды болуы керек: онда жеткілікті көлемде белоктар, майлар, көмірсулар, минералды заттар, витаминдер бар болуы керек;

3) тамақтану режимін сақтау қажет.

Тамақтану режимінде төрт негізгі принципті ажыратқан дұрыс:

1. Жиілік, яғни тамақты үнемі бір тәулік уақытында қабылдау.

2. Тәулік барысында тамақтанудың бөлшектілігі. Сау адамға үш немесе төрт фазалық тамақтану ұсынылады, атап айтсақ: таңғы ас, түскі ас, кешкі ас және ұйқы алдында бір стақан айран.

3. Әрбір тамақтанған кезде дұрыс тамақтануды барынша сақтау қажет. Бұл, тамақты әрбір қабылдаған кезде азық-түліктер жинағы организмге белоктарды, майларды, көмірсуларды, сонымен қатар витаминдер мен минералды заттарды қолайлы ара қатынаста жеткізу тұрғысынан ойланып істелінуі керек.

4. Бір күнде тамақ ішу бойынша физиологиялық негізделіп бөлінуі. Төрт мезгіл тамақтану едәуір жағымды: жұмысқа дейін тоқ тамақ (күндіз дұрыс тамақтанудың жалпы калориялылығының 25-30 %), жұмыс арасындағы үзілісте жеңіл екінші таңғы ас (жалпы калориялылықтың 10-15 %), құнарлы түскі ас (калориялылықтың 35-40 %), салыстырмалы жеңіл кешкі ас (жалпы калориялылықтың 15-20 %) [1, 100-104 б.].

2.2. Тиімді тамақтану жолдары

  • Тиімді тамақтану адам біраз ауру-сырқауға ұшырамай, оларды оңай жеңіп отырады.

  • Тиімді тамақтану мездгілсіз, ерте қартаюдан алдын-ала сақтандырады.

  • Асқазаны, жүрек-қан тамыры т.б. сырқатқа ұшырағанда тамақтанудың аранйы ойластырып жасаған ас үлесі (рацион) мен режимі емнің бір түрі болып табылады.

  • Тамақтану бүкіл организмнің бір қалыпты дамуы мен үйлесімді қызметін қамтамасыз ететіндей болып ұйымдастырылуы тиіс.

  • Адамның кәсібіне, жасына, жынысына сәйкес, тіршілік әрекетіне қарай қажет тамақтық рационы оның құрымындағы ақуыз, май, көмірсулар т.б. заттардың сапасы мен мөлшері жағынан реттелу керек. Организмнің физиологиялық қажеті көптеген жағдайға байланысты, олар ұдайы өзгеріп отырады.

  • Организмнің тамақтан жұғымды заттарды дәл осы сәтте қажетті мөлшерде бойына сіңіріп зат алмасу процесінде бір затты екінші түрге айналдыратын, керекті кезінде пайдалануға болатындай қор жасайтын, реттеуші механизмі болады. Бірақ организмнің реттеу мүмкіндігінің белгілі шегі бар, ол мүмкіндік бала кезде және егде тартқан шақта көбірек шектеледі.

  • Бірқатар заттарды, кейбір витаминдер, алмастырылмайтын амино қышқылын адам организмі зат алмасу процесінде жинақтай алмайды, ол дайын күйінде тамақпен бірге берілуі тиіс, өйтпеген күнде кісі тамақ жұқпайтын ауруға ұшырайды.

Тамақтану рационын жасағанда адамның жынысын, жасын кәсібін ескеру қажет; ауыр дене жұмысын істейтін адамдар, болат қорытушылар, ағаш кесушілер, ауыл шаруашылығының механизаторлары жеңіл дене еңбегімен немесе ой еңбегімен шұғылданатын адамдарға қарағанда ақуыз, май, көмірсуларды және көп тамақтарды қажет етеді.


2.3. Емдік және қоғамды тамақтануды қолдану жолдары

Емдік тамақтану емдік шаралар кешенімен бірге бірқатар аурулардың алдын алу және асқындармай емдеу үшін пайдаланылады. Көп жайғдайда сорпасы майсыз тамақтар, сүт өнімдері, балық өнімдері және жеміс-жидектер мен көкөністерді пайдалану ұсынылады.

Таңғы ас, түскі ас және кешкі ас үшін тәулік уақыты еңбек және демалыс режиміне байланысты жеткілікті кең шеңберде өзгеруі мүмкін. Алайда, тамақ ішу арасындағы аралық 4-5 сағат болуы маңызды. Жүргізілген зерттеулер негізінде, кешкі ас пен ұйқының алдындағы аралықта 2-3 сағат өтуі керек.

Тамақтану режимімен қатар, кейбір психологиялық ережелерді сақтау артық болмайды.

1. Үстелге шаршаған күйде отрымаңыз. Қалай аш болсаңыз да, ең болмағанда 10 минут демала тұрыңыз.

2. Ашулы, шошынған күйде, қайғылы сезімдерге берілгенде тамақ ішпеңіз.

3. Өзіңізге қатты ұнамайтын адаммен бірге үстел басына бірге отырмаңыз.

4. Егер сізге қандай да бір тағам ұнамаған болса, пайдалы болса да оны татып көруге болмайды. Сізге ол бәрібір пайдасын тигізбейді.

5. Қарныңыз ашқанша үстелге отырмаңыз.

Қоғамдық тамақтану – тамақ өнімдерін дайындап, оларды жекелеген халық тобына өткізумен айналысатын қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында тамақтану.

Қоғамдық тамақтандыру кәспорындары:

  • асханалар;

  • мейрамханалар;

  • кафелер;

  • буфеттер;

  • шайханалар.


Міне қызық: күніне 1-2 рет қана тамақтанғанда сіз көбірек жейді екенсіз. Сондықтан грейзинг, яғни бөлшектеп тамақтану ережесін ұстанып, күніне бірнеше рет, араға 3 сағат салып тамақтанып көріңіз. Бұндай тамақтану режимі ағзаны сергітіп, күш жоғалтуға мүмкіндік бермейді. Сондай ақ жиі тамақтанған сайын, азырақ тағамға тоя бастайсыз. Әрине мұндай «диетаға» да үйрену қажет.

Таңғы ас пен кешкі асты үйде, түскі асты жұмыста жеп, екінші таңғы ас пен түстен кейінгі тіскебасар ретінде жеміс, айран ұстап жүріңіз.

Ананас майға қарсы. Бұл керемет жемістің құрамында бромелайн атты фермент бар. Ол әсіресе ананастың қатты ортасында көп болады, сол себепті ананастың ортасын лақтырмай, жеп қойыңыз. Сондай-ақ бұл тропикалық жемісте жасунық өте көп, ал ол өз кезегінде асқорытуға көмектесіп, зат алмасуды жақсартады.















Қорытынды

Дұрыс тамақтанудың негізгі шарттарын ұдайы есте сақтау қажет.

1.Тағамның құрамында негізгі қоректік заттар (белок, көмірсу, май) болуы керек

2.Тамақ рационында (дәрумендер, тағамдық талшықтар) болуы тиіс.

3.Тәулік бойы тамақтану тәртібін, мөлшерін сақтау.

4. Тағамдар санитарлық-гигиена талаптарына сәйкес болуы қажет.

Салауатты тамақтану және жоғары дене белсенділігі, спортпен шұғылдану, күйзеліспен күресе білу, темекіден, ішімдіктен бас тарту жолымен салауатты өмір салтын ұстану арқылы аурулардың алдын алып, денсаулықты және тартымды келбетті сақтап, сұлу да сымбатты, тәні мен жаны жас, белсенді болып жүруіңізге болады.

Осылайша дұрыс тамақтану бойынша ұстнымдарды сақтау организмнің әртүрлі қоршаған орта агенттеріне төзімділігін жоғарылатудың және халықтың ішінде бірқатар жұқпалы емес созылмалы ауруларды азайтудың негізгі көзі болып табылады.

Таңғы ас, түскі ас және кешкі ас үшін тәуліктік уақыт еңбек және демалыс режиміне байланысты жеткілікті кең шеңберде өзгеруі мүмкін. Алайда, тамақ ішу арасындағы аралық 4-5 сағат болуы маңызды. Жүргізілген зерттеулер негізінде, кешкі ас пен ұйқының алдындағы аралықта 2-3 сағат өтуі керек.

Тамақтану режимімен қатар, кейбір психологиялық ережелерді сақтау артық болмайды.

Тамақтану рационын жасағанда адамның жынысын, жасын, кәсібін ескеру қажет; ауыр дене жұмысын істейтін адамдар, болат қорытушылар, ағаш кесушілер, ауыл шаруашылығының механизаторлары жеңіл дене еңбегімен немесе ой еңбегімен шұғылданған адамдарға қарағанда ақуыз, май, көмірсулары көп тамақтарды қажет етеді.

Дұрыс тамақтану – бұл, ең алдымен, дұрыс ұйымдастырылған және организмді дер кезіне жақсы әзірленген және тәтті тағаммен жабдықтау. Халық даналығында айтылғандай: «Жануарлар қанығады, адам жейді, ал ақылды адам тамақтана біледі».












Пайланылған әдебиеттер


  1. О.Д. Дайырбеков, Б.Е. Алтынбеков, Б.К. Торғаутов, Ұ.И. Кенесариев, Т.С. Хайдарова «Аурудың алдын алу және сақатандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздік». Шымкент. «Ғасыр-Ш», 2005 жыл. ISBN 9965-752-06-0.

  2. Шаңырақ: Үй тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы: Каз. Сов. Энцикл. Бас ред., 1990. ISNB 5-89-800-008-9.



  1. https://massaget.kz › layfstayl › Zdorove

  1. https://massaget.kz › kyizdarga › krasota





18



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
8 ұстаз жүктеп алған
6 мамыр
3619
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі