I. Ұйымдастыру
|
Мұғалім
: Бүгін біз “Дұрыс таңдау болашаққа бастар
жол” деген
тақырыпта ашық тәрбие сағатын өткізгелі отырмыз.Елбасымыз Нұрсұлтан
Назарбаев айтқандай “Отанның болашағы, мемлекеттің келешегі
жастардың қолында,олардың өрісті ойы, өркенді ісі, табанды
тіршілігі тек біліммен ұштасқан біліктің арқасында биік белестерге
жетеді”. Ақыл жастан , асыл тастан деген сөзді айтқанда халқымыз
жас толқынның болашағынан үміт күткен болар.Содан бері неше ұрпақ
ауысса да халықтың жастарға деген сенімі өзгерген жоқ. Жастар әр
кез қоғаның қозғаушы күші ретінде
танылған.
Бір
кездері Мағжан бабамыз:
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты,
Қырандай күшті қанатты,
Мен
жастарға сенемін,- деп бекерден -бекер айтпаған болар. Сондықтан да
біз жастар өзіміздің қоғам ,халық алдындағы борышымызды ,
міндетімізді сезіне білуіміз қажет.
Енді 3 топқа бөлініп бірнеше сұраққа жауап
берейік
1..Болашақта қандай
мамандық иесі болғанды қалайсыңдар?
2.Не себепті бұл мамандықты
таңдадыңыз?
3..Ата анаңыздың ықпалы болды
ма?
4.Бұл маман иесі болу үшін қандай пәндер
тереңдетіліп оқытылады?
5.Жаксы маман иесі болу үшін не
қажет?
6.Қазіргі заман талабына сай, дамыған елдің маманы
болу үшін не қажет деп ойлайсың?
7.Мамандық таңдауға қандай факторлар әсер
етеді?
8 Сенің таңдаған мамандығың досыңа ұнайды.Бірақ
досыңның денсаулығы жарамайды.Досыңның ата-анасы соған
ренжиді.Сенің әрекетің?
9Саған көптеген мамандықтар ұнайды.Сен қайсысын
таңдарыңды білмейсің.Анаң мен ұстаздарың өзің біл дейді.Сенің
әрекетің?
|
Амандасып отыру, тыныштық сақтау, іс-шараға
қатысатын топтар дайындалады.
Шараның мақсат-міндеттерімен
танысады;
Қойылған сұрақтарға жауап
береді.
|
Шараның тақырыбымен, мақсатымен танысып,
білімдерін кеңейтеді.
Іс-шараға әзірлігін, жұмысқа даярлығын
ұйымдастырады.
|
II.Негізгі бөлім
|
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев болашақта сұранысқа ие
болатын мамандықтар жайлы өз ойын білдірген болатын . Орнын
алмастыруға болатын мамандықтар жойылады. Олардың орнына жасанды
интеллек жұмыс істейді. Алайда, жасанды интеллект орнын алмастыра
аламайтын мамандықтарға сұраныс кемімейді, оның ішінде IT мамандар
мен дәрігерлер, жоғарғы санатты мұғалімдер, мәдениет қызметкерлері
бар.
Президент жастарды мамандық таңдау мәселесіне мұқият әрі тыңғылықты
қарауға шақырады.
«Жұмыс таба алмай қиналып, жүрген жастарға айтарым, іздесең
жұмыс табуға болады. Бала күтушісі болсаң да, ақшаны еңбектеніп
табу керек. Қазіргі уақытта бәріне жұмыс тауып беруге мүмкіндігі
жететін арнайы құрылғы жасап шығару көзделіп отыр», -
дейді Н.Назарбаев.
Техниканың қарқынды дамуы мен ақпарат ағымының секунд сайын
өзгеріп, жаңарып отыруы компьютер, IT, көлемді ақпаратпен жұмыс
істейтін мамандарға (data science) деген сұранысты
арттырады
“Ең ,ең жақсы
“ойыны.
Ең,ең ақшасы көп.....(банк
қызметкері)
Ең
,ең жасыл.....(бақташы,гүл өсіруші,географ)
Ең,ең тәтті....(аспаз,кондитер)
Ең,ең күлкілі......(клоун)
Ең,ең
жауапты.........(сот,бухгалтер)
Ең,ең салмақты.....(заңгер,
мұғалім)
Ең,ең қарым қатнасы
күшті.....(бизнесмен)
Ең,ең адал жан.....(дәрігер)
Ал енді балалар осы
“Ең ,ең жақсы “ойынын толықтырып сұраныстағы
мамандықтар жайлы өз ойларыңды білдірсеңдер .( балалар тақтаға
шығып өздері таңдаған мамандықтары жайлы толығырақ ақпарат
береді.)
Дұрыс шешім өз қолыңызда
Ең
бірінші бұл таңдауды өз бетіңізше жасау керектігін саналы түрде
ұғыныңыз. Ата-аналардың, достарыңыздың ықпалынан шыға алмай
қалмаңыз. Олар не айтса да, бұл – сіздің
тағдырыңыз.
Бейімділігіңізді
ескеріңіз
Бастапқыда өз қызығушылығыңызға назар аударыңыз.
Немен айналысқанды қалар едіңіз? Қандай пәндер ұнайды? Бос
уақытыңызда немен айналысқанды жақсы көресіз? Адамдармен, әсіресе,
бөгде кісілермен оңай тіл табыса аласыз ба? Көп нәрсе сіздің
бейімділігіңізге байланысты.
Өзіңізді сынақтан
өткізіңіз
Бәрінен бұрын өзіңізді ой елегінен өткізіп
көріңіз: өзімнен және өзімнің жұмысымнан нені қалаймын? Бес
жылданкейін өзімді қалай елестетемін? Барлық ақпараттарды пайдалана
отырып, болашақ мамандығыңыз туралы көп мәлімет алуға тырысыңыз.
Өзіңіз таңдаған мамандық иелерінің іс барысын көзіңізбен көру үшін
сол кәсіпорын, мекемелермен танысуға шығыңыз.
Сұранысты да назар
ұстаңыз
Болашақ мамандығыңызды еңбек нарығында қаншалықты
бағаланатынын білу де пайдалы. Қарапайым жол: бос орындарға
жарияланған байқауларда, интернеттің еңбекке орналастыру сайытында
қандай мамандарға сұраныс бар екендігін қараңыз. Арнайы агенттіктер
жүргізген болжамдардың да маңызы зор. Осы мәліметтерді ескере
отырып, таңдаған мамандығыңызға қай жоғары оқу орнында, қалай
даярлайтынын анықтаңыз.
Мамандар не дейді?
Егер күдік-күмәннан арыла алмасаңыз, онда
мамандардың көмегін пайдаланыңыз. Мұндай кезде психолог кеңесші
мамандар жәрдемдесе алады. Сондай-ақ, қабілетіңіз бен
бейімділігіңізді анықтауға көмектесетін арнайы психологиялық
тестілер бар.
|
Мен мамандық әлемінде”
Алда Арипбай Назеркенің
еліміздегі таңдаулы мамандықтар тақарыбындағы кіріспесіне назар
аударайық.
Алеуетдинов
Алтынбектің мұғалім мамандығына
түсіндірмесі.
Абдурахманов
Мұраттың медицина жайында
презентациясы
Сейлбек
Әділжанның IT саласы бойынша
презентациясы.
Мергенбай
Бақытжанның кәсіпкерлік саласы
бойынша презентациясы.
Байыппен бағдарлай
біліңіз
Жас
адамның бір тоқтамға келуіне қиялдың да әсері бар. Біреуді
кинодағыдай романтикалық мамандықтар қызықтыруы мүмкін. Біреулер
туғаннан маңдайына жазылған ата-анасынының жолын таңдайды. Біреулер
ЖОО-ға жақын досына немесе құрбысына серік болып барады, ал енді
біреулер шет елдік университтертерге құжат тапсыруға асығады.Ендеше
Арипбай Нұрайдың шетелге түсу туралы дереккөздерімен
танысайық.
|
|
III.Қорытынды бөлім
|
Бүгінгі шара бойынша рефлексия жасау.
Талдау.
Осы күннен не алдыңыз?Өзіңіз үшін қандай
қорытынды жасадыңыз, ойландыратын жағдай болды
ма?
Ж.
Аймауытов айтқандай
«Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ, мұның кез
келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана
жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін
нәрсе»
егеменді еліміздің ертеңі — маман иелері
болуларыңызға тілектестігімді білдіремін!
|
Оқушылар осы шараның
артықшылықтары мен кемшіліктерін, өздерінің ұсыныстарын, шараның
ұтымды тұстарын айтады.
|
Рефлексия қортындысы бойынша
шараның кемшіліктері мен артықшылықтары талқыланады. Оқушылар
өзіндік пікірі тыңдалады.
Өздерінің және өзге
оқушылардың іс-әрекеттерінің күшті және әлсіз жақтарын
көрсетеді.
Іс-шара өз мақсатына жетеді.
|