жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Дуальды оқытудың тиімділігі
ДУАЛЬДЫ ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ- ЕҢБЕК НАРЫҒЫНА ДАЙЫН МАМАН
Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжі
Орынтаева Шұғыла Раманқұлқызы
Тараз қаласы
Білім әлеуметтік қажеттілік. Білім-қоғамдық құндылықтардың аса маңыздысы. Білім бар жерде алынбайтын қамал жоқ. Білім мен тәрбие өте тығыз байланысты. Еліміздегі осы заманғы білімдену жүйесі-халыққа сапалы білім беріп, білікті маман даярлаудың бірден-бір жолы-елімізде дуальді оқыту жүйесін енгізу.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек қоғамына қарай жиырма қадам» тұжырымдамасында ерекше айта отырып, бұл жүйені іске асырудың бірден-бір жолы елімізде дуалды оқыту жүйесін енгізуді атап көрсеткен. Дуалды оқыту жүйесінің негізгі мақсаты-техникалық кәсіптік оқу орындарының жұмыс беруші мектепке дейінгі ұйымдармен серіктестік ретінде бірлесе отырып, осы нарық заманында бәсекелестікке төтеп бере алатын, жаңа заманауи технологияларды, жаңа иновациялық технологиялық бағдарламаларды меңгере алатын дайын мамандар даярлау.
Білімгерлер өздері таңдаған мамандықтардың кәсіби тұрғыдан жан-жақты игеріп қазіргі заманауи озық технологияны меңгеріп ары қарай дамытуы керек. Сондықтан еліміздегі қажетті мамандар әзірлеу деңгейін көтеру міндетін әлеуметтік серіктестік және теория мен тәжірбиенің үйлесімді болуынан дуалды білім беру жүйесін енгізу қажет.
Қазіргі кезде оқытудың тиімді жобасы дуалды жүйесі кәсіптік техникалық колледждерде жұмысшы кадрлар даярлаудың ең тиімді жолдары. Дуалды оқыту кәсіптік техникалық оқу орны мен өндірісте бірге оқыту Бұның ерекшелігі – еңбек нарығына қажетті жас мамандарды даярлауға кәсіптік техникалық колледждер ғана емес, сонымен қатар жұмыс беруші, өндірістік мекемелердің де жауапкешілігі артады Қазіргі кезде еңбек нарығында білікті мамандар тапшылығы болып қол күші жетпей жатады. Қалыптасқан жағдайда білім беруді ұйымдастыру, яғни жас маманның өндірістік машықтандырудан толық кәсіпті игеруіне жағдай жасау. Бұл мақсатқа жетудің жолы негізгі сапалы білім беріп, дұрыс жолға бағыттаушы, білімгерлердің кәсіби жетілуі үшін қажетті жағдайларды жасаушы-өз мамандығын жетік білетін кәсіби дағдылары педогогикалық дарыны бар жаңашылдыққа ұмытылатын өзіне сын көзбен қарай алатын оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлері қажет. Білімді үйреніп басқаларға үйрету-халыққа сапалы қызмет көрсетудің тетігі тәжірибелі, білімді мамандардың қолында-деп бекер айтылмаса керек. Білгенін басқаларға үйрету үлкен сауапты іс деп ойлаймын. Ол үшін білікті де тәжірибелі тәлімгерлерден өндірістік базасында, жұмыс орнында жұмыстың әдістерін, қыр сырын үйлесімімен үйреніп сұранысқа ие нағыз өз ісінің шебер иесі болуға тырысу. Теориялық біліммен қатар өндірістік машықтану кезінде білікті мамандар дайындау мәселесін шешуге бағдарланған құрылымдармен, сондай-ақ кәсіптік техникалық колледж білім беру мекемелерімен сұранысқа ие болатын білім беру жүйесін енгізу жан-жақты талқылануы қажет. Әлемдік тәжірибеге қарағанда, білім берудің дуалды жүйесі мамандықты толықтай игеруіне ықпал етіп, еңбек өнімділігі артады және жұмыссыздық азаяды. Дуалды білім беруде әлеуметтік серіктестермен тығыз байланыста болу. Еңбек нарығы жағдайларына байланысты әлеуметтік серіктестік мекемелермен келісе отырып, өндірістік машықтандыруды жүзеге асыру бойынша бірігіп дуалды оқытуда мамандар дайындауда-әдістемелік мәселелер бойынша келісім шарт міндеттерін жасалады.
Студенттердің қызығушылығы мен мекемелердің сұранысына қарай жұмысқа деген ынтасын ептілігі мен ұқыптылығын арттыру. Дуалды жүйе бойынша оқытылатын тұлғаның қажетті біліктілік пен еңбек дағдыларына, кәсіби білімге ие болса еңбек нарығында сұранысы жоғарылайды. Сонымен бірге оқу орнының болсын мекемелерде де осы мамандыққа деген сұраныс көбейіп, халықтың жұмыссыздығы кемиді. Мамандар даярлаудың, қосымша мамандықтарды игерудің негізгі түсінігі тәжірибедегі уақыттарын тиімді пайдалану өндіріс орындарымен келісілген оқу жоспары арқылы жүргізіледі. Қазіргі кезде кәсіптік техникалық колледждер заманымызға сай жаңару мен даму үстінде. Бұның барлығы кәсіптік білім беруде оқытудың заманауи бағдарламалары мен оқыту әдістемелерін жаңғырту игеру және пайдалануда басқару қызметінің маңыздылығына көз жеткізе түседі. Дуальды оқытудың артықшылығы ең алдымен жас мамандардың жұмысқа орналасуының жоғарғы пайзын көрсетеді. Өйткені олар жұмыс берушінің талаптарына толығымен жауап береді
Дуалды білім беру процесі, ең алдымен жеке тұлғаға бағытталып, студенттің шығармашылық іскерлік сапаларын, коммуникативтілігін, жұмысқа бейімділігін, рухани-адамгершілік мәдениетін және болашақ мамандардың сауаттылығын қалыптастырады. Дуалды білім беру жүйесі оқу үрдісінде кәсіптік техникалық колледждер базасында қалыптасып, жұмысшы мамандарды өндіріске бейімдеу қажет. Дуалды білім беру жүйесі оқу үрдісінде кәсіптік техникалық колледждер базасында қалыптасып, тәрбиеші педагог мамандарды өндіріске бейімдеу қажет.
Осы мақсатты орындауда біздің Абай атындағы Жамбыл Гуманитарлық колледжі қазіргі таңда мектепке дейінгі ұйымдармен оқытудың дуалды жүйесін енгізу мақсатында келісімшарттарға отырған.
Студенттер осы әлеуметтік серіктестермен теория мен тәжірибені ұштастырып жұмыстар жасауда және олар өндірістік машықтану кезінде озат іс тәжірибелі мамандардан үйреніп, тәлім тәрбие алады. Біздің басты бағытымыз-өзінің туған жері мен елін сүйетін, білімді де білікті, ұтқыр ойлы ұрпақтар тәрбиелеу. Тәлімгерлеріміздің сапалы білім алып, отанға деген патриоттық сезімін, еліне деген сүйіспеншілігін болашаққа деген нық сеніммен қадам басып өз міндеттеріне жауапкешілікпен қарауларына мүмкіндіктер қатары молаяды. |
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Кәсіби білім № 5. 2014ж Республикалық педогогикалық-әдістемелік журнал.
2. Техникалық және кәсіптік білім №3. 2013жАқпараттық әдістемелік журнал.
3.Кәсіптік мектеп №2. 2010ж.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген