400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 14 материал табылды

Дыбыс, дыбыстың сипаттамалары, акустикалық резонанс, жаңғырық.

Материал туралы қысқаша түсінік
"Дыбыс, дыбыстың сипаттамалары, акустикалық резонанс, жаңғырық" тақырыбында сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Бекітемін»

Бөлім:

Тербелістер және толқындар

Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты

(болған жағдайда)

Калиева Шаттык Прзадаевна

Күні: 22.02.23 ж


Сынып: 9 саны: 18

Қатысушылар саны: 18 Қатыспағандар: 0

Сабақтың тақырыбы

Дыбыс, дыбыстың сипаттамалары, акустикалық резонанс, жаңғырық.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

9.2.5.15 – дыбыстың пайда болу және таралу шарттарын атау;

9.2.5.16 – дыбыс сипаттамаларын дыбыс толқындарының жиілігі және амплитудасымен сәйкестендіру;

Сабақтың мақсаты

Барлығы: дыбыс толқындарының пайда болу себептерін түсіндіреді, таралу шарттарын анықтайды, дыбыс толқындарының жиілігі мен амплитудасын сәйкестендіре алады

Көпшілігі: дыбыс толқындарының пайда болуына, дыбыс толқындарының жиілігіне байланысты есептер шығарады.

Кейбірі: дыбыс толқындары мен дыбыс толқындарының жиілігіне байланысты функционалдық сауаттылыққа есептер шығара алады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы













Сабақтың ортасы











































































































































Сабақтың соңы

-Сәлеметсіздер ме, балалар! Біз бүгінгі сабағымызды, «Тарихи тұлғаларға қатысты қасиетті орындар» жобасына сәйкес, өз өлкеміздегі тарихи тұлғаларға арнаймыз. Сондықтан, мына жердегі сурет қиындыларын таңдай отырып, топтарға бөлінейік.

І. «Жанқожа батыр» ауылы

ІІ. «Ақтан батыр» ауылы

ІІІ. «Бекарыстан би» ауылы



«Ой шақыру» әдісі арқылы жаңа тақырып туралы оқушыларға ой тастау мақсатында бейнебаян көрсетеді және оқушылармен диалогтық байланыс орнатады:

-Бейнебаян не туралы екен?

-Бүгінгі сабағымызға қандай қатысы бар деп ойлайсыздар?





-Дұрыс, олай болса, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Дыбыс, дыбыстың сипаттамалары, акустикалық резонанс, жаңғырық»

деп, оқу мақсатымен және сабақ мақсатымен таныстырады.

Мұғалімнің шолуы: Адамдарда дыбыс әсерін туғызатын толқындары 16 Гц –тен 20000 гц-ке дейінгі механикалық толқындар.

Дыбыс жиілігімен

жылдамдығымен

қаттылығымен

тонымен

тембрімен

сипатталады.


ν =ϑ Shape1 дыбыс жиілігі v[1Гц] өлшем бірлігі

Әйел адам дауысы Контральто V=170÷180Гц

Меццосопрано V=200÷900Гц Сопрано V=251000Гц

Коларатурадлық V=260÷1400Гц

Ер адам дауысы

Бас V=80÷350Гц

Баритон V=100÷400Гц

Тенор V=130÷500Гц


ϑ=λν дыбыс жылдамдығы ϑ=[м/с]

Ауадағы дыбыс жылдамдығы ϑ=330м/с

Судағы дыбыс жылдамдығы ϑ=1480м/с

Дыбыс қаттылығының бірлігі «децибель»

1847-1922 ж өмір сүрген Американдық өнертапқыш

А. Бельдің құрметіне алған.

1 Бель=10 децибель




Топтық тапсырма: мәтінмен танысып, дыбыстың қасиетіне байланысты демонстрация жасату:

І – топ: Камертон арқылы дыбыстың шығуын зерттейді.

ІІ – топ: Камертонның тербеліс амплитудасын анықтайды.

ІІІ – топ: Камертоннан шығатын дыбыстың жуан не жіңішке екендігін анықтайды.


Жұптық тапсырма: «Тарихи тұлғаларға қатысты қасиетті орындар» туралы есептер шығару:

1.Қорқыт ата кесенесінен шыққан қобыз дыбысының, кесененің кіре берісі мен үлкен жолдың ортасында тұрған адам бірінші жаңғырықты 1с өткен соң естіді. Ал, екінші жаңғырықты 1,5с өткен соң естіді. /Дыбыстың таралу жылдамдығы 340 м/с /. Мұражай мен кесененің арақашықтығын анықтаңыз.

Жауабы: 425 м


2. Қорқыт ата кесенесіндегі қобыздың дыбысы 510 Гц. (Толқын ауада 340м/с) жылдамдықпен таралады. Толқын ұзындығын табыңдар.

Жауабы: 0,66м


Жеке тапсырма: тест тапсырмасымен жұмыс жасау

1.Жиілігі 16Гц-тен төмен дыбыстар қалай аталады?

А) инфрадыбыстар

В) акустикалық дыбыстар

С) ультрадыбыстар

Д) толқындық дыбыстар

2.Адамның есту мүшесі қабылдайтын дыбыс толқындарының жоғары жиілігі қандай?

А) 20 000 Гц В) 200 000ГЦ

С) 200 Гц Д)2 Гц

3. Дыбыстың қаттылығы немен анықталады?

А) осцилогроф

В) дыбыс зорайтқыш

С) камертон

Д) генератор

4.Дыбыс қаттылығы қандай шамаға тәуелді?

А) Тонның биіктігіне

В) Тербеліс амплитудасына

С) Тербеліс жиілігіне

Д) Таралу жылдамдығына

5.Дыбыс қаттылығының бірлігі қандай?

А) метр В) Герц

С) метр/секунд Д) децибел

6. Ауадағы дыбыстың таралу жылдамдығы

А) 340м/с В) 50м/с

С) 1480 м/с Д) 5600 м/с

7. Ұшақтың көтерілу кезіндегі дыбыс қаттылығы

А) 100дБ В) 50-60дБ

С) 120 дБ Д) 10дБ

8. Мектеп камертондарының жиілігі нешеге тең?

А) 540Гц В) 440ГЦ

С) 340 Гц Д) 380 Гц

9. Тербелістердің ортада таралу процесі қалай аталады?

А) толқын В) дыбыс

С) шу Д) тон

10. 1дБ неше Белге тең?

А) 0,01Б В) 0,1Б

С) 0,001Б Д) 1Б


Кері байланыс «3Қ» әдісі арқылы

«Қ – қызық -

Қ- қиын -

Қ – құнды –


Үйге тапсырма беру. Дүниежүзіне танымал әнші қазақ бауырымыз Димаш Құдайбергеннің дауысы қандай дауысқа жатады? Деректер жинау

Мұғаліммен амандасады.

Сурет қиындыларымен топқа бөлінеді.










Оқушылар бейнебаян тамашалайды және өз ойларын ортаға салады. Оқушылар жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа сілтеме беріледі. Саралау: ресурсты саралау жүргізіледі.

Оқушылар өз болжамдарын айтып, талқылау жүргізеді.

Жаңа сабақ тақырыбын жазып, оқу мақсатымен, сабақ мақсатымен танысады.



Оқушылар мұғалімнің түсіндірген жұмыстарын тыңдайды.















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
14.11.2023
482
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі