400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Дыбыс және әріп

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты : дыбыс және әріп туралы алған білім, білік дағдылырын қайталау, жүйелеу, дауысты дауыссыз дыбыс турлерін ажырату, түбір сөзге қосымшаның қосылуындағы, дауыссыз қ, к, п дыбыстарының өзгеруіндегі дауысты оқушылардың іскерлік, шығармашылық қабілетін, мәнерлі оқу машықтарын дамыту, тіл байлығын арттыру, сөздік қорын молайту,сабаққа деген қызығушылығын арттыру оқушыларды адамгершілікке, инабаттылыққа баулу, табиғатты аялауға, өз өңірінің көрікті жерлерін қорғауға, мақтан тұтуға тәрбиелеу, сыныптастарымен тату, достық қарым – қатынаста болуын тәрбиелеу,табиғатымызды аялауға, Қазақстан Республикасы мен оның Президенті Н.Ә.Назарбаевті мақтаныш етуге тәрбиелеу. Сабақтың түрі : кіріктірілген сабақ Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап, практикалық, тірек-сызбалық талдау, жатқа оқу әрі жазу, әңгімелеу, Пәнаралық байланысы : ана тілі, дүниетану, бейнелеу өнері, өзін-өзі тану
Материалдың қысқаша нұсқасы

Шығыс Қазақстан облысы

Жарма ауданы

« « Георгиевка орта мектебі » КММ





4 сынып

Қазақ тілі


Тақырып: « Дыбыс және әріп » ( ашық ой сабағы )




Мұғалім: Асқарова Жанар Багидулаевна




















Қалбатау ауылы


2017-2018 оқу жылы



Тақырып : «Дыбыс және әріп» ( ашық ой сабағы)


Мақсаты :

дыбыс және әріп туралы алған білім, білік дағдылырын қайталау, жүйелеу, дауысты дауыссыз дыбыс турлерін ажырату, түбір сөзге қосымшаның қосылуындағы, дауыссыз қ, к, п дыбыстарының өзгеруіндегі дауысты дыбыстардың ықпалы туралы айту. оқушылардың іскерлік, шығармашылық қабілетін, мәнерлі оқу машықтарын дамыту, тіл байлығын арттыру, сөздік қорын молайту,сабаққа деген қызығушылығын арттыру

оқушыларды адамгершілікке, инабаттылыққа баулу, табиғатты аялауға, өз өңірінің көрікті жерлерін қорғауға, мақтан тұтуға тәрбиелеу, сыныптастарымен тату, достық қарым – қатынаста болуын тәрбиелеу,табиғатымызды аялауға, Қазақстан Республикасы мен оның Президенті Н.Ә.Назарбаевті мақтаныш етуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : кіріктірілген сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап, практикалық, тірек-сызбалық талдау, жатқа оқу әрі жазу, әңгімелеу,

Пәнаралық байланысы : ана тілі, дүниетану, бейнелеу өнері, өзін-өзі тану


Құрал – жабдықтар: сөздік жұмысының үлестірмелі карточкалары , компьютерге енгізілген тапсырмалар, интерактивті тақта, сөзжұмбақ.


Сабақ жоспары :

І Ұйымдастыру:

а ) дайындығын тексеру .

ә ) дұрыс отыру


ІІ Негізгі бөлім :


  1. көркем жазу

  2. сөздік жұмысы (сөздік карточка К-20 )

  3. электронды оқулықтан 580-жаттығуды орындау

  4. жуан сөзді жіңішке етіп айту ( ауызша ), дыбыстық талдау жасау (эл.оқулықтан 581- жаттығуды орындау )

  5. аймақтық компонент эл.оқулықтан Марқакөл көлі туралы мәтінді көшіру,сөйлем құрау

  6. жұмбақ шешу (582- жаттығу )

  7. Сегіту сәті ( фонетикалық камертон )

  8. Мақалдың соңын аяқтау

  9. Астана, Алматы қалаларына тоқталып, сөйлем құрату, үй тапсырмасы өз қаласы туралы 4-5 сөйлем құрау

  10. Шығармашылық тапсырма.( «Отан» тақырыбына өлең құрастыру



ІІІ Қорытынды бөлім

1 ) сызбадағы бағаларын қорытындылау ( жұппен жұмыс )

2 ) сұрақ – жауап 3 ) үй тапсырмасы ( ережелерді қайталау )


Сабақ барысы :


І Ұйымдастыру

1) дайындығын тексеру ( құрал-жабдықтар,сөздік карточкалар)

2 ) оқушылардың дұрыс отыруын қадағалау

3) Сабақтың эпиграфы : «Қазақстан Республикасының болашағы – білімді ұрпақ.» Н.Ә.Назарбаев

- Білімге деген құштарлықтарын өшпесін !

- Елбасының сөзі қай әріптен басталып тұр ?

- Қай әріппен аяқталып тұр ?

ІІ – Бүгінгі сабағымды сендермен өткізуге өте қуаныштымын . Сабағымыз ойдағыдай өтсін деп алдарындағы жүрек пен күнді бір-бірлерімен алмастырып, жақсы тілек айтыңдар.

( өзін-өзі тану пәнімен байланыстыру )


1 ) көркем жазу

үлгі бойынша жазу : а) Ққ - әріптерін жазу

- Ққ дыбысы қандай дыбыс ?

( дәптерге көркем жазу )

ә) Қазақ елі жасасын !

- Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қай күн ?

- Биыл Тәуелсіздігіміздің неше жылдығын атап өтеміз ?

- «Қазақ елі жасасын !» қандай сөйлем ?

- Жай, лепті сөйлем.

( дептерге жазу )

Т А Р И Х

- Тәуелсіздікке оңайшылықпен жеткен жоқпыз,қазақ елі басынан көптеген қиын кезеңдер өткізді, ендеше бүгінгі сабағымызда дүниетану пәнінен алған білімімізді қазақ тілі сабағында байланыстыра отырып, тарих кезеңін ашайық.


  1. ) Сөздік жұмысы : а) оқу, жаттау ә) жатқа жазу б) қателерді түзету

10 карточка


декларация

конституция

президент

Орбұлақ

Әл-Фараби

рәміздер

қиық

киік


в) бағалау

Негізгі талап қатесіз жазу.


3 ) О Й Қ О З Ғ А У ( слайд )

Күрект...р,Талдық...рған ,қауынд..р, қобызш..,балал...р,қ...с,к....з, т...йе,өр...к,қ...рық..

- Ол дыбыстан басқа тағы қандай дыбыс қоюға болады ?

( дәптерге жазу )

- Қорық дегеніміз не ? ( жеріміздің бай табиғи аймақтарының өсімдіктері мен жануарларын сол қалпында сақтау мақсатымен құрылған)

-Ендеше, балалар ұлан байтақ еліміздің табиғатына тоқталмай болмас.

Т А Б И Ғ А Т

580 – жаттығу

а ) мәтінді мәнерлеп оқу


ә) көшіру, белгіленген сөздерді сөз құрамына талдау

Марқакөл- үлкен, мөлдір сулы, балықты көл.Оның айналасы тасты, орманды тау.Бұл көлге бірнеше өзендер мен бұлақтар, жылғалар құяды.


б) Қазақстан картасынан қорықтарды атап тоқтала кету, Марқакөл қорығы туралы мағлұмат беру.

Марқакөл қорығы 1976 жылы құрылған, ауданы 75 га. Күршім тау жоталары мен Марқакөл көлін қамтиды. Мұнда өсімдіктердің 1400 түрі, сүтқоректілердің 50, құстардың 250 және балықтың 4 түрі кездеседі.

- Осы біздің кереметтей әсем, сұлу аймағымызға бір сөйлем құратып жіберейік.

4 ) Жуан сөзді жіңішке етіп айту

Тыс- тіс, құл- күл, құрыш-күріш, шоқ- шөк, құс – күс, ауа - әуе.

( дыбыстық талдау жасау )

Қ И С Ы Н Д Ы О Й Л А У

в ) Марқакөл қорығына биыл отыз бес жыл.


5 ) Жұмбақты шешу ( ауызша )



- Белгіленген сөздің түбір сөзі қай сөз ?

Балық – балығы алып – алыбы




6 ) Сергіту сәті

( фонетикалық камертон )

«Әрқашан күн сөнбесін» әніне алфавитті әуендету


Ө Н Е Р


7 ) – Біз қандай өнерімізді көрсеттік ? ( ән орындау )

-Ендеше өнер есігін ашып, сөз өнерін көрсетейік.

Өлеңшінің сөзі алтын, өнерлінің ...

Өнерлі ....

Өнерлі бала ...

Өнерліден үйрен де ...

Жігітке жеті өнер аз, жетпіс өнер ...


  • Кімнің қандай өнері бар ?


Ә С Е М Қ А Л А Л А Р

- Осындай өнерімізді қайда көрсетіп,дамытамыз, өнерлі адамдар қайда шоғырланған ?

- Дүниетану пәнінен қалалар тақырыбында өткенбіз ?


9 ) Алматы , Астана ( слайд )

а )- Алматы қандай қала ?

- Астана ше ?

( сөйлем құратқызып жазғызу )


Мысалы : Асқақтай бер,Астана ! Алматы – ірі әрі әсем қала.

( жуан дауысты дыбыстарды бір, жіңішке дауысты дыбыстарды екі сызықпен сызу )

ә ) Үй тапсырмасы : Өскемен қаласы туралы 4-5 сөйлем құратқызып,жуан, жіңішке дыбыстарды сызып келу


О Т А Н


10 ) - Жоғарыда атап өткен кезеңдердің барлығы немен байланысты ?

- Туған жерімізді не деп те айтамыз ? ( Отан )

Мен, сен,ол, олар,

Бірміз бәріміз достар.

Қолымыздан ұстайық,

Жылуымызды шашайық.

Отаным жаса !

Биікке самға !

Береке – бірлік,

Болсын тіршілік.

Мен, сен,ол, олар,

Бірміз бәріміз достар.

Жақсы тілек айтайық,

Жақсы азамат болайық !

Оқушылар бір – біріне тілектер айтады.

( «Родина моя» әуеніне әндету )






Ш Ы Ғ А Р М А Ш Ы Л Ы Қ Т А П С Ы Р М А.



а) Өлеңді аяқтау

Келешекке ... .... ,

Болашақты .... ... .

Отаным ... ... ,

Қазақ елі ... ... .



ә ) бағалау ( мұғалім )




ІІІ Қорытынды


О Й Ж И Н А Қ Т А У


  • Отанымыз – Қазақстан Республикасы, ал елбасы айтқандай оның болашағы қандай ұрақ ? (білімді ұрпақ )

  • Міне біз бүгінгі сабағымызда еліміздің болашағы қандай білімді екенін көрсете білдік деген ойдамын.Сабаққа қатысып, белсенді жұмыс істегендерге көп рахмет ! Мен сендердің бағаларында жүйелегенше сендер бүгінгі сабақ қалай өтті деп ойлайсыңдар.( тақтаға белгілеу : қызыл-өте жақсы, сары – жақсы, көк – сабақ ұнаған жоқ )




















6 ) О Й Ж И Н А Қ Т А У

-Етістіктің қай түрлерін қайталадық ?

( болымды, болымсыз етістік ережелерін қайталау )


Слайд

- Кімдердің ескерткішін көріп тұрмыз ? ( Қазыбек би, Төле би, Әйтеке би )

- Бұл ескерткіш қай қалада орнатылған ? ( Астана қаласында )


7 ) Жатқа оқу .

Үш би .

Астана қаласында Алып Үш бидің ескерткіші бар.Үшеуі де биік тастың

үстіне орнатылған. Біріншісі - Қазыбек би, ортада Төле би, үшіншісі Әйтеке би.

Үшеуінің де еңсесі биік, қауғадай сақалдары бар. Көздері алысқа тігіледі.

Біздің болашаққа қарап отырған болар, балалар ? «Ұрпағым қандай

болар екен ? » деп ойға шомып кеткендей үшеуі ...


(К.Ерешева «Қазақ тілінен сын жұмыстары» ,2008 жыл 130 бет )

а ) әңгімені мәнерлеп оқу,талдау (сұрақ-жауап )

ә) әр оқушы әңгімені өздігімен аяқтайды ( 2 – 3 сөйлем )


О Й Қ О З Ғ А У

- Сен өзің қалай ойлайсың ?

- Дана аталарымыз қандай ойға шомып кетті ?

- Олар болашақты қандай болады деп елестетті ?

Ойын жақсы жеткізе білген оқушының жұмысын оқу, бағалау.

8 ) Қ И С Ы Н Д Ы О Й Л А У

- Қарамен жазылған би,шеге,ой,ұя қай сөз таптары ?( зат есім )

- Осы сөздерді етістікке айналдырып көрейік. (биле,шегеле, ойла, ұялады.)

- Олар қандай етістік болады ? – Бұл сөздер туынды етістік.

- Сөз тудырған не ? – Жаңа сөз тудырған ол - жұрнақ.

Дәптермен, интерактивті тақтамен жұмыс )


9 ) Сөзжұмбақты шешу. ( отыр, тұр, жатыр, жүр )

- Бұл сөздер қандай етістіктер ? ( қалып етістіктер )

- Дара етістіктен қандай етістік жасауға көмекші болады ? ( күрделі етістік )

Жүгіріп жүр, ойнап отыр, оқып жатыр, күлімдеп тұр.

( дара, күрделі етістіктердің ережелерін қайталау )


Ш Ы Ғ А Р М А Ш Ы Л Ы Қ Т А П С Ы Р М А.

Өлеңді аяқтау

..... .... қараймын,

..... ..... ойлаймын.

..... ..... баламыз,

..... .... барамыз.

( қарамен жазылған сөздерді етістіктің қай түрінде тұрғанын анықтау )




DrawObject1

10 ) Оқушылар сызба бойынша етістіктің түрлерін топтастырады.

ІІІ Қорытынды .

а) етістікті сызбалары бойынша қайталап шығу .

ә) бағалау


б) үй жұмысы 389-жаттығу ( эл. оқулықтан тапсырманы оқып, талдау )























Сабақ бойынша жүргізілген

жұмыс түрлеріне нұсқау.



Сауатты жазу – дұрыс ойлаудың көрінісі. Бастауыш

сынып мұғалімінің білім берудегі негізгі талабының бірі – дұрыс әрі сауатты жазу болып табылады.

Ұсынылып отырған сабақта қазақ тілін компьютерленген сыныпта оқушылармен қандай жұмыс түрлерімен өткізуге болатыны көрсетілген. Сый, тый сөздерінің дұрыс жазылуын үлестірмелі карточкадан жаттап, еске сақтай отырып сауатты жазу дағдыларын қалыптастырады, жұмыс түрлерін алмастыра отырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады, өткен тақырыпты қайталайды. Сөздік жұмысында қолданылған карточка 12 бөліктен тұратын 30 карточка.Оқушылар белгіленген бөлігін бірнеше рет оқып жаттайды, еске сақталған сөздерді қатесіз дәптерге жазады. Бұл жұмыстың басты талабы – қатесіз жазу; мақсаты - сауатты жазу дағдысын дамыту,еске сақтау қабілетін, зейінін жетілдіру. Карточкадағы сөздердің мағынасын ашып, сөйлем құрату, мақалды еске түсіру, екі жол өлең жазғызу т.б. көптеген жұмыс түрлерін жүргізіп, сабақты түрлендірудегі көмекші құрал.Тағы тоқтала кететін жұмыс ол М.М. Жанпейісованың «қисынды ойлау» әдісі: шөлдеді деген сөзге су болса ауырды деген сөзге дәрі сөзі сәйкес келеді. Бұл тапсырма баланың логикалық ойлауын, зейінін дамуын арта түседі, тақырыпқа байланысты жұмыс түрлерін күрделендіреді.











Сабаққа өзіндік талдау жасау.


Сабағымның тақырыбы « Етістік » ( ашық ой сабағы ).

Мақсаты: етістік туралы алған білім, білік дағдылырын қайталау, жүйелеу, бекіту, етістік түрлерін топтау, оқушыларды сөйлем арасынан етістікті ажырата білуге, сабаққа қорытынды жасауға үйрету, сауатты жазу дағдыларын жетілдіру, Тәуелсіздіктің жиырма жылдығы мен тұңғыш қазақ ғарышкері Т. Әубәкіровтың ұшқанына жиырма жыл толуын атап өту; оқушылардың іскерлік ,шығармашылық қабілетін, мәнерлі оқу машықтарын дамыту, « қисынды ойлау» «ой қозғау» «ой ашар» тәсілдерін қолдана отырып ой негізін ашу, түсініп оқу дағдыларын, тіл байлығын арттыру, сөздік қорын молайту; оқушыларды адамгершілікке , инабаттылыққа баулу , сыныптастарымен тату, достық қарым – қатынаста болуын тәрбиелеу, өз Отанын сүйюге, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би сынды аталарымызды құрметтеуге, Қазақстан Республикасы мен оның Президенті Н.Ә.Назарбаевті мақтаныш етуге тәрбиелеу.

Сыныпта 15 оқушы, отырған балалардың жас ерекшеліктері талапқа сай.Үздік оқушыдан екеу, пән бойынша білім сапасы 75 пайыз,жалпы білім сапасы 80 пайыз. Оқушылар бір – бірімен достық қарым – қатынаста, тәртіпті.

Қойылған мақсаттар мен сабақ барысының жұмысы тығыз байланыста жүргізілді.Сабағымның кезеңдерінде еліміздегі елеулі Тәуелсіздіктің жиырма жылдығына, Президентіміздің кезектен тыс сайлауы мен ғарыш кеңістігін игергенімізге тоқталып өттім. Әр кезеңің уақытын тиімді қолдануға тырыстым. Жекелей берілген тапсырмалар бағаланып, әр оқушы бағалау кестесіне белгіленіп отырды. Сергіту сәтін сабақтың орта шеңберінде қолдану арқылы салауатты өмір салтын ұстану мақсатын жүзеге асырдым.

Тақырыптың қаншалықты меңгерілуі ережелерді жатқа оқу, жазба жұмыстарын орындау, ой жинақтау ( топтастыру ) тәсілдері қолданылып, үш бидің ойларын жалғастыру арқылы қорытылды.



Мұғалім: Асқарова Ж.Б.







Сабақтың деңгейін бағалау.


Менің сабаққа қатысу мақсатым ақпараттық коммуникациялық тенологиялық әдіс-тәсілдерді сабақта қолдану білім сапасын арттыру жолдарын қарастыру болды. Мұғалім оқушыларға сабақ мақсатын жариялады, сабақ кезеңдері мен бағалау жүйесін түсіндірді.Тапсырмалар мен шығармашылық жұмыс қолданылуы ең тиімді жолдармен жүргізіліп отырды. Интеллектуалды білім, білік дағдыларын қарастыру әр түрлі тапсырмалар беру арқылы анықталды.Сабақты басқа пәндермен байланыстыра білді, яғни, ана тілі, дүниетану, дене тәрбиесі пәндері. Жалпы оқу үрдісіне көңіл көп бөлді, әр бала интерактивті тақтамен жұмыс көрсетті. Оқушылар мұғалімге еліктей отырып өздерін көрсете білді: еркін ұстады, ойларын ашық, анық жеткізді. Сабақ әдістемелік тұрғыдан дұрыс құрылған. Мұғалімнің компьютер, интерактивті тақтамен жұмыс жүргізілуі нақты жолдары қарастырылып, жан-жақты дайындығын аңғартты.Оқушылардың білімі жүйелі, пәнге деген қызығушылығы сабақ бойы байқалып тұрды. Сабақ гигиеналық талаптарға сай өтті : мұғалім оқушылардың сабақта дұрыс отыруын үнемі қадағаланып, сергіту сәтін уақытында жүргізді.

Ұсыныс : Асқарова Жанар Багидулаевнаның тәжірибесі бастауыш сынып арсында таратылсын.

Үздік сабақ деп танылып, аудандық білім бөліміне ұсынылсын.




Оқу ісінің меңгерушісі: Ұлыбаева Б.А.


























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
626
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі