400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Дыбыс және әріп

Материал туралы қысқаша түсінік
2 сынып мұғалімдеріне арналған қысқа мерзімді жоспар қазақ тілінен
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сынып:2


Сабақтың

тақырыбы:

Дыбыс және әріп


Жалпы мақсаты:


Дауысты және дауыссыз ,дауысты дыбыстар жуан,жіңішке болатынын еске түсіреді.


Оқу нәтижесі:


дауысты және дауыссыз ,дауысты дыбыстар жуан,жіңішке болатынын біледі.

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары:

І.Ұйымдастыру

Психологиялық әзірлік. Физ.минутка (муз.әуені) 2мин

Оқушылар әр түрлі түстерді таңдауы бойынша 2топқа бөлінеді. (1мин)

Топтарда бағалау парақтарын тарату:

Өзін – өзі және достарын бағалау парағын тарату



Оқушының аты- жөні.


Топта сөйлеп, идея айтқандығын бағала.

Сабаққа қатысу белсенділігін бағала.

Муғалімнің бағалауы.

1




2




3




4





II. Қызығушылықты ояту (10мин)

Өткенді қайталау (диалог)

Дыбыстар мен әріптер туралы алған білімдерін сұрақ-жауап арқылы қайталау.

Тақтаға мынандай сөздер жазылады: дала, білім, халық, қымыз.

Осы сөздерді құрып тұрған тек дауысты дыбыстар тізбегін жазу: аа, іі, аы, ыы.

Мынандай сұрақ қойылады:

  • Осы тізбектің қандай сөздер екенін білуге бола ма?

Енді сөздердің тек дауыссыз дыбыстарын көшіріп жазады:д...л..., б...л...м..., х...л...қ...,қ...м...з.

–Бұл әріптер тізбегінен сөз құрастыруға бола ма?

Осы тапсырманы орындап болғаннан кейін,топ мүшелері өзара пікірлесе отырып, өз қорытындыларын айтады. Мысалы, дауысты дыбыстар буын құрай алса, сөйлеу кезінде дауысты дыбыстармен қатар дауыссыз дыбыстардың да маңызы зор.Дауысты,дауыссыз дыбыстар бір-бірінсіз сөз құрай алмайды.

Сабақ басындағы қайталауға берілген тапсырма оқулық бойынша орындалады. Оқушылар еоп нүктенің орнына керекті сөздерді қою арқылы сөйлемдерді ауызша толықтырады.

III. Мағынаны тану :(20мин)

1-жаттығуды орындап болғаннан кейін, жуан, жіңішке дауысты дыбыстар еске түсіріледі. Сөздегі дауысты дыбыстардың жуан,жіңішке болуына байланысты сөздердің де жуан, жіңішке айтылатынын естеріне түсіреді.

2-жаттығуды орындау кезінде жаңа сөз жасап тұрған дыбыстардың қосындысынан «Оқу түбі- тоқу » деген мақал шығуы керек. Бір дыбыстың өзгнруінің өзінен сөздің мағынасы өзгеретіні түсіндіріледі.

3- жаттығуда бір дыбыстың өзгеруінен жасалған жаңа сөздерді табуға арналған. Оқушылар өзгерген сөздердің мағынасын түсіндіреді.

4-жаттығуды орындау арқылы сөздерге дыбыстық талдау жасап, дыбыс пен әріптің айырмашылығын еске түсіреді.


Топтық жұмыс:

Жаттығулар орындалғаннан кейін топтарға тапсырмалар беріледі. Дауысты, дауыссыз дыбыстарды еске түсіріп, дауысты, дауыссыз дыбыстардың ұқсастықтары мен ерекшеліктерін «ұқсастық пен даралық» стратегиясы бойынша анықтау керек. Сызбаны әр топ өздерінің қалауынша, әртүрлі формада сызуына болады. Мысалы, үшбұрыштар, ашылған кітап, үй тәріздес, т.б.


Shape1




Математикалық жазбаларды оқы.АКТ арқылы Сергіту сәті (2мин)

IV. Ой толғаныс: (5 мин)

«Егер дыбыстар мен әріптер болмаса...» деген тақырыпта эссе жазу.


Топпен талқылау.

Ортаға салу.

Бағалау.(3мин) Белгіленген бaғaлaу критерийлері бойыншa топтa бірін-бірі бaғaлaу

Рефлексия(ұнады,ұнамады) жазу


Дереккөздер және жабдықтар:Ғаламтор,мұғалімге арналған нұсқаулық, флипчарт,түрлі-түсті қарындаштар,стикерлер,суреттер, кері байланыс картасы




Үйге тапсырма беру(2мин)




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
13 ұстаз жүктеп алған
24 қазан
2678
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі