Дыбыс және әріп

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Дыбыс және әріп

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл сабағымнан әдіс-тәсіл алады деп ойлаймын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақ тілі пәнінен қысқа мерзімді жоспар

Күні 09.11.2018ж

Сыныбы 4 «Д»

Пәні қазақ тілі

Мұғалімі

Қатысқандар саны –

Қатыспағандар саны –

Сабақтың тақырыбы

Дыбыс және әріп

Сабақтың мақсаты

Дыбыстар және әріптер туралы 3 сыныпта алған білімін еске түсіру, қайталау дауыссыз дыбыстар айтылу ерекшелігіне қарай пысықтау; Әр түрлі тапсырмалар орындату арқылы оқушылардың шығармашылығын дамыту.

Сабақтың типі

Жаңа сабақты меңгеру

Сабақтың түрі

Аралас сабақ

Әдістері

Алтын ереже, жылы сезімдер, миға шабуыл

«топтастыру» «Ой қозғау» әдісі. «Автор орындығы». АКТ

Ресурстар

Оқулық, стикер, А-3 форматы, маркер, тақырыптық сурет, бейне материалдар, слайд көрсетілімдері

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі

Шаттық шеңберін ұйымдастырып, сыныпта жағымды ахуал қалыптастыру.



Күннен, жерден нәр алған
Біз - өмірдің гүліміз.
Қыркүйектен басталған
Сәтті болсын күніміз.

Миға шабуыл

«Бәйге» ойынын ойнату.

10. Сөйлеу не үшін қажет?

20. Сөйлеудің қандай түрлері бар?

30. Ауызша сөйлеудің қандай түрін білесің?

40. Жазбаша сөйлеудің қандай түрлері бар.

50. Тіл туралы мақал – мәтелдер айт.

60. Сөйлеу мәдиенеті деген не?

Оқушыларды  сабақтың  тақырыбы  мен  мақсатынтаныстыру. Білімді жан-жақты  тексеру кезеңі.

Әр топқа сұрақтар жазылған парақ беріледі.

1-топ.    Дыбыстар жайлы не білесіңдер?.

2-топ. Әріп жайлы не білесіңдер?.

3-топ.    Дыбыстар түрлері.

Дыбыс пен әріптің ерекшелігі.

Шығармашылық қабілеттері артады. Топ ішінде бірлесіп жұмыс жасауға, әрқайсысының пікірімен санасуға үйренеді.

«Ой қозғау» әдісі

1-жаттығу. Сөздерді оқыту.

Көбелек, шың, ұлан, ер, жапырақ, өлке, көгершін, пияз, киік

-Әр сөзде неше дыбыс, неше әріп бар екенін анықтау.

-Қай сөзде дыбыс пен әріптің саны бірдей емес?

-Дыбыс пен әріптің бір-бірінен өзгешелігі неде?


Жаңа сабақты меңгеру кезеңі

3 топқа кітаптағы 3 түрлі тапсырма беріледі.

2-жаттығу. Берілген сызба бойынша дыбыстарды топтап жазады.

Дауысты Дауыссыз


3-жаттығуда берілген буындардан мақал құрастырып жазды.

Оқу – білім бұлағы

Білім – өмір шырағы.

-Мақалдан тасымалдауға болмайтын сөзді тауып оқыту.

«Кім жылдам?» ойыны

Шарты: 3 топтан 3 оқушы шығарып мақал-мәтелдер айтып жарыстыру


4-жаттығу. Кестені толтыру

Сөз

Буын

Тасымал

Кө-кек

Кө-кек

Же-ңіл

Же-ңіл

Ә-ке

Әке

А-уыл

Ауыл

Ты-йым

Ты-йым

Қам-қор-лық

Қам-қорлық

Сы-йым-ды

Сыйым-ды


Дыбыстар туралы білімдерін еске түсіреді




Мақалдарды жаттап, жазады








Кестені толтырады.


Сергіту сәті

Бір, екі, үш – бойға жинап күш,

Төрт, бес, алты – отыр, тұр, шалқы,

Жеті, сегіз, тоғыз, он – орныңа қон.


Қимыл-қозғалыс жасайды

Жаңа сабақты бекіту

5-жаттығу. Көп нүктенің орнына киіз үйге керекті жабдықтардың атауларын әліпби ретімен жазу.

Киіз үйдің жабдықтары: есік, маңдайша, кереге, күлдіреуіш, сықырлауық, табалдырық, уық, шаңырақ

6-жаттығу. «Әліпби» сөзіне берілген анықтамаларды талдау.

Киіз үйдің жабдықтарын жазу арқылы алфавитті еске түсіреді

Үйге тапсырма

Қазақ әліпбиін ретімен жазып келу



Рефлексия

«Басбармақ» әдісі

Сабақты түсінгендерін басбармақ арқылы көрсетеді

Бағалау










Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.11.2018
1530
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі