Дыбыс және әріпті қайталаймыз

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Дыбыс және әріпті қайталаймыз

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сыныпқа сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні: Сыныбы: Пән атауы:

Сабақтың тақырыбы: Дыбыс және әріпті қайталаймыз

Сабақтың мақсаты:

І Білімділігі: Өткен сыныптарда дауысты және дауыссыз дыбыстар туралы алған білімдерін естеріне түсіру. Қазақ тіліндегі дыбыстар, олардың түрлері, атауы, сондай – ақ, дыбыстың – физикалық құбылыс екенін айқындай отырып, ал әріп– дыбыстың жазбаша таңбасы екенін дәлелдей отырып, тың мәліметтер беріп, білім мазмұнын ашу.

ІІ Дамытушылығы: Оқушылардың есте сақтау қабілетін, ой – өрісін, шығармашылығын, сөздік қорын,сөйлеу мәдениетін, өз ойын толық жеткізе білуге үйрете отырып, әрбір оқушының жеке даралығын дамыту, тәрбиелеу.

ІІІ Тәрбиелігі: Ұжымшылдыққа, адамгершілікке, тазалыққа, ұқыптылыққа, әдептілікке, білімпаздыққа жетелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Сабақтың әдіс- тәсілдері: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, баяндау, талдау-жинақтау, пікір –талас.

Көрнекілігі: Кестелер, карточкалар, плакаттар және т.б.

Пәнаралық байланыс: Әдебиеттік оқу, еңбекке баулу.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Сәлемдесу.

2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындау.

3. Оқушыларды тексеру, сабаққа келмеу себебін анықтау. Жұмыстың жүргізілу түріне қарай топтастырып отырғызу.

4. Оқушылардың көңілін, назарын, сабаққа бейімдеу, ыңғайлау.

5. Ойға шақыру. (Психологиялық даярлық жүргізу).

ІІ. Өткен материалды еске түсіру/ Жалпылау:

1. Үй тапсырмасын сұрау, тексеру.

2. Оқушылардың өткен сабақты қаншалықты меңгергенін, түсінгенін байқау, анықтау.

3. Оқушының сөйлеу қабілетін, сөйлеу тілін сөздік қорын байқау.

4. Неге көңіл аудару қажеттілігін анықтау, ескеру. Жан-жақты тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ:

Сабақтың тақырыбы: Дыбыс және әріпті қайталаймыз

  • Дыбыс дегеніміз не?

  • Әріп дегеніміз не?

Жалпы күнделікті өмірде адамға қатыссыз, табиғатта, айналада болып жататын дыбыстар өте көп. Сөйлеу тілінде дыбыстау мүшелері арқылы айтылып, естілетін тілдік құбылыс – дыбыс деп аталады. Дыбыстау мүшелері арқылы жасалады. Олар: өкпе, кеңірдек, дауыс шымылдығы, тамақ қуысы, кішкене тіл, ауыз қысы, көмей, таңдай, тіл, тіс, ерін, мұрын қуысы. Дыбыс – сөздің кішкене бөлігі.

  • Ал әріп ше?

Әріп – дыбысты таңбалау үшін алынған белгі. Демек, дыбыстың жазбаша - таңбасы.

Біз дыбысты айтамыз және естиміз. Ал, әріпті көреміз, жазамыз. Қазақ тілінде 37 дыбыс, 42 әріп бар. Әріптердің рет – ретімен тізілген жиыны - алфавит (Әліпби) деп атаймыз.

37 дыбыс Дыбыс бола алмайтындар: -я (й+а), -ю (й+ у), -ё (й+о) қосарлы дыбыстар арқылы жасалған, ал -ь жіңішкелік, -ъ – жуандық белгілері.

Дыбыстарды екі топқа бөлеміз. Олар:

  1. Дауысты: а, ә, е, и, о, ө, ү, ұ, у, ы, і, э. (12 дауысты дыбыс)

  2. Дауыссыз: б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, п, р, с, т, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ, (у). (25 дауыссыз дыбыс)

Дауысты дыбыс – өкпеден шыққан ауаның ауыз қуысында еш кедергіге ұшырамай, еркін шығуынан жасалатын дыбыстар. Дауысты: а, ә, е, и, о, ө, ү, ұ, у, ы, і, э. (12 дауысты дыбыс).

Дауысты дыбыстар тілдің қатысына қарай:

Жуан

Жіңішке

Тілдің ұшы кейін тартылып, үсті дөңестенуі арқылы жасалады.

Тілдің ұшы ілгері созылып, жіңішкеруі арқылы жасалады.

а, о, ұ, ы, у

ә, ө, ү, і, е, и, (у) э



Дауысты дыбыстар жақтың қатысына қарай:

Ашық

Қысаң

а, ә, о, ө, э

ы, і, и, у, ү, ұ

Еріннің қатысына қарай:

Еріндік

Езулік

о, ө, ұ, ү, у

а, ә, е, ы, і, и, э



Дауыссыз дыбыстар – дауыс шымылдығының жиырылуынан, өкпеден шыққан ауаның ауыз қуысында кедергіге ұшырап шығуынан жасалатын дыбыстарды айтамыз.

Ұяң: б, в, г, ғ, д, ж, з, һ. Үнді: р,й, у, л, м, н, ң.

Қатаң: к, қ, п, с, т, ф, х, ч, ц, ш ,щ.

  1. жаттығу. Өлеңді жатқа жазу.

Мектеп – мектебі, есік – есігі. «Алғашқы қоңырау» тақырыбына әңгіме құрау.

  1. жаттығу. Қарамен жазылған қарағым, түнегім, жүрегім, түлегіміз сөздерінің түбірін тауып, оларды дауыссыз дыбыстарға жіктеп жазу.

Дауыссыз дыбыстады тауып, жіктеп жазу.

Қатаң: к, т, с, қ, п, ш.

Ұяң: б, з, д, ж, г, ғ.

Үнді: м, н, ң, й, л, р.



  1. жаттығу. Көп нүктенің орнына тиістіәріптерді қоып, сөйлемдерді көшіріп жаз. Қаһарман сөзіне дыбыстық талдау жасау.

Қосымша: «Гүл шоғыры» ойыны арқылы білімдерін толықтыру.

ІV. Сергіту сәті:

Қолға қамшы аламын,

Атқа мініп шабамын.

Құрық сілтеп асауға,

Мен атамдай боламын!!!

V. Сабақты қорытындылау:

5- жаттығу.

Л және р дыбыстарынан басталатын сөздерді бір бөлек, қалған сөздерді бір бөлек көшіріп жазу.

Лақ, лекер, рақым, рақмет, лепірме,

Ырым, ырыс, іл, Іле, ілгіш, ірімшік, ылди, ілес, ілмек, ырғақ, іріту, ырымшыл, ірге.



  • Бүгінгі сабақта не өтілді?

  • Сабақ несімен ұнады?

(Оқушылардың жауабы)



VІ. Үйге тапсырма: 4 – жаттығу 4 бет.

VІІ. Бағалау: Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтап,

жеткен жетістіктерін айта отырып білімдерін бағалау.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
25.12.2017
764
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі