|
Сабақтың кезеңі/
уақыт
|
Педагогтің
әрекеті
|
Оқушының
әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
|
Сабақтың
басы
7
мин
|
Ұйымдастыру
кезеңі
-Оқу құралдарын
түгендеу
Қызығушылықты ояту
(ынталандыру)
әдісі
Ширату
сұрақтары:
Балалар мектепке келген
алғашқы күнді естеріңе түсіріп көріңдер. Қандай сезімде
болдыңдар?
Өте жақсы!
Жарайсыңдар!
Оқыған, білімді адамның күні
жарқын болады. Сол себепті сендерді жақсы оқуға
шақырамын.
|
Оқушылар арнайы педагогпен
амандасады.
Оқу құралдарын
түгендейді.
Арнайы педагог қойған
сұрақтарға жауап береді.
|
Ауызша мадақтама
айту:
Жарайсың!
Тамаша!
Сенің қолыңнан
келеді!
Керемет!
|
Жұмыс дәптері,
қалам,
түрлі-түсті
қарындаш
|
|
Сабақтың
ортасы
35
мин
|
Жаңа сабақ
тақырыбын таныстыру: «Дыбыс және әріп. Дауысты
дыбыстар».
Сабақ мақсатын
хабарлау:
қазақ тіліндегі дыбыстарды
дұрыс айтуды, дауысты дыбыстардың жуан жіңішке болып бөлінуін
ажыратуды, қазақ тіліндегі әріптердің ретін
үйренесің.
Жаңаны
ашу
Дауысты дыбыстардың айтылу
ерекшелігін есімізге түсіріп
көреміз.
Есіңе
сақта!
Айтылуы кезінде өкпеден ауа
кедергісіз шығып, үннен ғана тұратын
дыбыстарды дауысты
дыбыстар дейміз.
Дауысты дыбыстар тілдің қатысу
қалпына қарай жаун және жіңішке болып
бөлінеді.

Арнайы педагог: ендеше жаңа
ақпаратты пайдаланып тапсырмаларды орындап
көреміз.
|
Оқушылар сабақтың тақырыбы
және мақсатымен танысады. Жаңа тақырып бойынша, қажетті
мәліметтерді естеріңе
сақтайды.
|
Жарайсың!
|
|
|
Жаңаны қолдану
әдісі
1-тапсырма. Ұқсас
дыбыстарды айыра біл. Әріптерді дәптеріңе әдемілеп, дұрыс көшіріп
жаз.

|
Оқушылар ережені еске
түсіреді. Дауысты және дауыссыз у
дыбысын
|
Тамаша!
|

|
|
Сұрақ қою және талқылау
тәсілі
2-тапсырма.
Сөйлемдерді көшіріп жаз.
А,ә әріптерінің астын
сыз.
Аспан ашық. Әділ әкесіне
әңгіме оқып отыр. Әңгіме өте қызық. Анасы қуанышты. Әжесі де Әділге
риза болды. Әділдің інісінің аты –
Азамат.
|
Оқушылар сөйлемді оқиды.
Түсінбеген сөздерді белгілейді. Сөйлемдерді көшіріп жазып, а,ә
әріптерінің астын сызады.
|
Сенің қолыңнан
келеді!
|

|
|
3-тапсырма.
-
Берілген сөздерді
салыстырып оқы. Көшіріп
жаз.
-
Дауысты дыбыстардың астын
сыз.
-
Жуан дауыстылардың астын
бір сызықпен, жіңішке дауыстылардың астын екі сызықпен
сыз.
Алма, гүл, күн,
қобыз,балға, сәлем, жұлдыз, бақыт, сынып, тарақ,
дәптер.
|
Оқушылар сөздерді оқып,
дәптерге көшіріп жазып, дауысты дыбыстардың астын
сызады.
|
Керемет!
|
|
|
4-тапсырма.
-
Өлеңді мәнерлеп оқы.
Сөздердегі и,у әріптерінің астын
сыз.
-
И,у дыбыстары бас сөдерді
анық айтып, жаттық.
Бұл қай кезде
болады?
Бу атады
жоғары.
Сайларға су
толады.
Дүрілдейді
трактор,
Түрленеді қырат
–қыр.
Жұпары аңқып
даланың,
Иісі мұрын
жарады.
Жылы самал
соғады...
Бұл қай кезде
болады?
|
Оқушылар өлеңді мәнерлеп оқып,
сөздердегі и,у әріптерінің астын
сызады.
|
Тамаша!
|

|
|
5-тапсырма.
-
Көп нүктенің орнына керекті
сөздерді қойып, көшіріп жаз.
-
А,ә әріптерінің астын
сыз.
... күз. ...қыз. ...қымыз.
...тамақ. ...қағаз. ...үй.
Керекті сөздер: әдемі, ащы,
алтын, тәтті, аласа, ақ.
Бүгінгі
сабақта қазақ тіліндегі дыбыстарды
дұрыс айтуды, дауысты дыбыстардың жуан жіңішке болып бөлінуін
ажыратуды, қазақ тіліндегі әріптердің ретін
үйрендіңдер.
|
Оқушылар көп нүктенің орнына
керекті сөздерді қойып, көшіріп
жазады.
|
Жарайсың!
|

|
|
Сабақтың
соңы
3
мин
|
Рефлексия. Кері
байланыс.
Т үсінбедім
Сұрағым бар Түсіндім
|
Оқушылар сабақтан алған
әсерлерімен бөліседі.
|
|
Смайлдер.

|
|
Үй
тапсырмасы
|
Мәтінді көшіріп жаз. А,ә
әріптерінің астын сыз.
Абай – ақын. Оның анасы –
Ұлжан, әжесі – Зере. Олар өте ақылды адамдар
болған. Әкесі – Құнанбай ел билеген
адам.
|
Оқушылар үй тапсырмасын
орындайды.
|
|
|