Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Дыбыс қалай тарайды? Дыбыс қайда тарайды?"

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаратылыстану 1- сынып
Материалдың қысқаша нұсқасы

Белогор негізгі орта білім беретін мектебі











Ашық сабақ

Жаратылыстану

1 сынып





Тақырыбы: «Дыбыс қалай тарайды. Дыбыс қайда тарайды»















Дайындаған: бастауш сынып мұғалімі

Искакова Шарипа Санатовна
















2017-2018 оқу жылы







Қысқа мерзімді сабақ жоспары (ҚМЖ)


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Жаратылыстану 5-бөлім.

Табиғат физикасы («Дәстүр және ауыз әдебиеті ортақ тақырыбында»)

Мектеп: Белогор негізгі орта білім беретін мектебі

Күні:


Мұғалімнің аты-жөні: Искакова Шарипа Санатовна

Сынып:1

Қатысқандар саны:4

Қатыспағандар саны:4


Сабақтың тақырыбы: Дыбыс қалай тарайды? Дыбыс қайда тарайды?


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.5.3.2 Дыбыстың табиғи және жасанды көздерін ажырату

1.5.3.1 дыбыстың таралуының ерекшеліктерін түсіндіру

1.1.2.1 қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жүргізу

1.1.2.2 көрсетілген экспериментті түсіндіру

1.5.3.1 Дыбыстың таралуының ерекшеліктерін түсіндіру



Барлық оқушылар: дыбыстың ақырын және қатты естілетінін, дыбыс қалай және қайда тарайтынын біледі


Оқушылардың басым бөлігі: дыбыс толқындары барлық бағытта тарайтынын түсінеді, дыбыстың әртүрлі ортада таралатынына мысал келтіре алады

Кейбір оқушылар: дыбыстың түрлі бағытта таралатынын, оған ештеңе кедергі келтірмейтінін дәлелдей алады

Жетістік критерийлері

Дыбыстың таралу ерекшеліктерін сипаттайды.

Оқушылар әртүрлі ортада: сұйықтықта, қатты денелерде,

ауада дыбыстың таралу ерекшелігіне көз жеткізеді

Тілдік мақсат

Пәндік лексика және терминология:

Пәнге тән лексика мен терминология:

Ауа, қатты денелер, сұйықтық

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Ауаны көре аламыз ба?

Қатты денелерге не жатады?

Қандай заттарды сұйық заттарға жатқызамыз?

Құндылықтарды дарыту

Тәжірибе барысында ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Жұптық жұмыс арқылы көршілерімен сыйластықта тұра білуге үйрету.

Елдің барлық табыстары мен жетістіктері – барша қазақстандықтардың күн сайынғы қажырлы еңбегінің нәтижесі.

Судағы қауіпсіздік ережесін сақтауді білу.

Барлық заттардың дыбыс шығады деп ұра бермеудің маңызын түсіну

Пәнаралық байланыстар

Үш тілде жаңа сөздері ұғындыру.

Физика пәнінен практика жүзінде дыбыс ауада, қатты денелер мен сұйықтықтарда тарайтынын білу

Дене тәрбиесі жаттықтырушысының дауысы барлық бағыттарға бірдей тарайтынын білу.

Қоршаған ортамен байланысты.

АКТ қолдану дағдылары

 Қауіпсіздік шаралары жайындағы бейнежазба

Аудио жазба тыңдау.


Бастапқы білім

Табиғи және жасанды дәыбыстарды ажырата білу,


Сабақ барысы

Сабақтың

жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар


Сабақтың барысы



Сабақ басында

Балаларды тыныштыққа шақыру,түгендеу.

Амандасу үш тілде

- Ұ. Психологиялық ахуал.

«Орындық» ойыны.

Табиғи дыбысты естісек орындыққа отырамыз, егер жасанды дыбысты естісек қолдарымызды көтереміз.

Мақсаты: «табиғи және жасанды » дыбыстарды айыра білу және өткен тақырыпты бекіту,жаңа сабақты ашу.

«Бұл қандай дыбыс?» Жаңбырдың, құстардың сайраған, теңіз толқынының дыбыстарын тыңдатамын. Аудиожазбаны тыңдау арқылы ненің дыбысы екенін анықтап айту, табу тапсырмасы беріледі.

Дескриптор:


  • Бұл қай заттың дыбысы?(құстардың, жаңбырдың, теңіз толқынының)

  • Дыбысы қалай естіледі? (қатты,ақырын)

  • Осы тыңдаған дыбыстарың қалай таралады деп ойлайсың?

  • Ауада таралады

  • Дыбыс қайда тарайды?

Балалар, бүгінгі сабағымызда дыбыстардың қайда таралатын білетін боласыңдар.







құстардың, жаңбырдың,

теңіз толқыны дыбыстарының аудиожазбасы

Сабақтың ортасы/сабақтың негізгі бөлімі

«Ой қозғау» әдісі Дыбыс қалай таралады?

Оқулық пен және тәжірибе жасау.

Сұраққа қарапайым тәжірибе жасау арқылы жауап беріңіз.

Топтық жұмыс.

1. Су құйылған ыдыс және тас дайындап алыңыз.

2. Тасты судың ішіне тастаңыз.

3. Судың бетінде пайда болған толқындарға мұқият қараңыз.

Толқындар дыбыстардың таралу жолын көрсетеді. Сұрақтарға жауап беріңіз:

- Суға түскен тастан пайда болған толқындар қалай таралды?

- Су толқындарының орталығы қай жерде?

Тәжірибеге сүйеніп, дыбыстың қалай таралатынын түсіндіріңіз.

Дескриптор:

- суға түскен тастан пайда болған су толқындарының таралуын сипаттайды;

- тәжірибенің негізінде дыбыстардың таралу ерекшелігін түсіндіреді

Суға лақтырған немесе түскен заттан пайда болған толқындар шеңбер жасап тарайды.

Бағалау.

Дәптермен жұмыс.

1.Сызбаны таңда.

Дескриптор:

-дыбыстың таралуының дұрыс сызбасын таңдау

-бұрыс таңбасы

-дұрыс таңбасы

Бағалау: бағдаршам

Модельденген оқу

Балаларға сұрақтар қою арқылы диалог жүргіземін

Балалар, сендер су астына сүңгіп көргенсіңдер ме?

Суреттегі қыз бала су астында дыбысты ести ме? Қалай ойлайсыңдар?(Су астында естілген дыбыстар қатты және нақты болады)

Ал,балық аулауға барғандарың бар ма?

Балық аулағанда неге тыныштық сақтайды деп ойлайсыңдар?(Себебі, судың астында барлық дыбыстар естіледі. Балық үркиді. Балық тербеліске өте сезімтал, сондықтан қауіпті сезгенде, тез қашып кетеді)

«Өзіңізді тексеріңіз» әдісі

Бұл мәлімет шындық па, әлде жалған ба? Оқушыларға музыкалық үшбұрышты немесе металл қасықтарды соғып көруге мүмкіндік беремін. Содан соң оны суы бар ыдысқа салып соғып көруді ұсынамын.

Дыбыстарды салыстырады. Дыбыс судың ішінде де тарайтыны, тіпті тез және өте жақсытарайтыны туралы қорытынды жасайды.

Бейне тапса көрсету

Судағы қауіпсіздік ережелер.

Бағалау: Смайлик арқылы

Хоккейшілер

Суретке қара. Хоккейшілер қалай тұрады? Олардың барлығы жаттықтырушының дауысын ести ме?

Рухани жаңғыру мақаласы бойынша ауылдық Хоккей алаңында өткен сабқатары арқылы байланыстыру.

\Эврика тиынның дыбысын ести ме?

Эврика қазір дәл сол дыбысты естіп тұр ма? Қалай ойлайсың?

«Болжау»әдісі. Бұл тапсырмада оқушылар дыбыстың қатты денелер, әсіресе, металл арқылы қалай таралатынымен танысады. Металл түтік арқылы дыбысты тыңдап көріп, дыбыстың қатты естілетінін болжайды.


Дыбыс барлық бағыттарға дыбыс толқындары арқылы тарайды. Олар су бетіндегі шеңбер тәрізді таралады.

Есте сақта!

Дыбыс толқындары барлық бағыттарға бірдей тарайды.Дыбыс барлық бағытта тарайды, оған тіпті су мен қатты денелер де кедергі келтірмейді.


Дискриптор:

  • Жаттықтырушы мен Эвриканың дыбысты еститінін айтады;

  • сұраққа жауап береді;

  • Оқушылар әртүрлі ортада: сұйықтықта, қатты денелерде, ауада дыбыстың таралу ерекшелігіне көз жеткізеді

«Зерттеп көрейік» әдісі

Екі полиэтилен пакетін дайындап, бірінші пакеттің жартысын құммен, екінші пакетті сумен толтырып аузын байлаймыз.

Алдымен құм салынған пакетті үстел үстіне қоямыз.

Бір оқушы тиынмен үстелді тарсылдатып көріп, екіншісі құмы бар пакетке құлағын тосып тыңдайды.

- Дыбыс қандай болды?

Енді үстелдің үстіне су құйылған пакетті қоямыз.

Бір оқушыға тиынмен үстелді тарсылдатып, екіншісі суы бар пакетке құлағын тосып тыңдайды.

Дыбыстарды салыстырады.

Не өзгерді?

Бұл тәжірибені бірнеше жұп оқушылармен өткізіп

«Дыбыс қатты денеде де, сұйықтықта да таралады» деген қорытындыға жетелеп алып келемін.

Сергіту сәті

Дәптермен жұмыс.

Бес айырмашылықты тап.

Дескриптор:

-бес айырмашылықты айту

-әр оқушы бір - бірін тыңдап бағалау

Бағалау: Бес бармақ





























Шапалақтау
























Музықалық үшбұрыш, меттал қасық, су








Оқулықпен жұмыс





металл түтік, тиын





















Полиэтилен пакет, құм, су
















Бес саусақ арқылы бағалау

Сабақтың соңы

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

Практикалық жұмыс.

«Телефон жаса»

Опластик стақандардан телефон жасауды ұсыныңыз.

Екі пластик стақанды алу керек. Стақандарға тесік жасап ұзын жіпті өткізіп, ішкі жағына сіріңке шиін байлаймыз. Тарту кезінде сіріңкешиін стақанның түбіне қысыңыз, ерекше бір телефон тұтқасы пайда болады. Осындай біртұтқаны жіптің келесі ұшына да жасау қажет. Мүмкіндігінше жіп ұзын болуы қерек, өйткені алыс қашықтықта сөйлегенде дыбыс қабылдаушыға жақсы естілетін болады. Жіп керіліп тұру керек және жіптің бойымен басқа денеге тимеуі қажет.Оқушылардың сабақ бойы алған білімдерін пысықтау мақсатында жұмыс парағындағы тапсырмаларды орындауды ұсынамын.

Сұрақ қою:

1.Дыбыс бір бағытта таралама?

2.Суға тас лақтырса не пайда болады?

3.Дыбыс қайда тарайды?

4.Жылу батареясын тарсылдатуға болама?

Дескриптор:

-дыбыстың барлық бағытта да тарайтынын, оған тіпті су мен қатты денелер де кедергі келтірмейтініне көз жеткізеді

- дыбыстың жіптің бойымен қашықтықтан да жақсы естілетінін анықтайды

-сұрақтар қою арқылы сабақты түсінгенің анықтау

Рефлексия:

Дыбыс қоңыраушаларын соғу (жасыл, сары, қызыл) Түсіндім Сұрағым бар Түсінбедім


Пластик

стакандар, жіп, сіріңкешиі,

қайшы













Сұраққа жауапты қорытындылайды. Өз ойларын дәлелдейді.





«Шапалақтау» әдісі арқылы бағаланады




Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?


Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

«Бұл қандай дыбыс»тапсырмасы

Мақсат:дыбыстардың қатты және ақырын естілетінін біледі.

«Өзіңізді тексеріңіз» әдісі.

Мақсат:дыбыстың ауада да, суда да таралатынына қоры-тынды жасайды.

Жұптық жұмыс «Болжау»әдісі.

Мақсат: Металл түтік арқылы дыбысты тыңдап көріп, дыбыс-тың қатты естілетінін болжайды «Зерттеп көрейік» Мақсат:дыбыстың барлық бағытта да тарайтынын,оған тіпті су мен қатты денелер де кедергі келтірмей-тініне көз жеткізеді.

Практикалық жұмыс.«Телефон жаса».

Мақсат: дыбыстың жіптің бойымен қа-шықтықтан да жақсы естілетінін анықтайды

Критериалды бағалаудың қалыптастырушы бағалау түрі.

Оқушылардың түсіну деңгейін анықтау үшін олардың оқу мақсаттарына жеткендігінің немесе алға ілгерілеуінің деңгейін смайликтер, бағдаршам, бес саусақ, шапалақтап арқылы бағалап, қадағалап отырамын.

Зерттеу жұмыстары, тәжірибе орындау бары-сында қауіпсіздікті сақтауды ескертемін. Суға түскенде қауіпсіздік ережелерін ұстану туралы бейнежазба көрсету

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау ұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?



Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:Тақырыпқа сәйкес барлық жоспарлаған тапсырмаларым орындалды.

2: Уақытты үнемді пайдалана білдім.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойлыныңыз)?

1: Зерттеу жұмыстары және практикалық жұмыстар.

2:Дәптермен жұмыс және бейне жазба сабақты жақсартуға ықпал ете алды.

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

1.Пайдаланған зерттеу жұмыстар туралы және практикалық жұмыстардың қай пәндермен байланысатыны туралы .

2.Интерактивті тақтаны 15 минуттан артық пайдаланбауға көңіл бөлу.



































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.06.2018
3157
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 11