Дыбыс
табиғаты
Дыбыс,
кең мағынасында – газ, сұйықтық немесе
қатты күйдегі серпімді орта
бөлшектерінің толқын түрінде
таралатын тербелмелі қозғалысы; тар
мағынасында – адамдар мен жануарлардың
арнаулы сезу органымен субъективті
түрде қабылданатын құбылыс. Егер дыбыс
таралатын орта болмаса дыбыс та болмайды.
Жалпы
мәліметтер
Адам
16 Гц-тен 20 кГц-ке дейінгі жиіліктегі
дыбысты ести алады. Дыбыс
жөніндегі физикалық ұғым
адам құлағына естілетін, естілмейтін
дыбыстардың барлығын қамтиды. Жиілігі
16 Гц-тен төмен болатын дыбыс инфрадыбыс деп,
20 кГц-тен жоғары болатын дыбыс ультрадыбыс деп
аталады. Ал 109 Гц-тен 1012 – 1013 Гц-ке дейінгі
ең жоғары жиіліктегі серпімді
толқындар гипердыбысқа жатады.
Дыбысты қарапайым гармониялық тербелістерге
жіктеу (жиіліктік дыбыс талдау) нәтижесінде
алынатын спектр – дыбыстың маңызды
сипаттамасы болып табылады. Егер дыбыс
тербелісінің энергиясы жиіліктің кең
аймағында таралып жатса, онда ол
тұтас спектр деп,
ал дискретті (үзілісті)
жиілік құраушыларының жиынтығы болса,
онда ол сызық спектр деп аталады. Тұтас
спектрі бар дыбыс шу (мысалы,
ағаштардың желдің әсерінен болатын
сыбдыры, механизмдер дыбысы) ретінде
қабылданады. Музыкалық
дыбыс еселі
жиіліктері бар сызықты спектрге жатады;
мұнда естілетін дыбыстың негізгі жиілігі
– дыбыс биіктігін, ал оның гармониялық
құраушыларының жиыны – дыбыс тембрін анықтайды.
Сөйлеу кезіндегі дыбыс спектрінде
форманттар болады.
Дыбыс
көздерінің тербелісін қоздыру, көбінесе,
соққы (мысалы, қоңырау, шектер) арқылы
жүзеге асырылады. Мұнда автотербеліс
режимі (мысалы, үрлемелі музыкалық
аспаптарда ауа ағыны есебінен) ұсталуы
мүмкін. Табиғаттағы дыбыс, ауа ағыны
қатты денелерді орай аққанда, құйындардың
түзілуі және құйындардың сол денелерден
бөлінуі (мысалы, жел соққан кездегі
сымдар мен құбырлардағы дыбыс, т.б.)
кезінде пайда болады. Төменгі және
инфратөменгі жиіліктегі дыбыс жарылыс,
опырылыс кезінде туады. Қазіргі кезде
адам организміне және техникалық
жабдықтарға зиянды әсері болатын өнеркәсіптік,
көліктік шуларды және аэродинамикалықшу
көздерін зерттеуге үлкен көңіл аударылып
отыр. Дыбыс қабылдағыштар қабылдаған
дыбыс энергиясын энергияның
басқа түрлеріне түрлендіреді. Мысалы,
адамдар мен жануарлардың есіту аппараты
дыбыс қабылдағышқа жатады. Техникада
дыбысты қабылдау үшін, көбінесе, электр
акустикалық түрлендіргіштер (мысалы,
ауада микрофон,
суда гидрофон, ал жер қыртысында геофон)
пайдаланылады. Дыбыс толқындарының
таралуы, ең алдымен, дыбыс жылдамдығымен
сипатталады. Газдар мен қатты денелерде
қума толқындар (бөлшектердің тербеліс
бағыты толқынның таралу бағытымен
бағыттас) тарай алады. Ортаның біртекті
болмауы да дыбыс толқындарын (мысалы,
су көпіршігіндегі, теңіздің толқынданған
бетіндегі, т.б. дыбыстың шашырауы)
шашыратады. Дыбыстың
таралуына атмосфера, теңіздегі қысым,
температура, желдің күші мен жылдамдығы
да әсер етеді.
Дыбыстың
сипаттамалары
Толық
мақаласы: Дыбыстың
сипаттамалары
Дыбысты
сипаттау үшін біздің дыбысты қабылдауымызбен
байланысты дыбыс қаттылығы, тонның
биіктігі, тембр сияқты арнайы физикалық
шамалар енгізіледі.
Дыбыстың
қаттылығы неге байланысты болатынын
анықтау үшін камертонды пайдаланамыз. Камертон —
доға тәрізді қысқа сапталған металл
таяқша, оның көмегімен музыкалық дыбыс
алуға болады.
Камертондардың
немесе басқа гармоникалық тербеліс
жасайтын денелердің шығаратын дыбыстары
музыкалық дыбыстар
деп аталады.
Камертонның
бір тармағын таяқшамен ұрсақ, белгілі
бір дыбыс естиміз. Камертонның екі
тармағы да тербеліп, қоршаған ауада
дыбыс толқынын тудырады. Енді оның
тармақтарының біріне инені бекітейік,
осыдан кейін оның ине бекітілген тармағын
қарайтылған әйнек үстімен жүргізсек,
дыбыс шығарып тұрған камертонның
гармоникалық (синусоидалық) тербелісінің
графигін аламыз. Гармоникалық тербеліс
—тербелістердің ең қарапайым түрі
болып табылады, сондықтан камертонның
гармоникалық дыбысын да қарапайым дыбыс
деп санаймыз. Әдетте, мектеп камертондары
бірінші октаваның "ля" нотасына
сәйкес келетін дыбыс шығарады.[1]
Дыбыстың
шағылуы
Дыбыс
көзінен шыққан дыбыс толқындары барлық
бағытта тарайтыны өздеріңе жақсы таныс.
Ал осы дыбыс толқындары тарала отырып,
өзінің жолында қандай да бір бөгетті
кезіктірсе, онда олар шағылады. Дыбыс
толқындарының таралуы материялық
бөлшектердің қозғалысына ұқсас
болғандықтан, оның шағылуы серпімді
соққыдан (мысалы, қабырғаға соғылған
доптың кері серпілуінен) онша
ерекшеленбейді. Қарапайым бақылау
дыбыстың шағылуы кезінде а түсу бұрышы
оның в шағылу бұрышына тең болатынын
көрсетеді.
Жаңғырық
Толық
мақаласы: Жаңғырық
Тауда
естілетін жаңғырық та дыбыстың бөгеттен
шағылу нәтижесі болып табылады.
Жаңғырық —
қандай да бір кедергіден шағылған және
бастапқы таралған орнына қайта оралған
дыбыс толқындары.
Дыбыс
кедергілерден шағыла отырып, бақылаушыға
сәл кідіріп жетеді. Шағылған дыбысты
біз дыбыс көзі мен кедергі арасындағы
қашықтықты дыбыс толқындары екі рет
(дыбыс көзінен кедергіге жетуі және
қайтып оралуы) жүріп өткен кезде естиміз.
Шағылған дыбыстың барлығын біз жаңғырық
ретінде қабылдай бермейді екенбіз. Адам
құлағы алғашқы дыбыс пен шағылған
дыбысты жеке-жеке қабылдаған кезде ғана
жаңғырық пайда болады. Бұл екі дыбыстың
қабылдану уақытының арасы 0,1 с-тан кем
болмаған кезде ғана дыбыстар жеке-жеке
қабылданады екен. Бұдан біз жаңғырықты
дыбыс кезі мен бөгеттің арасы едәуір
алыс болған кезде ғана ести алатынымыз
байқалады.
Егер
ауада дыбыс жылдамдығы 340 м/с болса, онда
дыбыс 0,1 с аралығында бөгетке дейін және
одан қайтып оралғанша 2s-ке тең жол
жүреді. Онда бұл қашықтық шамамен
s
= vt/2 ; s = (340м/с * 0,1с) /2 = 17 м.
Дыбыс
жақын аралықтағы кедергілерден шағылған
кезде, ол алғашқы дыбыспен қосылады да,
оны күшейтеді. Сондықтан үйдің ішіндегі
дыбыс сырттағы дыбыстан қаттырақ болып
естіледі.
Тыңдаушылар
аз жиналған кең залда баяндамашының
сөзі жаңғырып, түсініксіз болады.
Қабырғалардан, орындықтардан шағылған
дыбыс тындаушыларға бір мезгілде
жетпейді. Осының нәтижесінде, алғашқы
дыбысқа қарағанда тыңдаушыларға
естілетін дыбыс ұзағырақ болып естіледі.