жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Дыбыс табиғаты. Әр түрлі ортадағы дыбыстың таралу жылдамдығы. Ультрадыбыс
Сабақтың технология картасы
Технологическая карта занятия
Пән/Дисциплина: Физика және астрономия
Мерзім/Дата ____________
Топ/Группа: ИС-111
Сабақтың/Урок №20
Тақырыбы/Тема занятия : Дыбыс табиғаты. Әр түрлі ортадағы дыбыстың таралу жылдамдығы. Ультрадыбыс
Сабақтың мақсаты/ Цель занятия Білім алушыларды физика пәнінен есептер шығаруға үйрету, нақтылыққа, дәлдікке үйрету.
Білімділік/ Оброзовательная Ақпараттық-коммуникативтік технологияны қолдана отырып,дыбыстың қасиеттері мен әртүрлі ортада таралуын ұғыну. Білім алушылардың білім деңгейін тереңдетіп, шығармашылыққа баулу.
Дамутышылық: Оқушылардың өз бетімен және ұжыммен жұмыс істеу біліктіліктерін, есте сақтау қабілетін, ой – өрісін дамыту, оларды шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру, танымдық белсенділіктерін қалыптастыру
Тәрбиелік/воспитательная Жауапкершілікті сезіне отырып жұмыс жасауға, ұқыптылыққа, өз жолдасының пікірін тыңдауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі/тип занятия
Сабақтың қамтамасыздандырылу/обеспечение занятия Әңгіме, лекция, кітаппен жұмыс.
Пәнаралық байланыс/межпредметная связь
Өз бетінше жұмыс/самостоятельная работа на занятие есеп шығару, ауызша сұраққа жауап беру
Сабақтың өту барысы/ход занятия
Ұйымдастыру кезеңі/Организационный момент
Сәлемдесу
Білім алушыларды түгелдеу
Окушылардың білітілігін тексеру
Үй тапсырмасын тексеру
Жаңа тақырыптың мазмұны мен жүйесі
Адам дыбыс дүниесінде өмір сүреді.Дыбысты құлағымыз арқылы естиміз.Біз адамдардың дауысын,құстардың сайрауын,саз аспаптарының дыбысын, нөсер кезіндегі күннің күркіреуін етиміз. Дыбыс құбылыстарын оқып-үйрететін физика тарауын акустика деп атайды.(грек. Akustikos- дыбыс деген сөзден шыққан). Дыбыс – газ, сұйықтық немесе қатты күйдегі серпімді орта бөлшектерінің толқын түрінде таралатын тербелмелі қозғалысы.
Дыбыс құбылыстарын оқып үйрену кезінде дыбыс көзі ретінде арнайы аспап – камертонды қолданады.Камертон - доға тәрізді қысқа сапталған металл таяқша, оның көмегімен музыкалық дыбыс алуға болады.Камертонның немесе басқа гармоникалық тербеліс жасайтын денелердің шығаратын дыбыстары музыкалық дыбыстар деп аталады.
Камертон Камертон тербелісі
Дыбысты сипаттау үшін біздің дыбысты қабылдауымызбен байланысты дыбыс қаттылығы, тонның биіктігі, тембр сияқты арнайы физикалық шамалар енгізіледі.
Камертонның бір тармағын таяқшамен ұрсақ, белгілі бір дыбыс естиміз. Камертонның екі тармағы да тербеліп, қоршаған ауада дыбыс толқынын тудырады. Енді оның тармақтарының біріне инені бекітейік, осыдан кейін оның ине бекітілген тармағын қарайтылған әйнек үстімен жүргізсек, дыбыс шығарып тұрған камертонның гармоникалық (синусоидалық) тербелісінің графигін аламыз. Гармоникалық тербеліс —тербелістердің ең қарапайым түрі болып табылады, сондықтан камертонның гармоникалық дыбысын да қарапайым дыбыс деп санаймыз. Камертонды таяқшамен неғұрлым қаттырақ ұрсақ, ол соғұрлым қаттырақ дыбыс шығарады және камертонның тармақтары едәуір үлкендеу амплитудамен тербелетін болады. Камертонды ақырын ұру — амплитудасы кіші тербеліс тудырады, бұл кезде бәсең дыбыс шығады. Демек, дыбыс қаттылығы дыбыс шығаратын дененің тербелістер амплитудасымен анықталады.
Дыбыс қаттылығы дыбыс шығаратын дененің тербелістер амплитудасымен анықталады. Өлшем бірлігі – Децибел (дБ)
1 бел = 10 дБ Телефонды ойлап тапқан американдық өнертапқыш А.Бельдің құрметіне берілген.
Тербелістер амплитудасы
Дыбыс көзінің шығаратын энергиясы дененің тербелістер амплитудасымен анықталады. Демек, дыбыс қаттылығы да тербеліс энергиясына байланысты болады. Алайда біз дыбыс туралы айтқанда, оларды энергия шамасымен бағалауымыз өте қолайсыз. Біздің құлақ жарғағымызға жететін ең қатты дыбыстардың (құлақты ауыртатын) энергиясы адам қабылдай алатын ең бәсең дыбыстардың энергиясынан он триллион есе артық болады.
Оның үстіне, дыбыс қаттылығы мен тербеліс энергиясы арасында тура пропорционалды байланыс жоқ. Өйткені адам құлағы әртүрлі жиіліктегі дыбыстарды бірдей қабылдамайды. Дыбыстардың тербеліс энергиясы бірдей болған жағдайда, біз жиілігі 1000—5000 Гц аралығындағы дыбыстарды жақсырақ қабылдайды екенбіз. Сонымен қатар әр адам дыбыстарды түрліше қабылдайды. Мысалы, қандай да бір дыбысты бір адам қатты, ал екінші адам ақырын деп қабылдауы мүмкін. Құлақ ішіндегі дабыл жарғағының дыбысты сезу қабілеттілігі жастың ұлғаюымен де кеми түседі. Бұл кезде есту диапазонының төменгі шегі жоғарылап, жоғарғысы кемиді. Демек, қаттылық дыбыстың субьективті сипаттамасы болып табылады.
Дыбыс қаттылығының деңгейін өлшеу үшін логарифмдік шкала бекітілген. 16 Гц-тен 20 000 Гц-ке дейінгі адамдар қабылдайтын дыбыстар диапазоны 0-ден 140 дБ-ге дейінгі шектегі логарифмдік шкалада қамтылып беріледі. Децибел (дБ) — 1847—1922 жылдары өмір сүрген, телефонды ойлап тапқан американдық өнертапқыш А. Бельдің құрметіне бел (Б) деп аталған қаттылық бірлігінің ондық үлесі, яғни 1 бел 10 децибелге тең.
Дыбыстың биіктігі
Дыбыстың биіктігі неге тәуелді болатынын анықтау үшін екі камертон алып, оларды дыбыс шығаруға мәжбүр етеді. Егер олардың тербеліс графиктерін салса, онда кішірек камертонның тербеліс жиілігі үлкенірек камертондыкінен көп болатынын байқауға болады. Демек, дыбыс биіктігі тербеліс жиілігімен анықталады.
Сонымен, тон биіктігі тербеліс жиілігімен анықталады, яғни тербеліс жиілігі үлкен болса, тон да биігірек болады.
Видеофильм. «Дыбыстың құмға әсері »
Неміс физигі Эрнст Хладни дыбыстың әсерінен құм,тербелістегі пластинанаың үстінде нақты геометриялық өрнек түзетіндігін байқады.Суреттің формасы дыбыс жиілігіне байланысты.
«Ән салғыш бокал» тәжірибе көрсетіледі.
Дыбыстың тембірі
Дыбыстың тағы да бір маңызды сипаттамасы — оның бояуы немесе музыканттардың айтуынша, оның тембірі болып табылады.
Тембр — адамның дауысына немесе аспаптың үніне өзіндік бояу беретін дыбыстың сапасы.
Дыбыстың тембрі бойынша біз кімнің сөйлеп жатқанын немесе қандай аспапта ойнап жатқанын анықтай аламыз, яғни дыбыс тембрі бойынша дыбыс көзі анықталады. Мысалы, қаттылығы да, жиілігі де бірдей дыбыстардың әртүрлі музыкалық аспаптардағы үні түрліше шығады, бірдей нота түрліше орындалады.
Денелердің гармоникалық тербелістері синусоидалық толқындар деп аталатын толқындарды туғызады. Алайда нақты дыбыстың белгілі бір жиілігі бар тербеліс жасауы өте сирек кездеседі.
Осындай күрделі дыбыстың ең төменгі жиілігі негізгі жиілік, ал оған сәйкес келетін белгілі бір биіктіктегі дыбыс негізгі тон деп аталады. Күрделі дыбыстың биіктігі дәл осы негізгі тонның биіктігімен анықталады. Осы тон бойынша адамдардың даусы, аспаптардың дыбыстары жоғары немесе төмен болады.
Әдетте, негізгі тонға обвртондар немесе гармоникалар деп аталатын қосымша жиіліктер ілесе жүреді.Әсіресе әншілердің даусы, скрипка үні обертондарға бай.
Дыбыстың шуы
Шу—әр түрлі жиіліктегі дыбыстардың ретсіз қабаттасуы болып табылады.
Жапырақтың сыбдыры, өзен суының сылдыры, құстардың дауысы, судың сәл шалпылы сияқты шулар адамға жағымды естіледі. Алайда дыбыстардың мұндай табиғи үнін үлкен елді мекендер мен қалаларда өнеркәсіп, көлік және т.б. шулары басып тастауда. Мысалы, өнеркәсіп шуының қаттылық деңгейі кейбір өндіріс орындарында 90 дБ-ге жетеді және одан да жоғары болуы мүмкін. Тұрмыстық; техника деп аталатын шулардың жаңа көздері пайда бола бастаған біздің үйімізде де тыныштық жоқ.
Адамды қалыпты күйінен шығаратын шу — кез шағылыстыратын жарықтан, улы газдан, күйіп қалудан туындайтын салдар сияқты зиянды әсер етеді.
Шуға бұрын көп көңіл бөлінбейтін, ол өркениет пен техника дамуымен ілесе жүретін салдар ретінде түсінілетін. Алайда қазіргі кезде шу адам денсаулығына кері әсерін тигізе бастады. Шу деңгейінің жоғары болуы құлақтың дыбыс қабылдауын нашарлатады және оның организмнің жүйке-психологиялық әрекетіне тигізетін зияны өте зор, оның байқаусыз әсері шу ауруына әкелуі мүмкін.
Адамды шудың теріс ықпалынан қорғау үшін денсаулық сақтау мекемелері шудың шекті деңгейінің сындық санитарлық нормаларын бекіткен. Осы нормаларға сәйкес шудың қаттылық деңгейі 30—40 дБ-ден артпауы тиіс.
Еріксіз тербелістер амплитудасының жиілікке тәуелділігін анықтаймыз.
Мәжбүр етуші күштің тербеліс жиілігі мен тербелмелі жүйенің меншікті жиілігі дәл келген кездегі еріксіз тербелістер амплитудасының кенет арту құбылысы резонанс деп аталады.
Акустикалық резонанс .
Екі камертонды алып,бірін тербелтейік.Сәл уақыттан соң оның тербелісін қолымызбен басып тоқтатсақ,екінші камертонның дыбыс шығарып тұрғанын естиміз.Екінші камертонды ешкім тербеліске келтірмегендіктен, оның тербелуіне бірінші камертоннан ауа арқылы берілген тербеліс әсер етті деген қорытындыға келеміз.Бұл құбылыс акустикалық резонанс деп аталады. Ал резонанс тудыра алатын жәшіктер резонаторлар деп аталады.
Резонанс құбылысы музыкалық аспаптардың дыбысын күшейту үшін қолданылады.
Тербеліс жиілігі 16 Гц-тен төмен дыбыс толқындары ирфрадыбыс деп аталады. Адамның есту мүшесі бұл дыбыстарды қабылдамайды.
5 Гц-тен 9 Гц-ке дейінгі жиілік аралығында инфрадыбыстар бауырдың,асқазанның,көкбауырдың тербеліс амплитудаларын арттырады,көкірек қуысында ауыртпалық туғызады,ал 12-14 Гц жиіліктерде құлақта шуыл пайда болады. Инфрадыбыстардың бірнеше жүздеген километрге таралу мүмкіндігі әскери мақсатта,балық аулау кәсібінде пайдаланылады. Теңізде туындайтын инфрадыбыстарды медуза,су шаяны тәріздес теңіз жәндіктері жақсы қабылдайды.
Жиілігі 20000 Гц-тан жоғары дыбыс ультрадыбыс деп аталады.
Медицинада ультрадыбыс адам денесін ультрадыбыстық тексеру үшін пайдаланады.Сүйек,май және бұлшық еттер ультрадыбысты түрліше шағылдырады.
Ультрадыбыстық тексеру жолымен сырқат адамның денесіндегі әртүрлі ауытқулар – қатерлі ісіктер,дене мүшелері пішінінің өзгерулері анықталады.
Енді мына дыбыстарды ести отырып,қандай дыбыстар екенін анықтап,сұрақтарға жауап береміз.
1.
Үкі – түн құсы. Оның дауысы түнгі орманда
жоғалып кетпей, алысқа дейін естіледі.
Бұны қалай түсінуге болады?
(
Жауабы: Үкінің дауысының жиілігі төмен
және салыстырмалы түрде толқын ұзындығы
үлкен болады. Сонымен қоса оның дауысы
үлкен энергияға ие.)
2.
Неге шәйнек қайнар алдында шуылдайды
және неге суы аз болғанда қаттырақ шу
шығады?
(Жауабы:
Алдымен бу көпіршіктері түбінде пайда
болады, сосын суық қабатына көтеріледі.
Бұл жерде бу конденсацияланады да
көпіршік жарылады. Көп көпіршіктердің
дауысы шу сияқты естіледі. Қайнаған
судың дауысы шәйнектің бетіндегі ауа
резонансын тудырады.)
3.Дискотекадағы музыканың дыбыс қаттылығы неге тең? (110-120Дб)
4.Найзағай жарқылы мен күннің күркіреуі бір мезгілдеболады. Найзағай жарқылын біз сол мезетте-ақ көреміз,ал күннің күркіреуі бізге сәл кешігіңкіреп жетеді.Неге? (Себебі, жарық жылдамдығы 300000км/с, алдыбыстың ауада таралу жылдамдығы 330 м/с )
5.Домбыра мен скрипка бір нота орындатылады, осы аспаптардың шығаратын дыбыс жиіліктері бірдей ме? (Бұл аспаптардың жиіліктері бірдей, бірақ тембрі әртүрлі болады. Біз тембріне қарай музыкалық аспапты немесе кімнің сөйлеп жатқанын анықтай аламыз )
6.Жаңғырық қалай пайда болады? (Дыбыс бөгетке барып шағылып,бастапқы таралған орнына оралады )
7.Ұялы телефоның ең көп радиация тарататын кезі?(Ұялы телефондар ең көп радиация таратқан кез – телефон шырылдаған кез және сіз терген номерге байланыс құрған кезі)
Қосымша тапсырма.
Тест тарсырмалары.
Жиілігі 16 Гц-тен төмен дыбыстар қалай аталады?
А. инфрадыбыстар В. акустикалық дыбыстар
С. ультрадыбыстар Д. толқындық дыбыстар Е.резонанс
2. Адамның есту мүшесі қабылдайтын дыбыс толқындарының жоғары жиілігі қандай?
А. 20 000Гц В. 200 000Гц
С. 200Гц Д. 2Гц Е.20Гц
3. Дыбыс қаттылығы немен анықталады?
А. осциллограф В. дыбыс зорайтқыш
С. камертон Д. генератор Е.ток көзі
4. Дыбыс қаттылығы қандай шамаға тәуелді?
А. тонның биіктігіне В. тербеліс амплитудасына
С. тербеліс жиілігіне Д. таралу жылдамдығына
Е. тербеліс энергиясына
5. Дыбыс қаттылығының бірлігі қандай?
А. метр В. герц
С. метр/секунд Д. децибел Е.км/с
6. Ауадағы дыбыстың таралу жылдамдығы
А. 330м/с В. 50м/с
С. 1480м/с Д. 5600м/с Е.1280м/с
7. Ұшақтың көтерілу кезіндегі дыбыс қаттылығы
А. 100дБ В. 50-60дБ
С. 90дБ Д. 10дБ Е.120дБ
8.Қандай
да бір кедергіден шағылып, бастапқы
таралған орнына қайта
оралған толқын
А. Шу В. Дыбыс
С. Резонанс Д. Жаңғырық Е.Тон
9. Дыбыс қаттылығы қандай шамаға тәуелді?
А. тонның биіктігіне В. тербеліс амплитудасына
С. тербеліс жиілігіне Д. таралу жылдамдығына
Е. тербеліс энергиясына
10. Тұрғын үйдегі шу нормасы
А. 100дБ В. 20-30дБ
С. 120дБ Д. 10дБ Е.90ДБ
Тест жауаптары:
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
А |
А |
С |
В |
Д |
А |
Е |
Д |
С |
В |
Бағалау критерийлері: 9-10балл – «5»
7-8 балл – «4»
5-6 балл – «3»
Рефлекция Не білгім келеді? Не білдім? Не үйрендім?
Бағалау/Домашнее задание
Есеп шығару: А.П.Рымкевичің «Физика есептерінің жинағы»
Әдіскер___________ А.Б.Исаева
Оқытушының қолы ______________ Н.Ғ.Қожан

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген