жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
«Дыбыстар әлеміне саяхат»
Үміт» мамандандырылған бөбектер үйі
Ашық оқу қызметі:
«Дыбыстар әлеміне саяхат»
Логопед: Есмағамбетова Д.К.
«Балдырған» тобы
Ойын-сабақ тақырыбы: «Дыбыстар әлеміне саяхат»
Білімділік мақсаты: Дыбыстарды дұрыс, анық айтуға дағдыларын қалыптастыру. Артикуляциялық аппараттарын машықтандыру. Тілдің грамматикалық негіздерін қалыптастыру. Дауысты, дыбыстарды анық, дұрыс айтуға үйрету.
Тәрбиелік мақсаты: Балаларды бір-бірін құрметтеуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық мақсаты: Керекті көрнекіліктерді пайдалана отырып логикалық ойлау, есту қабілеттерін дамыту. Ойын арқылы білімдерін жетілдіру. Фонетика-фонематикалық дағдыларын дамыту.
Көрнекілік: «А», «о», «у» дауысты дыбыстары жазылған атрибуттар, кейіпкерлер, безендірілген зал, бал, бал салынған ыдыс, арнайы таяқша, зырылдауық, магнитті тақта.
Сөздік жұмыс: «А», «о», «у» дауысты дыбыстары.
Әдіс-тәсілдер: Көрсету, артикуляциялық жаттығу, саусақ жаттығулары, тыныс алу жаттығулары.
Сабақ барысы:
І. Мотивациялық қозғаушы:
Музыкалық зал орманның көрінісімен бейнеленген.
ІІ. Ізденуші-ұйымдастырушы:
Логопед балаларды залға алып кіреді:
Балалар бүгін біз дыбыстар әлемі орманына саяхатқа шығамыз. Менің қолымда не бар, қараңдаршы? Бұл не? Бұл себет балалар. Себетке біз дыбыстар орманынан дыбыстарды жинаймыз. Алдымыздан аю (кейіпкер) шығады. Балалар аюдан қорыққаннан а – а – а деп дыбыстайды.
Аю:
Саламатсыңдар ма балалар, сендер меннен қорықпаңдар.
Логопед:
Саламатсың ба аю, балалар бұл аю ғой қорықпаңдар, келіңдер.
Аю:
Мен сендерге «А» дыбысын алып келдім, - деп «А» дыбысын көрсетеді. Менің атым қандай дыбыстан басталады? Аю – а дыбысынан басталады.
Логопед:
Қанеки барлығың қайталаңдаршы а – а – а. «А» дыбысы дауысты дыбыс. Дауысты дыбыстарды айтқанда бізге еш нәрсе кедергі болмайды, оларды созып, әндетіп те айтуға болады а – а – а. Жарайсыңдар. Ал енді дыбысымызды себетке салып қояйық.
Логопед «а» дыбысын себетке салып қояды:
Аю, сен не жеп отырсың? Бал екен балалар, біз де бал жегіміз келіп кетті. Бізге бал бересің бе?
Ия, - аю балалардың еріндеріне бал жағып береді.
Логопед:
Балалар, енді ернімізді жалаймыз. «Тәтті тосап» жаттығуын есімізге алайық. Тілімізді шығарамыз, ерінімізді жалаймыз (артикуляциялық жаттығу).
Залға «жел» (кейіпкер) кіреді:
У – у – у. Саламатсыңдар ма балалар. Мен желмін. Сендер неге жүрсіңдер орманда?
Логопед:
Саламатсың ба жел. Біз дыбыстар әлеміне саяхатқа келдік. Алдымыздан аю шығып, бізге «а» дыбысын сыйлады, және балдың дәмін татқызды.
Аю:
Ия жел, саламатсың ба. Дұрыс айтады мен «а» дыбысын сыйладым, ал сен балаларға не алып келдің?
Жел:
Мен у – у – у деп жел тұрғызамын. Жел тұрғанда у дыбысы шығады. Сол үшін у дыбысын жақсы көремін. Сендерге балалар мен «у» дыбысын алып келдім.
Логопед:
Жел бізге «у» дыбысын алып келіпті. У – дыбысы дауысты дыбыс, оны да созып, әндетіп айтуға болады. Қане балалар у – у – у деп қайталаңдаршы. 2 – 3 рет қайталатады. «У» дыбысын да біз себетімізге салып қояйық.
Жел:
Менің сендерге сыйлығым бар. Балаларға зырылдауық береді. Балалар бұл не екен? Зырылдауық. Зырылдауықты біз қайтып үрлейміз? Мұрынмен терең тыныс алып, зырылдауыққа үрлейміз. Қане менің артымнан қайталаңдаршы, 2 – 3 рет қайталау (тыныс алу жаттығуы).
Логопед:
Жел одан да қатты тұрып кетті ғой. Біз жаурадық па балалар? Аю сен жаурадың ба? Қане, қолымызды жылытайықшы, сипалаймыз, ысқылаймыз, әр саусағымызды сипалап ысқылаймыз. Алақандарымызды ысқылаймыз (логопедиялық массаж).
Логопед:
Жел қайтадан тұра бастады ғой (жел балаларды 2 топқа бөліп кетеді: аю тобы және логопед тобы).
Логопед, (аю):
Балалар біз қатты желден орманда адасып қалдық. Жел болса басылып қалды. Аю мен қалған балаларды іздейікші ау – ау – ау. Балалармен 2 – 3 рет қайталау.
Логопед:
Ой жақсы болды ғой, біз балаларды тауып алдық. Біз қуанып кеттік о – о – о (шапалақтаймыз). Балалар біз қазір қандай дыбыс тауып алдық? О дыбысын тауып алдық. О – дыбысы дауысты дыбыс. Қанеки қайталайықшы о – о – о. 2 – 3 рет қайталату. Оны да біз себетімізге салып аламыз.
Орманда серуендеп жүргенімізде қайта жел тұрады.
Жел:
Балалар мен сендерді орманда жүріп шаршап қалды деп ашық алаңға демалсын деп алып келдім. Жарайды балалар. Мен сендердің мазаларыңды алмаяқ қояйын. Сау болыңдар балалар. Жел қайтып кетеді.
Логопед:
Сау бол жел, рахмет саған. Келіңдер балалар отырып демалайық ох – ох – ох. Аю сен де шаршадың ғой кел сен де бізбен демал. Ох – ох – ох .Балаларға 2 – 3 рет қайталатады.
Аю:
Ой балалар, мен ұмытып кетіппін, менің бітпеген жұмыстарым бар еді орманда. Мен қайтайын жақсы сау болыңдар балалар.
Логопед :
Рахмет саған аю, сау бол.
ІІІ. Қорытынды:
Логопед дыбыстар салынған себеттің ішіндегі дыбыстарды алып магнитті тақтаға іледі:
Балалар, біз бүгін дыбыстар әлеміне орманға саяхатқа бардық. Онда қандай дыбыстармен таныстық? Орманда нені кездестірдік? Аюды, желді кездестірдік. Аю бізге қандай дыбыс алып келді? «А» дыбысын алып келді. А - дауысты дыбыс. «А» дыбысы а – а – а қане қайталаңдаршы а – а – а (дыбысты тақтаға қыстырып қояды). Және нені кездестірдік орманда – желді. Жел бізге қандай дыбыс алып келді? «У» дыбысын, қане у – у – у ,- деп қайталайықшы. Тақтаға қыстырып қояды. Орманда жүргенде сондай қызықты сәттер болғанда, біз өзіміз қандай дыбыс тауып алдық? «О»дыбысын тауып алдық. О – о – о деп балалар қайталайықшы. Тақтаға қыстырып қояды. Қорыта келгенде балалар, бұлардың барлығы қандай дыбыстар? Дауысты дыбыстар. Олар еш кедергісіз, созылып, әндетіп те айтуға болады.
Балалар сендер білесіңдер ғой дауысты дыбыс пен дауыссыз дыбыс қосылғанда бізде буын шығады. Буыннан сөз құралады. Сендерге ұнады ма орманға дыбыстар әлеміне саяхатқа барғанымыз?
Балаларды мадақтау:
Балалар, сендер сабаққа жақсы қатыстыңдар, жарайсыңдар. Рахмет сендерге.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген