400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Дыбыстар мен әріптер

Материал туралы қысқаша түсінік
Сауат ашудан ашық сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы



Пән: Сауат ашу

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Мектеп

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: «1»

Қатысқандар саны: 20

қатыспағандар саны:


Сабақ тақырыбы

1– сабақ Ас – адамның арқауы. Дыбыстар мен әріптер.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.1.7.1 Тыңдалған мәтінге өз көзқарасын жай сөйлеммен білдіру(ұнайды\ұнамайды)

1.1.8.1 Берілген сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрап айту

1. 1.9.1 Сөздегі дыбыс түрлерін(дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажырату және дұрыс дыбыстату

1.3.8 .1 Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғары және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу


Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар білуге тиісті: Жаңа білімді меңгереді

«Оқушылардың көпшілігі білуге тиіс: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақ арқылы талқылайды.

Кейбір оқушылар білуге тиіс: Алған білімді өмірде қолдана алады.

Ойлау дағдылары

Білу, түсіну, қолдану

Бағалау критерийлері

Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

Нақты сөйлеу арқылы, негізгі ойды түсінгенін жеткізеді.

Тілдік мақсаттар

Тілдік емес пәндер үшін құрастырылады.

Құндылықтарды дарыту



Ауызша және жазбаша тілін дамыту арқылы сөйлеу мәдениетін жетілдіру қарастырылады. Бірін-бірі тыңдау, сыйлау әдебін үйренеді.

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, өзін-өзі тану

АКТ қолдану дағдылары

Дереккөздерін телебағдарламалар мен интернет желілерінен ата-ана көмегі арқылы іздей алады

Бастапқы білім


Дыбыс пен әріп жайлы біледі. Тіл дыбыстарынан өзге де дыбыстар бар екенін түсінеді.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

2 минут














2 минут

(МК; Ұ) Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Көзді салып қараңыз,

Былай қанат қағамыз.


Айтылым:

«Дұрыс\ дұрыс емес» ойыны арқылы суретті кеспемен тағам түрлерін ұсынамын. Олар өз ойларымен пайдалы астар мен зияны мол астарды екіге бөледі. (кирешки, нан, сүт, айран, ет, қияр, ролтон, чипси, кәмпит т.б)








Суретті үлестірме

Сабақтың ортасы

4 минут





5 минут





















Сергіту сәті:

2 минут













Қызықты тапсырма: 5минут

Тыңдалым мен айтылым. Оқулықтағы диалогты оқып беріп, оқушы пікіріне кезек беремін.

-Қалаған тағамыңды тоя жеу дұрыс тамақтануға жата ма? (оқушы ойы)

Дескриптор: - Зейін қойып тыңдады,

  • Ойын дәлелді жеткізуге дағдыланды;

Жазылым мен айтылым :

«Теріп жазу» 1- жаттығудан тағам атауларын теріп жазып оларды айтады, дыбыстық талдау жасайды.(бутерброд, сүт, айран, қытырлақ, кәмпит)

  • Қай кейіпкер дұрыс тамақтанды?

  • Тамақтан адам денсаулығына зиян келе ме?

Shape2 Shape1

сүт

Shape3

бутерброд

айран




Shape4

кәмпит


Shape5

қытырлақ




Дескриптор:

  • Көркем, сауатты жазу, дұрыс айту дағдысын меңгерді;

  • Ойын жүйелей алды;

«Мен қалай тамақтанам?» «ым-ишара»әдісімен қимыл

жасаймыз

Қолымызды жуамыз, сүртеміз. Үстел басына жайғастық, ыдысты жақындатып, ас ішуге кірістік. Бір үзім нан алып шайнаймыз-шайнаймыз, енді жұтамыз. Бір жұтым сусын ішеміз. Асымызды тақап, шайнаймыз-шайнаймыз, жұтамыз. Болған соң аз ғана тыныстап, қолымызды сүртіп орнымыздан тұрамыз.

-Балалар ас ішкен кезде ас ішу әдебін сақтаған жөн. Олар жайлы біз не білеміз?(оқушы ойы)

Тыңдалым мен айтылым

«Бұл ненің үні?» ойыны

-Ас ішу кезінде дыбыстар шыға ма?

-Дыбыстар біздің өмірімізбен тығыз байланысты екен?

(Дыбыстар тыңдатылады оқушылар анықтайды)

-Соңғы дыбыс ненің дыбысы?

-Көлік пен тағам арасын байланыстыруға бола ма?

-Балалар біз бұл дыбыстарды не істедік? Осы дыбыстарды жаза аламыз ба?

-Ал біздер жаза алатын дыбыстар бола ма?

- Ал бізге жазу үшін не керек?

Дескриптор:

Дыбыстарды ажырата алды;

Дыбыс туралы ұғымды меңгерді;

Дыбыс пен әріп байланысын түсінді;


Оқулық






Оқулық, дәптермен жұмыс


















аудиожазба

Сабақтың соңы


5 минут




Рефлексия:

2 минут

«Суретті әңгімеле» әдістемесі оқушылар өз ойларын болжау нұсқасымен айтады. Оқиғаның басы мен соңынан бейне көрсетіп, оқушы әңгімелейді.


Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді.

Жасыл – толық түсіндім, сары – толықтыру керек, қызыл – дайындық қажет. Кеме желкені тапсырмалар барысында боялып отырылады.

Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын белгілі бір критерийлер бойынша бағалай алады

Сериялы суреттер

Саралау – оқушыларға бағыт беруші болып, белсенді оқу мен зерттеушілік жасау дағдысын қалыптастырамын. Ол үшін оқушы деңгейіне орай тапсырмалар үлестіру.

Бағалауды әр тапсырманы орындау барысында бағдаршам түсімен жүргіземін.

ЖРисунок 5 асыл – жарайсың, сары -жақсы, қызыл – іздене түс.



Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы






Сабақ бойынша рефлексия

Оқу мақсаттарына сай сабақ мақсаттары дұрыс қойылды.

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді. Сабақта саралау сұрағы дұрыс жүргізілді. Уақытты ұтымды пайдаландым.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1. Оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі артты

2. «Суретті әңгімеле», «Дұрыс\дұрыс емес», «Теріп жазу», «Бұл ненің үні?» ойын- әдістеріне орай оқушылар өз ойларын жүйелі жеткізе алды

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1. Оқу мақсатына жететін тапсырма беру, ресурстарды дұрыс пайдалану мен жұмысты жүргізу формасының дұрыс таңдалуы

2. Оқушылардың назардан тыс қалмай толық қамтылуы. (Тапсырмалардың қызықты, жеткілікті болуы)

Барлығы: Сабақ мазмұнын ұғына білді.

Көпшілігі жиі кездесетін сөздерді тұтас, түсініп оқыды.

Кейбіреуі тақырыпқа байланысты керекті сөздерді, сызбаны қолданды.






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
23 қаңтар
552
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі