Ортасы 20
минут
|
Білу және түсіну 10
минут
Оқушылар оқулықтағы негізгі
тақырыппен
танысады.
- Бесік
деген не? Бесік неден жасалған?
- Бесікке жатқан бала бар ма?
- Бесікке байланысты қандай салт – дәстүрлерді білесіндер?
Слайдқа назар аударып, оқушылардың шілдехана, бесік той, қырқынан
шығару, түсау кесу туралы ойларын тыңдау.
-Сендер қандай бесік жырларын
білесіңдер?
(1-2
оқушы айтады)
-Ендеше
мынадай Бесік жырын тыңдап көрейік. Үнтаспадан тыңдату.
-Сендерге ұнады ма? Әннен
қандай әсер алдыңдар?
-Бесік жыры тұрмыс салт
жырларының көне түрінің бірі. Әлемде Бесік жырын айтпайтын халық
жоқ. Бесік жырының басты қызметі-бесік тербелісіне ыңғайлас сазды
әуен, ырғақты сөзбен баланы тыныштандыра отырып, оның жан-жүйесі
мен санасына ұлттық тәрбиенің алғашқы нәрін сіңіру. Бесік жырлары
ел арасында ежелден айтылып, әбден қалыпқа түскен, барлық жерлерде
мазмұны мен әуені өзгертілмей орындалады. Олар: «Әлди, әлди ақ,
бөпем,, Ақ бесікке жат бөпем!» деген ана мейіріміне толы өлең
жолдарымен басталып, баланы жұбататын, алдандырып тәтті ұйқыға
батыратын шумақтарға ұласады.
«...Айыр қалпақ
киісіп,
Ақырып жауға
тиісіп,
Батыр болар ма
екенсің!
Бармақтарың
майысып,
Ою- өрнек
ойысып,
Ұста болар ма
екенсің!
Таңдайларың
тақылдап,
Шешен болар ма екенсің!»деп
баласының болашағынан көп үміт күтеді.
Бұл –бесік жырының бір түрі
ғана. Осындай әдемі әуенмен астарында ізгі тілегі бар бесік жырын
тыңдаған бала шебер болуға да, шешен болуға да ұмтылып өседі.
Баланың бойына әсерлі әуен, сұлу сөзбен айтылатын ананың әлдиі ана
сүтімен қосылып осылай сіңеді. Бесік жырының толып жатқан түрі бар.
Сәбиінің аман өсуінен бастап, болашақ өміріне деген тілегі, сенімі,
ниеті әдемі әнге шумақ болып өріліп, анасының айтуымен балаға
жетеді. Тіпті алыстағы төркініне деген сағынышын да бөпесіне айтып,
баласымен сырласа отырып «әй, әй, бөпем, артта қалған, елімді көрер
ме екем ..» деп іштегі шерін бесік жырына қосқан. Анасының еліне
деген сағынышы бөпеге беріліп, ол анасын аяйтын, ардақтайтын,
мейірімді әрі жанашыр болып өседі екен.
Бесікті қарағай, қайыңнан,
талдан иіп жасайды. Мұндай бесік жеңіл, ықшам әрі берік,
көшіп-қонуға ыңғайлы болады. Бесікте жатқан бала әрі таза, әрі жылы
жатады.
Оқулықпен
жұмыс.
1. Мағжан Жұмабаев
атамыздың Бесік жырын оқып көрелік.
1-2 оқушыға мәнерлеп
оқыту.
Бесік
жыры
Күнім,
айым,
Еркетайым,
Бөлейін
енді.
Тыста
дауыл,
Жатқан
ауыл,
Ұйқың да
келді.
-Өлеңнің ұйқасына мән
берейік. Бірінші қатар мен екінші қатар ұқасады, үшінші қатар
ұйқаспайды. Ендеше бұл- егіз ұйқас деп аталады.
Өлеңді мәнерлеп оқу. Оқушыларға тізбектей оқыту.
2. Өлеңді
талдау.
-1-бөлімінде не туралы
айтылады?
-Балаға жылы сөздер айтып,
бесікке бөлейін дейді.
2) Тыстағы ауыл жайлы
айтылады.
3) Баланың жылы, жұмсақ
төсегі- бесік екені жайлы айтылады.
4) Анасы баласына әлди,
әлди деп көзіңді жұмып, тәтті ұйқыға бата ғой
дейді.
5) Қорадағы малдар, төлдері
барлығы да ұйқыда.
6) Баланы жұлдызға, күн
нұрына теңеп, тәтті ұйқыға кіре ғой дейді.
Қолдану 8 минут
«Интервью» әдісі
Жалпыға арналған
тапсырма:
Оқушылар тақырып
аясында сұрақтар құрастырады. Сұрақтар тақтаға ілінеді. Оқушылар
бір-бірінің сұрақтарына жауап
береді.
|
«Әлемді
шарлау» әдісі арқылы
түсіндіріледі.
«Интервью»
әдісі
Оқушылар өз оайларын
стикерлерге жазып
жабыстырады.
|
Аяқталуы 20
минут
|
Синтез
І
топ.
Суретпен жұмыс.
-Суретте
кім бейнеленген?
-Суретке
қарап, Алтынсариннің жоғарыда берілген өлеңін қара сөзбен
әңгімеле.
-Түнде
баласы жылағанда, барлығы ұйықтап жатқанда анасы тәтті ұйқысынан
тұрып, баласын тамақтандырады. Бесігін тербетіп
жұбатады.
ІІ
топ. Ана
мен балаға қатысты мақал-мәтелдер айтып
көрейік.
Анаңның
қарызынан
Меккеге
үш арқалап апарсаң да құтылмайсың.
Әке-асқар тауың,
Ана-
шалқар көлің.
ІІІ
топ.
-Сенің анаң саған қандай жылы сөздер айтады? (Гүл пішініндегі
қағазға жазу,ана суретінің тұсына
ілу)
Айым,
күнім, жұлдызым, ботам, қошақаным,
құлыншағым.
|
Оқушылар топпен
жұмыс жасайды
|