400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Дыбыстарды дұрыс айтайық» (а-ә, о-ө)

Материал туралы қысқаша түсінік
балаларды дауысты дыбыстарды (а-ә, о-ө) дұрыс айта білуге үйрету. Артикуляциялық жаттығуларарқылы дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру.Үй құстары мен үй жануарларына қамқор болуға тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Тобы: «Балауса»

Тәрбиешінің аты-жөні: Матнаева Ж.А.

Білім беру саласы: Коммуникация

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту

Мерзімі: 02.10.2017ж

Тақырыбы: «Дыбыстарды дұрыс айтайық» (а-ә, о-ө)

Мақсаты: балаларды дауысты дыбыстарды (а-ә, о-ө) дұрыс айта білуге үйрету. Артикуляциялық жаттығуларарқылы дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру.Үй құстары мен үй жануарларына қамқор болуға тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі-құралдар: демонстрациялық материалдар, төлдердің суреттері

Билингвальды компонент: әтеш-петух, лақ-козленок



Оқу іс-әрекетінің кезеңдері


Тәрбиешінің іс –әрекеті




Балалардың іс –әрекеті






Мотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері

Алдымыздан кезіккен

Көп танысты көреміз

Бәріне де ізетпен

Біздер сәлем береміз


Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір-бірімен амандасады






Ұйымдастыру-шылық –ізденістік

Суретпен жұмыс

Тәрбиеші балаларға кішкентай баланың суретін көрсете отырып:

Келгенше апам жұмыстан

Бесікте ойынап жатады.

Әрнені ұғып дыбыстан

«А-а-а» - деп үн қатады.

Бұл кім?

  • Кішкентай бала «а-а-а», - деп ән салады екен. Кәне бәріміз қайталайықшы.

  • Кейбір балалардан жеке-жеке сұрайды. Тәрбиеші бұзау, лақ, әтештің суреттерін көрсетеді. Олардың қалай дыбыстайтынын айтады.

Ақ бұзауыы ұнайды,

«Мө-мө» -деп сүт сұрайды.

Ақ бұзауым жақсы фермада,

Апарамын көрмеге.

(Е.Өтетілеуұлы)

- Бұзау қалай дыбыстайды? («Мө-мө-мө» деп дыбысты қайталау)

- Балалар, бұзауды еркелетіп, «әукім-әукім-әукім» деп шақырады.





Тәрбиеші лақтың суретін көрсетіп:

Лағым-ау, лағым

Естімей ме құлағың?

Айтқан сөзді ұқпайсың,

Келмей ме әлде тіл алғың?

(Н.Меңгітаев)

-Ал мынау ешкінің төлі – лақ.

Лақ қалай дыбыстайды?


Тәрбиеші әтештің суретін көрсетеді.

Оятпа әтеш сен бізді,

Өзімде сездім, таң атты

Сенсіз-ақ білем мезгілді

Танимын енді сағатты.

(А.Сопыбеков)

  • Бұл – әтеш. Әтеш қалай дыбыстайды?

  • Әтеш «қо-қо-қоқ» деген дыбыс шығарады.

Билингвальды компонент: әтеш-петух, лақ-козленок


Сергіту сәті:

Лағым, лағым, лағым,

Шошаңдаған шұнағым.

Секіресің секеңдеп.

Ойнағандай еркелеп

Дидактикалық ойын:

«Төлдер қалай дыбыстайды?» ойыны арқылы әр малдың төлдерінің қалай дыбыстайтынын айту.


Балалар суретке қарайды, жауап береді:

  • Сәби

« А-а-а» деп хормен және жеке-жеке қайталайды.









-Сиырдың төлі-бұзау

Мө-Мө-Мөө











Ешкінің төлі-лақ

Мә-Мә-Мәә



Балалар қайталап дыбыстарды анық айтады.












Жаңа сөздерді қайталайды






Балалар сергіту сәтін қуанышты орындайды

Рефлексивті- түзетушілік

Тәрбиеші балалар іс-әрекетін бағалайды.

Қандай үй жануарлардың төлдерін білесіңдер?

-Үйлеріңде қандай үй жануарлары бар?

Сұрақ-жауап арқылы оқу іс-әрекетін қорытындылайды.

Балалар сұрақтарға толық жауап береді


Күтілетін нәтиже:

Орындайды: үй жануарларының төлдерін дұрыс, атап, олар туралы білетіндерін әңгімелеуді;

Түсінеді: есте сақтау қабілетін жетілдіріп, дыбыстарды дұрыс айту керектігін;

Қолданады: үй құстары мен жануарларға қамқорлық жасауды.



Тексерілді:







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
4356
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі