400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Дыбыстардың қасиеттерін қалай пайдаланады? 3-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл сабақ бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін:


Пән: Жаратылыстану

Мектеп: Орал қаласы №1

Күні: 23.04.2019ж

Мұғалімнің аты-жөні:

Жаксыгалиева Сандеш Бисекеновна

Сынып:3


Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Дыбыстардың қасиеттерін қалай пайдаланады?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.5.3.1 дыбыс қаттылығының дыбыс көзі мен қабылдағыш арасындағы қашықтыққа тәуелділігін түсіндіру

3.1.2.1 ақпарат көзінің түрлерін анықтау;

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: жануарлардың қашан және не үшін дыбыс шығаратындығы жайлы ақпаратпен танысады;

Көптеген оқушылар: дыбыстардың айырмашылықтарын анықтайды және салыстырады;

Кейбір оқушылар: жануарлардың есту қабілеттерінің ерекшелігін ажырата алады

Бағалау критерийі:

-жануарлардың не үшін дыбыс шығаратынын біледі

-жануарлардың қандай дыбыс шығара алатынын ажырата алады

Тілдік мақсаттар:

Пәнге тән лексика мен терминология:

Децибел,реактивті ұшақ,

Дыбыс-звук-voice, жануарлар-животные-animals

Диалог пен жазу пайдалы сөздер мен тіркестер:

-Елік неге құлақтарын үнемі бұрып тұрады?

-Жануарлар қай кезде дыбыс шығаруы мүмкін?

-Жануарлар дыбысты қалай пайдаланады?

-Біз дыбыс туралы не білеміз?

Құндылықтарды дарыту

«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясының ұлттық қауіпсіздік және еліміздің бүкіләлемдік, өңірлік мәселелерді шешуге ,жаһандық тұрғыдан қатысуы» тармағындағы жауапкершілікке , табиғатты қорғауға, білім алуға баулу

«МЖМБС құндылығы»


Пәнаралық байланыстар

Физика,география,қазақ тілі

Ресурстар :

Интербелсенді тақта, жануарлардың суреттері, бейнекөрініс,АЗ формат,маркер, магнит, смайлик тәрелкелер,парақшалар, т.б

АКТ қолдану дағдысы (сабақта қолданылатын болса көрсетіңіз)

BILIM BOOK, слайдтар, интербелсенді тақта. т.б

https://www.youtube.com/watch?v=2-2UF5qphE8






Бастапқы білім

Дыбысты қалай естиміз?

Семантикалық карта арқылы өтілгенді еске түсіру

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы



  • Ынтымақтастық атмосферасын орнату

І.Тренинг «Сәлемдесу»

 /іс-қимыл арқылы көңіл-күйлерін білдіру/

  • Топқа бөлу

1 топ: Жабайы жануарлар

2 топ: Үй жануарлары

3 топ: Құстар

4 топ: Бунақденелілер

  • Өткен білімді пысықтау

«Семантикалық карта» толтыру

Нысандар

120дБ

75дБ

50дБ

100дБ

10дБ

70дБ

Шаңсорғыш шуылы







+

Адамдардың сөйлесуі



+




Жапырақ сыбдыры





+


Ұшақ гүрілі

+






Айқай


+





Метро пойызы




+




ҚБ: «Жарайсыңдар! Өте тамаша!






Аңдардың суреттері





Интербелсенді тақта

парақша


Слайд №1

ІІ.Сабақтың ортасы







  • Бейнелі сөз шешу арқылы сабақтың тақырыбын хабарлау

  • Бейнекөрініс «Дыбыстық толқындар»

-табиғатта дыбыстар нешеге бөлінеді?

-жасанды /телефон,машина,музыкалық аспап

Табиғи/табиғат құбылыстары,адамның,жануарлардың дыбыстары жатады.

-

Сабақтың мақсатын хабарлау

- дыбыс қаттылығының дыбыс көзі мен қабылдағыш арасындағы қашықтыққа тәуелділігін және жануарлардың не үшін дыбыс шығаратынын білеміз.


  • «Жедел жауап».

-Неге балық аулау кезінде шулауға болмайды?/суда дыбыс күшейіп, тезірек таралады/

-Неге біз масаның ызыңын қасымызға жақын келген кезде ғана естиміз? /арақашықтық артқан сайын дыбыс қаттылығы кемиді/

-Тоқылдақтың тоқылы неге кез-келген жерден естіледі?/тықылы бүкіл орманға таралады,алыстан естіледі,өйткені дыбыс толқындары барлық жаққа таралады/


Жұптық жұмыс: «Жануарлардың дыбыстары»

-Жануарлардың барлығы бірдей дыбыс шығара ма?

  • Жануарлар мұндай дыбысты қандай жағдайларда шығаруы мүмкін? деген сұрақ төңірегінде ой бөлісу.

Оқушылармен бірге оқулықтағы суреттегі жануарлардың қарау.

  • Суреттерде қандай жануарларды көріп тұрсыңдар?

  • Бұл жануарлар қай кезде дыбыс шығаруы мүмкін, дыбысты қандай мақсатта пайдаланады?


МТ: Ол қауіп төніп тұрғаны туралы белгі беру немес ескерту мақсатында болуы мүмкін.Дыбыстың көмегімен ұяластарына қауіп белгісін білдіреді, ал енелері балаларын қасына шақыра алады. Ірі денелі жануарлар үлкен қашықтыққа таралатын төмен дыбыстар шығарады. Төмен дыбыстар жоғары дыбыстарға қарағанда алыс қашықтықтарға дейін естіледі.Ұсақ жануарлар жоғары дыбыстар шығарады. Жоғары дыбыстың ерекшелігі –олар алысқа бармайды ,жақын қашықтықтан естіледі. Арыстан басқа жануарлар жақындаса,өз аумағы екенін ескертіп,ырылдайды. Саршұнақ қауіп сезсе,өзінің шиқылымен маңайындағыларға хабар береді.

  1. Жануарлар қалай естиді?

Оқушылардан елік туралы не білетіндерін сұрау.

  • Еліктің құлағы қандай?

  • Неліктен оның құлағы өте үлкен әрі қозғалғыш болады деп ойлайсың? /Барлық дерлік жануарлардың құлағы үлкен болады,есту қабілеттері өмірін сақтайды.Себебі, олар жауының жақындағанын дер кезінде ести алады/

  • Циркте үйретушілер иттер ғана ести алатын ысқырықтарды пайдаланады. Неліктен? /Ысқырықпен итке кез-келген адам біле бермейтін белгі беріледі/


  • Сергіту сәті

  • Топтық жұмыс «Жануардың дауысы»

1-топ: Жоғары дыбыс шығаратын жануарды тап

2-топ: «Аяқталмаған тезис»/сөйлемдерді толықтыр/

3-топ: «Дыбыс»/сөзжұмбақ шешу

4-топ: Сәйкестендіру кестесі «Жануарлар қалай дыбыстайды?»

ҚБ: «Екі жұлдыз ,бір тілек»


  • Зертте.

Зерттеу өткізу үшін оқушыларды топқа бөліп, оларға жануарлар бейнеленген үлестірмелі парақшалар тарату.


Жануар атауы

Қандай дыбыс шығарады?

Қандай жағдайда шығарады?






Жауаптары

Жарқанаттар, итбалықтар

Жоғары дыбыстар (адамға естілмейтін)

Қараңғыда жемін іздеу, бағдарлау


Сауысқан

Шықылықтау

Қауіп жайлы ескерту


Құстар, сарышұнақтар

Әуелі ақырын, сосын үдемелі өсетін бәсең жоғары дыбыс

Аспандағы жыртқыш жайлы ескерту



Құстар, сарышұнақтар

Әуелі үдемелі өсіп, сосын жайлап басылатын дыбыс

Жердегі жыртқыш жайлы ескерту



Құстар

Сайрау

Аумақтың қарамағында екені жайлы ескерту


Ит

Қатты ырылдау

Қауіп төңдіру


Сиыр

Мөңіреу

Табынға өзінің қайда екенін білдіру


Мысық

Қатты пырылдау

Қауіпсіздік жайлы белгі


Піл

Қатты дабыл көтеру

Табынды жиналуға шақыру белгісі



ҚБ: «Жұлдыз»-өте жақсы

«Зымыран» -жақсы

«Бұлт» -орташа


  1. Сен білесің бе? Бейнекөрініс

Теңіз бен мұхит мекендеушілері бір-бірімен дыбыс шығару арқылы қарым-қатынас жасайтынын, ең ірі теңіз мекендеушісі – көккиттер бір-бірін 1600 км қашықтықтан еститінін, ал олардың дыбысының қаттылығы реактивті ұшақтан да жоғары екендігін айту.

  • Неге киттер бір-бірін сондай үлкен қашықтықта естиді? – (Біріншіден, олар қатты дыбыстар шығарады. Екіншіден, суда дыбыс күшейіп, ауаға қарағанда алыс қашықтықтарға таралады.)


BILIM BOOK




Слайд №2


















Жануарлардың дауысы жазылған үнтаспа


















Еліктің суреті
























Қиылған парақшалар
















































https://www.youtube.com/watch?v=2-2UF5qphE8

ІІІ.Сабақтың соңы

5 минут


  • Рефлексия

«Дұрыс-бұрыс»

  • Дұрыс тұжырымдарды белгіле


1Прямоугольник 1 . Ірі денелі жануарлар үлкен қашықтыққа таралатын дыбыстар шығарады

2Прямоугольник 2 . Ұсақ жануарлар дауысы алыстан естіледі

3Прямоугольник 3 . Егер жануарлар қауіпті сезсе, олар дыбыстау арқылы белгі береді.

4Прямоугольник 4 . Жануарлар бірдей дыбыс шығарады

5Прямоугольник 5 ._Жануарлар дыбыстың көмегімен ұяластарына қауіп белгісін білдіреді ____________ .

------------------------------



  • Кері байланыс:

-«СМС » арқылы бүгінгі сабақты бағалау

-смайлик арқылы көңіл-күйлерін білдіру




















Саралау – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?


Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


















Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?


Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.






Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
30 ұстаз жүктеп алған
4 ақпан
5482
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі