400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Дыбысты жазу және ойнату

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді сабақ жоспары


Бекітемін: Ғ.Мутянова


Пәні

Цифрлық сауаттылық

Бөлім:

Мультимедиа (ортақ тақырыбы: «Дені саудың жаны сау»)

Педагогтың тегі, аты, әкесінің аты

Бекбулатова Айдана Құбайқызы

Сарсенова Алтынай Сатыбалдықызы

Күні:

20.01.2023

Сынып: 2г

Қатысушылар саны: 18

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Дыбысты жазу және ойнату

Оқыту бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

2.2.4.1 дыбысты жазу және ойнату үшін программаларды пайдалану.

Сабақтың мақсаты

Дыбысты жазу және ойнату үшін программаларды пайдалана алады, дауысты жазу программасы атауларын біледі, дыбыс жазып, атау қойып, жұмысты сақтай алады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар


Сабақтың басы




Оқушылармен амандасу. Түгендеу

Сыныпта психологиялық ахуал қалыптастыру


Сәлемдеседі. Оқушылар бір-біріне қарап жақсы сөздер айтып, бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.













Смайлик арқылы бағалау

Kundelik.kz





Shape1

Топқа бөлу

1-топ. Микрофон

2-топ. Дыбыс колонкасы

3-топ. Құлаққап

Оқушылар 3 топқа бөлінеді



Үй тапсырмасын тексеру.

Сұрақ

1. Табиғы дыбыстарға қандай дыбыстар жатады?

2. Жасанды дыбыстарға қандай дыбыстар жатады?

Тапсырма. Дыбысты тыңдау және енгізу үшін

қажет құрылғыларды көрсетіңіз


Оқушылар табиғи және жасанды дыбыстарға мысал келтіреді.


Дыбысты тыңдау және енгізу үшін қажет құрылғыларды айтады. Құрылғылар презентацияда көрсетіледі


Парақшалар

Презентация

Жаңа сабақтың тақырыбын ашу. Сабақтың мақсатымен таныстыру

2.2.4.1 дыбысты жазу және ойнату үшін программаларды пайдалану.

Дыбысты жазу – Запись звука –

Record sound

Жаңа сабақты түсіндіру

Дыбысты қалай жазуға болады?

Дыбыс Дауыс жазу (Запись голоса) программасы арқылы жазылады. Ол үшін Бас мәзір (Главное меню)=> Қосымшалар (Приложения) => Дауыс жазу (Запись голоса) командасын орындау керек. Программа ашылғаннан кейін микрофон арқылы дыбыс жазуға болады.

Дауыс жазу терезесінде жазуды Бастау мен Тоқтату батырмалары орналасқан. Дыбысты жазып жатқанда Тоқтату батырмасының үстінде жазылу уақыты көрсетіліп тұрады.

Жазылған дыбысты қалай сақтаймыз?

Дыбысты жазып Тоқтату батырмасын басқаннан кейін автоматты түрде өзі сақталады. Жазылған дыбыстар компьютердің Аудиожазба (Аудиозаписи) деп аталатын бумасына сақталады.

Видео көрсету

Сұрақтар қою:

1. Дыбыс жазу үшін бізге қандай программа керек? Оны қалай іске қосамыз?

2. Дауыс жазу программасы терезесінде қандай батырмалар орналасқан?

3. Жазылған дыбысқа қалай атау береміз?

Жаңа сабақтың тақырыбын біледі. Сабақтың мақсатымен танысады.

Жаңа терминді дәптерге жазады


Оқушылар тыңдайды, түсінеді

Оқулық, дәптер

Сабақтың ортасы

1-тапсырма.

Топтық жұмыс

«Ойлан, талқыла, бөліс»

1-топ: Дыбысты қалай жазуға болады?

2-топ: Бастау және Тоқтату батырмалары

3-топ: Жазылған дыбысты қалай сақтаймыз?

Оқушылар тақырыпты топта талқылап, постер қорғайды. Әр топ өз қорғаған постерлері бойынша басқа топқа сұрақтар қояды.


Қол шапалақтау







А4

2-тапсырма

Жеке жұмыс

«Ізден, орында!»

Дыбыс жазылған файлға арнайы атау беру үшін қандай команда орындау керек? Суретке қарап, жаз.

Дескриптор

-Дыбыс жазылған файлға атау беру командасын біледі


Оқушылар тапсырманы дәптерге орындайды

Смайлик арқылы

Дәптер

3-тапсырма. Жұптық жұмыс

«Ойланып, орында»

Батырмалардың атауын жаз

Жауаптары:

1.Дыбыс жазуды бастау

2. Дыбыс жазуды тоқтату

3.Дыбыстың жазылу уақыты

Дескриптор

- Дыбыс жазуды бастау батырмасын біледі

- Дыбыс жазуды тоқтату батырмасын ажырата алады

- Дыбыстың жазылу уақыты батырмасын біледі

Оқушылар тапсырманы парақшаға орындайды

Смайлик арқылы

Тапсырма парақшасы

4-тапсырма. «Компьютермен орында» (оқулықта 79-бет)

Дауыс жазу программасында өз даусыңмен өлең жаз. «Таңғы жаттығу» деген атаумен сақта.

Дескриптор

- Дауыс жазу программасында дыбыс жазуды үйренеді.

Оқушылар компьютерде Дауыс жзау (Запись голоса) программасында дауыс жазады, қалай жазғандарын түсіндіреді

Өзін-өзі бағалау

Компьютер

Запись голоса программасы

Сабақтың соңы





Рефлексия

«Тазалық» әдісі

Чемодан – менің керегіме жарайды, өзіне алатын білім

Ет тартқыш – әлі де игеруді қажет ететін білім

Қоқыс жәшігі – қажет емес ақпарат

Үйге тапсырма: §18 оқу 80- бет. Орында 1-тапсырма 66-сурет

Кері байланыс жасайды.







Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды мадақтау






















































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
04.03.2025
262
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі