15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Дыбыстық ақпаратты өңдеу. Дыбыс жазу. презентацияға дыбыс файлдарды қосу.
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі
Оңтүстік Қазақстан облысы
Төлеби ауданы
Алтынбастау ауылы
«Алтынбастау негізгі орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Кіші ғылыми жоба жұмысы
Тақырыбы:
Ғылыми жұмыстың тақырыбы:
Дыбыстық ақпаратты өңдеу. Дыбыс жазу. презентацияға дыбыс файлдарды қосу.
Секция: «Информатика»
5-сынып оқушысы
Ізбасхан Жансая
Ғылыми жетекшісі: Айтекова Салтанат Абдусаттаровна
2016-2017 оқу жылы
Дыбыстық ақпаратты өңдеу. Дыбыс жазу. презентацияға дыбыс файлдарды қосу.
.
Кіріспе
Жұмыстың жалпы сипаттамасы
І тарау.
1.1 Дыбыстық ақпаратты өңдеу, дыбыс жазу жолдары.
1.2. Звукозапись бағдарламасын іске қосу тәсілдері
ІІ тарау.
2.1 Презентацияға дыбыс файлдарды қосу жолдары.
2.2.Қазақ тілі сабағында техникалық құралдарды пайдаланудың принциптері мен маңызы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Зерттеу жұмысының жалпы сипаттамасы
Қазіргі кезде дербес компьютерлерді пайдаланушылар арасында Windows операциялық жүйелері жанұясы танымал және бағдарлама жасауға қызыққандар, осы жүйеде жұмыс жасайтын бағдарламалар жазуға ынталанады. Бұл күнделікті өмірге ақпараттық технологиялардың енуімен және дамуымен байланысты. Егер де адам компьютермен жұмыс жасаса, онда ол адамда ерте ме, кеш пе ынта, кейбір кездері бағдарламаларды үйрену қажеттілігі туындайды.
Зерттеу жұмысының өзектілігі
Кіші
ғылыми жұмысының тақырыбы Дыбыстық
ақпаратты өңдеу. Дыбыс жазу. презентацияға
дыбыс файлдарды қосу
деп аталады. «Дыбыстауыш аппарат –
қазіргі тәрбие берудің ең басты құралы»,
– деп кеңес өкіметінің көрнекті
педагогтары Р. Нейзгауз бен С. Рихтер
жоғары бағалады.
Бұл тақырыпты
таңдау барысында тек информатика
пәнінде ғана емес дыбыс жазуды кез-келген
салада мысалы, қазақ тілі және әдебиет,
ағылшын тілі т.б. пәндерде дыбысты жазып
алатын, оны қайта естиретин аппарат
(магнитофонды) – оқу процесін жетілдіре
түсетін, оқу-тәрбие жұмысының сапасын
арттыратын көмекші құралдардың бірі
болып есептеледі.
Зерттеу жұмысының негізгі нысаны
Жаңа форматтағы білім саласында кез-келген жұмыс жасалғаннан кейін оның бейнесін немесе жазба жазылған дауысты міндетті түрде естуіміз керек. Мысалы магнитафонда, компьютерде, жасаған жұмыстарымыздың үнін есту үшін дыбысты жазып қою WINAMP мүмкіндігімен жүзеге асыруға болады
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеті
Қазіргі кезде жаңартылған оқыту саласында сандық технологияны жетік біліп ғылыми және жалпы интеллектуалдық сипаттағы біліктілік пен дағдыны қалыптастыру. Компьютерге дыбыс жазуды, оны пайдалануды үйрене отырып,өз алған білімдерін өмірде қолдана алу. Презентацияға дыбыс файлдарды қосу жолдарын үйрену. Нақты шешімдер таңдауға бағытталған ой-өрісін қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, теориялық білімін арттыру.
Қазіргі заманғы компьютерлік технологияларды қолдану дағдысы мен біліктілігін дамыту.
Күтілетін нәтиже;
-Микрофонды, құлаққапты қосуды дыбыс жазу программасында дыбыс жазуды пайдалана алады,
-мәтіндік құжатқа дыбыс орнатуды меңгере алады.
-Бірлесіп жұмыс істей отырып, пікірлерін ортаға салады.
-Диалогтік оқыту арқылы логикалық ойлауы дамиды
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңылығы
Қазіргі кезде компьютерді музыка тыңдау немесе фильм қарау, дыбыстық хабарламаны жазу мүмкіндігінсіз елестетуге болмайды. Ал 1977 жылға дейін компьютердің дыбыстық карталары болған да емес. Техника сияқты,уақыт өткен сайын программалық жабдықтама да дамыды. Дыбыстық ақпаратпен жұмыс істеуге арналған программалар - ол ойнатқыштар, секвенсерлер (дыбысты, мысалы, пернені синтезатордан жаза алатын) редакторлар.
Windows операциялық жүйеде дыбыстық файлдың тыңдау үшін Windows Media ойнатқышы немесе Windows Media Senter қолданылады.Одан басқа да көптеген ойнатқыштар бар. Ең көп тарағандардың бірі WINAMR
Егер сендерге тек кейде ғана дыбыс жазу керек болған күннің өзінде,онда ең алдымен,алынған жазбаларды түзетіп,әрлеу қажеттілігі туындайды.Мысалы керек емес фрагменттерді кесіп тастау немесе дыбыс шығаруды дыбыс қаттылығын жайлап азайтып аяқтау. Дыбысты түзету үшін қажетті көптеген программалар бар: сатып алынатын немесе тегін (мысалы,AudaCity) қарапайым функцияларды бар кішкене немесе аса қуатты кәсіби Sound Forge сияқты)
Қолданылған зерттеу әдістері
Кіші ғылыми жұмыс негізінен сипаттамалы талдау әдісі қолданылады. Сонымен бірге компьютердің бағдарламаларына дыбыс жазу мен микрофондармен дыбыс шығару әдіс тәсілдерін салыстырады.
Зерттеу жұмысының құрылымы
Кіші ғылыми жұмысы екі тараудан кіріспе мен қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспе бөлімінде жұмыс жайлы қысқаша сипаттамасы берілді. Бірінші тарауда Дыбыстық ақпаратты өңдеу, дыбыс жазу жолдары. Звукозапись бағдарламасын іске қосу тәсілдері қарастырылады.
Екінші тарауда Презентацияға дыбыс файлдарды қосу жолдары. Қазақ тілі сабағында техникалық құралдарды пайдаланудың принциптері мен маңызы қарастырылады.
1.1Дыбыстық ақпаратты өңдеу, дыбыс жазу жолдары.
Дыбыс жазу - сақтау және керек уакытында қайта жаңғырту мақсатымен дыбыс толқынын тасымалдаушы материалға түсіру. Дыбыс жазу үшін микрофон, электр тербелістерін күшейткіш, дыбыс жазылатын материалға әрекет етуші құрылғы, дыбыс жазылатын материал қолданылады. Дыбыс жазудың механикалық, магниттік, фотосуреттік (оптикалық) түрлері және монофониялық , стерефониялық және квадрафониялық әдістері бар.
Магнитофон арқылы стереожазуды орындау үшін әрбір дыбыс көзінің маңына жеке микрофондар орнатып, олар арқьшы дыбысты екі жолға синхронды түрде жазады. Қайта жаңғыртқанда да синхронды түрде жаңғыртады. Квадрофониялық жазуда дыбыс төрт жолға жазылады.
Микрофон – бұл дыбыс жазуға арналған құрылғы. Микрофондар дыбыстық толқындарды дыбыстық сигналдарға айналдырады, дәлірек айтса акустикалық тербелісті электрлі тербеліске айналдыратын құрал. Ол телефон және радиобайланысында, теледидарлар мен радиохабарларын таратуда, дыбыс жазу орындарында және күшейту жүйелерінде қолданылады. «Микрофон» сөзі - гректің «микро» - аз, шағын, «фоне» - дыбыс деген сөзінен шыққаны этимологияда дәлелденген. Дыбыстық тербелістерді қабылдап, бірден электрлі сигналғаайналдыратын бірден-бір құрал. Яғни, микрофон алдында сөйленген сөз төменгі жиіліктегі электр тогына өзгертіледі. Дыбыс ауа толқындарының әсерінен тербеліске түсетін жұқа диафрагма катушкаға тиеді. Катушкаға диафрагма тиген кезде магнит өрісі пайда болады. Оның әсер етуі арқылы ток индукцияланады.
Иидукцияланған ток жіңішке сым арқылы күшейткішке жіберіледі де дыбыс жазғыш тетікке беріледі. Ол өзінше жанасып қозғалатын магниттік үнтаспага түсіріледі. Микрофондардың басты сипаты бағытталуында болып табылады. Әр микрофон түрлі бағыттардан келетін дыбыстарға сезімталдығы да әр түрлі болып келеді. Сондықтан микрофондарды екі топқа бөлуге болады: бағытталған және бағытталмаған деп. Ал, атқаратын функцияларына қарай, микрофондар электродинамикалық(катушкалы, ленталы), кондансаторлы,
пьезоэлектрлі, электромагнитті, көмірұнтақты болып бөлінеді. Сонымен бірге, стерефониялық, тік бағытты, көп бағытты, шағын көлемді радиомикрофондар болады.
Радиода, теледидарда катушкалы, конденсаторлы, ленталы микрофондар көп қолданылады.
Электродинамикалық катушкалы микрофондардың теледидар орта-лытарында және радиоүйінде қолданылуы тиімді болып отырғандығы тәжірибеде дәлелденген. Заман талабына орай, электронды дәуірдің жаңалықтары күннен - күнге жаңартылып, өндіріске қолданылу үстінде. Пішіндері өзгертілгенмен де, қолданылу аясы кеңейгенімен де дзаиндық сапасы жақсарғанымен қызмет көрсету функциясы, дыбыс жазу технологиясы бұрынғы негізде сақталған. Микрофон құралдарының бәріне ортақ элемент - диафрагма болып табылады. Ол пластинка,мембрана, лента түрінде болады.
Металдан, диэлектриктен, пьезоэлементген жасалуы мүмкін. Ең алғашқы микрофондардың түріне көмірұнтақты микрофондар жатады. Көмір ұнтағының ауа тербелісінен қозғалысқа түсуі арқылы жұмыс істейтін микрофондар қазіргі кезде өндірісте қолданылмайды.
Пьозоэлектрлі микрофондар сапасы жағынан аса жақсы болмағанымен қарапайым жұмыс жазуда немесе дыбыстық эффект беру үшін қолданылады. Ал, ленталы микрофондардың дүниежүзілік радиобайланысында ұзақ жылдар пайдаланылып, өз сапалылығын тәжірибеде көрсеткен микрофондар қатарына жатады, әрі табысты қолданылу үстінде. Олар сыртқы әсерге аса сезімтал келеді, сондықтан сыртқы жағдайдан сақтауды қолдайды.
Ленталы микрофонның ішіне полюстері көрсетілген таспа сияқты магнит орналастырылып, арасына фольгадан жасалған осы тәрізді жұқа пленка бекітілген. Дыбыстың әсерінен лентақозғалысқа түсіп, магнит өрісіне әсер ету арқылы электр қуаты пайда болады. Ал, электродинамикалық микрофондарда полюстердің арасына катушка орналастырылған. Диафрагманың тербелісі кезінде катушка бірге тербеліп, сол арқылы электр тогы пайда болады .
Конденсаторлы микрофон - сапалы, қызмет көрсету мерзімі ұзақ микрофондар типіне жатады. Бұлар өздігінен электр куатын шығармайды, сондықтан жұмыс барысында қосымша ток күші қозғалмалы электродқа әсер ететін полимер пленкадан жасалынған. «Дөңгелек үстел» өткізгенде, немесс шағын топ қатысқан хабарларды жазған кезде осы конденсаторлы микрофон ыңғайлы болып табылады.
Конденсаторлық микрофондардың конденсаторына тұрақты электр заряды қосылған, яғни косымша ток күшінің қажеті жоқ. Қоршаған ортадан түсетін дыбыс толқындары микрофон диафрагмасына эсер еткен уақытта эр түрлі тербелісте болады. Әр түрлі болуы дыбыс толқынының қай жақтан эсер етуіне қарай өзгереді. Сол себепті, микрофон диаграммасын негізі үш типке бөлуге болады: дөңгелек, жүрекше тәрізді және сегіз санының пішіні түрінде. Бағытталу диаграммасының формалары микрофондардың жұмыс принциптеріне байланысты. Микрофонның сезімталдығы деген ұғым түскен сигналмен шығатын дыбысқысымының бірлігімен айқындалады. Ол бірлік децибелмен өлшенеді.
Сонымен, микрофонның сезімталдығы ең төменгі электрлі сигнал арқылы анықталады, күшейткіштен дыбыстың шығуы арқылы байқалады. Кейбір бағытталған микрофондардьщ сезімталдығы аса нәзік, егер микрофон өздігінен сәл ауытқитын болса қабылдағыштық қасиеті азаяды. Микрофонға қойылатын өзіндік талаптар бар:
-берілетін дыбыс деңгейінен электрлі сигнал жасалуы қажет және ол құралдың өзіндік электрлі шуларының деңгейінен аспауы керек;
-шыққан сигналға кедергілер болмауы тиіс;
-аппаратқа қосылған соң жиіліктегі дыбыстардың біркелкі берілуі қажет.
Дыбыстық ақпаратты өңдеу технологиялары мен жабдықтары. 1989 жылы дыбыстық картаның пайда болуына байланысты, қолданушылар алдында жаңа мүмкіндіктер ашылды.
Дыбыстық ішкі жүйе пайда болды,ол программалық- ақпараттық жабдықтардың кешені мына мақсатта қоданылады:
- сыртқы көздерден келіп түсетін (микрофон немесе магнитофон) дыбыстық сигналдарды жазу;
- сыртқы акустикалық жүйе немесе басқа киетін телефондар (наушниктар) көмегімен бұрын жазылған дыбыстық деректерді ойнату;
- сыртқы көздерден сигналдары жазу немесе ойнату кезінде микшрлеу;
- дыбыстық сигналдарды бір мезгілде жазу және ойнату;
- дыбыстық сигнадарды өңдеу: сигналдар үзінділердін редакциялау, біріктіру немесе ажырату, сүзу, деңгейін өзгетру жәе т.б.;
- стереофоникалық дыбыстың сигнал панорамасын, жазу және ойнату кезінде әрбір арнаулы сигнал денгейін басқару;
- көлемді дыбыстау алгоритімдеріне сәйкес дыбыстық сигналды өңдеу; - MIDI арнайы интерфеисі арқылы музыкалық аспапты дыбыстайтын синтезатор комегімен генерациялау;
- дыбыстық жинақы;
- дискілерді ойнату;
- микрафон көмегімен компьютерді және мәтінді енгізуді басқару;
-Дыбыстың ақпаратты өңдеудің ақпараттың жабдықталуына жатады:
- дыбыстық деректерді аналогты-цифрлық және цифрлық-аналогты түрлендіруді жүзеге асыратын дыбысты жазу және ойнату модулі:
- синтезатор модулі;
- программалық және ақпараттық жабдықтардың өзара әрекеттесуін қамтамасыз ететін интерфейстер модулі;
- түрлі кездерден түсетін сигналдарды араластыруға мүмкіндік беретін модулі;
- акустикациялык жүйе (микрафон, наушниктер және т.б.). Дыбыстың ақпаратты өңдеу программалық жабдықтарын қамтиды:
- музыкалық редакторлар;
- дыбыстар синтезаторлары;
- сөзді автоматты түрде танып-білу жүйелері;
- дыбыстық редакторлар;
- дыбыстық навигаторлер;
- сөзді “жазба” мәтінге түрлендіруге мүмкіндік беретін диктавкалау программалары; - программалар сапасын ұлғайту программалары;
-Дыбысты қуру негізінен екі мақсатты көздейді:
- түрлі табиғи дыбыстар (желдің және жаңбырдың шуылы, қадамдау дыбысы, құстың саңырауы және т.б.), сондай-ақ апустикалық имутициясын жасу;
- табиғатта кездесетін,жаңа дыбыстар алу.
Дыбысты
өңдеу әдетте бұрыннан барларынан
(мысалы, робот дыбысы) жаңа дыбыстар
алу, немесе оларға қосымша сапа беруге
немесе бұрынғыны жоюға (мысалы, хор
әсерін қосу,шуыл немесе сыртыл дыбыстарды
жою) бағытталған. Цифрлық дыбысты
өңдеудің негізгі программаларын мыналар
жатады: Cool Editor, Sound Forge, Samplitude, Software Audio
Workshop. Бұлар таңдалған участоктарды
тандауы, қыиып алуға және жоюға,
амплетудалық және жиілікті түрлендіруге
, дыбыстық әсерлер және т.б. Шуылдардың
әр түрлерін генерациялауға, дыбысты
синтездеуне мүмкіндік береді. Сөздік
ақпаратты өңдеу сөзді синтездеу мен
автоматты танып білу мүмкіндіктерін
қамтиды.
1.2. Звукозапись бағдарламасын іске қосу тәсілдері
Звукозапись
бағдарламасын іске қосу үшін:
Windows
операциялық жүйеде дыбыстық файлды
тындау үшін Windows Media ойнатқыш немесе
Windows Media Center қолданылады.
Фонограф -
бұл дыбысты жазуға және ойнатуға арналған
бағдарлама. Ол компьютерге сөздер мен
музыканы енгізетін құрылғысы оның көзі
болып табылатын дыбыс сигналдарын
өңдейді.
Бұл бағдарламалар жұмыс істеуі
үшін:
-дыбыс
тақшасы
-колонкалар
-құлаққалқалар
-микрофон
компакт-дискілерді
оқу құрылғылары қолданылуы керек.
Жоғарыда аталған бағдарламалардың
жұмысын қолдау үшін Дыбысты реттеу
(регулятор громкости) бағдарламасы
қолданылады.
Фонограф, әмбебап және лазерлік
ойнатқыштар, секвенсерлер, редакторлар
Іске
қосу: Пуск — Программы - Стандартные -
Мультимедиа — Фонограф
Оның терезесінде
төмендегідей батырмалар бар:
1.
Бас жағына өту
2.
Аяқ жағына өту
3.
Ойнату
4.
Тоқтату
5.
Жазу
Фонограф бағдарламасы шағын дыбыс
файлдарын дискіге жазуға арналған. оны
кейін өзінің бағдарламалары мен
құжаттарында қолданады. Фонограф
терезесінің көлемі өзгертілмейді, оны
тек есептер тақтасына жинап қоюға
болады.
Пуск
Программы
Стандартные
Развлечения
Звукозапись
Ақпарат
кеңейтілуі бар
файлға жазылады.
Ең
көп тарағандардың бірі – WINAMP
Қазіргі кезде компьютерді музыка тыңдау немесе фильм қарау,дыбыстық хабарламаны жазу мүмкіндігінсіз елестетуге болмайды.Ал 1977 жылға дейін компьютердің дыбыстық карталары болған да емес.
Техника сияқты,уақыт өткен сайын программалық жабдықтама да дамыды.Дыбыстық ақпаратпен жұмыс істеуге арналған программалар-ол ойнатқыштар,секвенсерлер (дыбысты,мысалы,пернені синтезатордан жаза алатын)редакторлар.
Windows операциялық жүйеде дыбыстық файлдың тыңдау үшін Windows Media ойнатқышы немесе Windows Media Senter қолданылады.Одан басқа да көптеген ойнатқыштар бар.Ең көп тарағандардың бірі WINAMR
Егер сендерге тек кейде ғана дыбыс жазу керек болған күннің өзінде,онда ең алдымен,алынған жазбаларды түзетіп,әрлеу қажеттілігі туындайды.Мысалы керек емес фрагменттерді кесіп тастау немесе дыбыс шығаруды дыбыс қаттылығын жайлап азайтып аяқтау.Дыбысты түзету үшін қажетті көптеген программалар бар: сатып алынатын немесе тегін (мысалы,AudaCity)қарапайым функцияларды бар кішкене немесе аса қуатты кәсіби Sound Forge сияқты)
Дыбыс жазу программасымен жұмыс істеу
Түзетіп әрлеуден басқа кезде Стандарттық .Дыбыс жазу (Звукозапись)программасын қолданса да жеткілікті
Әрине жазуды бастамас бұрын,ең алдымен ,компьютерде дыбыстық карта орнатылғанына және дыбысты жазуға қайтадан оқып,тыңдауға арналған құрылғылардың қосылғанына көз жеткізу керек.
Сендерге дыбыстық картадан басқа микрофон мен динамиктер қажет.Көбіне оларды жалғайтын алып-қосқыштар жүйелік блоктың артында да,алдында да орналасады.Алып-қосқыштардың боялуы да,асты жазылып көрсетілуі де,белгіленуі де мүмкін
Сабақта
дыбыстық аппараттарды пайдаланудың
жолдары
Дыбыстық аппараттар – компьютер,
интерактивті тақта, диктофон, магнитафон,
радиола, грампластинка, граммафондар,
пластинка ойнатқыштары болып табылады.
«Дыбыстауыш аппарат – қазіргі тәрбие
берудің ең басты құралы», – деп кеңес
өкіметінің көрнекті педагогтары Р.
Нейзгауз бен С. Рихтер жоғары
бағалады.
Дыбыстық экранның ең
тиімділігі оқушыларды айналадағы
өмірді, құбылысты, затты байқай білуге,
салыстыруа, қорытынды шығаруға
дағдыландырады. Дыбыстық экран оқушыларды
қыялдауға, зерттей, іздене білуге
үйретеді. Сондықтанда дыбыстық
аппараттарды пайдаланып өткізген
сабақтың қай жағынан болса да артықшылығы,
тиімділігі орасан. Өйткені дыбыстандыру
процесі сабақты жандандырып, оқушылардың
сабақ материалдарын қызыға меңгеріп,
көркем әдебиеттерді қызыға оқуға, сөздің
көркемдік ерекшелігін, әсерлілігін
тани білуге, яғни бір сөзбен айтқанда,
оқу процесінің эмоциональдық әсерлігін,
тиімділігін арттырады.
Дыбыстық
аппараттарды, әсіресе, қазақ тілі және
қазақ әдебиеті сабақтарында пайдалану
ерекше орын алады. Атап айтқанда,
ақын-жазушылардың, көркем сөз шеберлерінің
үндерін, сөддерін сабақ материалдарына
орай пайдалану, сондай-ақ диафильм және
диапозитивтерді жандандыруға оның
педагогикалық тиімділігі мен маңызын
ерекше деп айтуға болады.
Магнитофонды пайдалану
Дыбысты
жазып алатын, оны қайта естиретин аппарат
(магнитофонды) – оқу процесін жетілдіре
түсетін, оқу-тәрбие жұмысының сапасын
арттыратын көмекші құралдардың бірі
болып есептеледі.
Мектептегі оқу –
тәрбие ісінде «Комета», «Мелодия»,
«Маг-8М», «Смарад», «Астра», «Теле-Авсент»,
тағы басқа магнитофондар
қолданылады.
Магнитофонды сабақтың
әр кезеңінде дұрыс пайдалану мұғалімнен
аса шеберлікті талап етеді. Алдымен
мұғалім магнитофонның құрылысын жақсы
білуі қажет. Атап айтқанда, оны жұмысқа
қосу, жазу, жазылған сөзді өшіру, тембрін
дұрыс қалыпқа келтіру, дауысты орта
қалыпқа түсіріп, анық естіру сияқты
жұмыс ережелерін мүлтіксіз біліп
менгеруі тиіс. Мектептегі оку ісінде
пайдаланылатын магинитофонды күніне
7-8 сағат жұмыска косуға болады. Сабакта
магнитофонды мынандай мақсатта пайдалану
керек: дыбыстар мен сөздерді дұрыс
айтуға үйрету, оқушылардың дұрыс сөйлеу
дағдыларын дамыту, сөздік қорларын
байыту, сөйлеу тіліне жаттықтыру, өлеңдер
мен әндерді жаттату, фаулалдық текстер
мен диалогтарды тыңдату, классикалық,
қазіргі кездегі музиканың граммафондық
немесе магнитафондық жазуларын тыңдату,
сөз шеберлері, атақты артистердің
орындауында магнитафон ленталарына
жазылған поэтикалық шығармаларды
тыңдату, кино диафильмдердің мазмұнын
дыбыс арқылы жандандыру сияқты жұмыс
түрлеріне пайдалану тиімді.
2.1.Презентацияға дыбыс файлдарды қосу
Егер презентация Интернетте ұсыну, компьютерде автономды көру және басқа да электронды жариялым үшін болса, оны дыбыстық көркемдеумен сүйемелдеуге болады. Бұл музыка, сөз, дыбыстық эффектілер болуы мүмкін. Әдетте дыбыстық эффектілерді жекелеген слайдтарға зейін аудару элементі ретінде пайдаланады, ал музыка шығармашылық тақырыпты ұсыну кезінде баяндаманың дербес элементі ретінде болады. Сөзді әдетте автономды көруге бағытталған презентацияны түсіндіру үшін пайдаланады. Сонымен қатар, сөздің жазбасын аудиториялық баяндама дайындау үшін де қолдануға болады. Дыбыстық эффектілер бүтіндей слайдқа немесе оның объектілеріне аудиторияның көңілің аударту үшін ендіреді. Интернетте дыбысты жіберу белгілі бір қиыншылықтармен байланысты болуын көңілде ұстау керек, себебі дыбыстық файлдардың көлемі өте үлкен болуы мүмкін. Дыбыстық файлдардың арнайы пішімдерін, сапасын басқару мүмкіншілігімен қысудың жоғары дәрежесін қамтамасыз ететін, мысалы МРЗ пішімі қолдану ұсынылады. Ағымдағы слайдқа дыбыстық файлды ендіру үшін, келесі әрекеттерді орындау қажет:
1. Встака – Фильмы и звук – Звук из файла менюі пунктін тандаңыз.
2. Вставка звука терезесінде сендердің компьютерлерінде сақталған
дыбыстық файлдардың біріне жол көрсетіңіз.
Музыка,
дыбыс, бейнеклиптерді енгізу.
●
Слайдтарға музыкалық, дыбыстық
эффектілерді және бейнеклиптерді
қолдану мүмкіндігі бар.
●
Қажетті бейнеклип немесе дыбысты шарт
белгісін ерекшелеп Енгізу батырмасын
шерту арқылы, оны слайдқа енгізе аламыз.
Презентацияға дыбыстарды енгізу
● Слайдтқа
дыбысты енгізу үшін менюдегі «Вставка»
«Фильм и звук» таңдаңыз
● Менюдегі
«Фильм и звук»- дің ішіндегі «звуки из
файла» немес «звуки из файла». (Файлдағы
дыбыс) командалары «Microsoft Clip Gallery», сұхбат
терезесінің ішінде орналасқан.
● «Microsoft Clip Gallery» сұқбат терезесінің, сәйкес Бейне немесе Дыбыс ішкі беттері ашылады.
● «Вставка»,
«Фильм и звук», «Звук из файла» батырмасын
шерт
● Ашылған сұқбат терезеден
«Звук» керекті файлды таңдап, шертіңіз.
Керекті дыбысты дұрыс таңдағаныңызды
тексеру үшін «Воспроизвести» батырмасын
шертіңіз.
● Егер бәрі дұрыс болса «Вставить» батырмасын шертіңіз.
2.2.Қазақ тілі сабағында техникалық құралдарды пайдаланудың принциптері мен маңызы
Қазақ
тілі сабақтарында дыбыстық аппараттарды
фонетика, орфография, орфоэпия тарауларын
оқытумен байланысты пайдалану аса
тиімді. Мысалы, дауысты және дауыссыз
дыбыстардың айтылуындағы ерекшеліктерін,
дыбыс артикуляцияларын дұрыс ажырату,
қатаң, ұяң, сонор дыбыстардың айтылу
ерекшеліктерін меңгерту, сөздерді, сөз
тіркестерін дұрыс екпін тусіріп айта
білу, сөйлем соңына қойылатын (сұраулық,
лептік, бұйрықтық, хабарлы) тыныс
белгілерін дауыс ырғағы, айтылуына
қарай дұрыс қоя білу, сөздгі буынға,
сөзге дұрыс екпін түсіріп айта білуге
дағыландырады. Маман диктаторларының,
өнер қайраткерлерінің орындалуындағы
текстерді, әңгімелерді, ертегілерді
айтудағы ерекшеліктерді аңғарту,
әңгімелерді, ертегілерді айтудағы
ерекшеліктерді аң,арту, программалық
материялдарды бірнеше рет тыңдату,
кейбір грамматикалық ережелерді,
өлең-тахпақтарды, мақал-мәтелдерді де
тыңдатып жаттықтыру жұмыстарын кеңінен
жүргізуге болады.
Мектепте
дыбысық аппаратттарды пайдалана білуге
аса жауапкершілікпен қараған жөн. Әр
мектепте қазір жеке пәндерге арналған
дыбысхана кабинеттері бар. Бұл кабинеттерде
қазақ тілі және әдебиет пәніне байланысты
жазылып алынған жинақтарда бар. Онда
әр сыныптың программалық материалдарына
фотомантаж, тақырыптық кештердің,
конференциялардың материалдары,
жекеленген ақын-жазушылардың шығармалары,
өмірбаяндары жөнінде, олардың сөйлеген
сөздерінің граммажазбалары, әр түрлі
методикалық әдебиеттер сақталуға
тиіс.
Грампластинкалар арнаулы
целлофоннан, қатты қағаздан, полиэтиленнен
жасалған конверттерде сахталады.
Электрон инесі үш-үш жарым айда ауыстырылуы
тиіс.
Техникалық құралдарды пайдалануда мұғалім көптеген қосымша жұмыстардан босап, әр оқушының білімін, қабылетін тексеруге мүмкіншілігі болады. Мысалы, қазақ тілі сабағында керекті схемаларды сызып жатпай-ақ, оны калейдоскоп, эпидиаскоп арқылы көрсетіп, диктант жұмыстарында бір сөйлемді үнемі қайталап айтудың орнына, оны магнитофонмен, диктофонмен жүргізіп, өткен материалдарға байланысты оқушы білімін анықтау қажет болса, оны қарапайым етіп жасалған электротехникалық «экзаменатор» машинасы арқылы тексеруге болатындығын, сонымен бірге белгілі бір шығарманы оқыта отырып, оның тілін және көркемдік ерекшелігін магнитафон немесе грампластинкалар арқылы, тіпті оны көркем суретті фильмнің кейбір фрагменттері бойынша суреттеп беруге болатындығын байқауға болады.
Оқу ісінде техникалық құралдарды кеңінен пайдалану мұғалімнің түсіндіру әдісімен оқушының өздігінен орындайтын жұмысының арақатынасын да жақсартады. Соның нәтижесінде оқушы түрлі техникалық құралдарды пайдалана отырып, оздігінен орындайтын жұмыстар арқылы білімді бірте – бірте меңгеріп, игереді. Магнитофон құралы Ресейде екінші дүниежүзілік соғыстан кейін ғана пайда болды. Радиожурналистер алғашқы шағын магнитофонды 1952жылдан бастап қолданды. Киев радиозаводы шығарған алғашқы маркасы «Днепр-8» деп аталды, кейіннен «репортер» делінді. «Репортер» латын сөзі, «хабар жеткізуші», «әкелуші» деген мағынаны білдіреді. Магнитофонды қазақ тілі сабағында мына мақсатта пайдаланады: оқушының ауызша және жазбаша тілін дамыту мақсатында мынадай жұмыс түрлері іске асырылады.
1. Магнитофонға жазылған мәтінді тыңдата отырып, оны жан-жақта айтқызу. 2. Магнитафон лентасына жазылған сұрақтарға жауап қайтару.
3. Өлеңмен жазылған мәтінді қара сөзге айналдыру.
4. Диктор тарапынан оқылған мәтінге, не сөйлемге сұрақ қойғызу.
5. Белгілі бір тақырыпқа жазылған мәтінді магнитофон арқылы тыңдатып, оған жоспар құрғызып, мазмұндама жазғызу т.б.
Қорыта келгенде, техникалық құралдармен жұмыс жүргізу балалардың сабаққа деген ықыласы мен белсенділігін арттырады. Әрбір оқушының білімін есепке алып, кемшілігін жөндеуге мүмкіндік туғызады. Балалардың ауызекі сойлеуін дамытады. Сондықтан әрбір мұғалім оқу процесінде тахникалық құралдарды тиімді және мақсатқа негіздей отырып пайдалануға тиіс.
Күнделік
18.02.2017ж. күні Дыбыстарды компьютерде жазуды таныстым. Компьютерде істеп көрдім.
19.02.2017ж. күні. Дыбыстарды өңдеуді үйрендім. Компьютерде жасадым.
20.02.2017ж.күні. Презентацияда видео және дыбыстарды қоюды үйрендім және слайдтарға суреттермен ән қоюды компьютерде жасадым.
21.02.2017ж. күні. Қазақ тілі және ағылшын тілі пәндерде магнитофондарда аудио дыбыстарды жазу жолдарын магнитофондарда дыбыс жазу жолдарын жасадым.
22.02.2017ж. күні. Звукозапись бағдарламасын іске қосу тәсілдерін білдім. .
23.02.2017ж. күні.Жобама зерттеу жұмысының сипаттамасын, өзектілігін, нысанын, мақсаты мен міндетін жаңалығын, әдісін, құрылымын, қорытындысын жазып, пайдаланылған әдебиеттер тізімін енгіздім.
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі: 1.Е.А.Вьышкова,Н.В.Параскун,
Б.Қ.Әбенов Информатика 6-сынып Астана,
« Арман-ПВ» баспасы 2014
2. Н.Т.Ермеков,
В.А.Криворучко, С.Ж.Ноғайбаланова,
Информатика 10 – сынып. Алматы, «Жазушы»,
2006 жыл.
3. «Информатика негіздері»
журнал, 2003 жыл, №4.
4. «Информатика
негіздері» журнал, 2007 жыл, №3.
5.
Е.Балапанов, Б.Бөрібаева, Г.Мадьярова,
Р.Дүзбаева, MS POWER POINT программасын
пайдалану, Алматы,
2001 жыл.
6.
Электрондық оқулықтар.
7. Балапанов
Е.Қ., Бөрібаев Б., Дәулетқұлов А.
Информатикадан 30 сабақ. Алматы
«Шартарап», 1998 жыл.
8.
Каймин В.А., Касаев Б.С.Информатика.
Практикум на ЭВМ: Учебное пособие - М.,
2001
9.
Камардинов О. Информатика. Оқу құралы.
Алматы: «Ғылым» ғылыми баспа орталығы,
2004 ж.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген