Материалдар / «Думан» атты сыныптан тыс ашық сабақ,8 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Думан» атты сыныптан тыс ашық сабақ,8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Арнай мектептерде жаратылыстану және геогрфия пән мұғалімдерімен тәжірибе алмасу мақсатында
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Қазан 2020
230
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қалиева Гүлсара Қайырғазықызы

ШҚО ББ «№8 арнайы мектеп-интернатының

география және жаратылыстану пәндерінің

мұғалімі,жоғары санатты, дефектолог маманы

8 б сыныбында жаратылыстану және география пәндері бойынша өткізілген «Думан» атты сыныптан тыс ашық сабақ (өткізілу формасы дәмханадағы кеш) Сабақтың мақсаты:1.Оқушылардың экологиялық, валеологиялық және табиғат туралы алған білімдерін жинақтау,бекіту жэәне толықтыру. 2.Жаратылыстану,география сабақтарында оқушылардың танымдық әрекеттерін валеологиялық және экологиялық оқыту арқылы дамытуды жалғастыру. 3.Қоршаған орта мен оның табиғи байлықтарын тиімді пайдалану барысында,табиғатты қорғай алатын,аялай білетін,адамгершілігі мол,еңбекқор,ізгілікті,экологиялық білімі мен мәдениеті жоғары жаңа ұрпақ тәрбиелеу. Көрнекілік:«Эмиль», «Өскемен құс фабрикасы», «Ұлан балық кәсіпорны»-суреттері мен өнімдерінің жарнамасы,мақал мәтелдер, тесттер, слайдтар, қанатты сөздер.

Сабақ барысы:

Құрметті балалар мен қадірлі қонақтар,біздің «Думан» дәмханамызға хош келіпсіздер!

Елбасы Нұрсултан Назарбаевтың 2030 жылға дейінгі стратегиялық даму бағдарламасында «Қоршаған ортаны ластануға,экологиялық қалыпты жағдайда бүлдіруге жол бермеуге зор көңіл бөлгендіктен оқушыларға экологиялық білім беріп,табиғатты қорғауға тәрбиелеу – бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті мәселелерінің бірі» деген.Осы бағдарламаны басшылыққа ала отырып алдағы уақытта табиғатқа деген сүйіспеншілік,табиғат байлығын қорғап молайту – басты мақсатты біздің дәмханамыздың ұраны ретінде алып отырмыз.

«Думан»атты дәмханамызға бүгін іскер адамдар жиналып,кәсіпорындары шығаратын өнімдеріне жарнама өткізіп,білімдерін ортаға салып сайысқа түскелі отыр.Жарнама»дегеніміз экономиканың итермелеуші күші екенін бәрлеріміз жақсы білесіздер.Яғни олар өздерінің өнімдерін бізге көрсетіп таныстырады

Ойыншыларымыз үш дастархан басында орналасты:

І.Бірінші дастархан басында «Эмиль»сүт өнімдерін шығаратын жауапкершілігі шектелген серіктестіктің өкілдері келіп отыр.

ІІ.Екінші дастарханға «Өскемен құс фабрикасының»өкілдері орналасты.

ІІІ.Ал «Балық кәсіпорын»иелері үшінші дастарханіа жайғасты.

Осы сайыс барысында ойыншылар өз білімдерін көрсетіп,кәсіпорындары шығаратын өнімдерінің беретін пайдасын,әсерін тәптіштеп,талдау арқылы жарнамалайды.Ал олардың жарнамасы,жауаптары қаншалықты сәтті болғандығын анықтап,бағалайтын әділқазылар алқасына жүктеледі.Танысып қойыңыздар...

Біздің сайысымыз 4 кезеңнен тұратын болады:

І. Ой думан

ІІ. Ас думан

ІІІ.Жан думан

ІV.Ән думан

Әр кезеңнің өз тапсырмалары болады. Ал ендеше іске сәт!

І.Ой думанымызды бастайық.Бұл кезеңде әртүрлі қайталау блиц - сұрақтар қойылады.Оларға сүрінбей жауап беретін болсаңыздар,өздеріңіздің қоржыңдарыңызға әр сұрақ үшін тиісті ұпай аласыздар.

І.Эмиль»кәсіпорнына сұрақтар:

1.Ең үлкен материк?(Еуразия)

2.Экология»сөзі грек тілінен аударғанда нені білдіреді?(үй туралы ғылым

3.Невада Семей»қозғалысын ұйымдастырған қоғам қайраткері,ақын(О.Сүлейменов)

4.Дүние жүзінде неше материк бар?(6-материк)

5.Шығыс Қазақстан облысындағы қорық?(Марқакөл қорығы Өскемен қаласынан 500 шақырым жерде,1976жылы құрылған)

6.Сатайын десем ауыр кілем,

Сатпайын десем тәуір кілем.(Жер)

7.Әлемдегі ең жуан ағаш?(Баобаб ағашы)

8.Шегірткенің құлағы қай жерде орналасқан?(Аяғында)

9.Қазақстанның тұңғыш ғарышкері кім?(Т.Әүбакіров)

ІІ.Өскемен құс фабрикасына»:

1.Ең үлкен мұхит?(Тынық)

2.Құрып кеткен,немесе құрып бара жатқан өсімдіктер мен жануарлар тіркелетін кітап?(Қыэыл кітап)

3.Тосын желді не деп атайды?(Құйын)

4.Дүние жүзінде неше мұхит бар?(4 мұхит)

5.Ең тұзды мұхит?(Үнді мұхит)

6.Семей полигоны қашан жабылды?(1991ж.)

7.Ең суық материк?(Антарктида)

8.Орманы бар ,түбі жоқ,

Бақшасы бар,гүлі жоқ(Карта)

9.Ең кішкентай құс?(Колибри)

10.Құрбақа қыста немен көректенеді?(Ештеңемен,себебі ұйықтайды)

ІІІ.Ұлан балық кәсіпорнына»:

1.Барлық табиғи байлықтары кешенді түрде қатаң қорғалатын арнайы белгіленген аймақ(Қорық)

2.Қазақстан қай елдермен шектеседі?(Ресей,Қытай,Қырғызстан,Өзбекстан,Түркіменстан)

3.Қызыл кітап Қазақстанда қай жылы шықты(1978ж)

4.Құрып бара жатқан теңіз?(Арал)

5.Қазақстанда неше қорық бар?(9 Қорық)

6.Ең кіші материк?(Австралия)

7.Әлемдегі ең үлкен жылан?(Анаконда)

8.Ауаға шықса ауырады,

Су ішінде – сауығады.(балық)

9.Жұмыртқада жатқан балапан тыныс алады ма?(Иә)

10.Жәндіктер жейтін өсімдіктер бар ма?(Иә,шыбынжұт саңырауқұлағы)

Келесі 2 тапсырма-«Мақал сөздің мәйегі»(мақал жарыс.Мен мақал жасырамын,сіздер жалғасын табасыңдар)

І.«Эмильге»:

1.Ақыл – дария,алсаңда таусылмайды,

Жер қазына...(саусаңда таусылмайды)

2.Аяз,әліңді біл...(Құмырысқа жолыңды біл)

3.Ерді талап ұшырар...(құсты қанат ұшырар)

4.Атасы жер жырта білмегеннің...(баласы тұқым себе алмас)

5.Алтын болмаса,зергер қор болар...(Жер болмаса диқан,қор болар)

6.Жері азған жерде...(тоқшылық болмайды)

7.Адам ұйымшыл...(мал үйіршіл)

8.Сөз анасы – құлақ...(су ангасы – бұлақ)

9.Орманшы - ...(отынға жарымайды)

10.Тары жеген..(тарықпас)

ІІ.Өскемен құс фабрикасы»:

1.Жалғыз еменге...(жай түскіш)

2.Құстың жайын салған білер...(құдық жайын қазған білер)

3.Судың да..(сұрауы бар)

4.Биік таудың басы – қыс...(баурайы – жаз)

5.Түйе...(құрғақтағы кемемен тең)

6.Мезгіл жетсе-...(мұзда ерір)

7.Ағаш жапырағымен,жер...(топырағымен)

8.Батар күннің...(атар таңы бар)

9.Жер қазына...(су- гауһар)

10.Бұлт - ...(жаңбыр жаршысы)

ІІІ.Ұлан балық кәсіпорны»:

1.Көп жүрген жер көл...(құм жүрген жер –шөл)

2.Көлдің көркі-құрақ...(таудың көркі –құрақ)

3.Балық аулай алмаған...(суды лайлар)

4.Дауылды күні -құс салма...(жауынды күні-жылқы алма)

5.Ақсақ қойдың аузына...(жел айдаған-қаңбақ түсер.

6.Қыран жұйрік пе...(қиял жұйрік пе)

7.Қой семірсе – құт...(ешкі семірсе жұт)

8.Атына қарай-тұрманы...(егініне қарай қырманы)

9.Дауылдың алды – жел(жаңбырдың арты- сел)

10.Бабасы еккенді...(баласы орады)

3 тапсырма

Сұрақтарға сүрінбей жауап бердіңіздер,енді кәсіпорындар өз өнімдерін жарнамалап берсін:

І.Біздің өнімдер сүтқоректілер тобының,аша тұяқты, сүтті тұқымды малдан алынады.Сүт,айран,сүзбе – бұлар тіске керек кальцийдің негізгі көздері.Тісіңіз мықты болсын десеңіз біздің Эмиль»өнімдерін әрқашан алып тұрыңыздар!

ІІ.Өскемен құс фабрикасы» - құстар тобының,үй құстарына жататын тауық еті мен жұмыртқасын пайдаланады.Жұмыртқа мен құс етінде минералдар,соның ішінде кальцийде мол.Сондай – ақ миға нәр беретін заттар да көп.Біз тек қана экологиялық таза өнімдер шығарамыз.Ал оларды сіздер біздің «құс фабрикасының»дүкендерінен ала аласыздар.

ІІІ.Ұлан балық кәсіпорнында – жылына Марқакөлде,Күршімде,мыңдаған ускуч,таймень балықтары ауланып,халық қажеттілігін өтейді.Балықтың филесі алынып шетелдерге тасымалданады.Қалдықсыз кәсіпорын ретінде филеден қалған балық сүйектерін өңдеп,тауық жемін дайындайды.Балық еті түрлі дәрүмендерге бай.Балалар денсаулығына да пайдалы.Мамандардың айтуынша,көздің өткірлігін де жақсартады.Котлет,тұшпара,сорпа – дәмді тағамдар әзірлеу үшін,біздің өнімдерді алып тұрыңыздар!

Әділқазылар Ой думан кезеңін бағалайды.

ІІ.Ас думан : Алдыңғы кезеңде ауызша жауаптарыңызды тыңдаған едік.Енді «Ас думан»кезеңінде білімдеріңді іс жүзінде көрейік.Әр кәсіпорын өз өнімдерінен бір тағам әзірлейді.

1.тапсырма : «Өскемен құс фабрикасы» - Тісбасардың аты «Құрдың ұясы».Құрамында: картоп,тауық еті,жұмыртқа,пияз,майонез.Ет пен жұмыртқада- ақуыз,май,минералдар,дәрүмендер өте мол;ал картоп пен пиязда С дәрүмені бар.

- «Эмиль»: «Ақ желкен»тағамы.Құрамында: ірімшік,мейіз,грек жаңғағы,йогурт.Грек жаңғағында –С дәрүмені мол.Ірімшік пен йогурт асқазанға жеңіл және оларда тіске керек кальцийдің негізгі көзі бар.

- «Ұлан балық кәсіпорны»:Тон астындағы балық» тісбасары.Құрамында:картоп,сәбіз,қызылша,пияз,балық,майонез,жұмыртқа.

Балық – фосфор мен Д дәрүменіне бай.Сәбіз,қызылшада – А дәрүмені мол.

Картоп,пиязда – С дәрүмені бар.

2.тапсырма: астың құрамындағы дәрүмендерге байланысты тест.

ІІІ.Жан думан:Адам дұрыс тамақтанса оның ішкі дүниесі,жан – тәні сау,қуатты да,бай болады.Ойыншыларымыздың ішкі дүниесі қаншалықты байқайық.

1.тапсырма:Үй тапсырмасы – Қазақстанның бір белгілі аймағын алып,сол туралы әңгімелеу.

«Эмиль» -Семей,Павлодар,Қарағанды облыстарының тұйіскен жерінде орналасқан Семей ядролық полигоны Қазақстан жерін молынан қамтиды.

Алғашқы ядролық жарылыс 1949 жылы 29 тамызда сынақтан өткізілді.Осы аймақта тұрған адамдардың денсаулығына кері әсерін тигізді.

Ядролық сынақтардың басталғанына 1 – 2 жыл өткен соң – ақ зардап шеккен аудандарда балалар өлімі 4-5 есе көбейіп,жаңа туған 100 нәрестенің 85 –і ажал құшағына енді.

1954 жылдан бастап рак ауырулары Семей қаласында 2,5 есе көбейді.

Жайылған,суғарылған малдың сүті мен етінде зиянды заттардың көлемі 40 есе артыпты.

Олжас Сүлейменов ағамыздың ұйымдастырған Невада Семей»қозғалысының талабы бойынша 1991 жылы,маусымда осы сынақтарды жүргізуге тыйым салынып,Семей полигоны жабылды.

- («Заман – ай» әні орындалады)

«Ұлан балық кәсіпорны» - Екінші сын көтермейтін экологиялық аймақ – Арал.Ал оның зардабы да жетерлік.Арал жылдан жылға құрып барады,ал оның тұзы желмен бірнеше шақырым жерге дейін тарап жатыр.

1961 жылдан бастап Арал теңізінің деңгейі төмендеп келеді.Сырдария мен Амударияның күріш пен мақта өсіру үшін суын бөгеп пайдаланып,Арал теңізінің тартылуына әкеп соқтырды.

Арал теңізін құтқару жөнінде бірнеше ғылыми болжамдар мен жобалар бар:

1.Сібір өзендерін Қазақстанға бұру;

2.Амудария мен Сырдария өзендерінің суын реттеу арқылы суды молайту.

3.Арал теңізін жартылай сақтап қалу.

4.Каспий теңізінің суын жасанды канал арқылы әкелу.

5.Жер асты суларын пайдалану.

- («Аралдан ұшқан аққулар» әні орындалады)

Иә,Семей,Арал тағдыры өазақ халқының және бүкіл дүние жүзі халықтарының қайғысы.Біз оны әрқашан есте ұстаймыз.

Апаттық аймақтар мен қатар біздің ШҚ облысының табиғаты әсем,ауасы шипалы жері туралы «Өскемен құс фабрикасы»хабарлайды.

«Катонқарағай Мемлекеттік ұлттық,табиғи паркі 2001 жылы 17 шілдеде құрылды.

Қазіргі уақытта табиғатты қорғау Халықаралық Одағының Қызыл кітабіна енген аса сирек кездесетін аң-құстар да:Қызыл Қасқыр,сусар,қар барысы,Алтай ұлары,Қара тырна,қыран,қаршыға,бүркіт кездеседі.

Өсімдік әлемінен дәрілік қасиеті мол,емдік шөптер мен хош иісті гүлдердің 1000нан астам түрі бар.Бұлардың 30 түрі Қызыл кітапқа енген сирек кездесетін өсімдіктер.Жануарлар мен өсімдіктерінің байлығына қарап бұл паркті табиғаттың өзі жасай салған әрі ботаникалық,әріхайуанаттар паркі десе де болғандай.

2.тапсырма:Егер жолдан адассаң»І-ші топқа – Сіз орманға барып,адасып қалдыңыз делік.Жолыңызда құмырысқаның илеуін көрдіңіз.Осы илеу сізге жол табуға көмектесе ме?(Иә,құмырысқа илеуінің мұнарасы қай жаққа қараса,сол жақта оңтүстік деген сөз.)

ІІ- ші топқа – Орманда алдыңызда тек қарағай мен шырша ағаштары,қандай бағытты ұстану керек?(Бұл ағаштардың қалың жағы – оңтүстік)

ІІІ- ші топқа – Жолыңызда жолжелкен өсімдігі кездесті.Бұл нені білдіреді?(Жақын жерде жол бар деген сөз)

3 тапсырма: Ал енді кәсіпорындардың президенттеріне сөз берейік:

  • «Эмиль»президенты:Егер сен суретші болсаң...

  • Жауабы:Егер мен суретші болсам ,қазір жиі өртеніп,құрып бара жатқан орманды,даланы,ластанған ауа,бүлінген жеріміздің кескінін танытар едім.

  • «Ұлан балық кәсіпорны»президенты:Егер мен Қоршаған ортаның қорғау министрі болсам,Қазақстан Республикасының табиғат туралы Заңдарын қайта қарар едім.Күн тәртібіне ағаш отырғызуды,орманды қайта қалпына келтіру шараларын қазірден қолға алу туралы мәселе қояр едім.

  • «Өскемен құс фабрикасы»президенты: «Егер сен ақын болсаң...»

  • Жауабы:Егер мен ақын болсам,ұлы Абай атамыздай өз жеріміздің,еліміздің қазіргі жағдайын айтып,бүкіл әлемге әйгілі етер едім.

Өте жақсы.Жан думанды бағалау.

ІV.Ән думан:Қай дәмханада болмасын,оған сән беретін ән мен күй.Жүректен өтіп,бойды алар,жақсы ән мен тәтті күй демекші:ендігі кезекті - ІV кезеңіміз Ән думанға берейік.(«Дастархан»әні орындалады,әр топ 1 шумақпен қайырмасын орындайды.)

Әділқазылар қорытынды шығарып,өз бағаларын берсін.Жеңімпаз топты атап,сыйлықтарын табыстайды.

  • Қорытынды сөз: бүгінгі сайысымызда өз білімдеріңді жақсы көрсеттіңдер деп ойлаймын.Келешекте осы білімдеріңді жеке өмірде пайдаланып қолданасыңдар деген ойдамын.Сабаққа қатысқандарыңа рахмет. Қонақтарға да алғыс айтамыз.

  • Біздің «Думан»атты дәмханамызға келіп тұрыңыздар.









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!