Батыс Қазақстан Облысы, Орал қаласы
№30 «Гүлдер» бөбекжайы МКҚК тәрбиешісі
Гатауова Багыдагул Мажитовна
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы:«Дымбілмес» бізде қонақта.
Мақсаты: Жыл бойы өткенді қайталау. Шығармашылық қабілеттерін
арттыру.Сөздік қорларын молайту.Геометриялық пішіндерді ажыратып,тура
және кері санап,есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Ұйымшылдыққа,ұқыптылыққа,әдемілікке тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап,жұмбақ,ойын.
Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: көрсету, түсіндіру,тосын сәт.
Қажетті көрнекті құралдар: шалқан ертегісінің кейіпкерлерінің
суреттері,слайд,сурет салуға арналған құралжабдықтар,сүрткіштер,шар,гуашь.
Іздену-ұйымдасдастырушылық кезеңі:
(Әуенмен залға кіру,жартылай шеңбер жасап тұру,қонақтармен амандасу).
-Балалар,бүгін бір ерекше күн болғалы тұр,себебі бүгін бізге көптеген
қонақтар келіп отыр,алдымен келген қонақтарымызбен амандасып
алайықшы.
Балалар:-сәлеметсіз бе,
Шаттық шеңбері
Мейірімді жүрекпен,
Ақ пейілді,ниетпен.
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық.
Келіп қалған қонақтарды,
Қошеметтеп алайық.
Тәрбиеші: Блалар,бүгін сендерді осынау шуақты күнде көргеніме
қуаныштымын!
Бүгінгі күндерінге сәттілік тілеймін. Ал,балалар,мен сіздерге бірнеше
сұрақтар қойғым келеді.
-Балалар,қәзір жылдың қай мезгілі?
-Көктем мезгілі.
-Көктем мезгілінде неше ай бар?
-Үш ай бар,наурыз,сәуір,мамыр.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар,балалар,енді тақтаға назар аударайықшы, мына
суреттерге қарайықшы,бұл жыдың қай мезгілі.(Жылдың 4 мезгіліне
сипаттама беру)
Арай: Бұл-жаз мезгілі. Жаз мезгілінде күн өте ыстық болады.Балалар жаз
мезгілінде суға түседі.
Бекнұр.Н.Ал, бұл суретте күз мезгілі бейнеленген.Күз мезгілінде
жапырықтар сарғайып,қурап жерге түседі.Құстарымыз жылы жаққа ұшып
кетеді.
Қыс мезгілі.Қыс мезгілінде қар көп жауады,қардың түсі ақ,оны қолға ұстасақ
еріп кетеді.Қардан аққала жасап,мұзда коньки,шана теуіп ойнаймыз.
Данияр: Фариза Түгелбайқызы,бұл қәзіргі мезгіл көктем мезгілі.Көктем
мезгілінде ағаштардан бүршік атып,жер жасыл түске орана бастайды.Жылы
жақтан құстарымыз ұшып келеді.
Тосын сәт:( Залға айқайлап,Дымбілмес келеді).
Тәрбиеші:Ой , балалар, бұл дымбілмес қой,осылай айқайлауға болама екн?
Қолындағысын қараңдаршы,ол тамақты шашып жеп жүрғой.
Алдымен,үлкендермен амандасу кереккой,ал ол болса айқайлап,тамақ жеп
жүр.Дымбілмес,бір сәт демінді алып,кідірсеңші,қайдан келесің,неге
шулайсың,қаршы біздің балдар өте ақылды,сен секілді айқайлап,кез-келген
жерде тамақ жеуге болмайдығо.
Дымбілмес:Не дейсіңдер,тамақ жеуге болмайма,менде
ақылдымын,білгішпін.Міне,қараңдаршы,мына жердегі пішендерді атап
айтып бере аламын.
(Пішіндерді шадастырып айтып береді)
Тәрбиеші: Жоқ,сен дұрыс айтпадың Дымбілмес,одан да біздің Айзерені
тыңдап көрші.
1-тапсырма: Айзере.
1.Бұл қандай пішіндер атаңыз?(үш бұрыш,төрт бұрыш,шеңбер)
2.Жарайсыңдар!Ал,енді осы пішіндердің түстерін үш тілде
атаңыз.(қызыл,сары,жасыл.Красный,желтый,зеленый.red,yellow,green)
3.Осы пішіндерді кері және тура санаңыз.(1,2,3.3,2,1)
Дымбілмес:Ой,осыда қиын болыппа.Қәзір мен мына жердегі жануарларды
айтып беремін.(жануарларды да шадастырып атап береді)
Тәрбиеші: Дымбілмес-ау,сен тағы да бәрін шадастырып айтыңғой,енді біздің
Мадиярды тыңдап көрші,ол үй жануарларымен дала жануарларын атап ,
олардың пайдасын айтып береді.
2-тапсырма:Мадияр:
-Үй жануарлары мен дала жануарларын атаңыз.
Үй жануарлар:( Сиыр,қой,жылқы,түйе,ешкі,ит,мысық т.б)
Дала жануарлары:(Жолбарыс,арыстан,аю,қасқыр,түлкі,қоян т.б)
Үй жануарларының пайдасын айтып беріңіз.( үй жануарларының
сүті,еті,жүні пайдалы).
Дала жануарларын не себепті үйде ұстай алмаймыз?(себебі олар жыртқыш
келеді.Оларды тек,зообақтарда және теледидардан көре аламыз).
(Дымбілмес қолына рагаткасын алып,залда жүгіріп жүреді).
Тәрбиеші: Ой,дымбілмес сен нестегелі жүрсің,бұнын не,қолыңдағы жаман
затқой?
Дымбілмес: Құстарды бақылап тұрмын,қәзір бәрін атамын.
Тәрбиеші: Жо-жоқ. Олай жасама олар біздің досымызғой,сен алдымен
балалардың тақпақтарын тыңдап көрші содан кейін, бәлкім ойын өзгерер.
3-тапсырма:
Тақпақ:
1.Тоқылдақтар тоқылдап,
Ешбір тыным көрмейді.
Ағашты қанша тессе де,
Жұмысы бір өнбейді.
2.Келіп көктем құстары,
Бау-бақшада ән салды.
Оларды жас достары,
Ұя жасап қарсы алды.
3.Құс ұясын бұзбандар,
Балапанның алмандар.
Құстар біздің досымыз,
Обалына қалмаңдар.
4.Таспен атып торғайды,
Ұя бұзган оңдайды.
Құс өкпелеп кетеді,
Бақшамызғақонбайды.
5.Жыл құстары келді деп,
Балдырғандар мәз болды.
Қос қанатты желпілдеп,
Көлге үйрек -қаз қонды.
(Балалар тақпақ айтып жатырған кезде Дымбілместің ұйқысы келеді,есіниді.)
Дымбілмес:Балалар,сендер көп тақпақ білесіңдерго,бәрін тыңдап тұрамын
деп,ұйқым келіп кеттіғой.
Тәрбиеші: Балалар,Дымбілмес шаршап қалған секілді,қане бой сергіту
жаттығуын орындап алайықшы.
4-тапсырма: Сергіту сәті.
(Экранда әуенмен көрсетілген қимылды қайталайды).
Дымбілмес: Қандай керемет! Сендердің арқаларында бойымды
серігіп,ұйқымда шайдай ашылдығой. Ендеше,достар мен сендермен тамаша
ойын ойнағым келеді. Сендер ойын ойнағанды жақсы көресіңдерғой.
5-тапсырма: Д/О:« Кім көп біледі?»
Шарты:Дорбада берілген түрлі көкөністер мен жемістерді сипап,сезу
арқылы ажырату. Балалар, сендер ойынды керемет ойнайсыңдар екен,осы
көкөнісетер мен жемістер мен бау бақшамда өседі,бірақ олардың арасында
шалқан жоқ.(деп мұңайады Дымбілмес)
Тәрбиеші: Дымбілмес-ау,сенің көңілің түспесін,қәзір біздің балалар сенің
бақшаңа арнап көптеген шалқан салып береді.
6-тапсырма:
Шығармашылық жұмыс: Дәстүрден тыс әдіс арқылы дайын шалқанды
үрілген шарды гуашьқа малу арқылы бояймыз.Дайын болған шалқанды
Дымбілмеске сыйға береді.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Пішіндер атауын,олардың түстерін, кері және тура санауды біледі.
Түсінеді:Үй жануарларымен дала жануарларының
айырмашылықтарын,ойлардың пайдасын түсінеді.
Қолданады: Дәстүрден тыс әдіс арқылы,шығармашылықпен жұмыстану
кезінде әр түрлі әдіс қолданады.