400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Дымбілмеске көмек

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілерге арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбиеші: Жұмахметова Жазира Серікқызы

Білім беру саласы: «Таным»
Бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Тақырыбы: «Дымбілмеске көмектес»

Мақсаты: 5 көлемінде санау, заттарды үлгі бойынша және аталған саны бойынша санау дағдысын қалыптастыру.Заттарды салыстыру негізінде тең немесе тең еместігін анықтай білуді үйрету.Теңдік және теңсіздік ұғымдары туралы қалыптастыру.5-ке дейінгі реттік санау дағдыларын дамыту.Балаларды геометриялық пішіндерді : шеңбер,төртбұрыш,үшбұрыш сияқты геометриялық пішіндерді ажырату.Кеңістік бағдарын анықтай білуге,уақытты бағдарлауға және атай білуге үйрету.

Қолданылатын көрнекілік құралдары:үлкен кіші доптар,пішіндер,сан және санау,кеңістікті бағдарлау,уақытты бағдарлау тапсырмаларына арналған дидактикалым ойын құралдары.Үлгі кітап.

Әдіс-тәсілі:түсіндіру,көрсету,сұрақ-жауап.

Билингвалдық компонент:

Бір-один- one

Екі- два- two

Үш- три- three

Төрт – четыре -four

Бес- пять- five

Ал балалар, бүгінгі оқу қызметіміздің ерекшелігі бүгін бізге көптеген қонақтар келіп отыр.Қонақтармен амандасып алайық.

Оқу қызмет барысы

Шатық шеңбер:

Ай да біреу аспанда

Күнде біреу аспанда

Тұратұғын елжіреп

Бәрімізде бір жүрек


Сенесізбе қараңыз

Баста біреу,ауызда

Кім байқады кім сезді

Мықты жандар бір сөзді.


-Жарайсыңдар балалар ,осындай тамаша көңіл-күймен оқу қызметімізді бастайық.

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Күз мезгілі, күз мезгілінде неше ай бар?Қазір қандай ай?

- Балалар бізде бүгін қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру оқу қызметі.


(Музыка ойналып, Дымбілмес есік қағып кіреді.)
Дымбілмес: Сәлеметсіңдер ме балалар.Бұл жер ойын алаңы ма?
Тәрбиеші: Жоқ, Дымбілмес, бұл жер балабақша.

Дымбілмес: Ойй мен тағы балабақшаға келдімбе.Маған балабақшаға барған мүлде ұнамайды.Ол жерде сабақ оқып,тапсырмаларды орындай алмай менің басым ауырып кетті.Мен ойын ойнағанды жақсы көремін.Ал ата-анам болса мені балабақшаға апарып тастай береді.

Тәрбиеші:Дымбілмес сен олай деме.Балабақша өте қызықты.Ол жерде оқумен қатар ойында ойнауға болады.

Дымбілмес:Жоқ маған ұнамайды .Мен текқана ойын ойнағым келеді.

Тәрбиеші: Дымбілмес сен арқаңа не асынып алғансың?

Дымбілмес: Арқама.....ааа бұл балабақшадағы апайымның маған берген тапсырмалар жинағығой.Сыйқырлы кітап.Ішінде әдемі-әдемі суреттер бар.Мен тапсырмаларды орындай алмаймын.Тек суреттерін қарап қоямын.

Тәрбиеші: Қане кітабыңды берші көрейін.Мүмкін біздің балалар сенің тапсырмаларыңды біліп қалар.Қандай әдемі кітап.Ішіндегі тапсырмаларыда қызықты шағар.

Балалар қараңдаршы Дымбілместің сыйқырлы кітабындағы қызықты математикалық тапсырмалар екен.Балалар барлығымыз бірге бүгінгі оқу қызметімізді Дымбілместің тапсырмаларын орындауға арнайық.

Дымбілмес: Жақсы болар еді менің тапсырмаларымды орындап берсеңдер.

Тәрбиеші:Дымбілмес біздің балаларға қарап тапсырманы орындау жолдарын үйреніп ал.Балалар мына сыйқырлы кітаптың ішінде сендерге де арналған жеке тапсырмалары бар кен.Қане көрейік қандай тапсырмалар екен.

1-тапсырма «Себеттерге сәйкесін жина»

Балалар бірінші тапсырмада бізге көлемдеріне қарай доптарды себеттерге жинау тапсырмасы берілген екен.Балалар үлкен және кіші доптарды үлкен және кіші себеттерге бөліп жинап алайық.

Енді бір бала осыны тақтада орындап көрсетейік.Қалған балалар алдымызда орындаймыз.

Дымбілмес: Мына балалар қандай ақылды.Меніңде сендердей ақылды болсамғой.

Тәрбиеші: Әрине ақылды біздің балалар.Өйткені олар балабақшадан қалмайды.Ал балалар сыйқырлы кітаптың келесі бетін көрейік.Ол жерде бізді қандай тапсырма күтіп тұр екен.

2-тапсырма бізге балалар гиометриялық пішіндер беріпті.Бұл жерде бір-біріне ұқсас пішіндерді резенкелер арқылы байланыстырып қосыңдар диді. Тапсырманы түсінсек бір бала тақтада орындайқ.

Дымбілмес: Сендер өте ақылды, әрі шапшаң екенсіңдер. Сендерден әлі үйренетінім өте көп екен.Бірақта мен қатты шаршадым.Сендер қалай шаршамайсыңдар?

Тәрбиеші: Шаршап кетсең ендеше біздің балалармен бірге сергіту сәтін орындап бойыңды бір сергітіп ал.

Сергіту сәті

Бойды сергек тік ұста,
Емін-еркін тыныста.
Оң қолыңды соз алға,
Қол ұшына қара да,
Үшбұрыш сыз ауада,
Сол қол босқа тұрмасын,
Шеңбер жасап тынбасын.

Тәрбиеші: Дымбілмес шаршағаның баслдымы ма, біздің балалармен бірге жаттығу жасап.

Дымбілмес: Иә әрине .Бойым бір сергіп қалды.Шаршауым басылды.

Тәрбиеші: Дымбілмес сен санау білесіңбе?

Дымбілмес: Санау....Мен санау білмеймін.Санау деген не?

Тәрбиеші: Санауды білмесең біздің балаларды тыңды.Сандар туралы тақпақтар айтып берсін.

Балаларды тақтаға шығарып ,өздерінің қандай сан туралы айтқалы тұрғанын сұрап,сандық таңбасын таңдатып алу.

Біздің үйде бір тауық,

Бір жұмыртқа жүр тауып.

Бір сиыр бар қорада,

Анамда оны жүр сауып. Сәкен Айша



Екі саны байыпты,
Аққуға ұқсап қалыпты.
Ұзын мойын, құйрықты

Қазды да қатар қойыпты. Ербошаева Жансая


Екіліктен кейін
қараңдар,

Үш саны шықты ,жарандар

 Үшінші орын тұрағы,

 Үш ілмекті қосып тұрады. Омаров Ерсұлтан



Төрт дөңгелек арбада,

Төрт аяқ бар малда да...

Тауыса алмай бидайды,

Төрт тышқан жүр қамбада. Атаев Алихан



«Бестік» деген бағаны,

Бақыт күнде алады.

Бәрі жақсы көреді,

«Беске» оқыған баланы. Русланбек Айзере




(Топпен санамақтар айтқызу. Қазақша және ағылшынша.)

Дымбілмес:Қандай ақылдысыңдар.

3-тапсырма Ендігі біздің тапсырмамыз осы сандарға байланысты беріліпті. «Санына қарай таңбасын қой» деп аталады екен.Жемістерді санап санына қарай таңбаларын орналастыру.Тапсырманы түсінсек бір бала тақтада орындайқ.

Көкөніс пен жемістердің санына қарай сандық таңбасын қойу және үш тілде сұрау

Дымбілмес: Достарым, сендердің көмектеріңмен мен үш тілдіде меңгердім,сандар туралы тақпақтарды да жаттап алдым.

Тәрбиеші: Дымбілмес балабақша саған ұнап келе жатқан сияқты. Мына сыйқырлы кітапта орындайтын бір тапсырма қалыпты. Дымбілместің ендігі тапсырмасы кеңістікті бағдарлауға арналған тапсырма екен.

4-тапсырма: «Кеңістікті бағдарла» Оң жақ,сол жақ,жоғары ,төмен ұғымын меңгерту.

Балалар бізге табиғат көрінісі беріліпті.Біз осыларды өз орындарына орналастыра отырып кеңістікті бағдарлаймыз. Тапсырманы түсінсек бір бала тақтада орындайқ.

Дымбілмес: Достарым сендердің арқаларыңда мен аздап есеп шығаруды үйрендім. Оқулықтағы тапсырмаларды қалай орындау керектігін түсіндім.Рахмет сендерге.

Тәрбиеші: Жарайсың Дымбілмес.Біздің балалар сондай ақылды мекен.

Дымбілмес:Әрине ақылды балалар екен.Балалар мен қайтайын кеш түсіп кетіпті.Үйіме барайын.

Тәрбиеші: Дымбілмес сен қателестің.Кәзіргі уақыт кешкі уақыт емес.Сен қандай мезгіл екенін білмейсіңбе?

Дымбілмес: Білем білем кешкі уақыт болдығой.кешкі уақыт

Тәрбиеші : Жоқ сен тыңда біздің балалар қндай мезгіл екенін айтып берсін. Балалар енді Дымбілмеске күн тіртібі жөнінде аздаған мәліметтер беріп өтейік.Балалар мен сендерге күн тәртібін жұмбақтар арқылы жасырамын сендер соны тауп сәйкесіне бағыттауышты апарып орналастырасыңдар.

5-тапсырма күн тәртібіне байланысты тапсымалар.Жұмбақтар арқылы жасыру.

Ұясынан күн шығып

Барлық жұртты оятты

Бұл уақытты балалар

Айтыңдаршы не дейміз (Таң)



Бақшада біз жүреміз

Ойнап билеп күлеміз

Бұл мезгілді балалар

Айтыңдаршы не дейміз ( Күндіз)



Күнде жылжып барады

Ұясына жақындап

Бұл мезгілді балалар

Айтыңдарш не дейміз. (Кеш)



Күн ұясына батады

Айда шығып жатады

Балапандар ұйқыда

Бұл мезгілді кім табады? (Түн)



Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар сендер жұмбақтарға жауап беріп ,тапсырмаларды дұрыс орындадыңдар.

Дымбілмес:Рахмет балалар мен енді балабақшадан қалмай барамын.Сендер сияқты менде ақылды боламын.Менің апайым бір қуанып қалатын болды ,менің тапсырмаларды орындап келгенімді көріп.Мен енді тездетіп апайым барып кітабымды көрсетейін.Сауболыңдар балалар!

Сұрақ-жауап

-Балалар бізге қонаққа кім келді?

-Ол өзімен не алып келді?

-Оның кітабының ішінен қандай тапсырмалар орындадық?



Күтілетін нәтиже:

Түсінеді: кеңістікті бағдарлау,уақытты бағдарлау ұғымдарын.

Қолданады: 5 көлемінде санау,үлкен-кіші заттарды салыстыруды,кеңістік бағдарын анықтай білуді

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
4 ақпан
812
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі