400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Дымбілмеске көмектес". Қарапайым математика. Есеп беру сабағы. Ортаңғы топ. Балабақша.

Материал туралы қысқаша түсінік
Ортаңғы топ балабақша тәрбиешілеріне қажет.
Материалдың қысқаша нұсқасы

№39 «Хиуаз балалабақшасы»

«Бекітемін»

№39 «Хиуаз» балабақша директоры

______________З. Алмағамбетова











Есеп беру қорытынды оқу қызметі


Білім беру саласы: «Таным»

Ұйымдастыру оқу-қызметі: Қарапайым математика


Тақырыбы: «Дымбілмеске көмектес»

№ 3 «Құлыншақ» ортаңғы тобы



Тәрбиеші: Таласбаева Ж























Ақтау 2018 ж

Білім беру саласы: «Таным»

Ұйымдастыру оқу-қызметі: Қарапайым математика

Тақырыбы: Дымбілмеске көмектес

Мақсаты: Балалардың сандар және пішіндер жайлы түсініктерін бекіту. Кеңістікті бағдарлауды жетілдіру. Жұмбақтар шеше білуге дағдыландыру.

Білімділік: Сандарды тура және кері атауға дағдыландыру. Пішіндердің көлемін, түсін дұрыс атауға дағдыландыру және кеңістікті бағдарлай білуге дағдыландыру.

Дамытушылық: Балаларға әртүрлі тапсырмалар бере отырып, зейіндерін, логикалық ойлау, есте сақтау сақтау қабілеттерін дамыту, ұжыммен жұмыс жасау барысында бірлесіп шешім қабылдауды жетілдіру.

Тәрбиелік: Балалардың бойында мейірімділік, достық сезімдерін тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Пішіндер, цифрлар, кеңістікті бағдарлауға арналған суреттер, денсаулық бұрышы суреті, түрлі-түсті шарлар, видео, теледидар.

Әдіс-тәсілдері: Шаттық шеңбер, қызықты сәт, сұрақ - жауап, көрсету, түсіндіру, әңгімелеу, сергіту сәті, тапсырмалар, санамақ, жұмбақтар жасыру, дидактикалық ойын.


Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу

Шаттық шеңбер

(Балалар шаттық шеңберіне қолдарын ұстап тұрады)

Отбасының гүліміз,

Көңілді өтер күніміз.

«Қайырлы таң» -деп айтамыз,

Бір болып, кеште қайтамыз.

Тәрбиеші: -Ал, балалар бүгінгі көңіл- күйлерің қалай?

Балалар: -Жақсы

Тәрбиеші: -Олай болса балалар бүгінгі оқу іс-әрекетімізді көңілді отырып бастайық.Бүгінгі оқу іс – әрекетіміздің тақырыбы «Дымбілмеске көмектес» деп аталады. Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? Бұл мезгілде ауа-райы қандай болады?

Балалар: -Күз мезгілі. Күзде дала салқын болады, жаңбыр жауады, салқын жел соғады, адамдар жылы киінеді.

Тәрбиеші: -Күз мезгілінің айларын атаңдар.

Балалар: -Қыркүйек, қазан, қараша.

Тәрбиеші:- Бүгін аптаның қай күні?

Балалар: -Жұма.

Тәрбиеші: -Балалар, қанеки күнделікті күн тәртібімізді еске түсірейікші. Балалар, күнде балабақшаға қай уақытта келесіңдер?

Балалар:-Таңертең ұйқыдан тұрамыз, бетімізді жуамыз, балабақшаға келеміз, балабақшаға келген соң жаттығу жасаймыз, оқу қызметін бастаймыз.

Тәрбиеші: -Жарайсыңдар. Ал, қай уақытта серуенге шығамыз?

Балалар: -Күндіз. Ойнаймыз, топқа келген соң беті-қолымызды жуамыз.

Тәрбиеші: -Жарайсыңдар, балалар. Содан соң не істейміз?

Балалар: -Тамақ жейміз, ұйықтаймыз.

Тәрбиеші: -Ал, балалар, қай уақытта үйге қайтамыз?

Балалар: -Кешке.

Тәрбиеші: -Жарайды. Ал, қай уақытта ұйықтаймыз? Ұйықтар алдында не істейміз?

Балалар: - Түнде. Ұйықтар алдында тісімізді, беті-қолымызды және аяғымызды жуамыз.

Бақшамызға барғанда

Жолыққан бар жандарға

Ертемен ақ пейілмен

«Қайырлы таң!»- деймін мен.

Күндіз де елді елеймін

«Қайырлы күн» тілеймін.

Үйге кешке келемін

Не дерімді білемін

«Кеш жарық» деп кіремін,

Ұйықтарымның алдында

«Қайырлы түн» деп айтамын.


Сиқырлы сәт. (Топқа Дымбілмес кіріп келеді.)

Тәрбиеші: -Сәлеметсіңбе, Дымбілмес. Қош келдің, төрлет. Көңіл-күйің жоқ.

Дымбілмес: -Сәлеметсіздер ме, балалар. Мен жаңа келе жатырсам мына қоржынды тауып алдым, ішінде қағаз бар, бірақ оқиын десем оқи алмаймын. Маған көмектесетін адам жоқ.

Тәрбиеші:- Дымбілмес, сен уайымдама, біз саған көмектесеміз. Солай ма, балалар?

Балалар: -Ия, ия.

І тапсырма: «Шарларды сана»

Тәрбиеші: - Балалар, мына жерде тапсырмалар жазылған екен. І тапсырма «Шарларды сана». Балалар, қандай сандар білеміз, қане, есімізге түсірейікші.

(Балалар шарларды санап (1,2,3,4), түстерін ажыратады. Тәрбиеші шарларға сандарды жапсырады, балалар санамақ айтады.)

Нейля: Бір дегенім – Бесік

Шықтық содан өсіп.

Ислам: Екі дегенім - Елім,

Далам, тауым, көгім.

Хамза: Үш дегенім – Үміт,

Үміт ақтар жігіт.

Арлан: Төрт дегенім – Төзім,

Төзе білем өзім.

Тәрбиеші: -Балалар, Дымбілместің келесі тапсырмасын орындайық.

ІІ тапсырма: «Биік пен аласа»

(Балалар қолдарындағы қуыршақтардың суретіне қарап биік пен аласаны ажыратады.)

Сергіту сәті. «Бала, бала, балапан» (Әуен ырғағымен сергіту сәті орындалады).

Логикалық есеп «Шарларды есепте»

(Тәрбиеші балалардан шарларды қосып, азайтуға арналған логикалық сұрақтар қояды. Балалар жауап береді.)

ІІІ тапсырма: «Кеңістікті бағдарлау» (Тәрбиеші балаларға ауылдың суретін көрсетеді. Балалар суреттегі киіз үйдің, ағаштың, мысықтың және күннің қайда орналасқанын айтады

(оң жақ, сол жақ, төменде, жоғарыда, жақында, алыста).


Тәрбиеші: Балалар, мына шардың түстерін ажыраттық, сандарын атадық, енді пішінін айтып жіберейік. Шардың пішіні қандай? Басқа қандай пішіндер білесіңдер? Мысал келтіріп жіберейік. (Балалар білетін тақпақтарын, жұмбақтарын айтады.)

Дидактикалық ойын: «Орамалдың жыртығын жама»

(Балалар қолдарындағы суреттегі орамалардың жыртығын фигураларға және олардың түстеріне қарап жамайды.)

(Теледидардан пішіндер туралы видео қосылады.)

Дымбілмес: Балалар, Сендер білімді балалар екенсіңдер. Маған көп көмектестіңдер.

Сендерге мен ризамын.

Тәрбиеші: Балалар, Дымбілмеспен қоштасайық.

Балалар: Сау болыңыз!

Тәрбиеші: Рахмет, балалар, барлығыңыз сұрақтарға белсенді жауап бердіңдер. Мен сендерге ризамын.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
19 қаңтар
2575
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі