400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Е дыбысы мен әрпі

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сынып мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы



Пәні: сауат ашу

Күні:

Сынып: 1 «ә»

78-сабақ

Мектеп:№73 Мұғалімі:Алданазарова Г.А

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Мен және табиғат. Е дыбысы мен әрпі.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.2.1.2 Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану.

1.3.5.1 Тақырыпқа байланысты керекті сөздер, сызба, сурет, белгілер қолдана отырып, жай сөйлемдер/мәтін құрастыру және жазу

1.2.5.1 Мәтін иллюстрациясы бойынша сұрақтар қоя білу немесе қойылған сұраққа жауап беру (мұғалімнің көмегімен).

1.1.8.1 Берілген сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрап айту.

Сабақтың мақсаттары

Барлығы: Жаңа білімді меңгереді.

Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.

Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.

Жетістік критерийлері

Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.

Тілдік құзыреттілік

Е дыбысы мен әрпі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

5 минут

Аққу болып ұшамыз

Көлге келiп қонамыз

Көлдiң бетiн құшамыз

Қайта самғап ұшамыз.

– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!


Шаттық шебері






Сабақтың ортасы

8 минут



№1 Мақалды түсініп оқы.(МК;Ж;Қ)

1. «Ер қанаты – ат» мақалымен жұмысты «Ойлан, тап» ойыны арқылы ұйымдастырамын. Ойынның шарты бойынша бір оқушы мақалды оқиды, екіншісі оның мағынасын қалай түсінетінін айтады. Қай жұп дұрыс оқып, мағынасын дұрыс түсіндірсе, сол жұп жеңімпаз атанады.


№2 Сызбаның көмегімен Есеннің не істегенін болжа.(МК;Т;Қ)

2. Суреттер мен сызбалардың көмегімен «Есен не істеді?» сұрағына оқушылардың жауап беруіне мүмкіндік жасату. Есеннің сабақтан бос кезде не істегенін бейнелейтін суреттердің көмегімен әңгіме құратамын: «Есен мұражайға барды. Атасымен шахмат ойнады».



Таныстырылым, оқулықпен жұмыс

Сергіту сәті

1 минут

Әппақ болып таң атты,

Түтiн тiке шығады.

Қарлығаштар қанатын

Самғап биiк ұшады.

Топ-топ, топ басайық,

Жалаудан күн жасайық.

Жаса, жаса алтын күн

Жаса, жаса жарқын күн. (балалар қолдарын соғады)

Сергіту сәтіне арналған жинақ

Қызықты тапсырма

8 минут


Аяқталуы


16 минут




№3 Төмендегі жауаптарды қандай сұрақтар қою арқылы алуға болады? (МК:Ж;Қ)

3. Диалогті қалпына келтіру жұмыстары ұйымдастырылады.

Оқушылар жұбымен диалогтi қалпына келтіреді. Диалог жауаптары берілген. Олар осы жауаптардың сұрақтарын құрастырады. Мысалы:

– Атың кім?

– Ерлан.

– Жасың нешеде?

– Алтыда.

– Сен қандай баласың?

– Ақылды.


№4 Сурет мазмұны бойынша ертегі құрастырып көріңдер.(МК;Т;Қ)

Әрбiр сюжетті сурет бойынша сұрақтар қоямын. Ертегіні «Ерте,ерте ертеде» сөздерімен бастатып, құрастырып кетуіне ықпал етемін






Оқулық, дәптерлер.


Сабақтың соңы

2 минут


Рефлексия

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Оқушылардың әріптер мен сөздерді қатесіз, әрі көркем жазуын қадағалау. Оқушылардың әріптерді жазу дағдыларын қалыптастыруда бастырып жазу әдісі мен генетикалық әдісті тиімді қолдану.

44-бетте берілген сызбаға Е дыбысы мен әрпі кездесетін сөздерді жазғызу.


Смайликтер

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау :1.(МК; Ж; Қ) Мақалды түсініп оқып, мағынасын талдай алу білігін бағалау.

2.(МК; Т; Қ) Сюжетті суреттердегі негізгі идеяны түсініп, сызбаларға сүйеніп сөйлем құрау білігін бағалау.

3.(МК; Ж; Қ) Тыңдау арқылы және сюжетті суреттің көмегімен диалог құра алу білігін бағалау.

4.(МК; ­Т; Қ) Сурет мазмұны бойынша ертегі құрай алу білігін бағалау.

5.(МК; Ө; Қ)

Бас әріптер мен кіші әріптерді бір-бірімен дұрыс байланыстыру және оларды гигиеналық талаптарға сай жазу білігін бағалау.

Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)

Қолдау көрсету.

Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.


Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)


Өнер, ана тілі сабағы

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15 қаңтар
719
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі