400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Э дыбысы мен әрпі

Материал туралы қысқаша түсінік
1 сынып қмж
Материалдың қысқаша нұсқасы



Күні: Сынып: 1

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Ұлттық ойындар туралы не білемін? Э дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты:

1.1.4.1 Мәтіннің мазмұнын тақырыбы немесе оның иллюстрациясы бойынша болжау.

1.2.1.2 Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану.

1.3.11.1 Сөйлемді бас әріптен бастап жазып, сөйлем соңына тиісті тыныс белгілерін қою.

Оқу мақсаты:

Барлық оқушылар:Жаңа білімді меңгереді.

Оқушылардың басым бөлігі:Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.

Кейбір оқушылар:Алған білімді өмірде қолдана алады.

Тірек сөздер:

Экран- screen эстрада-estrade электр-ether эфир - ether элеватор-elevator экипаж- crew эскалатор- excalator экскаватор-excavator

Жетістік критерийлері

Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.

Алдыңғы оқу:

Қандай ұлттық ойындарды білеміз?

В дыбысы мен әрпі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

7 минут

Ширату

Мен бүгін сабақта...


1.Топқа бөлу (алтыбақан,асық,теңге)

2. Қандай ұлттық ойындарды білеміз?

Ортада микрофон” әдісі


Дыбыстық талдау жасау. (талдау алгоритмі)
1 Сөзді айтады--------------------------
2 Буын санын анықтайды --------------- буын
3 Әріп санын анықтайды ---------------- әріп
4 Дыбыс санын анықтайды ------------- дыбыс
5 Неше дауысты дыбыс барын айтады,жіктейді ------- дауысты дыбыс(жуан / жіңішке)
6 Неше дауыссыз дыбыс барын айтады, жіктейді ----- дауыссыз дыбыс(қатаң/ұяң/үнді)

Топтық жұмыс ережесін еске түсіріп көрсек

 

 Топта тыныштық;

Топта ой бөлісіп,белсенділік таныту;

Әркімнің ойы құнды;

Уақытқа бағыну;

Басқа топты да тыңдау;


Сабақтың ортасы

8 минут




























Ойлан, тап «Пазлдар» ойыны арқылы жаңа сабақты түсіндіру. 3 топқа үш түрлі пазлдар үлестіріп беріледі.Пазл қүрастырғанда экскаватор, экран,э әрпін көреді. Экран, экскаватор сөздерінде алғашқы буында э дыбысы естіліп тұрғанын айтады. Хормен э дыбысын айтқызып,тіл алды езулік жіңішке дауысты дыбысты белгілейтін әріп екенін таныстырамын. Қазақ тілінің төл сөздерінде кездеспейтінін орыс тілінен енген сөздер мен халықаралық терминдерге тән екенін айтып өтемін.

1 Тыңдалым.


Экран, эстрада, электр, экскалатор, эфир, элеватор, экипаж, экскаватор.

Экран объектіні көріп тыңдауға мүмкіндік беретін

құрал.

Эфир майы тамаққа,медицинада қолданылады.

2)Тікелей эфир халықпен қарым-қатынас.

Эстрада 1) Көpеpмендеp алдында аpтистеp өнеp көpсететiн биiк алаң.2) Музыкалық жанр.

Элеватор - астықты қабылдап алуға, тазартуға, кептіруге, сақтауға арналған астық қоймасы.

Электр – жарыққа немесе жылуға айнала алатын энергияның пайдалы түрі. Ол электр желісі арқылы беріледі.

Экипаж – ұжым, команда
Эскалатор – жылжымалы баспалдақ.
Экскаватор - кен өндірісінде, құрылыста, тас, топырақ, кен қазатын, тиейтін машина.

2 Оқылым.

Оқулықтағы жаңа сөздерді оқып, буындық талдау жасау.

Эк-ран эст-ра-да э-лектр экс-ка-ла-тор

э-фир э-ле-ва-тор э-ки-паж Экс-ка-ва-тор


Ойлан, тап «Пазлдар» ойыны









Таныстырылым, оқулықпен жұмыс

















Оқулық,

Сергіту сәті

1 минут

Мультимедиа арқылы би әуені тыңдалады,оқушылар ден қимылдарын жасайды.

Сергіту сәтіне арналған жинақ

5-7 минут Жазылым


Жазылым

(Ө) Дәптермен жұмыс.

Э - әрпінің баспа, жазба және бас, кіші әріптерімен таныстырамын.(интерактивті тақтада көрсетіліп тұрады. Кіші және бас әрпін ауада жазып көрсетемін, оқушылар қайталап жазып қол үйретеді.Әр оқушыны жазба жұмысын өзі тексеруіне, қатесін табуға бағыттаймын)


дәптерлер.







Қызықты тапсырма

10 минут



Топпен жұмыс

І. Сөздерді суретпен сәйкестендір


ІІ.Сөздерге тиісті әріпті қою
э,ю, я       …леватор
а,и,э       …ксковатор
о,е,э        …лектр
э,я,и        …
скимо


ІІІ.Сөйлемді аяқта

Мен аэропортқа .... (бардым)
Ағам элеваторда .... (жұмыс істейді)
Үйде электр шамы .... (жанып тұр)



Жұптық жұмыс

Суретті диктант


































Суреттер,

ламинат, пластмастер

Сабақтың соңы

2 минут


Рефлексия

+

-

?

Мен сабақта қандай жаңа мәлімет білдім?

Сабақта қандай қызықты нәрселерді үйрендім?

Маған не қиын болды?





Кесте







Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

  1. Жаңа білімді қайталауда қолданылатын жаңа әдістер.

  2. Ортақ мақсатқа жұмылуы,бірлескен жұмыстары

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

  1. Оқу үшін бағалауәдістерінің тиімділігі.

  2. Топ басшыларының белсенділігі











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27.03.2019
442
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі