400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Е дыбысы мен әрпі

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепалды даярлық тобына сауыт ашу пәнінен сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы



№ 22. САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: Арыстан ақ аю. Е дыбысы

Мектеп:»Ақбидай негізгі мектебі» КММ

Күні:20.11 17

Педагогтің аты-жөні:Амирханова Кымбат Жаксылыковна

Мектепалды сыныбы:

Қатысқандар саны:5

Болмағандар:0

Сабақтың оқытылу мақсаты


0.1.1.1. Сөзді дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажыратып, дұрыс дыбыстау.

0.1.1.2. Сөзді буынға бөлу, сөздегі буын санын және орналасу ретін анықтау.

0.1.3.1. Тыңдалған мәлімет/хабарламаны тірек сызба, иллюстрация көмегімен мазмұндау.

0.1.4.1. Өзіне таныс тақырып аясында диалогке қатысу.

0.2.1.1. Сөз/сөйлем сызбасын оқу.

0.2.1.2. Суретті кітаптардан ақпартты табу (сурет арқылы).

0.3.1.1. Сөз, сөйлем сызбасын құру.

0.3.2.1. Сөйлем сызбасының соңына тиісті тыныс белгілерін қою: нүкте, сұрақ белгісі, леп белгісі.

0.3.3.1. Жазу жолын, жоларалақ кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін жазу.

0.3.3.2. Қарапайым жиектерді штрихтап салу.

Күтілетін нәтиже

Барлық тәрбиеленушілер орындай алады:



  • Тыңдалған материал негізінде қарапайым сұрақтарға жауап қайтарады.

  • Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажыратады.

  • Е дыбысы – дауысты дыбыс, жіңішке дауысты. Е дыбысының айтылуын дұрыс дыбыстайды.

  • Суреттегі заттардың аттарын атай алады, сөздегі е дыбысының орнын ажыратады.

  • Қарапайым жиектерді штрихтап салады



Көпшілік тәрбиеленушілер орындай алады.

- Тыңдалған/мәлімет хабарламаны тірек сызба, иллюстрация көмегімен мазмұндайды.

- Берілген суретке қарап сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажыратады.

- Сөздегі дыбыс санын, ондағы е дыбысының орнын ажыратады. Е дыбысына сөз ойлайды.

- Сөйлемдерді интонация бойынша ажырата отырып (хабарлы, сұраулы, лепті), сөйлеу барысында қолданады.

- Е дыбысына (дауысты, жуан дауысты) сөз құрайды.

- Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін жазу.



Кейбір тәрбиеленушілер:

- Суретті кітаптардан қажетті ақпаратты табады.

- Өзіне таныс тақырып аясында диалогке қатысады.

- Сөз/сөйлем сызбасын оқиды.

- Е дыбысын қатыстырып, сөз, сөйлем құрастырады.

- Сөйлем сызбасының соңына тиісті тыныс белгілерін қояды: нүкте, сұрақ белгісі, леп белгісі.

- Сөйлеу барысында дауыс ырғағын сақтап (Кешіріңіз! Рұқсат па? Тыңдаңызшы және т.б.) сөздерін қолданады.


Тілдік мақсат

Тәрбиеленушілер: Суреттер бойынша сұрақтар құрастыру.

Суретте бейнеленген оқиғаны өз ойымен жалғастыру.

Көптілдік:

Арыстан – лев – a lion

Негізгі терминдер мен сөз тіркестері.

Ақырғанда, жасырынып, қол бұлғайды

Сабақта тапсырмалар мен диалогтерде қолданылатын тіл:

Орманды нелер мекендейді?

Теңізді нелер мекендейді?

Арыстанды неліктен аң патшасы дейміз?


Өткен сабақтардан алған білім

Табиғат төрт түлік, жабайы аңдар туралы бұрыннан білетіндерін айтады.

Жоспар



Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

I. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату



1-2 мин





II. Өмірлік тәжірибені маңыздандыру. Мақсатты болжам



3-5 мин.


Сабақта жұмыс жасау үшін педагог жағымды атмосфера туғызады.

Қарды ерітіп жалғасы,

Наурыз келді – жыл басы.

Шуақ төкті жарық күн

Мейрамында халықтың.

Әліппе-дәптермен жұмыс. (1-тапсырма)

Сурет бойынша әңгіме. Суретте не бейнеленген? Сөйлем құрастыр. Сурет бойынша сөйлем сызбасының соңына тиісті тыныс белгілеріне сәйкес құрастырған сөйлемдердің соңына нүкте, сұрақ белгісін қояды.

Көрнекі құралды (флипчартка шығаруға болады).



Жабайы аңдар туралы өз болжамдарын жасайды.

Сурет бойынша сөйлем құрастырады.








Сабақтың ортасы

III. Тақырып бойынша жұмыс

26 - 30 мин

(ПТ) Өлеңдерді оқиды, мазмұнын түсіндіреді.

Ұйқысынан оянып,

Ақырғанда арыстан.

Жан-жануар қашады

Жасырынып алыстан.

Мұзды мұхит үстінде,

Ақ аю қол бұлғайды.

Тоны қалың майы көп,

Ол аязда тоңбайды.

Баянғали Әлімжанов



Ұйқасын тап.

Қалқиған қос құлақт.

Теңбіл түрі көрікті,

Мекен жері бұлақты

Білесің бе?...

(елікті)

(П) - Дұрыс айтасыңдар! Балалр, елік деген сөзде қандай дыбысты естіп тұрсыңдар?

  • Е дыбысы. Е – дауысты дыбыс, ерін екі жаққа тартылып, езу жиырылады.

  • Дұрыс айтасыңдар!

  • Е – дауысты, жіңішке дыбыс. Оны қызыл текшемен белгілейміз. Қане, бәріміз қайталап айтып көрейік!

  • Е –е –е –е –е -е

Сергіту жаттығуы:

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай ағаштар

Үп-үлкен боп өседі.

  • Суретте ненің суреттері берілген? (4-тапсырма)

Етік, бесік, кеме. Осы сөздерде Е дыбысы кездеседі ме? Оның орнын қызыл текшемен белгілеп көрсет.

Сөздерге дыбыстық талдау жаса. Сөздерді қатыстырып сөйлем құрастыр. Әліппе-дәптердегі заттардың аттарына сөйлем сызбасын құрастыру.



Етік сөзіне дыбыстық талдау жасау және осы сөзді текшелермен жазу. Шапалақ ұру арқылы буынға келтіру және е дыбысы кездесетін сөздері бар жұмбақ-жаңылтпаштар айтқызу.

(5-тапсырма)

Суреттерді ата, дыбыстық талдау жаса, қатыстырып сөйлем құрастыр.

Суретті аяқта, сөйлем құрастыр. Тапсырманы орындауда ғажайып сөздерді қолдану.

Әліппе-дәптердегі жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін жазуға арналған тапсырманы орындату.

Үзік сызықтарды қосу арқылы тәрбиеленушілердің қолдарын жазуға жаттықтыру.


(Ұ) Педагогті бар ынтасымен мұқият тыңдайды.



(Ұ) Жетекші сұрақтарға өздерінің ойларын білдіреді.

(Ө Жұмбақты ұйқасын тауып шешеді.



(Ұ) Педагогті бар ынтасымен мұқият тыңдайды.



Музыкалық сүйемелдеумен бой сергіту жаттығуын жасайды.



(ҰЖ) Берілген сурет бойынша сөздерді атайды. Е дыбысы дауысты дыбыс. Оны ауызша тыңдау арқылы түсінуге тырысады. Берілген сөздерді ауызша талдайды.

Суреттерді атап оларға дыбыстық талдау жасайды. Суретті аяқтап салады. Сөйлем құрастырады.



(Ө) Саусақ моторикасын дамыту жаттығуларын орындайды.

IV. Сабақтың қорытындысы. Рефлексия



28-30мин

Педагог қорытынды жасайды.

Сабақ барысында қандай қызықтарды кездестірдің? Сурет бойынша сөйлем құрастыру қызықты болды ма? Қай тапсырманы орындау қызықты болды? Жабайы аңдар туралы түсінуге тырысу.

(Рефлексивті бағалау – өз жұмысын пішіндер бойынша бағалап қорытады.

Тәрбиеленушілердің қолына таратылған пішіндер бойынша жаңа тақырыпты толық түсінсе, жұлдызша, ал толық түсінбесе, төртбұрыш, мақсатқа жетпесе, үшбұрыш белгілейді.



(Ұ) Бүгінгі өткен сабақ бойынша педагогтің сұрақтарына жауап береді.



Өз жұмысын пішіндер бойынша бағалайды.

Қосымша ақпарт

Жіктеу –тәрбиеленушілерге көмектесуді қалай жоспарладыңыз? Қабілеті жоғары деген тәрбиеленушілерге қандай тапсырмалар беруді ойластырдыңыз?


Бағалау – тәрбиеленушілердің прогресс/білімін бақылауды қалай жоспарладыңыз?


Пәнаралық байланыстар:

«Өзін-өзі тану», «АКТ»,

Құндылықтар

Педагог қажеттігіне қарай мөлшерлеу көмегін көрсетеді. Тәрбиеленушілердің мотивация деңгейңн көтеру.

Тәрбиеленушілердің жұмысын, өзіндік жұмыстарын қадағалай отырып.

Әліппе-дәптердегі тапсырмаларды (қорытынды) қарай отырып, орындату

Тәрбиеленушілердің рефлексиясының қорытындыларын талдау жасау.

  • Өзін-өзі тану сабағын Мен табиғаттың бөлшегімін!» тақырыбымен байланыстыру.

  • Өзін-өзі және құрбыластары мен үлкендерді түсіну, сыйлай білуге үйрету.

Байқаулар

Мына орынды сабақтағы бақылауларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Өзіңіздің сабағыңыз туралы сол жақтағы бағанада жазылған сұрақтарға жауап беріңіз.


Қорытынды бағалау

Ерекше табысты болған екі сәтті (сабақ беруде болсын, оқытуда болсын) атаңыз.

1.

2.

Сабақты жақсы өткізуге ықпал ететін екі жағдайды (сабақ беруде болсын, оқытуда болсын) атаңыз.

1.

2.

Сынып жайында және оның жеке тәрбиеленушілері жайында қандай жаңалық білдім және ол келесі сабағымды өткізуіме әсерін тигізе ме?






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
1095
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі