|
І. Қызығушылықты ояту, ертегі
тыңдату.
-
Балалар, біз өткен сабақта
қандай тақырып бойынша жұмыс жасадық?
(Орман
тақырыбы)
-
Орманда қандай жануарлар
тіршілік етеді және оларды бір сөзбен қалай
атаймыз? (Аңдар)
-
Аң сөзін кім буынға бөліп
береді?
- Яғни, біз өткен сабақта
қандай дыбыспен таныстық?
- Өте жақсы, осы орманда емен
ағашы өседі, мен сендерге «Емен ағашы» туралы әңгіме оқып
берейін.
Жаздың әсем күнінде емен ағашы
жайқала өсіп тұрды. Бір күні еменнің көлеңкесіне ешкі келіп
аяңдайды. Ешкі шаршаған, қарны ашқан аш
еді.
-Е-е-е-е-мен, сені жұрт көп
мақтайды, мықты ағаш деп. Кәне, мықтылығыңды көрсетші,-деп
жапырағына жармаспақшы болды.
-Е-е-е-еш-кі-деді емен. Ешкі екеніңді ісіңнен-ақ
білдім.
-Балалар, ешкіге еменнің жапырағын жегізіп қоямыз
ба?
-Ендеше еменге көмектесейік. Өсіп тұрған ағаш
қалай аталады екен?
Біздер қазір осы емен жаңғағын жинау арқылы емен
ағашына көмектесеміз.
Ойын: « Жаңғақ жинау» Әр
жаңғақтың астында сұрақ бар
1. Дыбыс дегеніміз
не?
2. Әріп дегеніміз
не?
3. Дыбыстар нешеге
бөлінеді?
4. Дауысты
дыбыстар қалай
айтылады?
5. Дауыссыз
дыбыстар ше?
6. Ал-ма сөзін оқып
бер. Неше буын бар?
7.
Біз өткен сабақта қандай
әріпті өттік? Ң
Еменге ешкі не деп тіл қатты?
Ал,
емен ешкіге не деді?
Ендеше, емен,
ешкісөздері қандай дыбыстан
басталып тұр?.
— Міне біз еменге
көмектестік.Сендерге үлкен рахмет айтып емен ағашы өз жаңғақтарын
сыйлады. Ағаштарға осылай үнемі қамқор боп
жүріңдер!
Білімімізді әрі қарай
жалғастырайық. Бүгінгі сабағымызды ой
қозғаутапсырмасы арқылы анықтап,
қандай дыбыспен танысатындарыңды білетін
боласыңдар. Мына тақтаға назар аударайық! Тақтада сөздер
жазылады
( етік, жер, бес, ел, ер, жел, кесе,
емен, есен)осы
сөздерден қандай дыбысты көп естідіңдер! Тақтадағы сөздердегі «Е»
әрпінің астын сызып көрсетемін. Сонымен бүгінгі
жаңа
сабағымыз «Е дыбысы мен әрпі».
-Дұрыс, енді е дыбысын айтып көрейік.(айнаға
қарап,айтқызу)
Сергіту
жаттығуы:
Жоғары қарап ай
көрдім
Төменге қарап жер
көрдім
Оңға,солға
қарап
Егеменді ел
көрдім
Енді балалар дұрыстап
тыңдаңдар!
Е-МЕН, Е-ДЕН, Е-ЛІК,
КЕ-СЕ бұл
сөздерде Е дыбысы қалай естіледі? Е әндетіп, еш кедергісіз, ұзақ
айтылса оны дауысты дыбыс дейміз. Сендер білесіңдер дауысты
дыбыстар жуан және жіңішке болып бөлінеді. Дауысты дыбыстар қандай
түспен белгіленеді?
Жуан дауысты дыбыстарға – А, О, Ы,
Ұ.
Жіңішке дауысты дыбыстарға бүгінгі өткен Е
дыбысын жатқызамыз.
-Е
дыбысын қай үйге кіргіземіз?
Жұмбақ:
Басында үшкір істігі
бар
Өзіне лайық тон
пішкен.
Секіріп тастан
түскен. (Ешкі)
Келесі жұмбақты
тыңдаңдар:
Қанаты жоқ –
ұшады,
Аяғы жоқ –
қашады. (Жел)
Келесі жұмбақты
тыңдаңдар:
Оқу-бiлiм аспабы,
Қоймасының бас қабы.
Бөлмесi де бiрнешеу,
Тиегi бар
ашпалы. (Сөмке)
Ал осы сөздерде е дыбысы қай жерде
естіледі?
Басында,ортасында,аяғында
·
Осы сөздерді буынға бөлейік, қанша буын бар екен! (Е-МЕН, Е-ДЕН,
ЕР,ЕЛ, ЖЕР)
·
Дөңгелекшелер арқылы дыбыстық талдау жасау.
Дидактикалық ойын: «Дыбыстың орнын
тап»
Балаларға қорапшадан графикалық сөзді және
бір тау тасты алу ұсынылады.
— Қазір мен сөз айтамын,егер сөз е дыбысысынан
басталса тасты сөздің бас жағына қоясыңдар.,егер е ортасында
естілсе ортасына ,ал е дыбысымен аяқталса, соңғы жағына
қоясыңдар.
— Сөздер:Елік,жер,мен,ет,етік,
төре,сөре,есек.
Оқулықтағы тапсырмаларды тақтада көрсетіліп тұр.
(суреттерді атайды) Е әрпі сөздің басында, ортасында және соңында
кездеседі екен.
Дәптермен жұмыс
Балалар Е дыбысының жазылуына қарайық. Үлкен Е
дыбысының бас әрпінің баспа түрі 4 элементтен тұрады, ал кіші е
дыбысы 2 элементтен тұрады.
1. Ауада
көрсету
2. тақтаға жазып
көрсету
.
Ал, балалар қолдарына қалам алып ауаға жазыңдар. Енді оқулығымызға
Е әрпін жазыңдар!. 5 мин
Ал
енді балалар ой қозғаутапсырмасы арқылы мына ребусты шешейік (кесе,
кеше).
Жаңылтпаш жаттайық:
Шеше,шеше!Неше кесе сынды
кеше
Сөйлем құрайды (Самат, кесеңді
ал)
Е
дыбысына байланысты«Тез ойла, сөз ойла»
ойынын ойнайық. (Жұлдызша беріледі, кім көп жұлдыз
жинаса сол жеңіске жетеді І,ІІ.ІІІорын)
-Сабақты қорытындылау:
Ойын:
«Дүкен»
Мақсаты: Дүкенші сайланады. Балалар
сатушыдан ойыншық кесе, күрек т.б. сатып алады. Ол үшін ойынға
қатысушы бала сатып алған ойыншықтың атын айтады, буынға
бөледі.
-Е дыбысы қандай дыбыс
?
-Е дыбысы жуан дауысты ма,
әлде жіңішке дауысты дыбыс ма?
-Е дыбысына
сөз құрау, буынға
бөлу.
|