400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Е. Өтетілеуұлы. Балмұздақ

Материал туралы қысқаша түсінік
педагог-зеріттеуші
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Е. Өтетілеуұлы. Балмұздақ

Мақсаты: 1.Оқушыларға автор туралы түсінік беру,«балмұздақ» әңгімесімен таныстыру, балмұздақтың шығу тарихын айту.

2. Әңгіменің түйінін ашуға жағдай жасау, өз бетінше топпен шығармашылық жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.

3. Топпен жұмыс кезінде бірін-бірі тыңдау, адамгершілікке, қайырымдылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: оқулық, автор суреті, слайд, сергіту сәті музыкасы т.б

Әдісі: Сто әдісі

Сабақтың барысы:

І. Қызығушылықты ояту. Ұйымдастыру бөлімі

ІІ. Психологиялық дайындық

Күннің нұрын алайық

Таза ауаны жұтайық

Жүрекке жылу салайық

Мейірімділік шоғын алайық

Жиналған жылы шуақты

Өзімізге шашайық!

  • Сыныпты 4топқа бөлу.

ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау

1) «Ортада қаламсап» стратегиясы бойынша үй тапсырмасын сұрау.

Мәтін мазмұнын айтып, тоқтатқан жерден жалғастырып айтады.

2) «Мейірім» тақырыбында эссе жазып, соны оқу.

ІҮ. Мағынаны тану . Жаңа сабақ

Жұмбақтарды шешу

1). Аппақ қардай, Ұнатары баланың-

Дәмі балдай (балмұздақ) Балдай тәтті тағаммын.

Ортаңғы буын алынса,

Сүйеніш боп қаламын. (Балмұздақ)

-Балмұздақты неден жасайды?

Ү. Дәптермен жұмыс

Олай болса күннің жадын жазамыз. Е. Өтетілеуұлының «Балмұздақ» әңгімесімен танысамыз.

Е. Өтетілеуұлы— 1938 жылы 1 каңтарда Ақмола (қазіргі Астана) қаласында туған. 1957 жылы Алматыдағы Абай атындағы педагогтік институтыңың филология факультетіне оқуға түседі, кейін орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімінің мамандығын алып шығады. Ақынның шығармашылығы бірыңғай балаларға арналғандықтан, оның редакторлық қызметі де жас оқырмандар үшін жазылған көркем әдебиетпен тікелей байланыста болады.

ҮІ. Оқулықпен жұмыс

  1. Іштей оқу.

  2. Дауыстап, тізбектеп оқу.

Сұрақ-жауап

  • Балалар не тауып алды?

  • Мирас не істеді?

  • Мирас балмұздақ жеуден неге бас тартты?

  • Егер сен біреудің ақшасын тауып алсаң, не істер едің?

ҮІІ. Сергіту сәті

ҮІІІ. Шығармашылық жұмыс

  1. Мәтінді мазмұндау.

  2. «Балмұздақ» сөзінен бірнеше жаңа сөз шығару.

  3. Сахналық көрініс.

  4. Мен балмұздақ шығаратын цехтың басшысы болсам..

ІХ. Сен білесің бе?

Тарихшылардың айтуынша, балмұздақ осыдан 5000 жыл бұрын пайда болған. Б.з.д 3000 жылдары Қытайда дастарқанға апельсин, лимон, анар кесінділері араластырылған қар мен мұз қойылатын болған екен. 

Балмұздақ адамды психологиялық күйзеліс пен ұйқысыздықтан арылта алады. Химиктер оның құрамында триптофан деген заттың жүйке жүйкесіне оң әсер ететенін анықтаған. Ол адамның көңіл күйін көтеріп, ұйқысын реттейді. Балмұздақтың құрамында адам ағзасына қажетті А, В, Д, Р, Е витаминдері мен темір, калий, магний сияқты минералды заттар мол.

Сонымен қатар балмұздақтың да зиянды жақтары да бар екен. Жалпы балмұздақты күніге 2-3реттен артық жеуге болмайды . Кариес, атеросклероз, жүрек ауруы барларға мүлде пайдасы жоқ. Сол сияқты денесін май басқан, артық салмақтан құтыла алмай жүрген жандардың балмұздақты шектегені дұрыс.

Балмұздақтан жасалған әлемдегі ең үлкен тортты Пекинде жасап шығарған. Торттың ұзындығы 3 метр ғана болғандығымен, салмағы 8 тоннаны құрайды. Балмұздақ торты – балалардың «Балмұздақ тауы» атты қойылымдарының құрметіне әзірленген болатын. Гиннестің рекордтар кітабына тіркелген.

Х. Ой толғаныс. Қорытынды:



Білемін

Білігім келеді?

Білдім





ХІ. Үйге тапсырма: мазмұндау

ХІІ. Бағалау. Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау, мадақтау.


















































































































































































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16 қаңтар
625
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі