400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Е.Ашықбаев "Балабақша" өлеңі

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша тәрбиеленушілеріне арналған өлең.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін______________

«_____» ______________

Ұйымдастырылған оқу-іс әрекетінің технологиялық картасы

Ай - апта

10 мамыр 2018 жыл

Мақсаты

Білім саласы

Қатынас.Шығармашылық

Ауылдағы ең жақсы үй балабақша екенін түсіндіру, өлеңді жаттау.

«Моншақтарды тіземіз»ойыны арқылы дөңгелек заттардың суретін салуға үйрету.


Бөлімдері

Көркем әдебиет. Сурет салу

Блок

Әрқашан күн сөнбесін

Апта тақырыбы

Ойнаймыз, танимыз, зерттейміз

Тақырыбы

Е.Ашықбаев «Балабақша»

«Моншақтарды тіземіз»

Әдістер

Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, ой қозғау, тосын сый

Қос тілділік

Балабақша – детский сад моншақ-бусы

Сөздік жұмыс

Балабақша

Көрнекіліктер

Балабақша суреттері6 слайд

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғаушылық


Шаттық  шеңбері:
            Бала  бала  баламыз
            Бақшамызға  барамыз
            Күні  бойы  қызыққа
            Батамыз да  қаламыз
            Бір  шаңырақ  астында
            Бірге  сайран  құрамыз.

Сәлеметсіздер  ме, құрметті  апайлар!

 

Хормен  жатқа  айтады.

Ұйымдастыру

шылық-ізденістік













Тосын сый. Топқа қолында қуыршағы бар қыз келеді.

-Саламатсыңдар ма балалар!Мен «Айгөлек» балабақшасының тәрбиеленушісімін. Сендердің балабақшаларыңмен танысқым келеді. Маған балабақша туралы айтасыңдар ма?

-Ал сенің атың кім?

-Айгүл

-Балалар біздер Айгүлге балабақшамыз туралы айтамыз ба?

Бүгін біздер сүйікті балабақшамыз туралы әңгімелейтін боламыз. Балалар қане кім айтады біздің балабақшаның атауы қалай?

Ал тобымыз қалай аталады?

Ұранымыз ше?

Жарайсыңдар!

Балалар сендер балабақшаға кішкентай кездеріңнен бастап келіп жүрсіңдер. Балабақша сендерге ұнайды ма? Балабақшада не істейсіңдер?

Мен сендерге балабақша туралы мынадай өлең оқып берейін.

Мамаңа еріп келдің сен,

Папаңа еріп келдің сен.

Ауылдағы ең жақсы үй,

Балабақша мен білсем.

Себебі ме, себебі, себебі,

Барлық мама келеді,

Барлық папа келеді.

Дидактикалық  ойын:
«Балабақшада  саған  не ұнайды?

Күн  режимі  бойынша,  балабақшада  не  ұнайтындары   сұралады

Балалар сендер шаршадыңдар ма? Ендеше бойымызды жазып би билеп алайық.

Сергіту сәті: «Бала, бала, балақан» әніне қимылды қозғалыс жасау.

Айгүл саған бізбен бірге өткізген уақытың көңілді ме? Сенің қуыршағыңның аты кім? –Әйгерім.Біз бүгін туған күн кешіне барамыз. Балалар менің қуыршағыма арнап моншақ жасап бересіңдер ме?

- Біз көмекке әрқашан да дайынбыз ба? Ендеше біздер қуыршақ Әйгерімге арнап моншақтың суретін салайық. Моншақ пішіні қандай болады? Моншақты түрлі түспен де бір түспен де салуға болады. Мынау үлкен дөңгелек жіп. Жіптің бойына кішкентай дөңгелектер саламыз. Оны түрлі түспен бояймыз. Ендеше іске кірісейік. Жарайсыңдар! Сендерге тапсырманы орындау қиындық келтірді ме?

Ендеше сөздіктермен танысайық

Балабақша-детский сад

Моншақтар -бусы

«Моншақтарды тіземіз» ойыны. Макорон өнімдерінен моншақ тізу.

-Балалар сендер өте жақсы екенсіңдер. Мен сендермен танысқаныма қуаныштымын. Сендерді өз тобымдағы балаларға айтып жүретін боламын. Сау болыңдар.

Айгүлмен амандасады.









Ия

Балбөбек балабақшасы

Күншуақ тобы

Біз әдепті баламыз

Айтқан тілді аламыз



Жаттығу жасаймыз, тамақ ішеміз, сабақ оқимыз, ойын ойнаймыз, ән айтамыз, би билейміз, ұйықтаймыз, серуенге шығамыз.




Өлеңді мұқият тыңдап, қайталайды.



Балалар сұрақтарға жауап береді. Өздеріне балабақшада не көбірек ұнайтындарын айтады.



Музыка ырғағына сәйкес қимыл жасайды.





Ия





Берілген тапсырмаларды тәрбиеші нұсқауымен орындайды



Сөздіктерді қайталап айтады?





Айгүлмен қоштасады

Рефлексивтік-жинақтаушы

Балалар біздер бүгінгі оқу іс-әрекетімізде не туралы өттік? Балабақша бізді неге үйретті?

Балаларды марапаттау.

Жүректен  жүрекке.


«Бүлдіршіннің  арманы»  әні.


Жылы жүзбен сіздермен жүздесейік
Балабақша шаңырағында кездесейік
Біздің топқа қонақтар келе берсін
Өнерімізді әрқашан көре  білсін
Алаңсыз ойнап күлеміз
Бәріңді біз сүйеміз.

Сұрақтарға жауап береді.





Әнді хормен қайталап айтады.

Күтілетін нәтиже

Білу керек

Өлең сөздерін түсініп, тыңдай біледі

Түсінеді

Балабақшаның екінші үйі екенін түсінеді

Меңгерді

Дөңгелек заттардың суретін салуды меңгерді





Тәрбиеші: Мажитова І



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
18 мамыр
2775
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі