ЕББҚ балаға қмж

Тақырып бойынша 11 материал табылды

ЕББҚ балаға қмж

Материал туралы қысқаша түсінік
Инклюзивті білімнің қысқаша жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Бұлшықет ұлпаларының құрылысы мен қызметі

Бөлім:

8.3В Қозғалыс

Педагогтің аты-жөні:

Акылбекова Анель

Күні:

01.11.2023ж

Сыныбы: 8 « ә,б »

Қатысушыар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Бұлшықет ұлпаларының құрылысы мен қызметі.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

8.1.6.2 бұлшық ет ұлпасының түрлері мен олардың қызметтерін сипаттау

Сабақтың мақсаты:

  • Бұлшық ет ұлпаларының түрлерін анықтау;

  • Бұлшық еттің құрылысын сипаттау;

Құндылықтарға баулу:

жеке тұлғаның пікірін ескеру және әрбір ойдың құндылығын құрметтеу.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту


І.Ұйымдастыру кезеңі:

1.Оқушылармен амандасу, түгендеу.

2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

«wordwall» платформасындағы арқылы ,оқушыны алдыңғы білімді қорытындылайды. жылдамдыққа , есте сақтау қабілетін қалыптастырады


«wordwall» платформасындағы лабиринт ойыны арқылы тапсырма орындады


1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады



«Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру

https://wordwall.net/ru/resource/38120850




Жаңа сабаққа кіріспе


«Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сурет беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі.

Бір-бірінің пікірін толықтырып, пікір алмасады

«Күлкі көңіл айнасы» тренинг

«Күні бойы бір күле алмасаң,

Онда оны зая кеткен күнім деп есепте»

Виктор Мари Гюго (француз жазушысы)

Білу және түсіну сұрақтарына жауап береді:

«Ымға түсінбеген дымға түсінбейді»

Үш оқушы шығып, қағазға жазылған сөздерді ыммен көрсетеді. «Көңілсіз, ренжулі», «Ашулы», «Қуанышты»

Осы көңіл күйлерді ыммен көрсету үшін оқушылар нені пайдаланды. Шағын талқылау арқылы сабақтың тақырыбы ашылып, сабақтың мақсаты анықталады. Сонымен бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Бұлшықет ұлпаларының құрылысы мен қызметі».

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

.

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

.

Оқулықпен жұмыс. Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді, бақылайды.

Бейне жазбамен танысады

«Түртіп алу әдісі: Жеке жұмыс.Мәтінді оқып танысып шығады. Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады. Оқулықтағы сызбаны сызып алады, Бейне жазбадағы ақпартпен танысады

Оқушыларды ынталандыру мақсатында «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағалайды. Қолдауды қажет ететін оқушыларға жетелеуші, бағыттаушы, түрткі сұрақтар қойып, қолдау көрсетеді.

https://massaget.kz/layfstayl/Zdorove/11973/


Презентация

Оқулық, жұмыс дәптерлері, құрал-саймандары, АКТ

Жеке жұмыс


Қолдану айдарындағы тапсырманы орындатады. Нұсқау, бағыт-бағдар, қолдау көрсетеді.

«Сәйкестігін тап» әдісі . Бұлшықет ұлпаларының тұсына сәйкес суреттердегі мүшелердің санын қою , оқушыны жылдамдыққа , есте сақтау қабілетін қалыптастырады

«Сәйкестігін тап» әдісі . Бұлшықет ұлпаларының тұсына сәйкес суреттердегі мүшелердің санын қою арқылы тапсырма орындады.


Дескриптор:

1 Көлденең жолақты бұлшық ет ұлпаларынан тұратын мүшелерді анықтайды..

2.Жүрек бұлшық еттінен тұратын мүшені анықтайды

3. Бірыңғай салалы бұлшық еттен тұратын мүшелерді анықтайды


-Жалпы 3 балл

Оқулық, жұмыс дәптерлері, құрал-саймандары, АКТ

Жұптық жұмыс

Талдау айдарындағы тапсырманы орындатады. Нұсқау, бағыт-бағдар, қолдау көрсетеді.

«Скимминг және скэннинг» әдісі

1) Бүгінгі тақырып не туралы? Бұлшық ет

2) Бұлшық еттің маңызы? Тепе-теңдікті сақтайды, тыныс алуға қатысады, жұту, дыбыс түзілу, көз алмасының қимылдауы, қозғалыс, пішін береді, дененің тік қалпын қамтамасыз етеді.

3) Бұлшық еттің негізгі қызметі___қозғалыс________

4) Бұлшық ет қандай ұлпадан тұрады? Бұлшық ет

5) Бұлшықет ұлпасының неше түрі бар? 3

6) Бұлшық ет жасушалары ? миоцит немесе бұлшық ет талшықтарынан (миофибриллалар)

7) Бұлшық еттер сүйектерге не арқылы бекиді? Сіңір

8) Неліктен әрбір сүйекке 2 қарама-қарсы әрекет ететін бұлшық ет бекиді? Себебі: бұлшық ет жиырылып сүйектерді тартады. Бірақ босаңсыған кезде оларды итере алмайды.

9) Бицепс жиырылған кезде қол шынтақтан___бүгіледі_______

10) Трицепс жиырылған кезде қол шынтақтан _жазылады___

11) Бұлшық еттердің негізгі қасиеті __жиырылғыштық___

Дескриптор:


1.Бұлшықеттерді орналасуына қарай орналастырады

2.Бұлшықеттің негізгі топтарының атқаратын қызметтерін анықтайды


-Жалпы 2 балл


Оқушыларды ынталандыру мақсатында «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағалайды. Қолдауды қажет ететін оқушыларға жетелеуші, бағыттаушы, түрткі сұрақтар қойып, қолдау көрсетеді.

Оқулық, жұмыс дәптерлері, құрал-саймандары, АКТ

https://wordwall.net/ru/resource/38120850

Жеке жұмыс

«learningapps» платформасындағы арқылы ,оқушы алған білімді қорытындылайды. жылдамдыққа , есте сақтау қабілетін қалыптастырады


Бұлшық ет құрылысының атауларын жазу.

Дескриптор:

1.Бұлшық ет құрылысының атауларын жазады.


-Жалпы 1 балл


https://learningapps.org/view1117342

Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия


«Басбармақ» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, «Padlet» платформасы арқылы сұралды


Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсатын, тақырыбы бойынша өз ойын айту «Padlet» платформасы арқылы сабаққа қорытынды жасайды.

  1. Қиын

  2. Қызықты

  3. Құнды

Мұғалім оқушыларды Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.


https://padlet.com/rabila2576/tgrppdte2znnz0it




























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.11.2023
4001
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі