Educaplay платформасы
Educaplay — бұл білім беру мақсатында
интерактивті жаттығулар жасауға және оларды оқушылармен бөлісуге
мүмкіндік беретін онлайн платформа. Ол мұғалімдерге, оқушыларға
және басқа да білім беру саласындағы мамандарға арналған құрал
болып табылады. Educaplay арқылы әртүрлі типтегі тапсырмалар мен
ойындарды оңай әрі қызықты түрде құрастыруға
болады.
Негізгі
мүмкіндіктері:
Интерактивті жаттығулар
жасау:
Қолдану тілі: Платформа көптілді, оның ішінде
қазақ, орыс, ағылшын сияқты көптеген тілдерде жұмыс істей
алады.
Пайдаланушы интерфейсі:
Қарапайым және түсінікті. Жаңа пайдаланушы үшін
де оңай үйренуге болады.
Қолдану саласы: Мектепте, колледжде, жоғары оқу орындарында,
онлайн курстарда, тіл үйрету сабақтарында және жеке оқуда тиімді
қолданылады.
Нәтижені бақылау:
Мұғалімдер оқушылардың нәтижесін көріп, олардың
қандай сұрақтарда қиналғанын бақылай алады.
Мұғалімдер үшін:
-
Дайын жаттығулар кітапханасынан шаблондар алып,
өз сабағына бейімдей алады.
-
Оқушылардың қызығушылығын арттыруға
көмектеседі.
-
Сабақта интерактивті әдістер қолдану арқылы
материалды бекітуді жеңілдетеді.
Оқушылар үшін:
-
Ойын арқылы оқу қызықты әрі есте қаларлық
болады.
-
Өзін-өзі тексеру мүмкіндігі
бар.
-
Қайта орындап, қатесін түзету арқылы нәтижесін
жақсарта алады.
Бейненұсқаулық: https://youtu.be/c7Q3IwYfdBc?si=SFtU1EUoLfID7aOL
Жұмыс жасауға арналған
қадамдық нұсқаулық
Платформаға кіру үшін
браузерден іздейміз. https://www.educaplay.com/
П
латформаға кіргенд негізгі бет ашылады. Жұмыс жасау үшін өз
аккаунтымызды ашу/кіру қажет. Кіру үшін
Log
in батырмасын
басамыз.

Басқаннан кейін аккаунтқа
кіреміз. (Google аккаунтты қолдана
аламыз.)

А
ккаунтқа
кірген кезде дайын жұмыстар ашылады. Жаңа тапсырма жасау
үшін New
game батырмасын
басамыз.

New
game батырмасын басқан кезде
тапсырма шаблондары ашылады. Ішінен керегін таңдап
аламыз.


Educaplay платформасында
тапсырма жасап көрейік. Тест тапсырмасын
құрастырайық.

Тапсырманы таңдап, үстін
басамыз. Басқанда ЖИ көмекшісі шығады. ЖИ арқылы тек тапсырма
тақырыбын жазу арқылы тапсырма жасай аламыз немесе сұрақтарды
өзіміз жазсақ та болады.

Төмендегі суреттегідей
сұрақтарды жазып шығамыз.Жазып болған соң
Publish батырмасын
басамыз.

Publish батырмасын басқаннан
кейін Share батырмасын басып, тапсырманың
сілтемесін аламыз.

Тапсырма дайын, сабағыңызда
қолдана аласыз!
