15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ёё дыбысы мен әрпі
|
Пәні:Сауат ашу Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6 Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті Күні: 21.02.2017 Сынып: 1 «А» |
Мектеп:А.Н.Бубенцов атындағы орта мектеп Мұғалім: Сәріпбек С.Д Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
||
|
Сабақтың тақырыбы |
Кейіпкерлерді сипаттаймын. Ȅ әрпі. |
||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
1.1.7.1 тыңдалған мәтінге өз көзқарасын жай сөйлеммен білдіру(ұнайды/ ұнамайды)1.1.9.1 сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажырату және дұрыс дыбыстау 1.1.9.2 дыбыстардың мағына ажыратушылық қызметін түсіну |
||
|
Сабақтың мақсаттары |
Барлығы: Жаңа білімді меңгереді. Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды. Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады. |
||
|
Жетістік критерийлері |
Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады. |
||
|
Құндылықтарды дарыту |
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |
||
|
Пәнаралық байланыс |
Дүниетану,қазақ тілі мен әдебиеті сабағы |
||
|
АКТ қолдану дағдылары |
Аудиожазба , таныстырылым. |
||
|
Тілдік құзыреттілік |
Әртіс-актер-actor (акта) Шахтёр-miner (майнә) Дирижёр-conductor (кондокта) Монтёр-fitter (фитә) Фуникулёр-funicular (фуникулә) |
||
|
Сабақ барысы |
|||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|
|
Сабақтың басы 3минут |
1.Ұйымдастыру кезеңі А)Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Шырылдайды қоңырау, Біз сабақты бастаймыз. Орнымызға отырып, Кітапқа көз тастаймыз. Жақсы білім алуға, Алға қадам жасаймыз. Ә).Топқа бөлу -Дыбыс дегеніміз не? -Дыбысты айтамыз,естиміз. 1-топ «Дыбыстар» тобы -Әріп дегеніміз не? -Әріпті көреміз жазамыз.Әріп дыбыстың таңбасы. 2-топ «Әріптер»тобы -Буындар қосылып не құрайды? -Сөз 3-топ «Сөздер» тобы 2.Сабақ тақырыбы мен оқу мақсатын хабарлау -Олай болса,бүгінгі біздің сабақ тақырыбымыз Ёё дыбысы мен әрпі. Және біз сендермен ертегілер еліне саяхатқа шығамыз. |
Шаттық шеңбері |
|
|
Сабақтың ортасы 20 минут |
Қане,кім бауырсақ ертегісін біледі? Бір оқушы шығып «Бауырсақ» ертегісін айтып береді. -Бауырсақ ертегісіндегі кейіпкерлерді атаңдаршы? -Қоян,қасқыр,аю,түлкі,ата,әже,бауырсақ. -Ендеше,бауырсақ атасы мен әжесіне жету үшін сендерден көмек сұрап тұр. -Көмектесеміз бе? -Бірінші бауырсақтың алдынан қандай аң шығады? -Қоян. - Қоянды сипаттайықшы. Олай болса,бауырсақ домалап келе жатса алдынан қоян шығыпты.Бауырсақ,бауырсақ мен сені жеймін депті.Бауырсақ: Жемеші мен сенің айтқаныңның бәрін орындаймын,- депті.Сонда қоян: -Жарайды сен маған аюдың қалай жеңімпаз атанғанын айтып берші,-депті «Жеңімпаз аю»ертегісін әңгімелеу. -Біз өткен сабақта қандай әріппен таныстық? -Юю әрпімен. -Юю қандай дыбыс? -Дауысты дыбыс. -Ю әрпін айтқанда қандай дыбыстарды естідіңдер? -и және о дыбыстарының қосарлануынан жасалады. -Қоян бауырсақты босатыпты. -Енді бауырсақтың алдынан қандай аң шығады? -Қасқыр. -Қасқырды сипаттайық. -Ол қандай аң? Қасқырдың тапсырмасы Қасқыр мынау қандай әріп екенін білмей бауырсақтан сұрапты. -Бауырсаққа көмектесеміз бе? Ендеше,мына жұмбақты шешіп алайық. Жазда да, қыста да Өзгермейтін бір түсте. Шырша-ёлка-christmas tree (кристмас три) Шырша – қарағай тұқымдасына жататын биіктігі 30-50 м, баяу өсетін қылқанжапырақты , мəңгі жасыл ағаш. 15-20 жылға дейін өте жай, кейін жылына 30 см-ге дейін өсетін болады.
Әртіс-актер-actor (акта) Актерлік өнер — адам бойындағы қабілеттерінің көмегімен белгілі бір кезең мен уақытқа тән тірі образ(кейіп) жасау өнері Шахтёр-miner (майнә) Шахтер (көмір өндіретін адам) (Шахтершы –жер астынан тас көмірді қазып алады, көмір үй жылыту, отарба(пойыз) қыздыру үшін қажет. Көмір Қарағандыда өндіріледі). Дирижёр-conductor (кондокта) Дирижер (фр. dіrіger – бағыттау, басқару) – музыкалық шығармаларды орындаушылар тобын басқаратын жетекші. Ол музыкалық шығармалардың екпініне, динамикалық ырғағына бет құбылысы, қас-қабақ, көзқарасы мен ым, қол қимылдары, яғни қалыптасқан дирижерлік тіл арқылы жетекшілік жасайды. Монтёр-fitter (фитә) ) Монтер – үйімізге электр қуатының дұрыс келуін қадағалайтын адам. Фуникулёр-funicular (фуникулә) Көктөбе және Алматы телемұнарасы. Теңіз деңгейінен 1130 метр биіктікте орналасқан. Көктөбеге фуникулер мен шағын автобустар арқылы жетуге болады. 1967 жылы салынған фуникулер жолдары Алматының ел аузында «компот» деп аталған жер үйлер орналасқан аудан арқылы жүріп өтеді Ё дыбысын дыбыстату. Ё – Ё - Ё Ё – дауысты дыбыс. Өйткені аузымыздан кедергісіз, созылып шығып жатыр.Ё Ё Ё Ё Ё Ё – дыбысы екі дыбыстан құралған. (ижәне о), орыс тілінен енген сөздерде кездеседі. Оны қызыл текшемен белгілейміз. Шахтёр,монтёр, актёр сөздеріне әр топ дыбыстық талдау жасайды.
№1 Оқы. Фуникулер Фуникулёр-funicular (фуникулә) -Фуникулер дегеніміз не? -Ол қайда орналасқан? -Ол Көктөбеге қалай көтеріледі екен? «Фуникулёр» сөзіндегі әріптерден сөздер құрастырады. -Енді,бауырсақтың алдынан қандай аң шығады? -Аю -Аю қандай аң? -Оның түсі қандай? Аюдың тапсырмасы Аю бір қойылымға барыпты. 2-тапсырма. «Ойлан,тап». Бүгінгі қойылым өте әсерлі болды.Маған қорқақ аңның рөлін ойнаған актер қатты ұнады,-дейді . -Мен қандай аңды айтып тұрғанымды тапшы?-деді аю. Қалай ойлайсыздар, актер қай аңның рөлін ойнады? Сол аңды сипаттап көріңдер. -Қоян |
Оқулық,ертегі кейіпкерлерінің суреттері Таныстырылым, оқулықпен жұмыс суреттер |
|
|
Сергіту сәті 1 минут |
Ұзын құлақ сұр қоян, Естіп қалып сыбдырды Ойлы-қырлы жерлермен Ытқып-ытқып жүгірді. Қарап еді артына, Қиығын сап көзінің. Келе жатқан томпаңдап, Көжегі екен өзінің. |
Сергіту сәтіне арналған жинақ |
|
|
16 минут |
-Енді бауырсақтың алдынан қандай аң шығады? -Түлкі Түлкіні сипаттап беріңдерші. -Ол қандай аң? Түлкінің тапсырмасы №3 Берілген сұрақтар арқылы жауаптарын болжа. -Актер кім? -Кейіпкердің рөлін сомдайтын адам. -Қандай актерлерді білесің? -... Түлкі бауырсақты жеймін деп жатыр. -Маған Ёё әрпінің жазылуын үйрет,- дейді. -Үйретеміз бе? Видио көрсету Дәптермен жұмыс Ёё әрпінің жазбаша түрін жазу. -Жарайсыңдар!Сендер бауырсақтың атасы мен әжесіне аман-есен жетуіне көмектестіңдер. Үйге тапсырма 105-беттегі 4-тапсырма |
Оқулық, Дәптер,ламинат-талған парақ |
|
|
Сабақтың соңы 5 минут |
Кері байланыс -Бүгін біз қандай әріпті өттік? -Ёё қандай дыбыс екен? -Дауыстының ішінде қандайы? -Қандай дыбыстардың қосарлануы арқылы жасалып тұр? Ёё әрпі бар қандай сөздерді айттық? Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бас бармақ салынған суреттер арқылы бағалау.
|
Бес бармақтарын көрсету |
|
|
Оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті төмен оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? |
Пәнаралық байланыс Денсаулық және қауіпсіздік
техникасының сақталуы |
|
|
Қолдау көрсету. Қабілеті төмен оқушыларға шахтёр,монтёр, фуникулёр сөздеріндегі дауысты,дауыссыз дыбыстарды анықтату |
Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бас бармақ арқылы бағалау. |
Өнер, қазақ тілі мен әдебиеті сабағы Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |
|
|
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. |
|
|
|
|
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
|


Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген