Сабақтың
тақырыбы: Ё ё дыбысы
және әрпі.
Сабақтың
мақсаты:
1.Білімділік:
Балаларды Ё ё дыбысы және әрпімен
таныстыру. Ұсынылған әрбір сөзге дыбыстық талдау жасай
білуге үйрету.
2.
Дамытушылық: Балалардың ойлау, есте сақтау қабілетін
дамыту.
3.
Тәрбиелік: Еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа
тәрбиелеу.
Әдісі:
Түсіндіру, жұмбақ шешу, сөз сөйлем
құрау.
Көрнекілігі:
Суреттер, әріп таңбасы, кеспе әріптер т.
б.
Сабақтың
жоспары:
І.
Ұйымдастыру.
Балалардың
назарын сабаққа аудару.
1. Оқушыларды 4 топқа
бөлу:
Алғырлар, Білгірлер, Ойшылдар,
Тапқырлар.
2. Өтілген әріптерді еске
түсіру.
3. Өткен Э дыбысын еске түсіру,
қайталау. Сөздерді
оқыту.
- Психологиялық
дайындық:
Біздер тату
баламыз,
Өсіп алға
барамыз.
Әріптермен
танысып,
Біз білімді
боламыз!
ІІ. Жаңа
сабақ.
1. «Ойлан, тап»
ойыны
а) Жұмбақ
шешу.
Қысы – жазы бүр
түсте.
Ол
не?
-
Шырша
- Шырша сөзін
орысша қалай айтамыз?
-
Ёлка
- Ёлка деген
сөзде бірінші қандай дыбыс
естіледі?
- Ё дыбысы.
(Хормен айту)
- Ё дыбысы және
әрпі туралы мағлұмат беру.
«Ё» дейтін
күштіге
Берілмеген босқа
атақ.
Қоясың
үстіне
Құп-құрттай қос
ноқат.
- Ё дыбысы дауысты
дыбыс. Ол екі дыбыстан
жасалған (й+о), орыс тілінен енген сөздерде
кездеседі.
Мысалы: Монтёр,
шахтёр, актёр, т. б.
- Монтёр,
шахтёр, щётка сөздеріне дыбыстық талдау
жасату.
Монтёр сөзі 2
буыннан тұрады. Мон – тёр 7 дыбыс, ё екі (й+о) дыбыстан тұрады, бұл
сөзде 6 әріп бар.
Шахтёр сөзі 2
буыннан тұрады. Шах – тёр 7 дыбыс, ё екі
(й+о)
дыбыстан тұрады, бұл
сөзде 6 әріп бар.
Щётка сөзі 2
буыннан тұрады. Щёт – ка 6 дыбыс, ё екі (й+о) дыбыстан тұрады, бұл
сөзде 5 әріп бар.
2. Сергіту
сәті.
Мынау – менің жүрегім,
Бәрі осыдан басталған.
Мынау – басым ақылды,
Бәрін осы басқарған.
Мынау – менің оң қолым,
Мынау – менің сол қолым,
Барлық істі атқарған.
3. Дәптермен
жұмыс.
а) Сөздік
жұмысы.
Шахтёр, монтёр
сөздерінің мағынасын түсіндіру. Осы сөздерге талдау
жасату.
Шахтёр
– құрметті мамандық. Ол шахтада жұмыс істейді,
көмір өндіреді.
Монтёр – электр тогын жөндейтін
адам.
4. Жазу
жұмысы.
Ё ё әрпін бастырып
жазу.
Дәптерге түсіру.
5. «Сөйлем құра» тапсырмасын
орындату.
Мысалы: Машинаны шофёр жүргізеді. т.
б.
6. «Мен бастаймын, сен аяқта»
ойыны.
Шарты: «Мен шахтер деймін, Балалар «Шахтер
көмір қазады,
«Элеватор», «Элеватор астық сақтайтын ғимарат деп жауап
береді.»
7. «Кім
зейінді» ойыны.
- Балалар мен
сендерге Щетка
өлеңін оқып
беремін. Сендер зейін қойып
тыңдаңдар.
Аяқ щётка
әкемде
Киім щётка орнында
Тіс щёткамды іздесем,
Қарындасым
алыпты,
Көк бояуға
малыпты.
- Өлең не
туралы?
- Өлеңде бүгінгі өткен дыбысымыз бар
ма?
8.
Қорытындылау.
- Біз бүгінгі қандай әріппен
таныстық?
- Ё ё дыбысы қандай
дыбыс?
- Сабаққа қатысып белсенділік көрсетіп
отырған балаларды мадақтау.