жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ЭЕМ және микропроцессорлар
|
|
Пәні: |
ЭЕМ және микропроцессорлар |
Мамандығы: |
1109000 «Токарлық іс және металл өңдеу» |
Курс: |
III |
Сабақтың тақырыбы: |
Негізгі логикалық функциялар, логика алгебрасының заңдары |
Сабақтың мақсаты: |
|
Білімділік:
|
Оқушыларға логика туралы түсінік беру, логиканың негізгі заңдарымен таныстыру; |
Дамытушылық: |
Студенттерге логикалық функцияларды уйрету арқылы теориялық білімін, ой-өрісін, шапшаң ойлау қабілетін дамыту; |
Тәрбиелілігі: |
Студенттерді бойына өзін-өзі тану элементтерін енгізіп, азаматтық пен жауапкершілікке тәрбиелеу және ұқыптылық пен тиянақтылыққа баулу. |
Сабақтың түрі: |
Аралас сабақ |
Сабақтың әдісі: |
Түсіндірмелі-баяндау, сұрақ-жауап, сызбалар |
Сабақтың көрнекілігі: |
Слайдтар, кесте, сурет, сызбалар |
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
- Студенттермен амандасып түгендеу;
- Студенттердің зейінін сабаққа аудару;
II. Үй тапсырмасын тексеру
Есептеу машиналары мен кешендерінің жіктелуі мен қолданылу аясы?
ЭЕМ – нің логикалық негіздері?
III. Жаңа сабақты түсіндіру
а)Логика ұғымы. Негізгі мақсаты
б) Логиканың функциялары
в) Логиканың негізгі заңдары
Логика —
пікірлер жөне олардың байланыстары
туралы ғылым. Ойлау, пайымдау әдістері
туралы алғашқы ілімдер Ежелгі Шығыс
елдерінде пайда болды, бірақ оның
негізіне грек ойшылы Аристотель құрған
ілім жатады. Неміс ғалымы Г.В. Лейбниц
(1666 жылы) алғаш рет ойлау, пайымдау
заңдарындағы анықталмағандықтың ауызша
төрелік етуін және пікірлер арасындағы
байланысты математикалық қатынас
түрінде анықталатын математика тіліне
аударуға тырысты. Жүз жылдан соң ағылшын
математигі Джордж Буль математикалық
зандылықтарға бағынатын логикалық
әмбебап тілді құру туралы Лейбниц
идеясын дамытты. Ол өз алдына ерекше
алгебраны — барлық объектілерге, атап
айтканда, сандар, әріптерден бастап
сөйлемдерге дейін колдануға болатын
белгілеулер мен ережелердін жүйесін
ойлап тапты. Джордж Буль логикалык
алгебраның атасы болып табылады.
XX
ғасырдын басына дейін логика іс жүзінде
дамыған жок, ол тек ЭЕМ теориясының
пайда болуынан бастап қана өзінің
қаркынды дамуын бастады.
Әрбір ғылым
сияқты логика да бірнеше пәндерді
қамтиды. Мысалы, формалды логика,
математикалык логика, ыктималдық логика,
диалектикалық логика және т.с,с. пәндерді
атауға болады.
Формалды логика сөйлесу тілімен берілген ігікірлерді талдаумен байланысты.
Ыктималдык логика кездейсок параметрлермен жасалатын сынактың бірнеше серияларын қолдануға негізделген. Алынған нәтиженің дәлдігі жасалынған тәжірибелер санына тәуелді. Мысалы, тиынды лақтырғанда «елтаңба» немесе «жазу» жағының түсу ыктималдығы 1/2-ге тең, яғни тиынды лақтыру саны артқан сайын осы ыктималдық нақтылана түседі.
Математикалык
логика дөлелдеулер техникасын зерттейді.
Компьютерлер математика пәні сиякты
аныктамалар мен дәлелдеулерде нақтылықты
және қатаң реттілікті талап етеді.
Пікірлер алгебрасы математикалық логика
аймағы болып табылады.
Пікірлер
алгебрасы—идеал пікірлерге қатысты
ақкикат немесе жал¬ган пікір деп
тұжырымдауға болатын пікірлерді
зерттейтін логикалар алгебрасы. Логикалар
алгебрасы пікірдің мағынасына назар
аударып, терең қарастырмайды.
Сондықтан
логикалар алгебрасы тек екі мағынаға
ие болады, яғни пі кірлердің кез
келгені «акикат» немесе «жалған»
пікірлерінің біреуін ғана
сипаттайды.
Қарапайым пікірлер
логикалар алгебрасында латынның бас
әріптерімен таңбаланады: А = {Абай —
қазақ халқының ұлы ақыны}. В = {А.С. Пушкин
— ұлы математик}. Акикат пікірге 1 саны,
жалғанға 0 саны сейкес қойылады. Сондықтан
А=1, В=0.
Құрмалас
пікірлер табиғи тілде пікірлер
алгебрасында логикалык амалдармен
алмастырылатын «және», «немесе», «теріске
шығару» сөздері арқылы құрылады.
Логикалық амалдар ақиқаттық кестесімен
беріледі және графикалық түрде Эйлер-Венн
диаграммасы көмегімен бейнеленеді
Цифрлық (логикалық) құрылғылардың кірістері мен шығыстарындағы кернеу мәндері логикалық 0 немесе логикалық 1 деп аталатын екі түрлі деңгейде болады. Логикалық құрылғылардың бұл ерекшелігі оларды жобалау үшін немесе осындай дайын құрылғылардың жұмысын талдау үшін логика алгебрасының (немесе Буль алгебрасының) қағидаларын пайдалануға мүмкіндік береді. Цифрлық құрылғылардың атқарар қызметі сәйкесті логикалық функциялар арқылы сипатталады. Күрделілігі әртүрлі кез келген логикалық функцияны негізгі логикалық функциялар деп аталатын үш функция арқылы суреттеуге болады, олар – ЕМЕС, НЕМЕСЕ, ЖӘНЕ функциялары. Олардың атқарар қызметін кесте түрінде (ол ақиқаттық кестесі деп аталады) немесе сәйкесті логикалық өрнек арқылы суреттеуге болады.
ЕМЕС функциясы – аргументіне қарсы мәнді шығаратын, бір аргументті функция (1.1-кесте), сондықтан бұл функция инверсия (inversion — терістеу) деп те аталады. Оның аргументі Х деп белгіленген болса, онда бұл функция Y= өрнегімен суреттеледі.
Х1 |
|
0 |
1 |
1 |
0 |
НЕМЕСЕ функциясы – аргументтерінің барлығы да 0 кезінде ғана 0 шығаратын, ал қалған жағдайда (яғни, аргументтерінің кем дегенде біреуінің мәні 1 болғанда) 1 шығаратын, бірнеше аргументті функция (1.2-кесте). Бұл функция дизъюнкция (disjunction) немесе логикалық қосу (logical addition) деп те атала береді. Оның логикалық өрнегі Х1Х0 түрінде суреттеледі.
Х1 |
Х0 |
Х1Х0 |
0 |
0 |
0 |
0 |
1 |
1 |
1 |
0 |
1 |
1 |
1 |
1 |
ЖӘНЕ функциясы – аргументтерінің барлығы да 1 кезінде ғана 1 шығаратын, ал қалған жағдайда (яғни, аргументтерінің кем дегенде біреуінің мәні 0 болғанда) 0 шығаратын бірнеше аргументті функция (1.3-кесте). Бұл функция конъюнкция (conjunction) немесе логикалық көбейту (logical multiplication) деп те атала береді. Оның логикалық өрнегі Х1Х0 (немесе Х1Х0) түрінде суреттеледі.
Логикалық алгебараның негізгі заңдары:
1) Ауыстырымдылық заңы. Коммутативтік (латын тілінен аударғанда – ауыстыру, алмастыру)˅=˅
2) Біріктіру заңы. Ассоциативтілік (латын тілінен аударғанда қосу, біріктіру, үйлестіру) [˅˅=()˅]
3) Тарату заңы. Дистрибутивтілік (латын тілінен аударғанда –тарату, үйлестіру) [˄(˅) = (˄)˅(˅)]
4) Де Морган ережесі ˅˅=˄˄]
5) Жойылу заңы. Иденпоненттілік (латын тілінен аударғанда – өшу, жойылу)[х˄х=х]
6) Шағылысу (жұтылу) заңы ˅(˄)=]
7) Жабыстыру заңы ˅=˅=]
8) Айнымалы мен оның керісіне орындалатын амал. Комплементарлық заң (латын тілінен аударғанда – толықтыру) [х˅х=1]
9) Тұрақтылық қасиеті [х˅0=хх˅1=1]
10) Екі рет терістеу амалы х=х
Бұл заңдар мен заңдылықтар – симметриялы, яғни олардың дизъюнкциялық және конъюнкциялық түрлері болады. Бұл заңдардың кейбірі дәстүрлі алгебрада қалыптасқан заңдар, сондықтан олардың дұрыстығы күмән тудырмайды, ал дәстүрлі алгебраға тән емес, жаңа заңдар мен заңдылықтардың дұрыстығына көз жеткізу (яғни, оларды дәлелдеу) аргументтерінің орындарына олардың сәйкесті мәндерін (0 мен 1) қойып тексеру арқылы жүзеге асырылады.
IV. Бағалау
V.Үйге
тапсырма: Формалды логикалық заңдар
|
|
Пәні: |
ЭЕМ және микропроцессорлар |
Мамандығы: |
1109000 «Токарлық іс және металл өңдеу» |
Курс: |
III |
Сабақтың тақырыбы: |
ЭЕМ-нің арифметикалық және логикалық негіздері бөлімі бойынша өткенді қайталау. Қорытынды тест |
Сабақтың мақсаты: |
|
Білімділік:
|
Осы бөлім бойынша алған білімдерін нақтылау; |
Дамытушылық: |
Студенттерге логикалық функцияларды уйрету арқылы теориялық білімін, ой-өрісін, шапшаң ойлау қабілетін дамыту; |
Тәрбиелілігі: |
Студенттерді бойына өзін-өзі тану элементтерін енгізіп, азаматтық пен жауапкершілікке тәрбиелеу және ұқыптылық пен тиянақтылыққа баулу. |
Сабақтың түрі: |
Қайталау сабақ |
Сабақтың әдісі: |
Түсіндірмелі-баяндау, сұрақ-жауап, тест |
Сабақтың көрнекілігі: |
Слайдтар, кесте, сурет, сызбалар |
Сабақтың барысы
Сабақтың мазмұны
1. Өткен сабақтағы материалдарды қайталау
Әр топқа А, В, және С деңгей бойынша үш сұрақ қойылады
А деңгейі
Автоматтандырылған басқару жүйелері дегеніміз?
АБЖ туралы жалпы мәліметтер
ЭЕМ-нің арифметикалық негіздері
В деңгейі
Есептеу жүйелері
ЭЕМ-нің логикалық негіздері
Екілік арифметика
С деңгейі
Бір есептеу жүйесінен екіншісіне ауыстырудың тура және жанама ауыстыру әдістері қандай?
Логикалық алгебараның негізгі заңдарын ата?
Логика ұғымы.
2. Жаңа материалды таныстыру
1- топ «Алғашқы есептеуіш құрылғылар мен машиналар» тақырыбы
1. Ең ерте заманғы есептеу құралын атаңыз.
2. «Есепшотты» басқа елдерде қалай атаған?
3. Қай жылдары қандай есептеуіш құрылғылар пайда болды, ол құрылғыларды кімдер ойлап тапты?
2-топ Электронды -есептеуіш машиналар;
Бірінші ЭЕМ қай жылы, кім ойлап тапты? Оны қалай атады?
2. 1949 ж. қандай машина құрастырылды?
3. Бұрынғы Кеңестер Одағында бірінші ЭЕМ қай жылдары, кімнің басшылығымен жасалды?
3- топ. « ЭЕМ –нің даму буындары»
1. ЭЕМ нің буындарын атаңдар. Олардың бір –бірінен айырмашылығы неде?
2. Қазіргі дербес компьютерлер қай буынға жатады?
3. Алғашқы болып программа жазған кім?
«Алғашқы есептеуіш құрылғылар мен машиналар» тақырыбы
Есептеу техникасы
Есептеу техникасы - ақпаратты өңдеу мен есептеудің математикалық процестерін механикаландыру және автоматтандыру үшін қолданылатын техника және математикалық құрал- жабдықтар жиынтығы.
Есептеуге арналған алғашқы құралдар пайда болардың алдында ежелгі адамдар есепті қол саусақтары, тастар мен есептеу таяқшалары арқылы жүргізді.
Ең алғашқы есептеу құралы
Ең ерте есептеу құралы- есепшот. Деректер бойынша есепшот біздің дәуірімізге дейінгі 2 мыңжылдықтың соңында ежелгі Қытайда пайда болған. Есептеу амалдары тақтадағы әрбір жолда орналасқан ұсақ тастар мен дөңгелек сүйектерді жылжыту арқылы жүргізілген. Бұл санау құралын гректер мен Батыс Еуропалықтар «абак» деп, қытайлықтар «суанпан»,жапондықтар «серобян» деп атаған. Есепшоттың қазіргі түрлері 18 ғасырда пайда болды.
«Паскалина»
1642 ж француз математигі Блез Паскаль 19 жасында дүние жүзінде бірінші рет «қосу машинасы» деген атпен белгілі, жетектер мен дөңгелектерден тұратын механикалық есептеу машинасын құрастырды. Паскальдің машинасында көп мәнді сандарды қосу мүмкін болды.
Есептеуіш сағаттар
1623 жылы Вильгельм Шикард "Есептеуіш сағаттар" деп аталатын төрт арифметикалық амалды орындай алатын механикалық калькуляторды ойлап тапты. Құрылғының бұлай аталу себебі, сағаттардағы сияқты, бұл құралда да тісті сақиналар мен жұлдызшалар қолданылды. Бұл құрылғыны іс жүзінде алғаш рет Шикардтың досы, философ және астроном Иоганн Кеплер өз жұмыстарында пайдаланды.
Электронды -есептеуіш машиналар
Арифмометр
1694 жылы неміс математигі Лейбниц қазіргі калькуляторлың негізін салған арифмометрді ойлап тапты. Ол- Паскаль идеясын жетілдіру барысында пайда болған механикалық есептеу машинасы. Дөңгеліктің орнына мұнда цифрлар жазылған цилиндір қолданылады. Бұл құрал күрделі қосу мен алу есептеулерін жүргізуімен қатар, сандарды бөлу көбейту, тіпті квадрат түбірін табу амалдарын да орындайтын болды. Лейбництен кейін де арифмометр бірнеше рет жетілдіруден өтті.
Бэббидждің аналитикалық машинасы
Адамның қатысуынсыз есептеулерді орындайтын машинаны ойлап табу идеясын 1833 жылы ағылшын математигі Чарльз Бэббидж өз жобасында баяндады. Оның ұсынысы бойынша ақпаратты енгізу мен шығару перфокарта атты қатты қағаздағы тесіктер арқылы жүзеге асырылды. Беббидж идеясы 19 ғасырда жүзеге асырыла бастады.
Стол калькуляторлары
1900 жылдары механикалық калькуляторлар, кассалық аппараттар мен есептеуіш машиналары өндірісі кезінде электр қозғалтқыштарын пайдалана басталды. Алғаш төрт амалды стол калькуляторлары 1930 жылдары шығарыла басталды.
« ЭЕМ –нің даму буындары»
ЭЕМ дамуының 5 буыны
ЭЕМ–нің дамуы бірнеше буындарға бөлінеді:
І. ЭЕМ-нің бірінші буыны (1945-1954 жж.)
ІІ. ЭЕМ-нің екінші буыны (1950-60 жж.)
ІІІ. ЭЕМ-нің үшінші буыны (1960 ж.)
IV. ЭЕМ-нің төртінші буыны (1970 ж. )
V. ЭЕМ-нің бесінші буыны (Жапония, 1980-жылдар)
ЭЕМ-нің бірінші буыны (1945-1954)
Бірінші буын- электронды шамдар пайдаланылған ЭЕМ-дер.
Олар- « ENIAC », «МЭСМ», «БЭСМ», «IBM -701», «Стрела», «М-2», «М-3», «Урал», «Урал-2», «Минск-1», «Минск-12», «М-20».
Бірінші
буындағы машиналар өте үлкен ауданды
алады, көп энергия жұмсайды және мыңдаған
электронды шамдардан тұрады. Ақпарат
перфокарта
арқылы енгізілді.
ЭЕМ-нің екінші буыны (1950-60 жж.)
ЭЕМ негізгі бөлігі- электронды шамдар емес, жартылай өткізгіш диодтар мен транзисторлар.
Фортран, Алгол, Кобол программалау тілдері пайдалана бастады.
Буын ЭЕМ-дері- «РАЗДАН-2», «IВМ-7090», «Минск-22,-32», «Урал- 14,-16», «БЭСМ-3,-4,-6», «М-220, -222»
ЭЕМ-нің үшінші буыны (1960 ж.)
Үшінші буын - интегралды схема негізінде құрылған ЭЕМ-дер. Олар бір мезгілде бірнеше программаларды қатар орындауға мүмкіндік берді.
Компьютерлерді шығару үлкен өндірістік сипат алып, IBM компаниясы бұл салада көсбасшылыққа ие болды. Бұл ЭЕМ- дерінің қуаты секундына 500 мың- 2 миллион операциялар құраса, жады 8 Мб- тан 192 Мб-қа дейін жетті.
ЭЕМ-нің үшінші буыны (1960 ж.)
Үшінші буын - интегралды схема негізінде құрылған ЭЕМ-дер. Олар бір мезгілде бірнеше программаларды қатар орындауға мүмкіндік берді.
Компьютерлерді шығару үлкен өндірістік сипат алып, IBM компаниясы бұл салада көсбасшылыққа ие болды. Бұл ЭЕМ- дерінің қуаты секундына 500 мың- 2 миллион операциялар құраса, жады 8 Мб- тан 192 Мб-қа дейін жетті.
ЭЕМ-нің төртінші буыны (1970 ж.)
Негізі- үлкен интегралды схемалар. ЭЕМ-дердің жылдамдығы секундына ондаған миллион операциялар, жады жүздеген Мб-қа жетті.
Микропроцессорлар (1971ж. Intel), микро- ЭЕМ мен дербес ЭЕМ пайда болды.
Алғаш компьютер атауын 4-буын ЭЕМ-деріне берді.
ЭЕМ-нің бесінші буыны
5- буын ЭЕМ-дері- бұл болашақ ЭЕМ-дер.
Алғаш рет Жапонияда 1982 жылы қолға алынды.
ЭЕМ-дер жасанды интеллект негізінде жұмыс істейді.
Қазірдің өзінде компьютерлер ақпаратты адам дауысы, қолжазбасы немесе қағаз басылымдарынан оқи алады
3. Бекіту
Тест
1.
Санау жүйесі дегеніміз - ....
А)
сандарды арнайы символдар арқылы жазу
және оларды оқу ережелері мен тәсілдерінің
келісілген жиынтығы
B)
сандарды арнайы символдар арқылы жазу
тәсілдерінің жиынтығы
C)
сандарды арнайы символдарсыз таңбалау
арқылы түрлендіру жиынтығы
D)
әріптерді арнайы тәсілдерімен түрлендіру
арқылы өрнектеу
2.
Санау жүйелерінің түрлері:
А)
позициялық және жалпы позициялық
B)
позициялық және арифметикалық
C)
Позициялық және позициялық емес
D)
позициялық, позициялық емес, рим
цифрлары
3.
Ақпаратты кодтау дегеніміз:
А)
ақпаратты сақтауға, өңдеуге, тасымалдауға
тиімді басқа түрде пішіндеу ретінде
түсіндіріледі.
B)
ақпаратты түрлендіріп, қайта өңдеу
тәсілі
C)
ақпаратты кері түрлендіру тәсілі.
D)
ақпараттарды алу тәсілі
4.
ЭЕМ-нің даму кезеңін көрсет
А)
4 кезеңнен
B)
5 кезеңнен
C)
6 кезеңнен
D)
3 кезеңнен
5.
Ақпарат тасымалдауыштар
А)
дискеталар мен оптикалық дискілер
жатады
B)
CD дискілер жатады
C)
Иілгіш дискетелар жатады
D)
дискеталар, flash-тасысалдауыш және
оптикалық дискілер қолданылады
6.
Логика ұғымы
А)
адамдардың пікілерінің теріске шығуын
зерттейтін ғылым
B)
бұл адам ойлауының түрлері мен заңдары
туралы, оның ішінде дөлелдеуге болатын
пікірлердің заңдылықтары туралы ғылым
C)
адамдардың ойлау пікірлерін
қанағаттандыратын ғылым пән
D)
біздің кәдімгі мазмұнды пікірімізді
талдаумен байланысты ғылым
7.
Пікір дегеніміз
А)
жалған немесе ақиқат болуы мүмкін емес
қандай да бір болжау.
B)
жалған немесе ақиқат болуы мүмкін қандай
да бір пайымдау
C)
жалған немесе жалған емес болатын
мүмкіндікті жасау
D)
ақиқат болу үшін қойылатын шарт
8.
ЭЕМ-нің архитектурасын көрсет.
А)
Енгізу құрылғысы, сыртқы есте сақтау
құрылғысы, оперативті есте сақтау
құрылғысы, шығару құрылғысы
B)
Енгізу құрылғысы, оперативті есте сақтау
құрылғысы, баспаға шығару құрылғысы
C)
Енгізу құрылғысы, сыртқы есте сақтау
құрылғысы, шығару құрылғысы
D)
шығару құрылғысы, енгізу құрылғысы,
есте сақтау құрылғысы.
9.
1 Байт дегеніміз:
А)
6 биттен тұрады
B)
5 биттен тұрады
C)
8 биттен тұрады
D)
2 биттен тұрады
10.
Логикалық операциялар мәнін көрсет
А)
Немесе, сосын, және
B)
немесе, ақиқат, дұрыс
C)
немесе, емес, және
D)
және, дейін, емес
11.
Бит дегеніміз:
А)
0 мен 0-ді қабыладй алатын ақпарат
өлшемінің ең кіші бірлігі
B)
1 мен 1-ді ғана қабылдай алатын ақпарат
өлшемінің ең кіші бірлігі
C)
0 мен 1 мәнінің біреуін ғана қабылдай
алатын ақпарат өлшемінің ең кіші
бірлігі
D)
0 мен 2 –нің бірін қабылдай алатын ақпарат
өлшемінің ең кіші бірлігі
12.
Компьютердің жады түрлері:
А)
Тұрақты жад, жедел жад, оперативті есте
сақтау жады
B)
Кэш жад, жедел жад, оперативті есте
сақтау жады
C)
Тұрақты жад, жедел, жад, кэш жад.
D)
жедел жад, кэш жад, сыртқы жад.
4.
Белсенділік танытқан, білгір оқушыларды
бағалау.
|
|
Пәні: |
ЭЕМ және микропроцессорлар |
Мамандығы: |
1109000 «Токарлық іс және металл өңдеу» |
Курс: |
III |
Сабақтың тақырыбы: |
Есептеуіш машиналары және жүйелері |
Сабақтың мақсаты: |
|
Білімділік:
|
Оқушыларды ЕТ-ң даму тарихымен оның құрылуының негізгі принциптерімен таныстыру,ЭЕМ-нің қоғам өміріндегі рөлін түсіндіру; |
Дамытушылық: |
Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық-абстракциясын дамыту. |
Тәрбиелілігі: |
Оқушылардың тәрбилілікке ұқыптылықа, тиянақтылыққа үйрету. |
Сабақтың түрі: |
Аралас сабақ |
Сабақтың әдісі: |
Түсіндірмелі-баяндау, сұрақ-жауап, сызбалар |
Сабақтың көрнекілігі: |
Слайдтар, кесте, сурет, сызбалар |
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
- Студенттермен амандасып түгендеу;
- Студенттердің зейінін сабаққа аудару;
II. Үй тапсырмасын тексеру
Есептеу машиналары мен кешендерінің жіктелуі мен қолданылу аясы?
ЭЕМ – нің логикалық негіздері?
III. Жаңа сабақты түсіндіру
Есепшоттың пайда болуы деректерге қарағанда Қытай немесе Египетте 2000-5000 жылдар шамасында балған. Есепшот Ресей де 16-17 ғасырларда пайда болған
«Паскаль машинасы» (1642). Блез Паскаль (1623 - 1662). 1642 жылы француз математигі Блез Паскаль 19 жасында дүние жүзінде бірінші рет қосу (Паскаль) машинасын құрастырды.
Лейбниц машинасы. Вильгельм Готфрид Лейбниц (1646 - 1716). 1694 ж неміс математигі Лейбниц Паскаль механикалық есептеу машинасын “арифмометрді” құрды. Есептеуіш техниканың XIX ғасырдан қарқындап дами бастады
Аналитикалық машина Ч. Бэббидж. 1833 жылы алғашқы есептеуіш автоматтың авторы Чарлз Бэббидж аналитикалық машинаның жобасын жасады. Оны казіргі кезде компьютердің атасы деп атайды. Дүние жүзі бойынша алғашқы 1846 жылы Бэйббидж машанасына программа жасаушы Ада Лавлейс алғашқы программист атанған.
Алғашқы компьютерлер
* 1937-1941. Конрад Цузе компьютерлері: Z1, Z2, Z3, Z4.
* 1939-1942. Электронды шамды компьютердің алғашқы үлгісі, Дж. Атанасофф
«Марк-I» (1944). 1944 американ математигі Говард Айкен Горвард Марк-1 автоматты есептеуіш машинасын құрды. Бірінші электронды машиналар 1946 жылы Пенсильван университетінде ENIAC деп аталды,
ЭЕМ буындары
I буын (1945 - 1955) электронды-вакуумды шамдар
II буын (1955 - 1965) транзисторлар
III буын (1965 - 1980) интегралды микросхемалар
IV буын (1980 - …) үлкен және өте үлкен интегралды схемалар
ЭЕМ-нің бірінші буыны (1945-1955) электронды шамдармен жұмыс істеді, есептеу жылдамдығы секундына 10-20 мың операция, әр машинаның өз тілі болды , операциялық жүйелер болған жоқ. Eнгізу және шығару: перфоленталар,перфокарталар, магнитті таспалар
ЭЕМ-нің екінші буыны (1955-1965). Жартылай өткізгіш элементтер – транзисторлар (1948, Дж. Бардин, У. Брэттейн и У. Шокли) жылдамдығы секундына 10-200 мың операция, алғашқы операциялық жүйелер, алғашқы программалау тілдері: Фортран (1957), Алгол (1959)
ЭЕМ-нің үшінші буыны (1965-1980) интегралды микросхемалар (1958, Дж. Килби) * есептеу жылдамдығы секундына 1 млн. операцияға дейін, жедел жад – жүздеген мың байт, операциялық жүйелер – жадты,құрылғыларды, процессор уақытын басқару программалау тілдері Бэйсик (1965), Паскаль (1970, Н. Вирт), Си (1972, Д. Ритчи)
ЭЕМ-нің төртінші буыны (1980-…) үлкен және аса үлкен интегралды схемалардан дербес компьютерлер, қарапайым пайдаланушылардың пайда болуы, графикалық интерфейстің қажеттілігі әрекет ету жылдамдығы секундына 1 млрд. операциядан жоғары, оперативті жад – бірнеше гигабайт, көппроцессорлық жүйе, компьютерлік желілер, мультимедиа мүмкіндіктері (графика, анимация, дыбыс)
Компьютерлердің V буыны - ? (Жапония, 1980-жылдар). Жобаның негізгі сипаты: барлық мәліметті логикалық тәсілдермен өңдеу (Пролог тілі), өте үлкен мәліметтер қоры, параллель есептеулер мүмкіндігін қолдану, бөліп есептеу әдісі, компьютермен дауыстап «сөйлесу» программалық жабдықтарды аппараттық жабдықтарға біртіндеп ауыстыру
Қазіргі заманғы сандық техника: Ноутбук, ҚДК – қалталық дербес компьютер, MP3-плеер, Электронды жазба кітапшасы, GPS-навигатор, Мультимедиялық проектор, Сандық фотоаппарат, Сандық видеокамера.
IV. Сабақты қорытындылау
Бекіту сұрақтары:
1. Есепшот Ресейде қай ғасырларда пайда болған?
2. Ең алғаш адамдар қалай санап үйренген?
3. ЭЕМ неше буыны бар?
4. ЭЕМ-нің бірінші буыны қалай аталды?
5. ЭЕМ-нің бесінші буыны
V.
Бағалау
VІ.Үйге
тапсырма:
ЭЕМ буындары тақырыбында жазып, оқып
келу
|
|
Пәні: |
ЭЕМ және микропроцессорлар |
Мамандығы: |
1109000 «Токарлық іс және металл өңдеу» |
Курс: |
III |
Сабақтың тақырыбы: |
ЭЕМ енгізу-шығару құрылғылары |
Сабақтың мақсаты: |
|
Білімділік:
|
Студенттерге дербес компьютер және оның құрылғылары туралы нақты білім беру. |
Дамытушылық: |
Қызығушылығын арттыру, логикалық ойлау арқылы толық және нанымды жауап беруге дағдыландыру. |
Тәрбиелілігі: |
Еңбекті сүйе білуге, компьютермен жұмыс жасағанда қауіпсіздік ережелерін есте ұстауға, ұқыптылыққа, жауапкершілікке, ақпараттық мәдениеттілікке тәрбиелеу. |
Сабақтың түрі: |
Аралас сабақ |
Сабақтың әдісі: |
Түсіндірмелі-баяндау, сұрақ-жауап, сызбалар |
Сабақтың көрнекілігі: |
Слайдтар, кесте, сурет, сызбалар |
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
- Студенттермен амандасып түгендеу;
- Студенттердің зейінін сабаққа аудару;
II. Үй тапсырмасын тексеру
Есептеу машиналары мен кешендерінің жіктелуі мен қолданылу аясы?
ЭЕМ – нің логикалық негіздері?
III. Жаңа сабақты түсіндіру
ДК
сыртқы құрылғыларының классификациясы
Мұнда тек кең тараған құрылғылар көрсетілген ЭЕМ-нің кассалық ақпаратпен, микрофонмен, видеокамерамен, видеомагнитофонмен, медициналық және т.б. мен бірге жұмыс жасауын қамтамасыз ететін арнайы құрылғылар да бар. Есептеуіш машиналар неше топқа бөлінеді Олар үлкен ЭЕМ-дер, мини ЭЕМ-дер, микро ЭЕМ-дер, дербес компьютерлер.
Үлкен ЭЕМ-дер өте қуатты компьютерлер, кәсіпорындарға, немесе халық шаруашылығының салаларына жұмыс істеу үшін қолданылады.Микро ЭЕМ-дер өнімділігі өте үлкен.
ЭЕМ-дерге қарағанда төмен және олар негізінде деректер дайындау, программалық қамтамасыз етуін жетілдіру бойынша көмекші операциялар орындайды.
Мини ЭЕМ-дер өлшемдері шағын және өнімділігі мен құны да төмен. Олар өндірістік процестерді басқаруда, ғылыми мекемелерде,ғылыми жұмыстарды оқу ісімен үйлестіретін.
ЖОО-да қолданылады. Дербес компьютерлер соңғы 20 жылда қарқындап дамып келеді. Олар “пайдаланушы” деп аталатын бір адамның жұмыс істеуіне арналған.
Ақпаратты енгізу құрылғылары. Клавиатура ақпаратты енгізуге арналған негізгі құрылғы. Ең көп тараған клавиатуралар 101 және 102 пернелерден тұрады.Клавиатурадағы пернелерді төмендегідей блоктарға бөлуге болады: алфавитті-цифрлық пернелер, олар перне тақтаның сол жағына орналасқан. Ол клавиатураның негізгі бөлігі болып табылады. Бұл бөлікте латын, орыс, қазақ әріптері, цифрлар, тыныс белгілер және басқа да символдар орналасқан. функционалдық пернелер, бұл символдық пернелердің үстіндегі жолға орналасқан. Олар латынның F (F1, F2, …, F12) әріптерімен белгіленген.
* Функционалдық пернелер компьютерде күрделі амалдарды тез орындауға арналған. * Цифрлық пернелер немесе калькулятор блогы, олар символдық пернелердің оң жағына орналасқан.
* Курсорды экран бетінде басқару пернелері. Олар арқылы экранда символ орналасқан орынды анықтайды.
Жарық (световое) қалам – ұшында жарық сезгіш детектор бар, кәдімгі қаламға ұқсас құрылғы. Егер осындай қаламды диплей экранына жақындатып тигізсе, онда жанасқан жерде координат бас нүктесі орналасқан тік бұрышты координат жүйесі пайда болады. Қаламды экран бетімен орын ауыстырса сурет пайда болады. Графикалық планшет қағаз бетінде сурет салғандай дисплей экранында сурет салуға мүмкіншілік береді. Сканер - қағаздағы көріністі дисплей экранына түсіруге арналған құрылғы, ол арқылы сурет, график, текстерді сканерлеуге (енгізуге) болады. Сканер көрністі машина кодына ауыстырып, компьютер жадына жазады. Басқару құрылғылары. Мышь (тышқан). Қазіргі кездегі компьютерлерге ақпараттарды енгізуге арналған маникулятор Мышь құрылғысымен жабдықталған. Тышқанның екі түрі болады: үш батырмалы және екі батырмалы. Екі батырмалы тышқан жиі пайдаланылады, себебі, ортаңғы батырма жұмыс кезінде көп пайдаланылмайды. Джойстик. Бұл компьютерлік ойындар экранда жылжитын объектіні басқаруға арналған рычагты манипулятор. Джойстик қораптан және қолға ұстағыштан тұрады. Қолға ұстағышты немесе қорапта бір немесе бірнеше батырмалар болады. Ұстағышты айналдыру және батырмаларды басу арқылы компьютерге басқару әрекетін береді. Ақпаратты шығару құрылғылары. Мониторлар тексті және графикалық ақпаратты экранға шығаруға арналған. Олар түрлі түсті, монохромды болып келеді және екі режимнің біреуінде жұмыс жасайды: текстік және графикалық.
Мониторда рұқсат ету мүмкіндігі үлкен болатын графиктік режим жасау үшін монитор жұмысын басқарып отыратын адаптер немесе видеоплата керек. Адаптерді таңдарда рұқсат ету мүмкіндігіне қатысты өз сұранысыңызды, дербес компьютерге жалғау тәсілін (жүйелік және локальдік шина арқылы) ескеру керек. Кескінді экран бетін шығару үшін процессор алдымен суретті адаптердің жадысына немесе видеожадыға жазады. Принтерлер – ақпартты қағаз бетіне шығаратын құрылғылар. Олар монохромды және түрлі-түсті болып бөлінеді. Ақпартты қағазға түсіру тәсілдеріне байланысты олар ромашкалық немесе литерлік, матрицалық, сия бүріккіштер, термографиктік және лазерлік принтерлер болып бөлінеді. Плоттер (графиктұрғызғыш) – сызбаларды қағазға шығаратын құрылғы. Плоттерлер қағаздар рулонымен жұмыс істейтін барабандық типке және планшеттік типке (қағаз парағы жазық столда жатады) бөлінеді. Аудиоплата (sound blaster) – дыбысты шығаратын құрылғы. Оның әуенді және дыбысты мәліметті жазуға, жасауға және редакциялауға мүмкіндіктері бар. Дыбысты шығару және жазу үшін аудиоплатадан басқа дыбыстық колонкалар мен микрофондар қажет. Басқа есептеу жүйелерімен байланыс жасау құрылғылары Сенсорлық экран – жарық қаламұшының әр түрлі мүмкіндіктерін қамтитын құрылғы. Экранға жақындатып кескінді қозғауға болады, сондай-ақ компьютерге кейбір орындауға арналған командаларды беруге болады. Модем – телефондық канал бойынша бір компьютерді екіншісімен қосуды қамтамасыз ететін құрылғы. Компьютерге қосу тәсілдері бойынша модемдер жүйелік блокқа қойылатын және сыртқы коммуникациялық портқа арқылы жалғанатын болып бөлінеді.Модемдер бір-бірінен мәліметтерді тасымалдаудың максимал жылдамдығы арқылы өлшенеді. Ол Бодпен (1 бод=1 бит/сек) өлшенеді.Факс-модем – модемнің мүмкіндіктерін қамтитын және басқа факс-модемдер мен факстік кескіндерді алмастыратын және қарапайым телефакстық аппараттар арасында да мәлімет тасымалдайтын құрылғы. Желі-адаптері – компьютерді жергілікті желіге қосатын құрылғы. Мұнда тұтынушы желіге қосылған басқа компьютерлер арасында ақпарат алмастыра алады. Жедел жады (ЖЖ) – ақпаратты сақтау құрылғысы. Компьютер тоққа қосылып тұрғанда ғана ЖЖ-да ақпарат сақталады, яғни ол уақытта жады және RAM (Random Access Memory) деп аталады. Бұл жады екі бөлікке бөлінеді: біріншісі қолданбалы программалар мен операциялық жүйелер үшін қолданылады, ал екіншісі (жоғарғы жады) қызмет көрсету мақсаттары үшін (ДК құрылғыларын тестілеу программаларын және операциялық жүйені алғаш жүктейтін, экранға бейнені жіберетін программаларды сақтауға арналған). Тұрақты есте сақтау құрылғысы (ТЕСҚ немесе ROM – read-onlу memorу) – ақпаратты тұрақты есте сақтауға арналған, яғни арнаулы құрылғының көмегіме бір рет жазылады да сонан соң одан тек оқуға болады. ТЕСҚ-сы компьютерді тоққа қосқан соң өзін тексеретін процедура – енгізу-шығару базалық жүйесін (BIOS) қамтиды.
IV. Сабақты қорытындылау
Бекіту сұрақтары:
1. Енгізу құрылғыларын ата?
2. Шығару құрылғыларын ата?
3. Қосымша құрылғыларды ата?
4. Негізгі құрылғыларды ата?
5. Тасымалдауыш құрылғыларды ата?
V. Бағалау
VІ. Үйге тапсырма: «Дербес компьютердің құрылғылары» оқып келу. Осы тақырыпта сөзжұмбақтар жазып келу
Қазіргі компьютерлер архитектурасының анықталу принциптері 1. Программалық басқару принципі. 2. Прогамманы жедел жадта сақтау принципі. 3. Жедел жадындағы мәліметтерді кез келген тәттіппен алу (произвольный доступ к памяти ) принципі
П МПТК 703-15-14

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген