400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Эфир мәдениеті және журналист этикасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Эфир мәдениеті және журналист этикасы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазіргі бұқаралық ақпарат құралдары қоғамның мәдени құндылықтарын және моральдық нормаларын қалыптастыруда үлкен рөл атқарады. Әсіресе, теле - радио хабар тарату саласында эфир мәдениеті мен журналист этикасының маңызы зор. Тікелей эфирде шығатын бағдарламалар өткірлігімен және күтпеген жағдайларымен ерекшеленеді. Өйткені, тікелей трансляцияны өзгерту немесе өңдеу мүмкін емес. Мұндай бағдарламаның жүргізушісі тек өзінің сөздерін ғана емес, студиядағы қонақтардың да әңгімесін дұрыс бағыттай білу үшін нағыз журналистік батылдық пен жоғары кәсібилікке ие болуы керек. Тікелей эфирдің мәдениетін ұстанған журналист ақпараттың сапасын, аудиторияның сенімін және медиамәдениеттің деңгейін көтереді.

Эфир мәдениеті ақпаратты дайындау және тарату кезінде кәсіби стандарттарды қадағалаумен анықталады. Ол келесі аспектілерді қамтиды:

• Тіл және сөйлеу мәнері. Жүргізушілер сауатты, түсінікті және сыпайы сөйлеуі тиіс. Бейәдеп сөздер мен дөрекі сөйлеуден аулақ болуы керек. Кішіпейілділік пен ізеттілік - жүргізушінің эфирдегі ең керемет қасиеттері.

• Объективтілік пен шынайылық. Ақпараттың дұрыстығын тексеру, фактілерді бұрмаламау және манипуляцияға жол бермеу маңызды.

• Қонақтармен және көрермендермен сыпайы қарым - қатынас жасау, зорлық - зомбылықты үгіттеуге жол бермеу.

• Эфир мазмұнын қадағалау. Демек, бағдарлама арандатушы материалдарды қамтымауы тиіс. Журналист адамның ұлтына, дініне, көзқарасына немесе әлеуметтік мәртебесіне тіл тигізбеуі тиіс. Бұл талаптарды студиядағы қонақтардың біреуі бұзса, дереу ескерту жасағаны абзал.

• Қызу тақырыптарды талқылау кезінде эмоцияға берілмеу. Мимика, ым - ишара және дауыс ырғағын қадағалау жөн. Күрделі жағдайларда суыққандылық танытуы керек.

Кейде тікелей эфир тізгінін ұстаған жүргізушілер бағдарламаның жұлдызы болғылары келеді. Бірақ бағдарлама жұлдызы қонақ екенін ұмытпаған жөн. Сұхбаттасушылардың сөзін бөлмей, оларға ойын толық жеткізуге мүмкіндік беру керек. Егер әңгіме шиеленісіп кетсе, оны сыпайы түрде дұрыс бағытқа бұру қажет. Өзінің бағдарламасына назар аудару үшін провакация, манипуляция сияқты қара әдіс - тәсілдерді қолданатын журналистер де аз емес. Адамның жеке өміріне құрметпен қарамай, рұқсатсыз дербес мәліметтерді жариялау - жүргізушінің ең төмен іс - әрекеті. Әрине, жүргізушінің эфирдегі сыртқы келбетіне де назар аудармасқа болмайды. Жүргізуші эфир форматына сай ұқыпты және жарасымды киінгені дұрыс. Демек, кеудесі мен қолдарын жабатын, тізесінен төмен киімдер.

Тікелей эфир журналистен жоғары кәсібилікті ғана емес, сонымен қатар аудитория алдындағы үлкен жауапкершілікті талап етеді. Кез келген қате немесе орынсыз пікір қоғамның көзқарасына әсер етуі мүмкін. Эфир мәдениеті – журналистердің кәсіби этикасының маңызды көрсеткіші.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
30 наурыз
224
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі