Материалдар / "Егемен Қазақстан" сыныптан тыс іс - шара 11 сыныпқа арналған
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

"Егемен Қазақстан" сыныптан тыс іс - шара 11 сыныпқа арналған

Материал туралы қысқаша түсінік
11 сыныпқа апналған «Егеменді Қазақстан» Тәуелсіздік күніне арналған концерттік бағдарлама 14.12.2021 жылы Мақсаты: Туған елінің болашағына үлес қосып, елі, жері үшін қызмет етуге тәрбиелеу. Ұлттық тілді жақсы меңгеруге, ұлтжандылық сезімді қалыптастыруға ойлау, танымдылық қабілеттерін арттыра отырып, өнерге баулу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Қараша 2021
280
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Егеменді Қазақстан»

Тәуелсіздік күніне арналған концерттік бағдарлама

14.12.2021 жылы


Мақсаты: Туған елінің болашағына үлес қосып, елі, жері үшін қызмет етуге тәрбиелеу. Ұлттық тілді жақсы меңгеруге, ұлтжандылық сезімді қалыптастыруға ойлау, танымдылық қабілеттерін арттыра отырып, өнерге баулу.

Залдың іші мерекеге лайық безендірілген


Жүргізушілер

Мәтін әзірлемесі

Трэк

Слайд


«Ассалаумағалейкум» Утепбергенов Аббат

+ Мерей би ансамбілі




Ақындар көрмесі



1 Жүргізуші

Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі «Егеменді Қазақстан» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!



2 Жүргізуші

Құрметті аса қадірменді қауым! Еліміз егемендік алып, тәуелсіз мемлекет болғанымызға мінекей 27 жыл толды. Құрметті қауым, сіздер Тәуелсіз мемлекетте жарқын өмір сүріп жатқан бақытты жандарсыздар. Өмірлеріңіз мәнді де сәнді болсын, аспанымызды бұлт шалмасын деп тілек тілеп салтанатты жиынымызды бастаймыз.



1 Жүргізуші

Қуан халқым! Қуанатын күн бүгін,
Серпіп таста мұңды жүрек түндігін
Шарықтайық, шаттанайық, тынбайық
Тәуелсіздік күнін бүгін, халқым бірге тойлайық!



2 Жүргізуші

Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы, 
Бақыт көрсін Отанның сан ұланы.
 
Енді ағайын, көгінде қалықтасын,
 
Қазағымның қастерлі – Ән ұраны!




ГИМН орындалады



1 Жүргізуші

Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 27 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз.



2 Жүргізуші

Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрек жарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.



1 Жүргізуші

Құттықтау сөз кезегі мектебіміздің директоры Ыспан Жүнісұлы Жиенбаевқа беріледі. 




Муз номер: Би




1 Жүргізуші

Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік - ел бақыты, ертеңі, 
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!



2 Жүргізуші

Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің 
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті 
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің



1 Жүргізуші

Көрініс туралы сөздер




Көрініс




Муз. номер: «Туған ел»

әнімен Идрисова Асиманы

қарсы алыңыздар!



1 Жүргізуші

Он алтыншы желтоқсан

Тәуелсіздік алған күн

Ерекше боп мәңгілік

Ел жадында қалған күн



2 Жүргізуші

Жасай берсін ұлы күн

Үміті боп елінің.

Ақ күні боп баланың

Шаттығы боп ананың



1 Жүргізуші

Сіздердің алдарыңызда


сынып оқушылары өлендер байқауының жеңімпаздары. Қарсы алыңыздар!

фон


2 Жүргізуші

Кайыркеш Ділназ «Ел басы» әнімен қабыл алыңыздар!




1 Жүргізуші

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына 2018 жылғы 5 қазан жолдауында Халқымыздың байқуатты өмір сүруі және еліміздің озық дамыған 30 елдің қатарына қосылуы – Тәуелсіз мемлекетіміздің мәңгілік мұраты екенін жеткізді.



2 Жүргізуші

Бұл – ең алдымен, ел ынтымағының арқасы. «Ынтымақты елдің ырысы мол» дейді халқымыз.



1 Жүргізуші

21 қарашада «Ұлы даланың жеті қыры» Елбасымыздың мақаласы шығады.

1.Атқа міну мәдениетін
2. Ұлы даладағы ежелгі металлургиясын
3. Аң стилін
4. Алтын адамды.
5. Түркі әлемінің бесігін
6. Ұлы Жібек жолын
7. Қазақстан – алма мен қызғалдақтың отанын білдіреді.



2 Жүргізуші

Ұлы даланың жеті қыры негізіндегі басты мақсат – халқымыздың тұрмыс сапасын жақсарту болып табылады.



1 жүргізуші


Муз. номер: Талғатов Ильястың орындауында «Сен қазақсын» әнің қабыл алыңыздар!



1 жүргізуші


Қазақпын, еңселі елмін егеменді,
Кеңейттім кең әлемге керегемді.
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар
Таныды тепе - тең деп тереземді.
Қазақпын, қойнауы - құт, жері - дархан,
Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам.



1 жүргізуші


Муз. номер: Жанабай Аиданың орындауында « »

әнің қабыл алыңыздар!



2 Жүргізуші

Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына биыл - 23 жыл.

Елдің тутастығы мен тыныштығы ең басты назарда.

Ел бірлігі біздің барша табыстарымыздың кілті.



1 жүргізуші


Барлық ұлттың басын қосты бұл достық
Ұлы достық - Нұрлы достық
Күн достық, Достық деген қасиетті ұранға
Кең даланың жүрегі де үн қосты
Биші қыздар биімен де үн қосты



1 жүргізуші


Муз. номер: Талғатов Ильясты

«Даврада куш» әнімен қабыл алыңыздар!



2 Жүргізуші

Муз. номер: Матинова Асель: «Украин әні»



1 жүргізуші


Муз. номер: «Орысша ән»



1 жүргізуші

Муз. номер: Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі дей отыра ортамызға Молдабеков Елханды, Кайыркеш Ділназды, Жанабай Аиданы және Турахов Асылды «Бір елдің баласындай» әнімен шақырамыз!



2 Жүргізуші

Тәуелсіздік – бұл менің Парасатым,

Күншілмен де тіл тауып жарасатын.

Қорғайтын Елдігіңді ерлігімен,

Қазақтың шығаратын Алаш атын.




Әскери – патриоттық көрініс



1 жүргізуші


Муз. номер «Қазақстан бақыты» әні орындайтын Идрисова Асима және Худайбергенов Нұрислам!



1 жүргізуші


Қазақ елім! Туды жастық дәуірің. 
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын. 
Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым, 
Туған күнің құтты болсын, алыбым! 




Муз. номер: хор «Атамекен»




Ту шығарылады



2 жүргізуші


Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын. Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!




Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!