400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Егеменді ел ұрпағымыз

Материал туралы қысқаша түсінік
Егеменді ел ұрпағы бүгінгі жас жеткіншектерді патриоттық тәрбиеге баулу.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Ақтөбе қаласы

№54КММ негізгі мектебі

Бижанова Нурсауле Базарбаевна

Тақырыбы: Біз егемен елдің болашағымыз!

Мақсаты: Оқушыларды Отанымызды сүйе білуге деген және туған жеріне деген сүйіспеншілігін ояту. Елін, жерін, тарихын, тілін құрметтейтін жаны таза, адамгершілігі мол азаматты қалыптастыру. 
Көрнекілігі: ҚР рәміздері, суреттер, қанатты сөздер, әріптер, сандар, шарлар, 
Мұғалім:Халқымыздың жылдар бойы аңсаған ізгі армандары жүзеге асқан кезеңде тәуелсіздігімізге қол жеткіздік. Бүгін міне, тәуелсіздік мерекесіне орай өткізгелі отырған «Біз Тәуелсіз елдің болашағымыз» атты 3 сынып оқушыларының сынып сағатына қош келдіңіздер!! 
Еліміздің егемендігіне ең алғаш қадам жасаған Желтоқсан оқиғасына 2
7жыл толыпты. Бүгінгі жарқын өміріміз сол ызғарлы күндердің жеңісті жемісі іспетті. 
Тәуелсіздігіміз баянды болғай, ағайын.

ҚР-ның Гимні орындалады.


Мұғалім: Қазақстан қасиетті ұғым бұл, 
Ей, келешек, жан тәніңмен ұғын, біл. 
Он бір әріп не мағына береді, 
Ал толғайық жеткенінше қызыл тіл.

(Балалар келіп, Тәуелсіздік сөзіне байланысты сөздерді айтады) 

Т-білдіреді теңдікті, 
Ә-әдептілік, әлдікті, 
У-уайымсыз уақытты, 
Е-егемендік елдікті, 
Л-дейді лағып лепірме 
С-сенімділік секілді ең 
І-ілтипат қой 
З-зиялылық тілек қой 
Д-шақырады достыққа 
І-ізет қой 
К-дейді күн боп көктегі 
Көз алартпа, көршілерге қол сұқпа. 
Мұғалім: Міне, Тәуелсіздік сөзінің мағынасын біліп алдық.Ал, Тәуелсіздік жылы қай жылы болғанын білесің бе? 
-1991ж Тәуелсіздік алған жыл. 
Өзіңдікі туың да, отпен ауа, суың да, 
Жаса, Қазақстаным! Белді бекем буын да. 
Ұраның да жасасын! 
Егемен тәуелсіздігің жасасын!
-дей отырып жылдар сөйлейді деп Қазақстанның өткен өміріне тоқталайық.
1-оқушы:-1992жылы Тәуелсіз Қазақстанға 1жыл толды. Осы жылды Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбаңбасы, Гимні қабылданды. БҰҰ-ға мүше болып кірді. 
2-оқушы:-1993жылы 15қараша «Ұлттық валюта» күні деп аталып, алғашқы Қазақстан Республикасының теңгесі айналымға түсті. Оған атақты тұлғалар суреті басылып шықты. 2006жылы қарашада теңгеміз жаңа басылыммен қайта шықты. 
3-оқушы:-1994жылы мемлекетіміздің тұңғыш ордендері мен медальдары дүниеге келді. Талғат Мұсабаев Союз-ТМ 6 ғарыш кемесімен көкке самғады. 
4-оқушы:-1995жылы 30 тамызда Қазақстан Республикасының «Ата Заңы» қабылданды. 
5-оқушы:-1996жылы 20қаңтарда Қазақстан Республикасының І сессиясы болып өтті. 
-1997жылы «Қуғын сүргіндерді еске алу» жылы деп аталды. 
6-оқушы:-1998жылы 6 мамыр Астана күні . Қазақстан Республикасының Астанасы бұрынғы Ақмола қаласына көшті. Бұл күнде Астана қаласы жаңа сәулетті, соңғы сәнмен көркейіп, өсіп келе жатыр. Астана қаласы еліміздің басты қаласына айналды. 
7-оқушы:-1999жылы 10 қаңтар Президент сайлауы өтті. Қазақстан Республикасының Президенті болып Н.Ә.Назарбаев сайланды. 
8-оқушы: -2000жылы «Мәдениетті қолдау жылы» деп аталды. Шежірелі Түркістанға 1500жыл толды. 
9-оқушы: -2001жыл 21ғасыр бастамасы. Осы жаңа ғасыр тұсында тәуелсіз мемлекетімізге 10жыл толды. 
10-оқушы: -2002жыл «Денсаулық жылы» деп жарияланды. 
-2003-2005жылдары «Ауыл жылдары» деп жарияланды. 
11-оқушы: -2004жылы «Қазақстан-Ресей» жылы болды. 
-2005жылы Ресейде «Абай жылы» аталып өтті. 
12-оқушы:-2006жылы Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 15жыл толды. Атақты желтоқсан оқиғасына 20жыл толды. 
-2007жылы «Қазақ тілін қолдау» жылы. 
13-оқушы:-2008жылы Астананың сол жағалауындағы әсем де зәулім ғимараттар қатарын «Қазақ елі» монументі толықтырды. Идеяның негізгі авторы — Елбасы Н.Назарбаев. Монументтің биіктігі 91метр. 
14-оқушы:-2009жылы Қазақстан Республикасының Білім ғылым министрлігінің 2009-2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспары жасалынды. 
15-оқушы:-2010жылы Қазақстан 56 ірі ел бас қосатын мәртебелі ұйым –Европадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымға төрағалық етті. 
VІІ Қысқы Азия олимпиадасы Астана мен Алматы қалаларында спорттық жарыстар болды. Біздің еліміз 32алтын, 21күміс, 17қола барлығы 70медальға ие болды.Оның бойтұмары «ақ барыс» еді. 
16-оқушы:-2011жылы Еліміздің 2011 жылы «Желтоқсан оқиғасына» 25жыл, Тәуелсіздігімізге 20жыл толды. 
Мұғалім:Міне, балалар тәуелсіздік алғаннан бері біздің еліміз талай белестерді бағындырып, айтулы оқиғалар болған екен ендеше келесі кезекті сөзжұмбақ шешуге берелік.

Сөзжұмбақ: «Қазақстан»

 Мұғалім: «Тәуелсіздік деп жырлайды ұланың» дей отырып кезек тағы да оқушыларға берелік. (Оқушылардың Тәуелсіздікке байланысты жырлары оқылады) 
Мұғалім:Отан деген немене? Осы сөздің мағынасын да ашып тастайық ендеше.Отан отбасың, ошақ қасың емес пе? Жоқ одан да Отан туралы балалар не дер екен соны тыңдайық. 
ІV.(балалар Отан туралы бір-бір ауыз тақпақ
, мақал-мәтелдер айтады) 
Ойын: «Орныңды тап!» Сөздер құрастыру.
1. Гимннің сөзі мен әнін кімдер жазған? 
2
.Тудың авторы кім? 
3.Елтаңбаның авторы кім? 
Қорытындылау. Міне, бүгін балалар, өздеріңді Тәуелсіз еліміздің болашағы екендіктеріңді, нағыз азамат екендіктеріңді көрсете білдіңдер.Белгілі ақын: Жұбан Молдағалиев: 
Өткеніңді еске алсаң, 
Өскеніңнің белгісі. 
Өткеніңді ұмытсаң, 
Өшкеніңнің белгісі.-деген екен. 
Олай болса, халқымыздың бүгінге дейінгі жеткен жетістігі өздеріңе аманат. Қашанда еліміздің, жеріміздің еркіндігін сақтар мықты ұрпақ, мықты азамат болатындарыңа сенімдімін. Тәуелсізідк мерекесі құтты болсын! 

Хор: Жаса,Қазақстан!

Сау болыңыздар!

 



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 мамыр
855
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі