15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Егемендігім-елдігім!" Ашық оқу қызметі.
Ақмола облысы Ерейментау ауданы білім бөлімінің Еркіншілік
«Еркетай» бөбекжай бақшасы МКҚК
Ашық оқу қызметі
Тақырыбы: «Егемендігім - елдігім».

Тәрбиеші:Оспанова Ж.А.
2016 жыл
Технологиялық карта
Білім ортасы: «Коммуникация», «Таным», «Шығармашылық».
Білім бөлімі: «Сөйлеуді дамыту».
Тақырыбы: «Егемендігім - елдігім».
Мақсаты: Тәуелсіз еліміздің болашағы- жас ұрпақтар бойына, Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттырып, туған жері мен елін сүюге, оны қорғай білуге тәрбиелеу.Қазақстан Республикасының рәміздері,тақпақтар арқылы ой-өрісін кеңейту, сөздік қорларын молайтып, тілдерінің дамуына ықпал ету.
Әдіс-тәсілдері:Сұрақ-жауап, өлең жолдары,түсіндіру,көрсету.
Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының рәміздері, Л.Асанова, Қ.Рысқұлбеков суреттері, Алматы қаласының суреті, Конституция кітабы,«Қазақ елі» слайды,Астана қаласының макеттері,санау таяқшалары,қақпақшалар,пішіндер,құм,табақтар,сүлгі.
|
Қызмет кезеңдері |
Тәрбиеші қызметі |
Балалар қызметі |
|
Ынталандыру кезеңі
|
Амандасу.(Балалардың қолдарында ту, гүл). Көк аспанда күн күлсін, Күліп жүрсін бүлдіршін. Ұл қолында ту жүрсін, Қыз қолында гүл жүрсін. Күліп жүрсін бүлдіршін. Шеңберге тұрып «Жылулық шеңберін» ұйымдастыру.
|
Амандасу үлкенге, Тәрбиенің басы ғой. Ал кәнеки бәріміз Сәлем дейік үлкенге -Армысың, қайырымды Аспан- ата! — Армысың, мейірімді Жер – ана! — Армысың, шұғылалы Алтын күнім! — Армысың, тәуелсіз елім менің! |
|
Ұйымдастыру кезеңі |
Ғажайып сәт. Есікті қағып, топқа 25-жылдық кіреді. -Сәлеметсіз бе! Сіз кім боласыз? 25-жылдық:Мен Қазақстан Тәуелсіздігінің 25-жылдығымын.Сәлеметсіздер ме!
25-жылдық: Мен бүкіл Қазақстанның елді мекенін аралап жүрмін.Себебі, менің туған күнім де жақындап келеді.Балалардың егемендік туралы не білетінін,білімдерін тексергім келеді.Кіруге рұқсат па?
-Әрине.Кіріңіз,төрлетіңіз!Қонақ болыңыз.Біздің балаларымыз өте білімді,мен оларға сенімдімін. -Біз аспаны ашық, сәулелі,кең, байтақ елде тұрамыз.Ол ел қалай аталады?
Бүгінгі ұйымдастырылған ашық оқу қызметіміздің тақырыбы «Егемендігім-елдігім» деп аталады.Ашық оқу қызметімізді Қазақстан Республикасының әнұранынан бастайық.
Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін алғанына 25 жыл болды. Өз бетімен ешкімге бағынбай өмір сүрген елді тәуелсіз ел деп атайды. Осы күнге жету үшін қазақ халқы талай қиыншылықты бастан кешірді.
Слайд. Осыдан 25 жыл бұрын Алматы қаласында жастар көтерілісі болды. Қайсар батырларымыз Ләззат Асанова, Қайрат Рысқұлбеков ерлік көрсетті. Осындай жастарымыздың арқасында қазіргі кезде бейбіт тыныш өмір сүріп жатырмыз. Еліміз өркендеп жайнауда. Өз елімізге лайықты Конституция заңдары қабылданды. Конституция заңдарында Отанымызды қорғауға, балабақшаға, мектепке баруға, үлкен оқу орындарында білім алуға құқықтарың бар екені туралы жазылған. Баяғыда егемендігіміз өз қолымызда болмаған кезде, біздің қазақтарымыз осылай өмір сүрді. Өз егемендігімізді қайсар батырларымыздың арқасында алғанннан кейін, біздің болашағымыз күрт өзгерді.Қазақстанымыз өркендей дами бастады.Биік зәулім сарайлар, ғимараттар, көпқабатты үйлер салына бастады.Біздің елімізді көпұлтты мемлекет деп атауға болады.Себебі, жерімізде 180-нен астам өзге ұлт өкілдері өмір сүреді.Желбіреген көк байрағымыздың астында тату-тәтті өмір сүреміз.Осы мемлекетте тұрғандықтан өз елімізді, жерімізді қадірлеп, қастерлеуіміз керек.Енді міне Қазақстан Тәуелсіздігіне -25 жыл.Құтты болсын мерекеміз! -Қазақстан Республикасының рәміздеріне не жатады ? — Әнұранды орындадық, сөзін, музыкасын жазған кімдер?
-Тудың түсі қандай? Туда ненің белгісі бар?
-Елтаңбамызда ненің бейнесі бар ?
Жұмбақ. Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем, Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем. Мен оның қасиетті тілін сүйем, Мен оның құдіретті үнін сүйем.
-Балалар Отан туралы қандай тақпақ жаттадыңдар?
Айтамын әрқашанда сөздің
шынын,
25-жылдық:Балалар мен сендерге бірнеше сұрақ қойғым келіп тұр.Ал, тыңдаңдар... -Елордамыз қалай аталады? -Елбасымыз кім? -Мемлекеттік тіліміз қандай тіл? -Қазақстан қандай ел? Сергіту сәті Тату тәтті достармыз, 1,2,3 Отырмаймыз босқа біз. 1,2,3 Оқу оқып, білім алып, Би билейміз, Ән шырқап. 1,2,3 Оң жақтағы досыңа, Сол жақтағы досыңа Қолыңды бер,тосылма. Жоғары қарап, күн көрдім, Төмен қарап,жел көрдім. Оңға, солға бұрылып, Егеменді ел көрдім. -Астана қаласындағы қандай ғимараттарды білесіңдер? -Бұл, бейбітшілік және келісім сарайы. -Бұл, Парламент мәжілісі, -Ал, мынау «Бәйтерек» монументі. -Балалар, сендер сәулетшілер мен құрылысшылар болғыларың келе ме? Балалар гүлді таңдау арқылы топтарға бөлініп отырады. -Олай болса, сәулетшілер құм бетіне үй немесе ғимарат жобасын сызады, ал құрылысшылар санау таяқшаларынан,қақпақшалардан, пішіндерден үй немесе ғимараттарды құрастырады. -Балалар,жарайсыңдар!Сендер міне өз қолдарыңмен үй, биік зәулім сарай сыздыңдар, құрастырдыңдар.Бәрекелді!Сендерге қарап, біздің болашағымыз сенімді қолда деп айтуға болады. 25-жылдық:Балалар, сендерге үлкен рахмет!Мен өте ризамын!Сендер өте білімді,тәртіпті,өз Отаны туралы көп хабардар екенсіңдер.Бұл мені өте қатты қуантты.Біздің болашағымызды асқақтататын сендерсіңдер.Соны ұмытпаңдар.Сендер өскенде Отанымызды көркейтуге көмектесесіңдер ме? Жақсы.Менің де кететін уақытым болды.Жолға аттанайын.
-25 жылдық, тоқтай тұрыңыз!Біздің балаларымыз сізге арнап, өз қолдарымен жасаған сыйлығы бар.Қабыл алыңыз! 25-жылдық:Қандай керемет сыйлық!Рахмет!Бірақ, бұл сыйлықты мен сендердің өздеріңде естелік ретінде қалдырғым келіп тұр.Балалар, Отанымызды қорғап , Туымызды асқақтатып,Егемендігімізді шыңдап жүріңдер. Ал, енді мен жолға аттанайын.Сау болыңдар.
- Сау болыңыз. |
Сәлеметсіз бе!
Рұқсат.
Қазақстан.
Әнұранды орындайды.
Балалар слайдты тамашалайды.
Ту, елтаңба, әнұран. Музыкасын жазған Шәмші Қалдаяқов, сөзін жазғандар Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев. Тақпақ Әнұраны елімнің, Шақырады бірлікке. Егеменді халқымның, Болашағы бірлікте.
Тудың түсі көк, шетінде ою-өрнек, ортасында күн және қыран құс бар. Тақпақ Аспан түстес көгілдір Тік бұрышты матаның Ортасында төгіп нұр Күн жаяды шапағын. Астында оның қалқыған, Қыран құстың бейнесі. Азат елдің шалқыған Көңілі деп білерсің. Елтаңба алтын және көгілдір түсті. Әлемнің тұтастығын, ошақтың амандығын білдіреді. Тұлпар- биік арманның,қайраттың нышаны. Жұлдыз – жұлдызымыз жарық болсын дегенді білдіреді. Тақпақ Алтын қанат көмкереген Шаңырақ бар, уық бар. Әсем бейне, сен көрген Жай бейне емес, ұғып ал. Сүйсіндірген өзіңді, Түсіне біл таңбаны. Ауызда ұшқыр,төзімді Пырақ халық арманы.
(Отан)
Отан дейміз - от жаққан жерімізді, Отан дейміз-өсірген елімізді, Отан дейміз - туған жер атамекен, Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.
Жылдар сөйлейді:
Балалардың жауаптары. Балалар қайталайды, қимылдарды орындайды. Балалар жауап береді, макеттерді тамашалайды. Иә. Балалар гүлдерді таңдайды. Балалар жұмыс жасайды. Иә, көмектесеміз. Сау болыңыз. |
|
Рефлексивті түзетушілік |
-Балалар, бүгін біз сендермен не туралы айттық? -Бізге қонаққа кім келді? -Не жасадық?
Құрметті қонақтар!Балаларымыз сізгдере арнап, өз қолдарымен жасаған «Бейбітшілік көгершінін» ұсынғалы тұр.Қабыл алыңыздар.
Кәне,кәне тұрайық, Үлкен шеңбер құрайық. Көріскенше күн жақын, Сау-саламат болайық.
-Балалар, сендерге үлкен рахмет.Алғысым шексіз. Мен де сендерге сыйлықтар дайындадым. |
Балалардың жауаптары.
Балалар сыйлықтарын сыйлайды.
Балалар қимыл-қозғалыстарын орындап, қайталайды.
|
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек: өз Отаны және Тәуелесіздік туралы білуі керек.
Қандай түсініктерді игерді: Құрастыру, сызу тәсілдерін игереді.
Меңгерген іскіліктері мен дағдылары: Рәміздер, Отан туралы тақпақтар айтып, құрмет көрсетеді.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген