Материалдар / «Егер де мен Елбасы болсам...»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Егер де мен Елбасы болсам...»

Материал туралы қысқаша түсінік
Өз елін, өзінің кіндік кескен туған жерін, ана сүтімен дарыған туған тілін сүймейтін адам жоқ. Менің туған елім – Қазақстан. Мен Егеменді Қазақстаныммен мақтанамын! Ұшқан құстың қанаты талып, шығыстан шыққан күн батысына әрең жететін кең жазиралы даланы мекен еткен “қазақ” деген іргелі елміз. Ғасырлар бойы бағы мен соры кезектесе отырып, досқа ақ пейілін, қасқа найзасын, дауға қылышын сілтеген, тағдыры қаншама рет тағдыр таразысына түсіп, қыл үстінде тұрса да “құт дарып, қыдыр қонған” туған елді көзінің қарашығындай сақтай білген елміз.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
608
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қарағанды облысы

Жезқазған қаласы

«Егер де мен Елбасы болсам...»

Исаев Абылай Мәлікұлы

14 жас

«№ 3 «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернаты» КММ

9 «А» сынып оқушысы

Жандильдинова Ботакоз Асансейтовна

География пәні мұғалімі



Құрметті Нұрсұлтан ата!

Өз елін, өзінің кіндік кескен туған жерін, ана сүтімен дарыған туған тілін сүймейтін адам жоқ. Менің туған елім – Қазақстан. Мен Егеменді Қазақстаныммен мақтанамын!

Ұшқан құстың қанаты талып, шығыстан шыққан күн батысына әрең жететін кең жазиралы даланы мекен еткен “қазақ” деген іргелі елміз. Ғасырлар бойы бағы мен соры кезектесе отырып, досқа ақ пейілін, қасқа найзасын, дауға қылышын сілтеген, тағдыры қаншама рет тағдыр таразысына түсіп, қыл үстінде тұрса да “құт дарып, қыдыр қонған” туған елді көзінің қарашығындай сақтай білген елміз. “ Ерлік – ұрпаққа ұран, елге - мұра” деген дуалы ауыз бабалар өсиетін бойына дарытқан халқымыз азамат ұлдар тәрбиелеуге де зор көңіл бөлді. Бұған Абылайдан кейін қолымыздан сусып кеткен тәуелсіздіктің туын ұстап қалу үшін, халықтар достығын, татулықты, ынтымақтастықты күшейтетін елді бастар ер керек еді. Еңселі ел болу елін дауға, жерін жауға бермейтін білікті басшы керек еді. Сөз қадірін, ер қадірін білген Төле би бабамыз: “Басшысы болмаса ел жетім” – деген. Ғасырлар бойы күрестер мен жеткен тәуелсіздікті баянды ету – сіздей Елбасымыздың еншісіне тиді. Сөйтіп, 1990 жылдың сәуір айында республиканың Жоғарғы Кеңесінің ұйғаруымен Қазақ КСР-нің тұңғыш президенті болып сіз, яғни Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайландыңыз.

Сіздің еңбек жолыңыз 1960 жылы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып басталып, домна пешінің аға газдаушылығына дейінгі жолдан өткеніңізді білеміз. Одан кейін партия – комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқардыңыз. Жалпы айтқанда, “Президент” деген лауазымға оңайшылықпен жеткен жоқсыз.

Қазіргі кезде дүние жүзінде ірі де өте ықпалды бес-алты саясаткер бар, олардың бірі - Назарбаев”, - деген болатын Маргарет Тэтчер. Халықтың талап-тілегін ескере отырып, өз шешімімен дүние жүзі елдеріндегі атом қаруын сынайтын Семей, Капустин – Яр сияқты полигондарды жауып, бейбітшілікті сүйетін халқын алаңдатқан атом қаруын сынауға тосқауыл қойдыңыз. Елбасының негізгі мақсаты – ел бірлігін сақтау деп түсінемін. Сіздің әр сапарыңыздан, әр кездесуіңізден осыны аңғаруға болады. Көп ұлтты Қазақ елі ынтымағы орнаған халықтар достығы еліне айналып отыр. Республикамыздың өз алдына дербес мемлекет болып, жылдан жылға өркендеп келе жатқанына биыл 26 жыл толғалы отыр. Оның бәрі – бірінші, Хақ тағаланың, екіншіден, сіздің ерен еңбегіңіздің арқасында. Осы жылдар ішінде асқан төзімділікпен қыруар шаруа атқарудасыз. Ең әуелі өзге ұлт өкілдерімен Қазақ елі арасындағы саяси тұрақтылықты сақтай отырып, халықтың өз қазынасын өзіне қайтаруға тырыстыңыз. Тілі, ділі, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпынан айырылудың өз алдындағы елге азғантай уақыттың ішінде асыл мұраларын қайтаруға күш салдыңыз. Әсіресе, ұлт пен тіл мәселесіне айрықша мән бердіңіз. Қазақстанды Орта Азия барысына айналдыру үшін сіздің “Қазақстан-2030”,“Қазақстан - 2050” стратегиялық бағдарламаларыңыз бұл күнде ұшса қанат талатын кең байтақ өлкемізді шарлап кетті. Менің ойымша, парасаты мен пайымы, білімі мен біліктілігі мол ел қамын жеген Президент Жолдаулары болашаққа апарар үлкен жолдың бастауы және Егемендіктің кілтін ұстар жастардың жарқын болашағына апаратын алтын сүрлеу. Еліміздің ертеңі – жастарға үлкен қолдау көрсетіп, шетелдерде білім алуына жағдай жасап, “Болашақ” бағдарламасын ұсынуыңыз - шынайы қамқорлығыңыз деп білемін.

Сіз Қазақстанның көркеюі жолында да біраз еңбектер атқардыңыз. Оған дәлел – елордамыз Астана. Астана – ұлан ғайыр еліміздің бас қаласы, әлем таныған жас қала. Қазақстан жаңа да жас қала – Астананың атын бүкіл әлемге паш етті. Етек-жеңін енді қымтап, есін жиған егемен елдің бірегей ұлдары Қазақ елінің болашағы үшін барын шаша еңбек етті.“Қазір бой жарыстыратын заман емес, ой жарыстыратын заман”- деп өзіңіз айтқандай, мен де өз заманыма талабым сай, халқыма қызмет ететін, озық ойлы азамат болып өскім келеді. Сол үшін өз мүмкіншіліктерімді пайдалана отырып, оқуда озат оқушылардың қатарында жүрген жайым бар. Бұл менің болашаққа басқан екінші қадамым. Бірінші қадамың не деп сұрайтын боларсыз?! Ең басты бірінші қадамым – ол менің ойымның алғырлығы, ниетімнің түзулігі, сана сезімімнің жоғарылығы, ата – анама деген құрметімнің асқақтығы. “Отан отбасынан басталады”- демекші, менің міндетім отбасымның үмітін ақтау арқылы, Отанымның үмітін ақтау деп білемін. Ата-анам есімімді бекерге “Абылай” деп қоймаған болар. Онысы Абылай хандай елін, жерін қорғайтын азамат болсын дегені шығар. Ал атам түсінде сіздің маған бата беріп жатқаныңызды көрген екен. Мүмкін осы әженің айтқан сөздері де, атамның көрген түсі де тегін емес шығар... Оны уақыт көрсетер. Дегенмен, кім Президент болуды армандамайды?! Ондай адам жоқ шығар... Болашақта сіз секілді Президент болам ба, жоқ па, оны білмеймін, бірақ бір білерім Қазақстан Республикасының егеменді мемлекет болып өсіп-өркендеуі – сіздің арқаңыз, сіздің еңбегіңіз. Сол үшін де Қазақ елінің сізге айтар алғысы да, берер батасы да шексіз.

Жоспарларыңыздың, жобаларыңыздың іске асуына тілектеспін!

Деніңізге саулық, еңбегіңізге табыс, отбасыңызға бақ-береке тілеймін!

Құрметпен 9 «А» сынып оқушысы Исаев Абылай Мәлікұлы


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!