«Егер мен президент болсам...»
Егер
мен президент болсам, туған елім мен жерім - Баянауылға, халқыма,
туған-туыстарыма риясыз қызмет ету арқылы шаттыққа бөленер едім.
Барлық елде тыныштық болса, балалар бақытты өмір сүреді. Тұңғыш
президентім –Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атамыз сияқты ақылды,
дарынды, төзімді бола отырып, еліміздің көркеюіне жағдай жасар
едім. Мен ауылда анамның қолында тұрамын. Ауыл жағдайын өз көзіммен
көріп, біліп жүрмін. Тұңғыш президентіміздің арқасында ауылымызда,
көшемізде жарықтар пайда болды. Көшеміз өте таза. Су құбырлары
өткізіліп, үйлерге су беріле бастады. Бірақ суды тазартатын
құбырлар іске асқан жоқ. Сондықтан әлі де болса, көп, іске асыратын
жобалар бар. Мектепті жақсы оқып, болашақта өз алдыма мақсат қойып,
ауылымызда іске асырылмай жатқан жобаларды қолға алып, өз үлесімді
қоссам деген ойдамын. Ауылда жарықтың өшпеуін, малдардың шөпсіз
қалмауын, көлік жүретін жолдарды дұрыстап, ауылдың көркейіп,
жандауына көңіл бөлер едім. Баянауыл жеріне, әдемі гүлдерді егіп,
алма ағаштарын отырғызар едім. Баянауыл - өте қасиетті, суы мөлдір,
топырағы құнарлы, өсімдігі шипалы, ауасы кең, таза жер. Жасыл
өсімдіктерден әр-түрлі дәрі-дәрмектер дайындауға болады.
Табиғатымыз бай, тау-тастарымыз аңыздарға толы. Баянауыл өлкемде
тұрып жатқаныма өте қуаныштымын. Себебі, менің туып өскен жерімнен
данышпан, атағы бүкіл жер-шарына жайылған ұлы тұлғалар шыққан.
Мысалға, тұңғыш академик Қ.И.Сатпаевтың музейі, қасиетті Мәшhүр
атаның кесенесі бар. Елбасымыз биылғы жылды «жастар жылы» деп
атады. Сондықтан өз Баянауыл жерімдегі құнды, мәдени мұраларды,
ескерткіштерді, жазбаларды жаңғыртып, баға жетпес асыл қазынамызды
дамыту, болашақ ұрпақ біздерге аманат етіп отыр. Тұңғыш
президентіміздің «Ұлы даланың жеті қырын» меңгеру: «Қазақстан алма
мен қызғалдақ отаны», «Ұлы жібек жолы», «Түркі әлемінің бесігі»,
«Атқа міну мәдениеті», «Ұлы даладағы жеті металлургия», «Аң стилі»,
«Алтын адам»,- болашақ ұрпақ біздің қолымызда. Сондықтан жастар
болып бірігіп, еліміздің дамып, көркеюіне өз үлестерімізді қосуымыз
керек. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл»-дейді біздің ата-бабаларымыз.
Сондықтан мектеп табалдырығында оқып, білім алудың нәтижесінде,
болашақта менде, әлем мойындаған, жаhанға атағы жеткен, табанды
күрескер, туған халқының бәйтерегі, көсемі, кемеңгері, елінің
аманатын арқалаған, алтын діңгегі, біздің тұңғыш
президентіміз-Н.Ә.Назарбаев сияқты болғым келеді. Елбасымыз-халық
үшін, ел үшін аянбай қызмет етті.
Қазақстанды бүкіл әлемге танытты. Тәуелсіздігімізді баянды
етті. Біздің Қазақстан елінде көп ұлттың өкілдері тұрады. Олардың
ойлары, сөздері мен істері әрқашанда бірлікте. Барлығы да
бейбітшілік өмірді қалайды. Біз құстай ұшып, дамып бара жатқан
қоғамның мүшесіміз. Менің де өмірде өз жолымды, өз орнымды тауып,
арман-мақсатымды жүзеге асыру жолында аянбай білім алып, болашақта
қоғамға қызмет еткім келеді. Өйткені, адамға қоғамға еңбек етуден
артық бақыт жоқ.Табиғат–адам баласының құтты қонысы, мекені,
ырыс-дәулеті, денсаулығының сенімді серігі. Сондықтан табиғатымызды
аялау, күтіп баптау, ол да жастар қолында. Баянауыл ауылында тұрып,
мен, табиғаттан, мейірімділікті, сүйіспеншілік пен қамқоршылықты,
әсемдікті үйрендім.
Білім
– біздің серігіміз, өмірлік жолдасымыз. Жастар, яғни біздер,
талпынатын болсақ, болашақта үлкен жетістікке жете отырып, өз
еліміздің туын биікке көтеріп, білімнің биік шыңдарын бағындырып,
жаңалықтар ашып, елу елдің қатарынан табылатынымызға өте
сенімдімін. Осы армандарым орындалып, жоғарғы оқуды бітіріп, өз
еліме оралып, демалатын орындар ашып, әсем табиғат аясында таза
ауамен дем алып, таза Сабындыкөл, Жасыбай, Торайғыр көлдеріне
түсіп, балық аулап, мөлдір таза бұлақтан су ішіп, халқымның бақытты
өмір сүруіне өз үлесімді қосар едім. Баянауыл жеріне зауыттар мен
фабрикалар салудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Біздің жер нақты жазғы
уақытта дем алатын орын. Сауықтыру орындарын ашып, жұмыссыздықты
азайтып, өз жерімде адамдарды жұмысқа қабылдап, елдің әл-ауқатын
жақсартар едім. Жапон елінде табиғат байлығы атымен жоқ. Осыған
қарамастан олар жаһандағы ең бір бай ұлт болып есептеледі. Оларды
байлыққа жеткізген ақыл-парасат пен ғылым-білімі. Олар адамның
көңілін бұзып, жүйкесіне тигізетін сөздер айтпайды. Олар бір-біріне
ілтипат, ізгілік пен сыйластық танытады. Ал бұл тектілік қазақта да
бар. Біз өз салт-дәстүрімізді,әдет-ғұрпымызды ұстансақ, даналық
сөздерімізді, тәлім-тәрбиемізді жаңғыртсақ, ол біздің-асыл
қазынамыз болып есептеледі. Сондықтан да алға қойған мақсатыма жету
жолында - жан-жақты ізденіп, білім алудың нәтижесінде, данышпан
Абай атамыз айтқандай бойымызда «Нұрлы ақыл, жылы жүрек, ыстық
қайрат» басым болса, адал еңбектің арқасында бәсекеге қабілетті,
аса білімді, рухани бай, сауатты жастар қатары көбейіп, Қазақстан
мемлекетінің болашағы жарқын болатынына өте сенімдімін.
Павлодар облысы Баянауыл ауылы «Зейтін Ақышев
атындағы жалпы білім беретін орта мектеп»КММ
8 «Ә»сынып оқушысы Сағадат Аяулым
Әсетқызы
Жетекшісі өзін-өзі тану мұғалімі: Рахметова
Фарида Кенжебаевна.