400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Егер қиын болса – қоңырау шал!» акциясы

Материал туралы қысқаша түсінік
Бүгінде оқу-тәрбие процесінің негізгі мақсаты – оқушыларға нәтижеге бағытталған білім берумен қатар, қолайлы әрі қауіпсіз білім ортасын құру. Қазіргі уақытта мектебімізде оқушыларға қауіпсіз әрі қолайлы ортаны қамтамасыз ету үшін түрлі іс-шаралар өткізілуде. Осы тұрғыда «Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Лисаков қаласы білім бөлімінің Абай атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ ата-аналарға, оқушыларға және мұғалімдерге «Егер қиын болса – қоңырау шал!» акциясының өткізіліп жатқанын хабарлаймыз.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Лисаков қаласы білім бөлімінің Абай атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ

«Егер қиын болса – қоңырау шал!» акциясы

Бүгінде оқу-тәрбие процесінің негізгі мақсаты – оқушыларға нәтижеге бағытталған білім берумен қатар, қолайлы әрі қауіпсіз білім ортасын құру. Қазіргі уақытта мектебімізде оқушыларға қауіпсіз әрі қолайлы ортаны қамтамасыз ету үшін түрлі іс-шаралар өткізілуде. Осы тұрғыда «Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Лисаков қаласы білім бөлімінің Абай атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ ата-аналарға, оқушыларға және мұғалімдерге «Егер қиын болса – қоңырау шал!» акциясының өткізіліп жатқанын хабарлаймыз.

«Егер қиын болса – қоңырау шал!» акциясы Қостанай облысы білім басқармасының «Лисаков қаласының білім бөлімі» ММ 02.03.2023ж. №285-01-11 хатына сәйкес ұйымдастырылуда. Акцияның мақсаты: кәмелетке толмағандар мен олардың ата-аналарын облыстық психологиялық қолдау орталығы туралы ақпараттандыру, мектеп оқушыларына психологиялық көмек көрсету, сондай-ақ кәмелетке толмағандар мен ата-аналар қоғамының психологиялық сауаттылығын арттыру.

Акция аясында кәмелет жасына толмағандар арасында суицид және құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша дөңгелек үстелдер мен ақпарттық-түсіндірме жұмыстары, диалогтік алаңдар ұйымдастырылуда. Сонымен қатар, жоғары сынып оқушыларының арасында наркотикалық және психотропты заттарды қолданудың алдын алу бойынша шаралар өткізілуде. Оқушылар арасында салауатты өмір салты насихатталып, спорттық жарыстар ұйымдастырылуда. Акцияға қатысушылар психологиялық қолдау және қосымша білім беру өңірлік орталығы ұсынған визиткалары мен буклет жадынамалары арқылы ата-аналар мен білім алушылар, педагогтер консультациялық психологиялық көмек пен күрделі мәселені шешуге жәрдемдесетін, құқықтық көмек көрсететін мәліметтермен танысты.

Ең бастысы, «Егер қиын болса – қоңырау шал!» акциясы аясында оқушылар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және анықтау мақсатында сенім жәшігі ұйымдастырылған. Оқушылар, ата-аналар және мұғалімдер өздерін толғандырған мәселесін осы жәшікке қалдырып, мектебіміздің арнайы мамандарының көмегіне жүгіне алады.

Акцияны мектеп директорының тәрбие ісі жөініндегі орынбасары, мектеп психологі және әлеуметтік педагогі ұйымдастыруда. Оқушылар мен ата-аналарға, мұғалімдерге акциямен қатар, сіздердің түрлі мәселелеріңіз бойынша мектептің психологиялық қызметіне жүгінулеріңізге болатынын хабарлаймыз.

Мектебімізде акция қатысушылары үшін сенім телефондары да жұмыс жасауда. Сенім телефонына кез-келген адам өз мәселесі бойынша тәулік бойы хабарласып, көмек сұрай алады. Сенім телефонына жүгінген әр оқушы мен ата-анаға, педагогке тиісті мамандармен әлеуметтік-педагогикалық, педагогикалық-психологиялық және құқұқтық кеңестер берілетін болады.

Құрметті ата-аналар, оқушылар және педагогтер, сіздерде туындаған кез-келген мәселе бойынша төменде көрсетілген сенім телефондарына хабарласуларыңызды сұраймыз:

8(714)3 33 29 60 – «Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Лисаков қаласы білім бөлімінің Абай атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ.

8 775 466 00 54 – әлеуметтік педагог,Ергалиева Зауре Белгибаевна.

Ұйымдастырылған акция – күйзелісте жүрген әр адамға қолдау көрсетіп, адамның өзіне деген сенімділігін арттырып, үміт сыйлайды деген ойдамыз. Сіздерді акцияға қатысуда белсенділік танытып, бізбен бірге білім алушыларға қолайлы әрі қауіпсіз орта құруға ат салысуларыңызды сұраймыз.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
06.03.2023
601
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі